Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






IT 2204 Туризм тарихы


Date: 2015-10-07; view: 4030.


пәні бойынша

 

«5В090200 – ТУРИЗМ»

мамандықтарына

 

 

Алматы, 2014 ж.

 

Тақырып 1

Туристік қызмет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялары

1. Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері

2. Халықаралық туризм функциялары

3. Халықаралық туризмнің даму кезеңдері және оның сипаттамалары

4. Халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы.

1. Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері

"Туризм" мен "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болды, XІX ғасырда кең қолданыла бастады, әсіресе XX ғасырда. Біршама зерттеушілердің айтуы бойынша, "туризм" және "турист" деген сөз француз тілінен (tour – саяхат) енген. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз XVІІІ ғасырда Британ аралында осы елге келетін англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Француз, Италия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін мектептерге жіберіліп тұрды. Саяхатты "grand tour" десе, саяхатшыларды туристер деп атады.

Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында "Archіv fur Fremdenverkehr" (1930-1931) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми әдебиетте "туризм" деген түсінік XX ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды.

Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әр түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды" туризмге жатқызды. КСРО–да бірінші болып 1952-ші жылы В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайықтап анықтама берді: "Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезеңдерінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз" – дейді.

Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетінін көрсетеді, бұндайда басты рольді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін білеміз. Халықаралық туристік алмасуда да нақ солай болады. Әлемдегі негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ, солар және экономи-касы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Түркия) және дамушы елдер де (Тунис, Таиланд және т. б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: "туристерді жеткізуші елдер" және "туристерді қабылдаушы елдер".

Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристерді қабылдау) туристік игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу) – импорттау деуге болады. Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық әсерін есептеу қиын, өйткені шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұранысы мен көлемі туралы хабарлар жоқ. Бұл сұранысты есепке алу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Статистикалық есептің қиындығы иемдену қабылдаушы мемлекетте жүреді, ал иемденген тауарлар тұрақты тұру мемлекетіне әкелінеді. Бұл тауарлар шекараны өткенде тізімге алынбайды. Бұл жерде белсенді туризмді "көрінбейтін экспорт", ал белсенді емес туризмді – "көрінбейтін импорт" деуге болады. Шетел туризмін экономикалық дамуды тездете-тін, төлем балансын жылдамдататын және мемлекеттік қорын үлкейтудің қайнар көзі деуге болады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық туризм дегеніміз не?
  2. Халықаралық турист деген кім?
  3. Халықаралық туризм функциялары қандай?
  4. Халықаралық туризм дамуының кезеңдері қандай?
  5. Халықаралық туризм функциялары қандай?
  6. Туризм дамуының 1-кезеңі қай кезеңді қамтиды, қайлай аталады және немен сипатталынады
  7. Туризм дамуының 2-кезеңі қай кезеңді қамтиды, қайлай аталады және немен сипатталынады
  8. Туризм дамуының 3-кезеңі қай кезеңді қамтиды, қайлай аталады және немен сипатталынады
  9. Туризм дамуының 4-кезеңі қай кезеңді қамтиды, қайлай аталады және немен сипатталынады
  10. Туризм дамуының 5-кезеңі қай кезеңді қамтиды, қайлай аталады және немен сипатталынады
  11. Алғаш паравозды кім ойлап тапты?
  12. Алғаш параходты кім ойлап тапты?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. В.А. Квартальнов, Н.В. Колесник. Введение в специализацию. Ч.1. Менеджмент иностранного туризма. – М., 2000. – 109 с.

2. Зорин И.В., Квартальнов В.А. Туристский терминологический словарь. – М.: Советский спорт, 1999.

3. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика: Избранные труды: в 5 т. – М.: Финансы и статистика, 1998.

4. Полиглот, путеводитель. – М., 2003 г.

5. Страны мира. – М., 2004 г.

6. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика: Избранные труды: в 5 т. – М.: Финансы и статистика, 1998.

 

 

Тақырып 2

Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік – экономикалық себептері

1. Алғашқы ұйымдастырылған саяхаттар

2. Саяхаттардың әлеуметтік – экономикалық себептері

Туризм тарихы – көне заманнан бері қазіргі заманға дейінгі уақыттағы саяхат жасауларды(жорықтар, экскурссиялар) зерттейтін ғылым.

Туризм тарихының пәні- туристік қозғалыстың қалыптасуын пайда болу заңдылықтарын және дамуын айтамыз. Туризм тарихы өзінң зерттелуінде мынадай қосымша пәндерге сүйенеді: археология, полиграфия, этнография және т.б.

Ерте заманда және орта ғасырларда адамдар көбінде саяхат сөзін көп қолданған. Тарихта алғаш ұйымдастырылған саяхаттар басты тірегіші болған бірқатар мемлекеттерді атап өтуге болады. Ең алдымен бұған:

1. Ежелгі Мысыр елі жатады. Мұнда негізінен саудалық қызмет орын алған. Сондай-ақ географиялық, астрономиялық, медициналық білімдері бар кеңесшілері ақпарат беуші адамдары болған.

2. Вавилон патшалығы Мұнда Азия елдеріне керуен және теңіз жолдарымен байланыс жүргізілген.

3. Финикия. Мұнда теңіз және құрлықта сауда қарқынды жүрген жерді басып алу жағдайлары орын алған және де ең үздік кеме жасаушылар және теңізбен жүзушілер дайындалған

4. Парсы елі Бұл елде негізінен мемлекеттер арасынан байланысатын жолдар салынған.

5. Ежелгі Үнді елі. Мұнда басқа елдермен саудалық қатынас жасалынған. Сонымен қатар әлемдегі көне елдердегі буддизм дамыған.

6. Ежелгі Қытай елі. Мұнда алғаш темір өндірумен айналысқан. Иероглифпен хат жаза бастаған, қағаз ойлап шығарған, компасты ойла тапқан, жібек өндірісі шай өндірісі басталған.

7. Ежелгі Греция Мұнда қолөнер дамығанолар Финикия мемлекетімен тығыз саудалық байланысты орнатқан.

Орта ғасыр тарихында осы аталған мемлекеттер және басқа да мемлекеттер туризмді ынталандыратын факторларының қалыптасуына алып келді. Ежелгі Рим мемлекетінде таралған Шығыс Рим империясы және Византия және Ұлы Жібек жолы пайда болды. Бұл Араб және Парсы шығанақтары арқылы Үнді мухитына шыққан мемлекеттік пошталық қатынастарға және шіркеу қызметі, алғаш крест жорығының пайда болуына әкелді.

Араб елінде Ислам дінінің пайда болуы діни наным – сенімдердің пайда болуын және қажылық сапарлар ұйымдастырылды.

Франция, Германия, Италия елдерінде мектептердің ашылуы, академиялық білім беру орталықтары, Европалық саудагерлердің сауда қатынастарын нығайтуы – Жерорта теңізі арқылы Орта Азияға шыққан.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Туризм тарихы дегеніміз не?
  2. Туризм тарихының пәні деген не?
  3. Алғаш ұйымдастырылған саяхаттар басты тірегіші болған бірқатар мемлекеттер қандай?
  4. Жібек өндірісі қай елде дамыды?
  5. Алғаш қағаз, темір қай елде шығарылды?
  6. Еуропа елдеріне шығуға негіз болған басты теңіз қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Гостиничный и туристский бизнес. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем», 1998.

2. Александрова А.Ю. Международный туризм. – М., 2000 г.

3. Окладникова Н.В. Туристские ресурсы мира. – М.

4. Сенин В.С. Организация международного туризма. – М., 2000 г.

5. Культурология: восток – запад. Алматы, 1999 г.

Қосымша әдебиет:

1. Страны мира. – М., 2004 г.

2. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика: Избранные труды: в 5 т. – М.: Финансы и статистика, 1998.

3. Максаковский Н.Н. Экономическая и социальная география мира. – М., 2001 г.

 

Тақырып 3

Ерте замандағы және орта ғасырдағы туризмнің пайда болу тарихы

1. Ерте замандағы туризм дамуының тарихы

2. Ежелгі Мысыр еліндегі саяхаттар

3. Ерте заманның көрнекті саяхатшылары

4. Орта ғасырдағы көрнекті саяхатшылар

 

Халықаралық туризмнің даму кезеңділігін бөлуге байланысты әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.

Унцикер, Мариотти, Пжеславский және т.б.көзқарасы бойынша туризм даму тарихын төмендегідей кезеңдермен сипаттайды:

1. 18ғ аяғына дейінгі туризм:

А) ертедегі туризм

Ә) Ортағасырдағы және қайта өрлеу дәуіріндегі туризм

Б) 17-18 ғ.ғ туризм

2. 19-20 ғ.ғ туризм – 2 дүниежүз.соғысқа дейінгі

3. Қазіргі туризм

Осыған байланысты туристік саяхаттар адамдардың жорықтары саудалық мәнін жоғалтқан кезде пайда болды деп есептелінеді. Алғашқы ондай көшіп қонулар діни сипаттағы саяхаттар жатқызылады. Ол ертегі Мысыр елінде б.д.д 4 мыңжылдықта басталған. Алғашқы саяхаттардың бірі ретінде теңіз жорығын атауға болады – Пунт еліне б.э.д (1501-1484жж) Бұл саяхатты Мысыр елінің ханшайымы Хатшепсут ұйымдастырған. Ал б.э.д 2 мыңшы жылы Синухит (құдайға табынушы адам) Кедем (мысырлықтар бұрын шығыс елін солай атаған) еліне саяхат жасаған. Оны Cинухит «Синухиттың басынан кешкен хикаялары» деп папирусқа өзі жазған.

