|
Б)Орта палеолит 17 pageDate: 2015-10-07; view: 658. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды. Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті. Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері: Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:
135 Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1970-1985) 1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді. 70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді. Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%. 1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды. 1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады. 70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады. Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді. 1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақ көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.
136 Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелінді.Республика мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелердің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.Жаңа баспалар құрылды.Олар : «Қайнар», «Жалын», «Өнер» баспалары.Селолық жерлерде алты мыңнан астам клубтармен мәдениет сарайлары қызмет етті.Оларда он екі мыңнан астам көркемөнерпаздар жұмыс істеді. 1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы болды. 1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллон 266,1 мың бала оқыды. 20 ғ. 60-80 жылдары қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Нұршайықовтың, Мақатаевтың, Айбергеновтың, Сүлейменовтың, Шахановтың, Мырзалиевтің, Оңғарсынованың, Кекілбаевтың және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Қалдаяқовтың, Хамидидің, Тілендиевтің, Еспаевтың, Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. «Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа» , «Қыз Жібек» , «Атаманның ақыры», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика киноөнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларында да салқынын тигізбей қоймады.Республика экономикасының орталық ведомстваға бағыныштылығы ,мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді. .Осы жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні ьар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шет елдерге де мәлім болды.Ондай ғалымдарға Ахметсафин ,Айтхожин , Мрғұлан ,Букетов секілді ғалымдарды жатқыза аламыз.Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы ,медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрдіҒылыми техникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылым салаларында олардың үлесі тым аз болды.Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра,әлеуметтік психология эстетика ,кибернетика ,социология,демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды.Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зеттреуге жұмылдырылды.Соның салдарынан көпшілік санасында Қазақ төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған ,мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.Өткен ғасырда өмір сүрегн мемлекет қайраткерлерінің :хандары мен билерінің ,ел қорғаған қолбасылар мен батырларының есімдері ұмытыла бастады.
137 Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады.Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында ,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды.Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов, одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы - отқа май тамызғандай болып шықты. Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!», «Қазақстан жасасын!».
|