|
КіріспеDate: 2015-10-07; view: 4822. Кіріспе Жоспар 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар 3. Жаңа замандағы саяси ой 4.Марксистік саяси идеялар 5. Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер 6. XX ғасырдағы саяси ілім Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мыңдаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой- пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп ,өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден , адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылыадам өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиынға соғады. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және олардың жақтаушылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор. Саясаттанудың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жай-қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай және т.с.с. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болғандығын төменде жиі байқайтын боламыз. 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың(халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т.б.) қолында болды. “ Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді” деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтантуып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті,мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшыдар көп. Бірақ біз соладрдың ішінде ең көрнекті екі өкіліне- Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты- Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды. Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін – академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғалымызға тікелей қатысы бар шығармалары “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен , төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамадарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): әкімдер; қорғаушылар; өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерді фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер өмірег керекті қаржылар тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа әсіресе (төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласын. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде , баю долынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемелекет оларды өз қамқорлығына алуы тиіс. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тираиня. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл- естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері- адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322ж.ж.) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұздаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б 342-340 жылдары Мкедония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы,болашақ император Ескендірді ( Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиееледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық политика”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұмысқа, молшылыққа,бақытқа жеткізу деп білдірді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрдерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрым түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастауларының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдығын, парасаттылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді. Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Тулий Цицерон ( б.з.б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның “Мемлекет туралы”, “Заңдар туралы”, “Міндеттер туралы” деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі-адамдардың бірігп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттік пен құқықты қорлаймен бірдей көрді. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының “мінезі мен еркіне” байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, “тобырдың зорлығы мен есалаңдығына” әкеліп соқтыруы мүмкін. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалыктың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты —"ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары —халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсуйек-сұлтандарға ауысты. XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс —реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді. 3. Жаңа замандағы саяси ой Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХVI — ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиталистік қатынастар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда болды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси революциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күштер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократияландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т.Мюнцер, Т.Кампанелла, Т.Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құрылысты, мемлекетті жақтады. Италияндық Никколо Макиавелли (1469-1527) заманының көрнекті ойшылы болды. «Государь», «История Флоренции» деген еңбектерімен діни көзқарастан қол үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге қарсы болды. Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік қажеттілік және заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен байланыстырды. Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жолында пайдалану керек дейді. Сондықтан жалпы діннен қол үзе отырып, саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа шығарады. Нақты саяси өмірдің христиан моралінің уағыздарымен еш байланысы жоқ, дейді. Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі теология мен схлоастикаға берген соққысы еді. Ол сонымен қатар антикалық және буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі терминдерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастырады. Мемлекеттің формалары әртүрлі болады: жеке адамның билігі, аздаған адамдардың, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия, аристократия және демократия болып келеді. Әр түрдің орнауы күштердің арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық тұрғыдан түсіндіреді. Ең басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да, адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер берген сертін орындау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау жолымен орасан зор істер тындырған дейді. Макиавелли монархияны тиранияға қарсы қойғанда абсолютизмді ақтау үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейту үшін бір адамның диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту керек дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның мемлекеттің демократиялық формасын қалайтыны белгілі. Бірақ Макиавеллидің демократиясы дәйекті емес. Демократиялық, аристократиялық, монархиялық элементтерді қарастырады. Ежелгі Рим осындай аралас билік түрлерін қолдану арқылы қуатты болған дейді. Макиавеллидің аралас мемлекет формалары тұжырымдамасынан кейін Дж.Локк, Ш.Монтескье және басқа саясат ойшылдары қабылдады. Макиавелли – ең алдымен патриот болды. Италияны қуатты, тұтас мемлекет түрінде көруді аңсады. Бұл жолда ол елін феодализм мен шіркеудің тежеуінен алып шығып, прогресс, революциялық өзгерістер мүмкіндіктерін таба білді. Оның ілімі іс-қимылға, шығармашылыққа, бостандыққа, қайта жаңартуға шақырады. Мұның өзі саяси ойлаудағы орта ғасырлардан жаңа заманға жол салған революция еді. Реформация. ХVI-ғасырдың бірінші жартысында Батыс және Орталық Еуропада католицизмге қарсы діни қозғалыс басталды. Орталығы Алмания болды. Реформациялық қозғалысқа әртүрлі қоғамдық күштер қатысты. Мемлекет, заң, құқық туралы саяси бағдарламалары да әркелкі болды. Олардың барлығы шіркеу құрылымын радикалды, қарапайым ету, демократияландыру болды. Реформацияның бастаушысы Мартин Лютер (1483-1546) әрбір құдайға сенуші асқан сенім арқылы өзін-өзі құтарады деп дәріптеді. Христиан дінін уағыздады. Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің ықпалынан, заңынан тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасында ол князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді. Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер жасаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді. Көзқарастары қайшылықтарға толы. Аймақтық князь абсолютизмнің орнығуының кепілі дейді. Діни фанатизм де орын алды, реформацияға кедергі де жасады. Томас Мюнцердің (1490-1525) шаруалық-плебейлік көзқарасы реформациялық қозғалысты қандай болмасын қанаушы тәртіпке, әлеуметтік теңсіздікке, князьдер билігіне, шіркеулер қыспағына бітіспес ашық күреске айналдырды. Соның нәтижесінде Алманияда 1524-26 жылдары шаруалар соғысы болмай қоймады. Мюнцердің шығармалары: «12 статья», «Статьялық хат». Шығармаларында билікті қарапайым халыққа беру керек деді. Республикалық идеяны жақтады. Белсенді революциялық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық айырмашылық жоқ, жеке меншік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады. ХVI-ХVII ғасырлардағы утопиялық социализм. Көрнекті өкілі Томас Мор (1478-1585) «Утопия» деген еңбек жазған. Англиядағы қоғамдық құрылысты сынады. Мемлекеттің қанаушылық рөлін жақсы түсіндірді. Ол жеке меншікке негізделген әлеуметтік-саяси құрылысқа қарсы. Жеке меншік жойылғанда ғана теңдік, әділдік болады дейді. Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті және игіліктерді бөлуді ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет. Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол президенттің рөлін атқаруы қажет. Демократия элементтері өкілдік басшылықтың араласуымен қатар қойылған. Т.