Б.з.д 6ғ Мысыр елінде Нехао деген фараоны Африканың төңірегіне өзінің әйгілі 3 жылдық саяхатын ұйымдастырған. Одан кейінгі кезде Мысырлықтардың туристік жорықтары қалаларға, қолдан жасалынған көлдерге, өзендерге барумен байланысты болған. Ең бастысы әр түрлі мөлшерде және биіктікте салынған пирамидалар болды. Қазіргі кездегі археологтардың зерттеулерінің нәтижесінде Мысыр елінде 109 пирамида болған. Бұл пирамидалар әлемнің 7 кереметінің біреуі болып саналады. Ертеректе саяхат жасауда мынандай: -сапалы жолдар торабы-түнеу орындары-тамақтану жерлері-сияқты туристерге қажетті жағдайлар тек Ежелгі Греция мен Римде пайда болды. Ол кезде туризм ешқандай табыс көзі болып табылмаған. Негізінен жол тораптарының маңыздылығын парсылықтар жоғары бағалаған. Олар өз елінің территориясында коммуникация жүйесін дамытқан болатын. Олардың ішінде ең жақсылары патша жолдары болды. Ұзындығы 3000 км құраған. Ол сол кездегі Вавилон, Сузы, Екбатан елдерін қамтыған. Бұл жолдың әрбір 30 миллдік шақырымнан кейін саяхаттаушылардың демалысына жағдай жасайтын орындар орналасқан (тоқтайтын орындар, тамақтану, демалу орындары болған). Оларға көрсетілетін қызметтің төлемі байларға, кедейлерге де бірдей болған. Ежелгі Греция мен Римде туристік саяхаттың енді экономикалық жағынан көңіл бөле бастады. Осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофон гректің Пирей деген портында сауда залдарын және мемлекеттік үйлердің құрылысын салуды айтқан. Оның ойынша, бұл табыстың ең бір маңызды көзі болмақ. Өйткені гректер де, римдіктер де өте алыс сапарларға шығатын болған. Және де олар сумен саяхаттаған.

Ежелгі гректер б.з.д 8ғ өзінде саяхатқа шыққан. Олар антикалық олимпиадаларға қатысушы көруші ретінде барған. Ол кезеңдердегі саяхаттаушылардың негізгі мативі – тек қана демалу немесе жоғарыда айтқандай спорттық ойындарға қатысу ғана емес, сонымен қатар танымдық, зерттеушілік мақсаттармен байланысты болған. Мысалы, әйгілі географ және тарихшы,туризм тарихының атасы Герадот б.з.д 5ғ өзінде басқа елдерге саяхат жасауы сол елдердің салт дәстүрімен, өмір бейнесімен және де территориялық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты болған. Яғни Герадоттың саяхаттанушылардың өзі танымдық, зерттеушлік, оқып-үйрену мақсатында болған. Сондай-ақ ол өзінің замандастарының еңбектерімен және де өзімен танысу үшін де саяхат жасаған.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

3. Унцикер, Мариотти, Пжеславский және т.б.көзқарасы бойынша туризм даму тарихы қандай кезеңдерді қамтыды?

4. Мысыр елінде Нехао фараонының саяхаты қандай болды?

5. Ерте ғасырдағы әйгілі саяхатшылар кімдер?

6. Орта ғасырдағы әйгілі саяхатшылар кімдер?

7. Туризм тарихының атасы кім?

8. Географияның атасы кім?

9. Геродоттың туылған қаласы

10. Геродот қай қалада жерленген?

11. Геродот ескі әлемді нешеге бөлген?

12. Страбонның кәтабы қандай және неше бөлімнен тұрады?

13. Геродоттың саяхатының мақсаты және бағыты қандай болды?

14. Страбонның саяхатының мақсаты және бағыты қандай болды?

15. Ортағасырдағы туризм кезеңі қандай?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Квартальнов В.А. Туризм. М., 2000 г.

2. Александрова А.Ю. Международный туризм. – М., 2000 г.

3. Окладникова Н.В. Туристские ресурсы мира. – М.

4. Сенин В.С. Организация международного туризма. – М., 2000 г.

Қосымша әдебиет:

1. В.А. Квартальнов, Н.В. Колесник. Введение в специализацию. Ч.1. Менеджмент иностранного туризма. – М., 2000. – 109 с.

2. Полиглот, путеводитель. – М., 2003 г.

3. Страны мира. – М., 2004 г.

4. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика: Избранные труды: в 5 т. – М.: Финансы и статистика, 1998.

Тақырып 4

Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы

1. Жаңа дәуірдегі туризм тарихының ерекшелігі

2. Көрнекті ортағасырлық саяхатшылар

3. Жаңа дәуірдегі туризм дамуының басты бағыттары

Ортағасырлық туризм тарихы ұлтаралық қалыптасуымен және жоғарғы элиталық топтарының құрылуымен феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуымен сипаттаплады. Осы тұстан Евраплық мемлекеттер ішінде өндірісті дамыту жүре бастады.

XV ғ ІІ жартысында ішкі және сыртқы рыноктарда өнеркәсіптік тауарлар айырбасы дамыды және алғашқы капиталдың қорлану процессі басталды. Осы кезеңде ұйымдастырылған саяхаттар жүргізу тарихында Португалия принці Генрихтің ролі зор болды кейіннен теңіз жүзушісі деп аталды. Генрихтің ұйымдастырылуымен кеме жасау өндіріс қолға алынды. Алғаш Коравелланы жасаған жылдамдығы сағатына 22 км болған, ол осы Коравелламен Африканың батыс жағалауын зерттеген,жүріп өткен бағыты 3500 км болған.Жаңа дәуірде неміс географы Мартин Бехайм (1459-1506) 1492 ж алғаш рет глобус жасаған. Ол ескі глобустың бірі болып табылады. Ол осы күнге дейін жеткен.

Италияның астрономы Пауло Тосканелли (1397-1482) жердің шар тәрізді екендігіне пікір айтқан.

Жаңа дәуірдегі туризм тарихында діни мақсаттағы саяхаттар мен қатар саяси сипаттағы жорықтар да үлкен орын алған.

16 ғ ғылымның дамуы (экономикалық ғылымның дамуы, қалыптасуы 16ғ. аяғынан басталады) алғашқы университеттердің ашылуына себеп болған.

18 ғ бастап Европа елдерінде студенттердің саяхат жасаулары басталынған. Ол білім мақсатында Италияның университетіне барған. Біртіндеп кейін Европадағы адамдардың жүріс тұрыс қозғалыстары көпшілік сипатқа ие:

· Крест жорықтары (әскери адамдар, шіркеу қызметтері, дін жолындағы адамдар, саудагерлер)

· Танымдық, ойын-сауықтық, емдік және т.б.сол сияқты мақсаттармен саяхатқа шықты.

Міне, осының барлығы географиялық таным білуді кеңейтті. Ұлы географиялық ашулар үшін алғашқы шарт болып табылды және сауда мәдени байланыстарының кеңеюіне әкелді.

Саудалық байланыстардың ары қарай дамуы, яғни сыртқы рыноктарды іздеу, өнеркәсіптік және қаржылық капиталдарды салатын сфераларды іздеу, сондай-ақ халықтың жаппай көшіп қонуы ел арасында туризмнің дамуына алғы шарт болды. Сол себепті де 17ғ Европада таза туризмнің түрі қалыптасты. Өйткені, К.Либердің айтуы бойынша осы кездегі адамдардың саяхаттары танымдық, емдік және демалу мақсатында болған.

Туризмнің әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуы 17ғ аяғы 18ғ басы. Бұл кезеңдерде Европалық мемлекеттердің кейбір мектеп оқушылары табиғат аясына жаяу серуендеп шығуларды ұйымдастыра бастаған. Алғашқы «Ұлы турды» 17ғ мемлекеттің, халықтың жоғарғы бөлігі жасай бастады. Ұлы турларға халықтың жоғарғы бөлігі ғана емес, сондай-ақ қатардағы азаматтарға қызығушылық тудыра бастады.Жастар арасында ұзақ сапарларға шығу, Европаға баруды сәнге айналдырды. Ұлы турлардың станциялары ретінде алғашында Европаның мәдени орталықтары саналды. Оның ішінде Испания, Франция, Италия, Грецияның қалалары мен көрікті жерлері саналды.

Ұлы тур 2-3 жылға дейін созылған. Ағылшындар үшін ол Лондоннан Римнен аяқталынған. Парижге міндетті түрде соққан. Алғашқы көпшіліктік туристік саяхат Англияда 150ж астам уақыт бұрын басталған. Оны 1841 ж ағылшын кәсіпкері Т.Кук ұйымдастырған. Ол теміржол көлігінде 600 адамды саяхаттау мақсатында Лейстерден бастап, Лафборо станциясына дейін барып, кейін қайтқан.

