Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 3 страница


Date: 2014-03-21; view: 1056.


стиліавторитарлы және демократиялық. Осы стильдерінің

біреуінің сабақта басым болуынан дидактикалық жуйелердің

бірінің сипаты, мәні көрінеді.

Сонымен авторитарлық дегеніміз не? Авторитарлық дегеніміз педагогикалық жетекшілігінің стилі. Авторитаризмдегеніміз қоғамдағы жекешілік табыну ұстанымында байқалады. Ол мектепте көрінбеген өйткені онда репродуктивті деңгейде пікірлестік, ынтымақтылық басым болатын. Мұғалім диктатор жағдайына қойылған, ол, қадағалайды, түсіндіреді, бағалайды, үйге тапсырма береді, мектеп басшылығынан, оқушының ата-анасынан жазалауды сұрайды. Бұның бәрі оқушыға калай әсер етеді. Ол көну қажет. Бірақ баяғыдай «тек шығармашылық әрекетте шығармашылық тұлға қалыптасады» деген постулат белгілі. Бүгін қоғам тәуелсіз, сыншыл, шығармашылық ойы бар, догматизм және көнгіштіктен тәуелсіз адамдарға мұқтаж. Осығаи байланысты педагогтар мен психологтардың педагогикалық ынтымақтастығы қажет. Ол дискуссия, дөңгелек үстелдер, кері байланыс, оқушылардың мұғалімдер жайлы бағалық пікірлері, бүкіл ұжымды ортақ іске жүмылдыруды қарастырған.

Жаңашыл педагогтар бізге демократиялық принциптерге негізделген окушылар мен мұғалімдер өзара байланысқан ортақ қызметін көрсетті. Олар оқушыларға оқу мақсаттарының болашағын түсіну, оқыту процесін балаларға бағытты, үмітті етуге, оны танымдық ізденістер дамуының негізінде салуға, өнегелі қасиеттер қалыптастыруға көмектесті.

 

Оку материалын нақты құрастыру, тіректер мен тірек сигналдарын белгілеу, материалды ірі блоктармен шоғырландыру, жоғары интеллектуалды фон құру — оқушылардың оку-танымдық әрекетінің жақсы ұйымдастырылуының жағдайлары, олардың көмегімен ол оқуды окушылар өз еріктігімен қабылдайды.

Жаңашыл мұғалімдердің және ғалым дидактардың осындай және осыған ұқсас әдістерінің өзектілгі өте жоғары, өйткені оку процесінің дұрыс кұрастырылмауының нәтижесінде біздің оқушыларымыздағы танымдылық ұмтылыс төмендей бастайды. Оның себебі оқушы мектеп өміріндегі 10 мың сабақтың бәрі бір сипатта жүруінен біледі, ол үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау, жаңа тақырып өту. Сонымен бірге сабақ басында мұғалім өз сауалдарымен 2-3 оқушыны "қинайды". Ол біреулер үшін-стресс, екіншілеріне - білім көрсету уақыты, үшіншілері үшін - жолдастарының қиыншылықтарына қуану. Жоғарыда тізілген кезеңдер аралас сабаққа саяды, ол сабақ сталиндік дэуірден бастап тэрбиелеп оқытуды XIX ғ ортасынан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияның бастауыш және орта мектебінде және Ресейден осыған еліктеу барысында орын алған Гербарттық "қадамдар -сатыларды", сол "жалпы әдісті", үнемі қадағалап тексеріп отырды.

Егер де орнаған және қалыптасып жатқан

Орнаған және қалыптасыпдидактикалық жүйелердің сипаттайтын

жатқан дидактикалыққасиеттерін қарасақ, онда былай болады:

жүйені сипаттайтын қасиеттері

 

