Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Б)Орта палеолит 16 page


Date: 2015-10-07; view: 661.


Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.

Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі.

Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті.

Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды.

Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді.

Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті.

 

130 Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы (1946-1964)

Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз әлсіреді.Тек 1950 жылдар ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 жылдың маусым айында КСРО ҒАның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республиканың ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көрнекті орыс ғалымдары Вавилов ,Бардин , Панкратова және басқалары ұйымдастырушылық көмек көрсетті.Академияның тұңғыш президенті болып ,көрнекті ғалым,Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.Өскеменде,Қарағандыда,Шымкентте ірі ғылыми орталықтар бой көтерді.Ғылым академиясына Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті.Минералды шикізаттар мен табиғи кен орындарынынң табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі біртіндеп арта бастады.Мектептерге көмек көрсетілді,қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды,халық сирек қоныстандырылған аудандарда малшы балалары үшін мектеп интернаттар салынды.Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру ісі 1949 жылы қайта қолға алынды.1948 жылы республикада оқуға тартылай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 мың бала болған еді. 1955 жылы олардың саны 16 мыңға түсті.

1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСРінде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылданды.Жаңа заң бойынша, 1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу,11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту ,мектеп интернаттар жүйесін кеңейту шралары көзделді.Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде педагогика мамандықтарын даярлау басым болды.Эвакуацияланып келген оқытушылар мен профессорлардың бірқатары елдеріне кеткен соң, педагог кадрлар жетіспеушілігінен қиындықтар туындады.1947 жылы КСРО Министрлер кеңесі қабылдаған «Қазақ КСРінде жоғар ыжәне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» қаулысына орай жоғар ыжәне орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды.Облыс орталықтарында бірнеше институттар мен техникумдар ашылды.Олар Ақмолада,Семейде,Өскеменде,Қарағандыда.1965-1966 оқу жылында 39 жоғар ыоқу орындарында 144,7 мың студент оқыды.Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11есеге жуық өсті. 1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млннан астам дипломды маман жұмыс істеп жатты.Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңға артқанда ,қазақ мектептерінің саны кеміп , 3891-ден 2577 ге түсті

170 Нұрлы көш

Қазақстан Республикасының аумағындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен әрдайым өзгеретін көші-қон үдерісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы «2» желтоқсан № 1126 қаулысымен 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітіліп оны іске асыру бойынша 2008-2010 жылдарға арналған іс шара жоспары қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар

1) этникалық көшіп келушілер;

2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;

3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау құқығына ие болады.

Әлеуметтік қолдау:1) этникалық көшіп келушілер үшін:экономиканың белгілі бір секторында тиісті білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар оралмандарды көшіп келу квотасына басымдықпен енгізуді;бейімдеу қызметтерін тегін көрсетуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен);қоныстандыру осьтері бойынша сараланған біржолғы жәрдемақы төлемін, жол ақысы мен жүк тасымалдау шығыстарын өтеуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен) қамтитын болады.

2) еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін:

кәсіптік даярлау және қайта даярлауды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен);

3) Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін:

тұрақты тұруға рұқсат беруді және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қамтитын болады.

Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін, өкілетті органның аймақтық органына жүгіну қажет. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көш­­тің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзе­ге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлі­нетін жер телімі тапшы. Ал на­рық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жал­дамалы пәтерлердің мәсе­лесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізіл­мек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегкараға іргелес ел­ді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға кө­ңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келу­шілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы ор­гандардың коммуналдық мен­шігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қа­зақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қар­жы бөлінеді.

 

 

131 Қазақстан Хрущев реформалары кезеңінде (1956-1964) жылы

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, т.б.1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша “Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы” заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. 1957 жылғы реформаның кемшіліктері :экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды.

1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды.
1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың игерудің салдары :Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетт.


132 Қаз кемелденген социализмнің дағдарысы жылдарында(1965-1985`

1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.

Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті.

Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.

Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.

Одақты қайта құру идеясы п.б. және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қаз.тер-ғы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және эконом. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тур. батыл мәлімденді. Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады.

Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

 

134 1965-1985 жж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы,дағдарыс құбылысы

КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.

60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Б)Орта палеолит 15 page | Б)Орта палеолит 17 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.87 s.