Ол осы саяхатын ұйымдастыра отырып, ағылшындардың компаниялары көп адамды арзан билетпен тасымалдау (теміржол) қымбат билетпен аз адамды тасымалдауға қарағанда тиімді екенін дәлелдеген. 1845ж. Т.Кук Ливерпуль қаласына саяхатты және экскурсияны ұйымдастырды. 1847ж «алғашқы туристік қоғам» құрылған. Ол билеттерді тек Англияға ғана емес басқа мемлекеттерге де сата бастаған. Ең алғашқы тур оператор Т.Кук.

1863 ж Т.Кук 1-ші туристік компания ашады. Туристерді Швейцарияға жібереді.

1865 ж Т.Кук АҚШ-қа барады. Оның мақсаты ағылшындардың АҚШ-қа бару сапарын және американдықтардың Европаға келу сапарын ұйымдастыру болған.

Христофор Колумб әйгілі теңіз саяхатшысы ретінде танылған. Ол өз кемесімен Санто Мариа Атлант мухиты бойымен жүзіп отырып 12.10 Жаңа жер аралын жетеді. Ол оны Сан – Сальвадор деп атады.1492 ж 25.10 Колумб Куба аралын жетеді. Ол оны Азия жағалауы деп ойлайды. Тек 4 жылдан кейін барып Колумб Евразиядан Америкаға дейінгі Атлант Мухитын жүзетіндұрыс маршрутын салады. 1506 ж Колумб дүниеден өтеді.

Жаңа дәуір туризмнің тарихында тағы да бір саяхатшы ретінде Португалия елі танылған.

1497 ж Португалдық король Мануэль І үнді еліне экспедицияны ұйымдастырды. Оның басшысы етіп дворянинді Васко да Гамманы тағайындайды. 1497 ж 8.06 4 кемеден жасақталған эскадра Лиссабонна шығып, 4.12 Африка жағалауына келеді. Олар Үнді мухитын жүзе отырып, 1498 ж мамырында Калькутта жағалауына келіп жетті. Осындай үлкен саяхаттан кейін оны Португалияның 1 ші королі етіп тағайындайды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Жаңа дәуірдегі туризм кезеңі қандай?
  2. Ортағасырлық саяхатшылар кім?
  3. Крест жорықтары деген не?
  4. Крест жорықтарының кезеңдері қандай?
  5. Жаңа дәуірдегі мамандандырылған ұйымдар атауы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Квартальнов В.А. Туризм. М., 2000 г.

2. Александрова А.Ю. Международный туризм. – М., 2000 г.

3. Окладникова Н.В. Туристские ресурсы мира. – М.

4. Сенин В.С. Организация международного туризма. – М., 2000 г.

Қосымша әдебиет:

5. В.А. Квартальнов, Н.В. Колесник. Введение в специализацию. Ч.1. Менеджмент иностранного туризма. – М., 2000. – 109 с.

6. Полиглот, путеводитель. – М., 2003 г.

7. Страны мира. – М., 2004 г.

8. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика: Избранные труды: в 5 т. – М.: Финансы и статистика, 1998.

 

 

Тақырып 5

ХХ ғасырдағы және қазіргі кезге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы

1. ХХ ғасырдағы туризм тарихының ерекшелігі

2. ХХ ғасырдағы туристік байланыстар

3. Халықаралық туристік іс-шаралар орталықтары

 

20ғ-ң 1 жартысында халықаралық және ұлттық туризм аясы тағы да көптеген жаңа елдермен көбейіп дами түсті. Алайда, экскурсиялар және туризм халықтың барлығына емес, тек қана ауқатты бөлігіне ғана мүмкін болды. Осы халықтың труистік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық және халықаралық курорттар және туризм орталығы ашыла бастады. Сонымен, 20ғ туризм адамның жүріс тұрыс қозғалысының ерекше түріне айналды. Ол ең алдымен географтың, тарихшының, теңіз жүзушінің, зерттеушінің, іскерлік адамдардың жасаған ұлы саяхаттарымен ашуларының негізінде қалыптасты. 1ші және 2ші дүниежүз.соғыс кезеңінің арасында туристік жорықтар ел ішінде және шетелге шығуы біртіндеп сапалы жаңа сипатқа ие болды. Себебі, ондай жорықтар тек қана көңіл көтеру емес, танымдық сипатта болды. Туристік жорықтың бағыттарына тарихи орындар және мәдени ескерткіштер кіре бастады. Осы кезеңдегі халықаралық туристік қозғалыстың көп бөлігі Европа елдеріне келеді. 2-ші дүниежүз.соғыс халықаралық туризм көлемін бірден қысқартты. Соғыстан кейінгі кезеңде құлдыраған туристік инфрақұрылымдар қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүрді. Осы кезеңде туризм саласын қалпына келтіруге ақша қорларының және біліктік кадрлардың жетіспеуі, тапшылығы орын алды.. Осы себептерден де туризмнің соғысқа дейінгі кезеңдегі деңгейіне тек қана 40ж аяғында қол жетті. Осы кезеңде туристік саяхаттар АҚШ, Канада да кең өріс алды.

1948ж шілдеде шетелдік туристердің Жапонияға бару сапарларына рұқсат етілді.

Туристік байланыстардың өрістеуіне Европа елдері арасында жасалынған көптеген арнайы келісімдерді бекіту ықпал етті. Келісімдер барысында шетелдік туристердің халықаралық туризмдегі орны анықталынды және де әрбір елде туристердің құқықтары және жауапкершіліктері бойынша ережелер қабылданды. Яғни демалыстар және мерекелер кезінде туристердің жеке немесе кіші, үлкен топтармен демалу мақсатындағы жасалынатын саяхаттары кезінде әр елде туристерді қабылдаудың өзара ырықты шарттардың сақталынуы көзделінді.

Халықар.туризмнің даму тарихының осы кезеңінде (20ғ) жекелеген туристік саяхаттардың орнына көпшіліктік немесе жаппай саяхаттар жасау келді. Жаппай саяхат жасау топпен ұйымдастырыла бастады. Оған орта тап өкілдері жастар, оқушылар ғылыми интелегенция өкілдері және т.б.барды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. «Турист», «экскурсант», «уақытша тұрушы» деген сынды терминдер анықтамасы қайда және қашан анықталды?

2. ХХ ғасырдағы туризм тарихының ерекшелігі неде болды?

3. ХХ ғасырдағы туристік байланыстар қандай болды?

4. Халықаралық туристік іс-шаралар орталықтарын атаңыз

5. Халықаралық туристік ұйымдар мен көрмелерді атаңыз

6. Елдер бойынша халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелердің өту кезеңі мен атауларын ажыратыңыз

7. Қазақстандағы халықаралық туристік көрме туралы не білесіз?

8. МСОТО деген не?

9. БҰ ДТҰ (ЮН ВТО) деген не?

10. ҚТА деген не және ашылу тарихын айтыңыз

11. БҰҰ деген не және оның БҰ ДТҰ-ға қандай қатысы бар?

12. БҰ ДТҰ-ға неше ел мүшу

13. Қазақстан Республикасы қашан БҰ ДТҰ-ға мүше болды?

14. БҰ ДТҰ қашан құрылды?

15. Халықаралық туристер күні қашан және ол немен байланысты туындады?

16. БҰ ДТҰ Жарғысы қашан қалыптасты?

17. Туризм Хартиясы деген не?

18. Туристік кодекс деген не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение",

Алматы, 2003 г.

 

Тақырып 6

Ресей империясындағы туризмнің қалыптасу тарихы (1777-1917жж.)

1. Ресей империясының тарихы

2. Ресей империясының тарихының даму кезеңдері және даму ерекшеліктері

Ресейде туризмнің қалыптасуы 18ғасырдың басынан Петр1-ң Европаға сапарымен байланысты. Петр1-ң жарлығы бойынша 1718ж 12 ақпанында Ресейде өркетанудың негізі қаланған еді. Осы жарлықтан кейін Петербургте 1-ші өркетану мұражайы ашылған еді. Негізінен, Петр1 саяхаттауды өте жақсы көрген. 1697-1698жж ол Европаға өзінің алғашқы саяхатын ұйымдастырған: «Ұлы өкілдік саяхаты» Петр1 одан кейінгі саяхаты 1716-1717жж жасалынған. Сонымен қатар, Ресейде саяхаттарды және жорықтарды қолдаушылардың бірі Екатерина 2 болды. Ол 1772ж «Ишатра» сарқырамасына саяхат жасаған. Екатерина 2 патша сарайындағы дворяндарға өз елінің географиясын және тарихын танып білуге қызығушылықтарын танытқан болатын.

1775ж Екатерина 2-ші Ресей бойынша танымдық саяхаттың дәуірін ашқан еді. Григорий Потемкиннің(князь) ұсынысы бойынша Екатерина 2-ші патша сарайының қызметшілерімен және де шетелдік өкілдіктерімен Ресей империясының бүкіл батыс бөлігін аралап шықты. Днепр өзенімен жүзіп өтті. Сол кездегі Ресей империясында салынып жатқан қалаларды да аралады.(Херсон, Севастополь)

Ресей империясының Петербург қаласы бойынша әйгілі жол көрсетушінің бірі әйгілі ғалым ИОГАНН ГОТШЕБ ГЕОРГИ. Ол 1794ж «Санкт-Петербург » Ресей императорлық астаналық қаласының сипаттамасы және оның көрнекті жерінің жоспары деген өзінің жазба нұсқасын шығарады. Ал Мәскеу қаласы бойынша алғашқы жол нұсқасы 1782ж В.Рубанның жасауымен шыққан еді.

