|
Марксистік саяси идеяларDate: 2015-10-07; view: 5690. Марксистік саяси идеялар XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс (1818-1883ж.ж.) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі-тарихты материалистік түрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дамуда, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терең келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және коғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы-капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш-жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат-буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы-коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы козғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870-1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин, Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын). Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. http://5fan.ru/wievjob.php?id=12309 5. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішіндеең шоқтығы билігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі-біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл әль-Фараби. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботаингі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әль-Фараби (870-950) жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан фараб(кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу – тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ “ екінші Аристотель” деп атаған болатын. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Ұлы ойшыл “Рақымды қала тұрғындары көзқарастар туралы” деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады. Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақыттан бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, кайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Әл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу-үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді. Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады" деген сөздері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.А.,1972, 305-б). Бабамыздың "Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап" деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалады. XI—XII ғасырларда ол көне грек, латын және т. б. тілдерге аударылып әлемге аян болды. Батыстың кейінгі зерттеушілері бұл трактатты орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Әл-Фарабидың бай мұрасы Шығыс халықтарынын саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның әр түрлі салаларын дамытуға игі әсерін тигізді. Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021ж. )-аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі "Құтадғу білік" ("Бақытқа жеткізуші білік", кейбіреулер "Бақыттылық жәйлі ілім" деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі-ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі-түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан "Құтадғу білікте" мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т. с. с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды. Қазақ халқы ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи(1093-1157) жатады. Оның басты шығармасы “ Диуани Хикмет”(Даналық кітабы). Ол еңбегінде әділдікті, имандылықты,шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды. “Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер, Қамқоршы бол, жанынды да пида етер”,- деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады. “Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіндер, Халықты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар”,- деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.
“Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын, Ғазиз жаның - аманат Алланың. Харамдықпен, ұқ, жиған мал – жалғанын, Қарыш атты жылан қылар маңынды”,
-деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдықпен мал жимауды уағыздайды, парақор әкімдердің о дүниеде тартар жазасын естеріне салады. Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын, жырау Асан Қайғы Сәбитұлы (XIVғ. Аяғы – XVғ. басы). Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Оны Ш. Уәлиханов “көшпелілер философы” деп атаған. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік ушін талас – тартыс, дау – жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрбітпей реттеудің жолын, “ымыраға келу” теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған боларлық қолайлы жер - “Жерұйықты” іздеген, халқының болашағын ойлаған. “Жерұйықтың” суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс – жидек, жұт болмайтын, қайғы қасіреттен аулақ құтты қоныс; ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, жаугершілікті білмейді. Асан Қайғының мұндай жерді іздеуі әйгілі утопиялық социолистер Томас Мордың “Утопиясы” мен Т. Кампанелланың “Күн қаласындағы” саяси идеялармен үйлесіп, жымдасып жатыр. Асн Қайғы Жәнібек ханға арнуында:
“Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің. Қымыз ішіп қызарып, Мастанып, қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге неге сөйлейсің?! Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп – жеп. ...Оны неге білмейсің?!”
-деп шабылып жатқан халқын ойламай, өз күнін күйттеп жатқанын, қызметкерлердің елді талап ішіп-жеп жатқанын ханның бетіне басып, шенейді. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейн жетпеді. Ал Тәуке ханның “Жеті жарғысы” негізінен сақталған. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді. Тәуке хан “Халық кеңесі” мен “Билер кеңесін” тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кеңесінде халықтың өзекжарды мәселелерін: көші-қон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану және т.с.с. жүйелі түрде талқылап отырды. Сайып келгенді, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. http://testent.ru/index/xv_gasyr_xviii_ 6. XX ғасырдағы саяси ілім XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орасан зор өзгерістер болды, XX ғасырдағы саяси ілім мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөліңді. XX ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859—1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін ат-каруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесмділігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің коғамдық бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің колайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды. Дюги халықтың егемендігін сынады, оған жаңа саяси жүйе ретінде «синдикалистік федерализмді» қарсы койды. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталык мекемелердің кейбір басқару міндеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік-экономикалык және саяси мәселелерді іс жүзінде шешетін билік әр түрлі синдикаттарға бөлініп беріледі. Орталық үкіметтің жұмысы барлык синдикаттардың өкілдерінен кұрылған заң шығарушы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылайша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымактастық құралына айна-лады. Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі—элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Моска (1856—1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халык, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848—1923) «Жалпы социология жөніндегі трактаттар деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан тандаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады. ХХ ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864—1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің приципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері — қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатындығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте-өте маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделеріңдегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппараттың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынастардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мықтылығы туралы тезисті карсы қойды. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етгі. Империалистік буржуазияның мүддесін кездейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі кауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен камтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда. ХХ ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы да шықты. Ол — мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс Готалитарлық мемлекет қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адамның жеке басының құңдылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сөз еткенде толығырақ тоқталамыз. ХХ ғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыстырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол «аралас экономиканы», саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостаңдығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды. http://kazorta.org/xx-asyrda-y-sayasi-ilim/
Қорытынды Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы осындай. Оны білмей, адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу- қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орын анықтауға, егеменді елісіздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.
Пайдалаған әдебиеттер: 1. Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы. 2005. 2. Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 3. Платон.Государство. Соч.в 3 томах. Москва. 1951 4. Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 5. Алексеева Т.А. Современные политические теории. М., 2000. 6. Жамбылов Д., 2003 7. http://kazorta.org/xx-asyrda-y-sayasi-ilim/ 8. http://5fan.ru/wievjob.php?id=12309 9. http://1referat.kz/aleumettanu-sayasattanu/
|