Мордың социалистік идеалы феодалдық және капиталистік қатынастарға қарсылық еді. Ол басқыншылық соғыстарды да айыптады. Құлдық еңбекті мойындайды, социализмі қияли, себебі ондай қоғамға әлі алғышарттар жоқ болатын. Италияндық Т.Кампанелла (1568-1639) – утопист-социалист, елін шетел басқыншыларынан құтқару жолындағы күрескер. «Күн қаласы» деген еңбегінде зұлымдық атаулының баршасы жеке меншіктен дейді. Ең қажетті қоғамдық-саяси құрылыс қоғамдық меншікке негізделуі тиіс. Барлығы еңбек етуге міндетті. Оқу өндірістік еңбекпен ұштастырылуы қажет. Ғылым мен техниканың дамуына үлкен мән береді. әйел мен еркектің теңдігін жақтап, демократиялық мемлекеттің болуын қолдайды. Мемлкеттің басында ақылды, діни адам тұру қажет. Ол адам «күн» немесе «метафизик» деп аталуға тиіс. 20 жасқа толған азаматтардың барлығы үлкен кеңес дегенді құруы қажет. Үлгілі мемлекет құруды армандады. Ондай мемлекетті құдай бермейді. Маркс Кампанелланы мемлекетке «адам көзімен» қараған ойшыл деп бағалады. Мемлекеттің табиғи заңдарын теологиядан емес, ақыл-ойдан, тәжірибеден шығарды. Бірақ Кампанелла адамгершілікті құқықпен шатастырды, діни идеологиядан толығымен қол үзе алмады. Голландық заң қызметкері Гуго Гроций (1583-1645) «Соғыс пен бейбітшіліктің құқық туралы» үш томдық еңбек жазған. Онда жаратылыс құқығы, бұқаралық құқық, халықтар құқығының принциптері туралы айтылады. Ол сонымен қатар мемлекет, құқық, соғыс, халықаралық құқықтар туралы да ілімдерді қалыптастырушы. Адам құқығы, құдай құқығы деген жіктеулерді де бөлген. Құқықты күшпен ұстап тұру туралы сөз еткенде ол мемлекет жайлы мәселені шығарады. Азаматтық билік мемлекет ішіндегі «заңды құқықты» жасаушы дейді. Адамдар меншіктенуді қандай жолмен алатын болса мемлекеттің билікті де сондай жолмен алуға болады дейді. Соғыстан құтылуға болмайды деп тұжырымдайды. Соғыстардың әділетті, әділетсіз сипаттарын көрсете келіп, олардың қасыретін азайтуға шақырады. Қоғам дамуын артқа тартатын феодалдық соғыстар туралы ой толғайды. Голландық материалистік–философ Бенедикт Спинозаның (1632-1677) «Діни-саяси трактат», «Этика», «Саяси трактат» деген еңбектері бар. Мемлекет пен құқық жайлы мәселені табиғаттың құрамдас бөлігі деп қарастырады. Табиғаттың ең жоғарғы заңы — өзін-өзі сақтауға ұмтылу заңы. Адамдар «табиғаттың бөлшегі». Адамның күші мен қуаты оның құқығын айқындайды. Сондықтан Спиноза адамның жаратылыс құқығының негізі ақылынан, ойынан деушілермен келіспейді. Құқық адамның талпынысынан, ұмтылысынан дейді. Көзқарасы жағынан монархияға қарсы, республикалық басқаруды жақтайды. Құдай мен табиғатты біртұтас субстанция деп Спиноза диалектиканың өздігінен дамуы принципін пантеистік-материалистік тұрғыда негіздеген. Адам жөніндегі ілімінде осы қағидаларға сүйеніп, адамның өте күрделі психикалық өмірін ақылға, құштарлық пен ынтазарлыққа, аффектіге балады. Атеизм мен ғылыми ойдың дамуында Спинозаның ықпалы зор. Ағылшынның материалист, ойшылы Томас Гоббстың (1588-1679) «Левиафан», «Философияның негіздері», «Адам жөнінде», «Азамат жөнінде» деген еңбектері бар. Ол тұңғыш рет сол кездегі жаратылыстануға сәйкес механистік материализмнің толық жүйесін жасады. Гоббс мемлекет жөніндегі ілімінде мемлекет шығуға дейінгі табиғи күйді жойып, оны адамдар арасындағы шарттасудың нәтижесі деп қарайды. Адамдардың әу бастан тең болу приципін жақтайды. Кейбір азаматтар мемлекет пайдасы үшін өз құқықтары мен еріктеріне шек қояды. Мемлекеттің міндеті – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бірақ Гоббс монархияны жақтап, халықты бұғауда ұстау үшін дінді мемлекеттік өкіметтің идеологиялық қаруы ретінде сақтау қажет деп санайды. Гоббс «өзін-өзі сақтап, қажет өтеуді – «табиғи заңды», моралдың негізі деп ұйғарды. Адамның моральдық борышы өзінің мазмұны жағынан қоғамдық шарттан шығатын азаматтық борышқа сәйкес келеді дейді. Ағылшындық Джон Локк (1632-1704) әлеуметтік компромисс идеологы болды. Матриалист, ағартушы танымның эмпирикалық (тәжірибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. «Адам санасы жайындағы тәжірибе» деген шығармасы түрлердің шығу тегі мен адам танымының мүмкіншілігін зерттеуге арналған. Локктың ұйғаруынша, тұрмыстық идея мен принциптер – теория жүзінде де, практика жүзінде де құдай жөніндегі идеяны қоса алғанда болмайды, адамның барлық білімі тәжірибеден туады. Локк әлеуметтік-саяси тұжырымдамасын «Мемлекеттік басқару жайындағы екі трактатында» баяндаған. Мемлекет адамдардың еркімен құрылатын, қылмыскерлерді жазалайтын құрылым екен. Қоғамның игілігі үшін заңдарды шығарады, меншікті қорғау істерін жүргізеді. Заң шығару орындары жоғары тұруы керек. Локк абсолюттік –монархистік билік құрылымын қабылдамады. Оның мемлекет туралы идеялары ерте буржуазиялық революциялардың талаптарына сай келді. http://1referat.kz/aleumettanu-sayasattanu/
|