Европадағы белсенді туризмнің жақтаушылары алипинизмді дамыту барысында 1875ж Англияда Лондон қаласында ағылшындардың альпі клубын ашады. Кейіннен 1960ж Австрия, Италия, Швейцарияда альпй клубтары ашыла бастаған.

Сөйтіп, 19ғ 90ж Европаның көптеген елдерінде және де АҚШ-та осындай сынды клубтар көптеп ашылды. Олардың мүшелерінің жалпы саны 120 мың адамды құраған. Ал Ресейде тау туризмнің бірлестігі Тифлис қаласында құрылған(1877-1978) клубтың аты «Жаратылыстану кәсіпқойлардың қоғамы және кавказ Альпі клубы» Осы клубтардың белсенді мүшесі Кавказ тауын зерттеген А.В.Пастухов болады. Осы Пастуховтың құрметіне кавказ тау шыңында 5000 метрлік шыңды приют Пастухова д.а.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Ресей империясындағы туризм тарихы

2. Ресей империясыныңтуризм тарихыныңкезеңі қандай?

3. Ресей империясындағы туризм дамуы қай патшамен байланысты?

4. Ресейдің соңғы патшасы кім?

5. Ресей Альпі клубының ресейлік мүшесі кім?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение",

Алматы, 2003 г.

 

Тақырып 7

КСРО-дағы туризмнің даму тарихы (1917-1991жж.)

1. КСРО-дағы туризмнің даму тарихының ерекшелігі

2. Ресейлік тау туризмі

1917 жылғы төңкерістен кейін Ресейде туризм және экскурссияның дамуы қарқынына ене түсті. Сөйтіп РСФСР–дің халықаралық коммессариаттарының қолдауымен туризм және экскурссия жалпы білім беретін мектептер деңгейінде қарастырылды.Оның бастаушысы И.И.Поменский болған.

1919 ж қала шетіндегі табиғи-тарихи станциялар құрыла бастады және оған мекетп оқушылары экскурсияға шығарды. Осымен қатар гуманитарлық станциялар да ашыла бастады. Оның мақсаты – балаларды эстетикалық және гуманитарлық тәртіпке шақыру еді.Осы станциялар арқылы – гуманитарлық сипаттағы мұражайларға, архитектуралық ескерткіштерге экскурссиялар ұйымдастырылды. КСРО – дағы көпшіліктік туристік қозғалыс ХХ ғ аяғы шегінде болды. Сөйтіп 1929 ж Ресейдің туристік қозғалыс КСРО – ғы бірден – бір туристік басқарушы орталыққа айналды. Оған көптеген жұмысшылар қатарға ене бастады. Осының нәтижесінде Ресейдің туристік қоғамы РСФСР пролетарлық туризм қоғамы деп 1929ж 30 қарашада жаңа атпен құрылды.

Осы қоғамның төрағасы Н.В Крыленко – ол тау саяхатының құмартушысы болатын. Қоғамның жарғысына сәйкес туристік салада ол төмендегідей мақсаттарды анықтады:

1.Еңбекшілер арасындағы туризм идеясын тарату. Яғни еңбекшілердің демалыстарын мәдени тұрғыда пайдалануды қамтамассыз ету және КСРО басқа елдермен өзара қатынастарын орнатуға ықпалет болды. Сондай-ақ олардың табиғатқа деген ынталарын ояту, денсаулықтарын нығайту және мінез құлықтарын қалыптастыруға әсер етуі.

2. Туризмде кең тұрғыда ұйымдастырылған қоғамдық қозғалыс формасын беру болады.

3. Туризмнің техникасын оқып – үйрену және жақсарту.

4. Туристерге ұйымдастырылған өзара көмек беру.

5. КСРО қорғанысына туризмді әскерилендіру арқылы ықпал ету.

6. Туристердің саяхаттар кезінде қоғамдық жұмыстарға тартылуы.

7. Туристергеөлкетану элементтерін енгізу.

1929ж аяғында пролетарлық туризм қоғамының бөлімдері Казаньда, Петрозаводскіде, Киргизияда және басқада жерлерде айналыса бастады. Ең алғаш 1929 ж маусымда Орталық Кавказдың тауинструкторларының курсы ашылды. Курстың жетекшісі тәжірибелі турист және альпенист Василий Логинович Семеновский болды. 1917ж төңкеріске дейін Семеновский Швецарияда Альпі тауларындағы маршруттарда гид болып жұмыс істей бастаған. Ол өзінің таулы туризмдегі инструкторлық жұмысын 1930 ж шыққан «Тау туризмі» кітабында әңгімелеген. ТТҚ – дан басқа туристік – экскурссиялық жұмыстарды «Советтік турист» деген қоғамда жүргізген. Ол 1928 жылы құрылған болатын. Қоғам мүшесі болып осы қоғамның аксияцин сатып алған адам болады.1 акцияның құны 1 рубль болды. Ал 100 акцияға ие адам дауыс құқығына ие болады. Акционерлік қоғам міндеті бойынша елдің барлық аймақтарында турбазалар мен маршруттың торабын жасау болды, яғни елді жоспарлы түрде дамыту болып табылады.

1930 ж жоғарыда аталған қызметтерді жақсарту барысында бірқатар үнемдеулер пайда болды. Соның ең танымалы – «туризм ең жақсы демалыс» Жоғарғы тау қиындарына шығу экспедициялары 1931 ж Эльбурс шыңына шығуды бастаған.

КСРО–ң қызыл армиясында туризм белсенді түрде пайдаланылған. 1929 ж жазында қызыл армияның орталық үйіндегі әскери тур бюро Кавказдан жыл бойы әрекет ететін 7 туристік базаны құрған.

КСРО–ғы саяхатшы ұнататын мыңдаған адамдар үшін дене шынықтыру және спорт комитеті 1938 ж туризм саласында белсенділік танытты. Соның көрінісі ретінде 1939 жылы 26 наурызында комитет «КСРО туристі» значогын беру туралы қаулы қабылдады. Осы значокты алу үшін мынадай талаптарды орындау қажет болды:

1.3-ші категориялы қиындықтағы саяхат жүру немесе 1 ші кақатарлы саяхатқа 2 рет шығу.

2. Арнайы бағдарлама бойынша теориялық сынақ тапсыру қажет; оның теориялық мәселелері топография, өлкетану, туризмдегі санитария және гигиена, геология, зоология және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі теориялық салалардан сұрақтар кірді.

3. Өзінің таңдаған туризм түрінен сынақ тапсыру: су туризмі, жаяу, шаңғы немесе тау туризмі.

Су туризмінің туристері қандай да жағдай болса уақытқа байланыссыз жеңіл киіммен, аяқ киімсіз 100 м жүріп өту немесе жалаңаш 300 м жүзіп өту болды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. КСРО-дағы туризмнің даму тарихының сипаты қандай?

2. Пролетарлық туризм қоғамының басшысы кім болды?

3. Пролетарлық туризм қоғамының мақсаттары қандай болды?

4. Орталық Кавказдың тау инструкторларының курсының жетекшісі кім болды?

5. «КСРО туристі» значогы деген не және оның талаптары қандай болды?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение",

Алматы, 2003 г.

 

Тақырып 8

Ертеректегі және осы күндерге дейінгі Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму тарихы

1. Қазақ елінің менталитеттік ерекшелігін анықтау

2. Қазақ жеріндегі саяхаттардың бағыты

Қазақстандағы ұйымдастырылған тарихи саяхаттар және туризм негізгі элементтерінің кезеңделуіне байланысты болып келеді. Бірақ саяхаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы Қазақстанның территориясында ертеректегі қауымдық тайпалардың көрінісі әуелде аңшылықтан бастаған еді. Ал олардың өндірістік еңбекке қатысулары әлемнің басқа елдеріне қарағанда кейін басталған. Қазақстан территориясында алғаш адамдар ғалымдардың айтуы бойынша жарты млн жыл бұрын пайда болған, оның дәлелі Қазақстан территориясында табылған еңбек қаруы. Қазақстан шаруашылығ шамамен б.э.д 3 мың жыл қалыптасқан. Қазіргі Қазақстанның территориясында ұйымдастырылған саяхаттар ғаламдық туристік объект Ұлы Жібек Жолымен байланысты. Ұлы Жібек Жолының алғаш қалыптасу кезеңі б.д.д 3 ғасыр пайда болған. Осы мәселеге байланысты ғалым Клавдий Птоломей «Географическое руководство» еңбегінде қарастырды. Онда осы Жібек жолының Қытайдан бергі шыққан жолының бағыты көрсетілген. Ұлы Жібек Жолының атауы көптеген зерттеушілер ойы бойынша неміс ғалымы Ф.Рихтгофен «Қытай» деген кітабында анықтаған. Ол 1977 ж шыққан.

Ұлы Жібек Жолының атауын тарихшы А.П Петров антикалық дәуірде пайда болған деп есептейді. Өйткені римдіктер жібекті «Серикум» деп атаған.Ол оны өндіруші адамдарды «серелар» деп атаған. Яғни Жібек адамдар деп атаған.

Жалпы Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы ұзақ уақытқа созылу процесі батыс және шығыс өркениеттерін антикалық әлем және Қытайдың мәдениетін танып білуге ықпал еткендігін куәландырды. Негізінен антикалық антикалық әлемдегі саяхатшылардың, зеттеушілердің көз – қарастары бойынша (Геродот, Аристотель, Македонский, Эратосфен және т.б.) Б.э.д 2 ғ дейін Шығыс елі тек қана шөл дала деп есептеген.

Тарихи деректер бойынша Орта Азияға б.э.д 3 мыңжылдықта қалытасқан байланыс түрлері бойынша Үнді елінде Жерорта теңізінен және Арабиядан келуге мүмкіндік болған, яғни бұл сол кездері Орта Азия елдеріне саяхат жасау жолдарының немесе бағыттарының қалыптасуын көрсетеді. Сәйкесінше, Қазақстанда ұйымдастырылған саяхаттардың Европа елдеріне Шығыс Азия елдеріне болғандығын сол кездегі табылған лазурит куәләндырады.

Монғол – Татар шапқыншылығы кезінде Қазақстан территоиясында жаңа жаулап алған жерлерде Монғол хандарының демалулары, ұйымдастырылған белгілі бір түнеужәне тамақтану орындарының ашылуы. Бұл көшпенді сипатта болған сәйкесінше олардың саяхаты әскери туризмдік сипатта болды.

Орта ғасырлық саяхатшы Марко Поло осы Орта Азиядан өткен саяхат барысында оның ішінде Қазақстан жері туралы былай дейді: «Қандай да болсын «ханбаладан» шықсаңыз да(хандардың тоқтаған жері) әрбір 25 шақырым сайын әдемі үйлер орнатылған, оның маңайында атты әскерді көресіз. Мұнда тоқтаған адамдардың бәрі бай, өйткені олар жібек көрпелержамылған және ханға керек – жарақтың бәрі бар»

Қазақстан территориясында алғаш туристік объектілер түрік тайпаларының көшіп – қонуымен байланысты. Қазақстандағы алғашқы діни туризмнің ұйымдастырушысы Темірхан болды және де оның есімімен аталған ескерткіш орындары кейінен әртүрлі туризмнің әлеуметтік түрлеріндамытуға ықпал етті. Ең алғаш сондай ескрткіштің бірі Темірханның бұйрығымен 1399 ж Ахмет Яссауидің қабіріне тұрғызылған мавзолей болды. Қазақстанда туристік өлкетану зертеу жұмысы өте ұзақ мерзімді тарихты қамтиды.

Кеңес дәуірі кезінде Қазақстанның өлкетануы бойынша бірнеше жұмыстар жарық көрді. Соның ішінде Тарих, Орхеология және этнография институттарының ғылыми қызметкері А.Н Мустафаевтің «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» атты жинақтағы мақаласы қызығушылық тудырды. Қазақстан өлкелерін зерттеу мақсатында жетісу өңіріне А.Н Красновтың басқаруымен алғашқы экспедиция ұйымдастырылған және де осы өңірге 1891 – 1892 жж Н.Ф Катанов басқаруымен экспедиция ұйымдастырылған еді.

Қазақ ауылдарын танып білу және олардың тұрмыс – тіршілігімен танысу мақсатында жұмыс істеген ғалымдар Г.Н Потанин және С.Г Рыбаков болды. Сондай-ақ қазақ ауылдарына Орынбордың және Батыс Сібірдің зерттеушілері қызығушылық тудырған. Революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанда 1895 – 1917 ж археологияны ұнатушылардың Түркістандық үйірмесі жұмыс істеді.

1888 – 1917 жж Орынбордың оқу – архивтік комиссиясы жұмыс істеді. Олардың мақсаты Қазақстан жеріндегі археологиялық және архитектуралық ескерткіштерді зерттеу болды.

Қазақстандағы алғашқы ресми туристік ұйым Верный қаласында 1927 ж дейін әрекет етті. Алғаш ресми түрде тіркелініп ұйымдастырылған туристік жорық Іле Алатауынан бастап Есік өзеніне дейін созылған. Оған Верный қаласынан 17 мың адам қатысқан. Бұл жорықты 1929 ж Г.И Белоглазев, Ф.Л.Сарин, В.Н Зимин ұйымдастырған еді.

Тақырып 9

ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және дамытудағы проблемалары

1. КСРО-дағы туризмнің даму тарихының ерекшелігі

2. Ресейлік тау туризмі

Қазақстандағы ұйымдастырылған тарихи саяхаттар және туризм негізгі элементтерінің кезеңделуіне байланысты болып келеді. Бірақ саяхаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы Қазақстанның территориясында ертеректегі қауымдық тайпалардың көрінісі әуелде аңшылықтан бастаған еді. Ал олардың өндірістік еңбекке қатысулары әлемнің басқа елдеріне қарағанда кейін басталған. Қазақстан территориясында алғаш адамдар ғалымдардың айтуы бойынша жарты млн жыл бұрын пайда болған, оның дәлелі Қазақстан территориясында табылған еңбек қаруы. Қазақстан шаруашылығ шамамен б.э.д 3 мың жыл қалыптасқан. Қазіргі Қазақстанның территориясында ұйымдастырылған саяхаттар ғаламдық туристік объект Ұлы Жібек Жолымен байланысты. Ұлы Жібек Жолының алғаш қалыптасу кезеңі б.д.д 3 ғасыр пайда болған. Осы мәселеге байланысты ғалым Клавдий Птоломей «Географическое руководство» еңбегінде қарастырды. Онда осы Жібек жолының Қытайдан бергі шыққан жолының бағыты көрсетілген. Ұлы Жібек Жолының атауы көптеген зерттеушілер ойы бойынша неміс ғалымы Ф.Рихтгофен «Қытай» деген кітабында анықтаған. Ол 1977 ж шыққан.

Ұлы Жібек Жолының атауын тарихшы А.П Петров антикалық дәуірде пайда болған деп есептейді. Өйткені римдіктер жібекті «Серикум» деп атаған.Ол оны өндіруші адамдарды «серелар» деп атаған. Яғни Жібек адамдар деп атаған.

Жалпы Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы ұзақ уақытқа созылу процесі батыс және шығыс өркениеттерін антикалық әлем және Қытайдың мәдениетін танып білуге ықпал еткендігін куәландырды. Негізінен антикалық антикалық әлемдегі саяхатшылардың, зеттеушілердің көз – қарастары бойынша (Геродот, Аристотель, Македонский, Эратосфен және т.б.) Б.э.д 2 ғ дейін Шығыс елі тек қана шөл дала деп есептеген.

Тарихи деректер бойынша Орта Азияға б.э.д 3 мыңжылдықта қалытасқан байланыс түрлері бойынша Үнді елінде Жерорта теңізінен және Арабиядан келуге мүмкіндік болған, яғни бұл сол кездері Орта Азия елдеріне саяхат жасау жолдарының немесе бағыттарының қалыптасуын көрсетеді. Сәйкесінше, Қазақстанда ұйымдастырылған саяхаттардың Европа елдеріне Шығыс Азия елдеріне болғандығын сол кездегі табылған лазурит куәләндырады.

Монғол – Татар шапқыншылығы кезінде Қазақстан территоиясында жаңа жаулап алған жерлерде Монғол хандарының демалулары, ұйымдастырылған белгілі бір түнеу және тамақтану орындарының ашылуы. Бұл көшпенді сипатта болған сәйкесінше олардың саяхаты әскери туризмдік сипатта болды.

Орта ғасырлық саяхатшы Марко Поло осы Орта Азиядан өткен саяхат барысында оның ішінде Қазақстан жері туралы былай дейді: «Қандай да болсын «ханбаладан» шықсаңыз да(хандардың тоқтаған жері) әрбір 25 шақырым сайын әдемі үйлер орнатылған, оның маңайында атты әскерді көресіз. Мұнда тоқтаған адамдардың бәрі бай, өйткені олар жібек көрпелержамылған және ханға керек – жарақтың бәрі бар»

Қазақстан территориясында алғаш туристік объектілер түрік тайпаларының көшіп – қонуымен байланысты. Қазақстандағы алғашқы діни туризмнің ұйымдастырушысы Темірхан болды және де оның есімімен аталған ескерткіш орындары кейінен әртүрлі туризмнің әлеуметтік түрлеріндамытуға ықпал етті. Ең алғаш сондай ескрткіштің бірі Темірханның бұйрығымен 1399 ж Ахмет Яссауидің қабіріне тұрғызылған мавзолей болды. Қазақстанда туристік өлкетану зертеу жұмысы өте ұзақ мерзімді тарихты қамтиды.

Кеңес дәуірі кезінде Қазақстанның өлкетануы бойынша бірнеше жұмыстар жарық көрді. Соның ішінде Тарих, Орхеология және этнография институттарының ғылыми қызметкері А.Н Мустафаевтің «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» атты жинақтағы мақаласы қызығушылық тудырды. Қазақстан өлкелерін зерттеу мақсатында жетісу өңіріне А.Н Красновтың басқаруымен алғашқы экспедиция ұйымдастырылған және де осы өңірге 1891 – 1892 жж Н.ФКатанов басқаруымен экспедиция ұйымдастырылған еді.

Қазақ ауылдарын танып білу және олардың тұрмыс – тіршілігімен танысу мақсатында жұмыс істеген ғалымдар Г.Н Потанин және С.Г Рыбаков болды. Сондай-ақ қазақ ауылдарына Орынбордың және Батыс Сібірдің зерттеушілері қызығушылық тудырған. Революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанда 1895 – 1917 ж археологияны ұнатушылардың Түркістандық үйірмесі жұмыс істеді.

1888 – 1917 жж Орынбордың оқу – архивтік комиссиясы жұмыс істеді. Олардың мақсаты Қазақстан жеріндегі археологиялық және архитектуралық ескерткіштерді зерттеу болды.

Қазақстандағы алғашқы ресми туристік ұйым Верный қаласында 1927 ж дейін әрекет етті. Алғаш ресми түрде тіркелініп ұйымдастырылған туристік жорық Іле Алатауынан бастап Есік өзеніне дейін созылған. Оған Верный қаласынан 17 мың адам қатысқан. Бұл жорықты 1929 ж Г.И Белоглазев, Ф.Л.Сарин, В.Н Зимин ұйымдастырған еді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Ұлы Жібек Жолының туризм дамуындағы рөлі қандай?
  2. Ежелгі римдіктер жібектіне деп атаған?
  3. Неміс ғалымы Ф.Рихтгофеннің еңбегінің аты не?
  4. Ұлы Жібек Жолының даму бағыттары қандай?
  5. Орта ғасырлық саяхатшы Марко Поло Қазақстан жері туралы не деген?
  6. Ахмет Яссауидің қабіріне тұрғызылған мавзолей қашан ашылды?
  7. Қазақ ауылдарын танып білу және олардың тұрмыс – тіршілігімен танысу мақсатында жұмыс істеген ғалымдар кім?
  8. Қазақстандағы алғашқы ресми туристік ұйым қайда және қашан жұмыс істеді?
  9. Алғаш ресми түрде тіркелініп ұйымдастырылған туристік жорық қай бағытта өтті және оны кімдер басқарды?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение",

Алматы, 2003 г.

 

 

Тақырып 10

Туризмді қазіргі әлеуметтік құбылыс ретінде тиімділігін арттыру жолдары

1. Халықаралық туризмнің статистикасы

2. Туристік ағымдардың статистикасы

3 Туристік табыстар мен шығындардың статистикасы

 

1. Халықаралық туризмнің статистикасы

Статистикалық есеп – туризм зерттеушілерінің ортақ мәселесі болып саналады. Халақаралық туризмді зерттеу сандық көрсеткіштерді қажет етеді, оның негізін статистика құрайды. Туристік ағымдарға жүйелі есеп жасау ХХ ғасырдың бірінші жартысынан басталады. 1929 жылы Австрияға 2 млн, Швейцарияға – 1,5 млн, Италияға – 1 млн артық адамдар барды. Туристік қозғалыс кезіңде Еуропаның кейбір елдерінде саяхатқа статистикалық есеп жүргізілді. Бірақ ол кезде оның өзіндік маңызы болмады. Мәліметтерді жинау және оны өңдеу ұлттық қауіпсіздік, көшіп-қону процесін бақылауға және салық салу ережелерін сақтау үшін жүргізілді. Туристік мақсат еске алынбады. Туристер басқа да саяхатшылармен бірге есептелінді.

Халықаралық туризмнің статистикасының жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында басталды. Соғыстан кейінгі Еуропа елдері көптеген шаруашылық қиындықтарына тап болды: күйзеліс, басқарудағы ретсіздік, қаржы-қаражат жүйесінің күйреуі және басқалар. Елдердегі осындай жағдайларды тұрақтандыру үшін бүтіндей бір кешенді іс-әрекеттер керек болды. Осындай ауыр жағдайда үкімет үлкен үміт артып халықаралық туризмге үндеу тастады. Қаржының тұрақта-нуын, төлем балансының жандануын, ұзақ мерзімдік эконо-микалық өрлеудің болатынын солармен байланыстырды.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Батыстың индустриалды елдерінің үкіметі мен халықаралық ұйымдары барлық назарларын дамушы елдерге аударды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1960 ж. отарланған елдер мен оның халқына бостан-дық беру туралы Декларация қабылдады және алдағы он жылды "Даму декадасы" деп хабарлады. Кеңесшілер әлемнің Үшінші елдерінің артта қалған экономикасын көтерудің бағдар-ламаларын жасады, онда туризмге елеулі орын берілді. Туризм экономикасының маңызы мен мөлшерінің өсуімен қатар оның статистикасы да дамыды.

2Туристік ағымдардың статистикасы

Халықаралық туризмнің статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады /6/: туристік ағымдар статистикасы және туристік табыс пен шығын статистикасы. Туристік ағымның негізгі көрсеткіштері – келушілердің (кетушілердің) саны мен болуының ұзақтығы.

Келушілердің (кетушілердің) саны дегеніміз, қандай да бір елде белгілі бір уақыт ішінде (әдетте бір жылдағы) болған, қоныстанған, тіркеуден өткен туристердің саны.

Келушілер (кетушілер) статистикасы әлемдегі туристік ағымдардың санын жазумен шектеледі. Олардың мөлшері өсуде. Егер де соғыстан кейінгі 50 жылда әлемдегі халықтың саны екі есе өскен болса, туристердің саны 27,5 есе көтерілді, 1950 жылы 25,3 млн болып, 2000 жылы 696,1 млн адамға дейін, 2001 жылы 692,9 млн адамға дейін көтерілді. 2002 ж. халықаралық туристік келушілердің саны 700 млн адамнан асып, 715 млн адамға дейін жетті. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 22 млн артық, ал 2000 жылмен салыстырғанда 19 млн-ға артық.

1950 жыл мен 1999 жылдың арасындағы туристік келу-шілердің орташа жылдық өсу жылдамдығы 7% болды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым әлемнің туристік ірі аймақтарын алтыға бөледі:

1. Еуропалық – Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық және Шығыс елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар Жерорта теңізінің Шығы-сындағы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);

2. Американдық – Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Амери-ка елдері, Кариб бассейні территориясының аралындағы мем-лекеттер;

3. Азия-Тынық мұхиттық – Азияның Шығыс және Оң-түстік-Шығыс елдері, Австралия және Мұхит аралдары;

4. Африкалық – Африка елдері, Египет пен Ливиядан басқасы;

5. Оңтүстік-Азия – Оңтүстік-Азияның барлық елдері;

6. Таяу Шығыс – Азияның Батыс және Оңтүстік-Батыс елдері, Египет және Ливия.

Халықаралық туристік ағымның аймақтық бөлінуі ертеден-ақ қалыптасқан. Жаппай туристік алмасудан бастап қазіргі шаққа дейін әлемнің туристік нарығында көзге түсіп жүргені – Еуропа (402,8 млн келуші – 2000 ж.). Бұл аймақты еуропалықтардың өздері де, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың тұрғындары да жақсы көреді. Екінші орынды көп жылдардан бері Америка алып тұрды (128,3 млн келуші – 2000 ж.). Еуропа мен Америка, оның Солтүстігі нағыз әсерлі туристік аймақ болып саналады. Әлемдегі барлық туристік келушілердің 4/5 осында келеді.

Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризмнің динамикасында соңғы 50 жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардың 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қар-қыны орташа әлемдікке жақын ғана болды (6,6 және 5,9% жылына). Жаңадан ашылған туристік аймақтар – Азия-Тынық мұхит, Таяу-Шығыс және Африка елдері жылдам даму үстінде.

Соңғы онжылдықта өте қарқынды өскені – Азия-Тынық мұхит аймағы болды, ондағы келушілердің жылдық орташа өсу саны, әлемдік орташа көрсеткіштен 9 есе асып түсті. 2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы келуші-лердің санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші –2002 ж., ал Америкада 120,2 млн келуші – 2002 ж.). Әлемде Еуропа бірінші орынды сақтап отыр (411,0 млн келуші – 2002 ж.).

Халықаралық туризмнің территориялық жағынан біркелкі қарқында өспеуі оның аймақтық құрылысының өзгеруіне әсерін тигізді.

ХХІ ғасырда халықаралық туризмнің территориялық құрылысы онан әрі өзгере түседі, бірақ даму бағытын жоғалтпайды. ДТҰ 2020 жылға болжамы бойынша, Еуропа туризм нарқында өзінің басымдылығын жоғалтпайды – 717 млн келуші. Азия-Тынық мұхит аймағы екінші орында – 397,2 млн келуші, ал Америка алғы үшеудің соңы болмақ – 282,3 млн келуші. Келушілер (кетушілер) саны туристік қозға-лыстың негізгі көрсеткіші болады.

Туристік ағым статистикасының басқа бір көрсеткіші – келушілердің болуының ұзақтығы. Бір күндік сапар мен түнеуге ғана келгендер үшін ол сағат санымен өлшенеді.

Түнеу дегеніміз бір туристің сол елдегі өткізген бір тәулік уақыты.

Болуының ұзақтығына қарай (түнеу саны) саяхат нарқын бірнеше сегментке бөледі (7-кесте) /6/. Қысқа мерзімдік сапар (1-3 түнеу) демалыс пен мейрам күндеріндегі демалып, көңіл көтеру, сондай-ақ іс мақсатымен келуі. Екінші топқа жататындар (4-7 түнеу) – шағын демалыс кездеріндегі әр түрлі себептермен сапар шегушілер. Нарықтың бұл сегменті ұтымды қарқынмен дамуда. Орта мерзімдік сапар (8-28 түнеу) – бұл негізінен ұзақ демалыс уақытындағы нағыз демалу үшін келушілік. Ұзақтығы 29-91 және 92-365 түнеу сапары, ол ұзақ мерзімдік туризмге жатады. Кейбіреулері, дәлірек айтқанда, экономикасы төмендері ұзақ сапарларды демалу, көңіл көтеру және емделу үшін қолданса, басқалары іскерлік және кәсіптік мақсатпен қолданады.

3 Туристік табыстар мен шығындардың статистикасы

Туризм статистикасының екінші күрделі бөлімі – туристік табыстар мен шығындардың статистикасы. Бұнда туризмнің қанша тұратындығы бағаланады, елдің төлем балансына тигізетін әсері, сондай-ақхалықаралық туризмнің шығыны және онан түсетін табыс қарастырылады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Статистикалық есеп деген не?

2. Халықаралық туризмнің статистикасы деген не және оның бөлімдері қандай?

3. БҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымның әлемдік аймақтары нешеге бөлінеді және олар қандай?

4. Туристік шығындар деген не?

5. Халықаралық туризмнің табысы қалай құрылады және оның баптары қандай?

6. Гиподинамия деген не?

7. Аналитиктер ойы бойынша халықаралық туризмнің даму негізі неде?

Ұсынылатын әдебиеттер?

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение", Алматы, 2003 г.

Тақырып 11

Туризмнің әлемдік индустриясын дамытудың негізгі тұжырымдамалары және олардың Қазақстан Республикасы үшін маңызы

1. Қазақстан Республикасынындағы туристік қызмет туралы келісімдер және оның ел экономикасы үшін маңызы

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасындағы келісімдер қандай

Қазақстан Республикасынындағы туристік қызмет 2002 жылдың желтоқсанындағы жағдайы бойынша келесідегідей халықаралық және Қазақстандық заңдармен, актілермен, үкіметаралық келісімдермен, халықаралық үкіметтік емес туристік ұйымдармен реттелді:

  1. Туризмнің хартиясы. 1985ж. Бүкіләлемдік туристік ұйымның генералдық ассамблеясының VI сессиясында мақұлданған.
  2. Гаагалық туризм бойынша парламентаралық конференцияның декларациясы. Гаага, 10-14 сәуір 1989ж.
  3. Рұқсатқағаздарды мен шекаралық аймаққа кіру және оның ішінде болу рұқсаттарын беру тәртібі жөніндегі нұсқау. Қазақстан Республикасының Ішкіістер Министрлігінің бұйрығымен бекітілген. 4-сәуір 1994ж. №92.
  4. Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» заңы. Қазақстан Республикасының президентімен бекітілген. 21-шілде 1994ж. №110-XIII
  5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының транспорты туралы» заңы. Қазақстан Республикасының президентімен бекітілген. 21-қыркүйек 1994ж. №156-XIII
  6. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болу тәртібі туралы ережелерді қолдану нұсқауы. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген. 31-қазан 1994ж. №286
  7. Ташкент қаласындағы Азербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Туркменстанның, Өзбекстан Республикасының президенттерінің қолдары қойылған Ташкенттік декларация. 21-қазан 1996ж.
  8. Қазақстан Республикасының президентінің «Түркі тілдес мемлекеттердің басшыларының Ташкенттік декларацияның таратуы жөніндегі, ЮНЕСКО-ның және Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолының туризмінің инфраструктурасын жандандыру туралы жобасы туралы» жарлығы. 30-сәуірден 1997ж. №3476
  9. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының президентінің жарлығын таратуы бойынша шаралар туралы» «Ташкенттік декларацияны және Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолының туризмінің инфраструктурасын жандандыру туралы БТҰ және ЮНЕСКО-ның жобасын тарату жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы. 7-маусымнан 1997ж. №1067
  10. Қазақстан Республикасының президентінің «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасынн дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» жарлығы. 27-ақпаннан 1998ж. №3859
  11. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Халық компаниясы» Жібек жолы-Қазақстан» акционерлік қоғам туралы» қаулысы. 10-тамыздан 1998ж. №758
  12. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» туралы мемлекеттік бағдарламасын тарату жөніндегі іс-шаралар жобасы туралы қаулысы. 28-қазаннан 1998ж. №1096
  13. Туризмнің глобальді этикалық кодексі. БТҰ-ның бас ассамблеясының 13-сессиясында 27 қыркүйек-1 қазанда 1999ж. қабылданған.
  14. Қазақстан Республикасында визаларды беру тәртібі жөніндегі нұсқау. 2000ж. 11-шілдесінде №65 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен және 2000ж. 11-шілдесінде №388 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілегн.
  15. 2000-2003ж.ж. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жобасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 26-қазаннан 2000ж. №1604.
  16. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Туризм бойынша Координациялық кеңестің білімі туралы» қаулысы. 30-қазаннан 2000ж. №1631
  17. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Алматы қаласында «Жібек жолы-Қазақстан» атты жыл сайынғы халықаралық фестивальді ұйымдастыру туралы» қаулысы.27-қарашадан 2000ж. №1763
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметінің отырысының ««Қазақстан Республикасының «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» туралы мемлекеттік бағдарламасын тарату жөніндегі.» хаттамалық шешімі. 28-қарашадан 2000ж.
  19. Туристік саланың бірінші кезектегі дамыту шаралары туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 29-желтоқсаннан 2000ж. №1947
  20. Қазақстан Республикасының туризімін дамыту концепциясы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен мақұлданған. 6-нурыздан 2001ж. №333
  21. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 13-маусымнан 2001ж. №211-ІІ
  22. Туристік қызметті лицензилау ережесі. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 14-қыркүйектен 2001ж. №1213

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасындағы мәдениет, спорт, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Исламбад, 24.02.92.

  1. Қазақстан Республикасы мен Исламдық Иран Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Тегеран, 20.06.93.
  2. Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Венгер Республикасының өнеркәсіп және сауда Министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 30.03.94.
  3. Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Арабтық Египет Республикасының туризм Министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Каир, 25.05.95.
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль мемлекетінің Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 30.08.95.
  5. Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі мен Қытай Халық Республикасының туризм жөніндегі мемлекеттік басқару арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Пекин, 07.05.98.
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Анкара, 15.06.98.
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы келісімшарт.15.09.99.
  8. Қазақстан Республикасының туризм, ден-тәрбиесі және спорт Министрлігі мен Молдова Республикасының жастар ісі, спорт және туризм Министрлігі арасындағы келісім. Алматы, 04.11.92.
  9. ТМД елдерімен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.23.12.93. қол қойылған.
  10. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым және білім, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісім. Ташкент, 10.01.94.
  11. Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Қырғыз Республикасының туризм және спорт бойынша мемлекеттік комитетінің арасындағы келісім. Алматы, 18.11.94.
  12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Тбилиси, 17.09.96.
  13. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркменстан Үкіметінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Алматы, 27.02.97.
  14. Қазақстан Республикасының білім және мәдениет Министрлігі мен Қырғыз Республикасы жанындағы туризм және спорт бойынша мемлекеттік ұйым арасындағы туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Алматы, 08.12.97.
  15. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Ташкент, 08.12.97.
  16. 1999-2000ж.ж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт Министрлігі мен Қырғыз Республикасының туризм және спорт бойынша мемлекеттік ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама. Бішкек, 19.03.99.
  17. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литвия Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 11.05.2000.
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы санаториялық-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелері мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Астана, 08.06.2000.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Қазақстан Республикасынындағы туристік қызмет туралы қандай және қанша келісімдер жасалынған

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасында қандай және қанша келісімдер жасалынған

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Вуколов В.Н. «История и теория международного туризма», Алматы 2002,

2. В.А. Квартальнов, А.А. Романов Международный туризм: политика развития,М.2002

3. «Энциклопедия туриста», М., 1993г.

4. М.Б. Биржаков «Введение в туризм», М., 1999г.

5. Введение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб.: Герда, 2007. - 576 с.

6. В.С. Сенин "Организация международного туризма", М., 1997 г.

7. С.Р. Ердавлетов "История туризма. Развитие и научное изучение",

Алматы, 2003 г.

Тақырып 12

Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың тұжырымдамасының негіздемесі

  1. Қазақстан Республикасында қабылданған туристік тұжырымдамалар
  2. Халықаралық келісімдер

 

Қазақстан Республикасынындағы туристік қызмет 2002жылдың желтоқсанындағы жағдайы бойынша келесідегідей халықаралық және Қазақстандық заңдармен, актілермен, үкіметаралық келісімдермен, халықаралық үкіметтік емес туристік ұйымдармен реттелді:

1. Туризмнің хартиясы. 1985ж. Бүкіләлемдік туристік ұйымның генералдық ассамблеясының VI сессиясында мақұлданған.

2. Гаагалық туризм бойынша парламентаралық конференцияның декларациясы. Гаага, 10-14 сәуір 1989ж.

3. Рұқсатқағаздарды мен шекаралық аймаққа кіру және оның ішінде болу рұқсаттарын беру тәртібі жөніндегі нұсқау. Қазақстан Республикасының Ішкіістер Министрлігінің бұйрығымен бекітілген. 4-сәуір 1994ж. №92.

4. Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» заңы. Қазақстан Республикасының президентімен бекітілген. 21-шілде 1994ж. №110-XIII

5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының транспорты туралы» заңы. Қазақстан Республикасының президентімен бекітілген. 21-қыркүйек 1994ж. №156-XIII

6. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болу тәртібі туралы ережелерді қолдану нұсқауы. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген. 31-қазан 1994ж. №286

7. Ташкент қаласындағы Азербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Туркменстанның, Өзбекстан Республикасының президенттерінің қолдары қойылған Ташкенттік декларация. 21-қазан 1996ж.

8. Қазақстан Республикасының президентінің «Түркі тілдес мемлекеттердің басшыларының Ташкенттік декларацияның таратуы жөніндегі, ЮНЕСКО-ның және Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолының туризмінің инфраструктурасын жандандыру туралы жобасы туралы» жарлығы. 30-сәуірден 1997ж. №3476

9. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының президентінің жарлығын таратуы бойынша шаралар туралы» «Ташкенттік декларацияны және Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек жолының туризмінің инфраструктурасын жандандыру туралы БТҰ және ЮНЕСКО-ның жобасын тарату жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы. 7-маусымнан 1997ж. №1067

10. Қазақстан Республикасының президентінің «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасынн дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» жарлығы. 27-ақпаннан 1998ж. №3859

11. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Халық компаниясы» Жібек жолы-Қазақстан» акционерлік қоғам туралы» қаулысы. 10-тамыздан 1998ж. №758

12. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасының «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» туралы мемлекеттік бағдарламасын тарату жөніндегі іс-шаралар жобасы туралы қаулысы. 28-қазаннан 1998ж. №1096

13. Туризмнің глобальді этикалық кодексі. БТҰ-ның бас ассамблеясының 13-сессиясында 27 қыркүйек-1 қазанда 1999ж. қабылданған.

14. Қазақстан Республикасында визаларды беру тәртібі жөніндегі нұсқау. 2000ж. 11-шілдесінде №65 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен және 2000ж. 11-шілдесінде №388 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілегн.

15. 2000-2003ж.ж. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жобасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 26-қазаннан 2000ж. №1604.

16. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Туризм бойынша Координациялық кеңестің білімі туралы» қаулысы. 30-қазаннан 2000ж. №1631

17. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Алматы қаласында «Жібек жолы-Қазақстан» атты жыл сайынғы халықаралық фестивальді ұйымдастыру туралы» қаулысы.27-қарашадан 2000ж. №1763

18. Қазақстан Республикасының Үкіметінің отырысының ««Қазақстан Республикасының «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын дамыту және сақтау, туризмнің инфраструктурасын құру» туралы мемлекеттік бағдарламасын тарату жөніндегі.» хаттамалық шешімі. 28-қарашадан 2000ж.

19. Туристік саланың бірінші кезектегі дамыту шаралары туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 29-желтоқсаннан 2000ж. №1947

20. Қазақстан Республикасының туризімін дамыту концепциясы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен мақұлданған. 6-нурыздан 2001ж. №333

21. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 13-маусымнан 2001ж. №211-ІІ

22. Туристік қызметті лицензилау ережесі. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 14-қыркүйектен 2001ж. №1213

Қазақстан Республикасында осы кезеңге дейін келесідегідей келісімдерге қол қойылды:

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Исламдық Пәкістан Республикасы арасындағы мәдениет, спорт, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Исламбад, 24.02.92.

2 Қазақстан Республикасы мен Исламдық Иран Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Тегеран, 20.06.93.

3 Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Венгер Республикасының өнеркәсіп және сауда Министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 30.03.94.

4 Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Арабтық Египет Республикасының туризм Министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Каир, 25.05.95.

5 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль мемлекетінің Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 30.08.95.

6 Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі мен Қытай Халық Республикасының туризм жөніндегі мемлекеттік басқару арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Пекин, 07.05.98.

7 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Анкара, 15.06.98.

8 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы келісімшарт.15.09.99.

9 Қазақстан Республикасының туризм, ден-тәрбиесі және спорт Министрлігі мен Молдова Республикасының жастар ісі, спорт және туризм Министрлігі арасындағы келісім. Алматы, 04.11.92.

10 ТМД елдерімен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.23.12.93. қол қойылған.

11 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым және білім, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісім. Ташкент, 10.01.94.

12 Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм, спорт Министрлігі мен Қырғыз Республикасының туризм және спорт бойынша мемлекеттік комитетінің арасындағы келісім. Алматы, 18.11.94.

13 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Тбилиси, 17.09.96.

14 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркменстан Үкіметінің арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Алматы, 27.02.97.

15 Қазақстан Республикасының білім және мәдениет Министрлігі мен Қырғыз Республикасы жанындағы туризм және спорт бойынша мемлекеттік ұйым арасындағы туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Алматы, 08.12.97.

16 Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Ташкент, 08.12.97.

17 1999-2000ж.ж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт Министрлігі мен Қырғыз Республикасының туризм және спорт бойынша мемлекеттік ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама. Бішкек, 19.03.99.

18 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литвия Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 11.05.2000.

19 Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы санаториялық-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелері мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Астана, 08.06.2000.

Тақырып 13

Дүниежүзілік туризм географиясының қалыптасуы және дамуы

1. Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы

2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар ретінде

3. Шетел әлемдегі негізгі туристік аудандар мен орталықтарға сипаттама

 

1. Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізгені экономикалық конъюнктураның нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар негізгі туристік қызметті пайдаланушыларға – қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды.

Экономикалық конъюнктурадағы нашарлау әлеуметтік сфераны өзгертті, ол өз ретінде туристік сұранысқа әсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды, апталық жұмыс мерзімі қысқарып, икемді жұмыс кестесі енгізілді. Бұның барлығы халықтың бос уақытын ұзартты және туристік қызметті пайдаланушылардың санын көбейтті. Осындай жағдайда туристік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы – егде адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталық, өйткені егде адамдар жиі туристік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономикалық төмендеуге байланысты кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, толуға таялғандарды да зейнеткерлік демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол және сапар шегуге әр уақыттада дайын болды. Олар ішкі және халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлестерін қосты. Бүгінгі күндегі егде туристер – тәжірибесі мол саяхатшылар. Өмірге қызығы басылмаған, тынымсыз адамдар, кейде қызық оқиға мен қауіпке толы сапарларға да шығады: шаңғымен таудан сырғанау; бұрқыраған өзендермен қайық есу; шөл даламен саяхат жасау және т. б.

Қазіргі егде адамдардың туристік сұранысы өздерінің 10 және 20 жыл бұрынғы қатарларының сұранысынан ерекше болып келеді. Бұрынғы аталарынан гөрі, олар батыл да, қайратты келеді.

Мүгедек егде адамдар да саяхаттап, өзіне жаңа сезім, әсер алғысы келеді, бірақ оған мүмкіндіктері жоқ. Бұндай категориядағыларға арналған "төртінші жастағыларға" атты бағдарлама бойынша арнайы құрылыммен Данияда "Дайнэдж Ассоциэшн", Нидерландыда "Сенье Ваканти План", Швецияда "Свериджес Пенсионарсфорбинд" атты демалыс клубтары жұмыс істейді.

2 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар ретінде

Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың әр түрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар.

Қандай бір ел болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы экономикалық айырбас, жеке алғанда, нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы секілді әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристік қызметтер көрсетеді.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

ДТҰ туристік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне ерекше маңыз бере отырып, жаңадан ұсыныстар жасап, оны қабылдады /6/:

– паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;

– виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат ету мен көліктің кез келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;

– валюта формальдылықтары: кеден декларациясында көрсетілген валюта мөлшеріне рұқсат ету; қазіргі валюта айырбастау туралы туристерге толық мәлімет беру; кірудің бақылау-жіберу бекеттерінде толық мәліметтерді іліп қою; барған елінен кетерде қайтадан валюта айырбастау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; алып келген валюталарын өз еркімен ғана айырбастау; елден кетерде туристерге өз елінде сапарын жалғастыру үшін керекті мөлшерде ұлттық ақшаларына рұқсат ету;

– кедендік формальдылықтар: кірерде және шығарда туристерге салық салу; туристік объектілерді жаңарту үшін кейбір салықтар мен ақша жинаудың түрін енгізу;

– медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету: ұлттық туристік әкімшіліктің денсаулық сақтау органдарымен келісіп жұмыс істеуін кеңейту, керек жағдайда туристерге медицинаға байланысты толық мәліметтер беру; туристерге жәрдем көрсету және мемлекетпен медициналық қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімдер жасау; туристерге жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қатаң түрде ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болғанда консулдық пен туыстарына хабарлау; жерлеу немесе алып кету үшін қажетті құжаттарын тез арада дайындау.

Бұндай ұсыныстар, туристік формальдылықтарды қысқартудың негізгі қағидалары Будапешт конвенциясынан алынып отыр және ол туризм туралы Гаага декларациясында да қолдау тапты.

Туристік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады. Неғұрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы басымырақ болады.

3. Шетел әлемдегі негізгі туристік аудандар мен орталықтарға сипаттама


<== previous lecture | next lecture ==>
Сайдуллаев С.З., Адамбекова М.Р. ___________________________ | IT 2204 Туризм тарихы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.166 s.