Оқытуға рецептивті –қайта көрініс тәсілі Қазіргі заман негізінде жасалған оқыту (құрастырушылық әрекеттік тәсіл)
Оқытудың ең жақын мақсаты — білімді игеру, оқу материалын түсіну, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Тура мақсат — интеллектуалды, рухани және дене мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, ұмтылыстарын дамыту.
Сабақ мазмұны - оқулық материалы, бағдарламалық білімдер. Сабақ мазмұны танымдық тәсілдерді, қоршаған болмыста және қоғамдық және жеке маңызды қайта кұруларды меңгеру.
Оқытудың қозғаушы күші-бұйрықтар, тиым салулар, бағалар, басқалармен бәсекелестік. Оқытудың қозғаушы күші - шығармашылық куанышы өз өсуіңді сезіну, өзіне деген сенімділік, білімге ұмтылыс.
Сабақтағы жұмыс тәсілдері- түсіндіру, қайталау, жаттау, үлгі бойынша әрекет.   Жұмыс тәсілдері - бірлескен іс-әрекет, ізденіс, эвристикалық әңгіме, диспут сабақ, мұғалім мен оқушы арасындағы гуманистік қатынастардың орнауы
Дәстүрлі сабақты ұйымдастыру- жаппай жүмысты сатыларға бөлу: жаңа материалды қабылдау үшін оқушылар арасында сұрастыру дайындау, оны жинақтау, түсіну, дәрежесін анықтау, бекіту Қазіргі заманғы сабақты ұйымдастыру: сұрақтарға жауаптар іздеу, типтік емес өмірлік міндеттерді (практикалық және ғылыми) шешу, белгілі бір кезеңде барлығын жалғасы жоқ жаппай жұмысқа ұйымдасып табылған мақсатқа жақындауы үшін жүргізу.
Бәрін білуші, бәрін басқарушы, оқушы тағдырын сөзсіз басқарушы, оқушы тағдырын шешуші ретіндегі мұғалімнің ролі. Мүғалім - көмекші, ересек дос, ақылшы мен шындықты, шеберлікке үйретудегі мақсаты бар адам.
Мүғалімнің бірінші міндеті - оқу материалын тез, мықты және ұзақ есте сақталуы үшін, белгілі бір түрде жеткізу, оқушы мақсаты - ақпаратты мүғалімнің бірінші талап етуімен дереу ұсыну үшін оны өз түйсігінде сақтау және сол үшін баға күту. Мұғалімнің бірінші міндеті- оқушыларды танымдық және практикалық оку міндеттерін шешудегі белсенді процеске тартып, оларды ұйымдастыру. Оқушылар жұмысы- ұжымдық еңбекке белсене араласып, өзін және қоршаған ортаны үнемі жетілдіру.
Оқудың соңғы нәтижелері - окушылардың білімі мен білігінің сауалнама, емтихан, үлгі бойынша әрекет ету мүмкіндігі кезінде анықталатын бағдарламаланған стандарттарға сай келуі.   Қайта құрылған мектептегі білім берудің басты нәтижесі - оқушының алған білімді жаңа жағдаяттарда өз бетінше қолдана білуге қабілеттілігі, өзін-өзі түсіну мен жетілдіру, кәсіби шеберлікке машықтану, шығармашылықпен айналысу.

 

В.Я.Ляудис жоғары көрсетілген тәсілдер бағытындағы оқыту моделдерінің салыстырмалы талдауы олардың мәндік сипаты дидактикалық жүйенің негізі өлшемдері бойынша бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқыту жүйесінің өлшемдері Дәстурлі оқыту (пәндік-бағдарлы) Иновациялық оқыту (тұлғалық бағдарлы)
Басқару бірлігі Оқу-тәрбие процесі екі жеке Басқару бірлігі тұтас оку-

 

 

  әрекеттің байланысы ретінде өтеді; мұғалімнің оқыту әрекеті мен оқушының оқу танымдық қызметі; оқушылар басқарылатын объект, мұғалімнің жоспарын орындаушы ретінде көрінеді. Тәрбие жағдаяты болып табылады және ол әр түрлі қабылдау кезеңдерінде өзгеріп тұратын қатысушылар арасындағы байланыста болады, оқушы оқу, пікір алмасу, ұйымдастыру, мүғаліммен бірігіп жұмыс істеу субъектісі ретінде көрінеді.
Мақсаттар Пәндік білімдерді меңгеру. Тұлғаның дамуы
Мұғалімнің ролдік позициялары және басқару стилі. Пәндік бағыт, авторитарлы-директивті, реприсивті стиль, оқушылар инициативасы басып тасталады. Тұлғалық бағыттағы позиция стимул беруші және ұйымдастырылған қызмет, демократиялық стиль, окушы белсенділігі қолдауға негізделген.
Мұғалімнің ұмтылыстық-мәндік тұрғыда алган бағыты. Мұғалім тұлғасының жасырындығы және жабықтылығы, жалпыға бірдей жекелік жауапкершілік, талаптардың сөзсіз орындалуы, оқушылардың жеке тәжірибесін жоққа шығару. Оқытушы тұлғасының ашықтығы. Мақсаттың бір болуы, бірлескен әрекет, жеке көмек, мақсаттар, қоғамдық міндеттер қоюға, орындауға, шешімдерді қабылдауға әрбір оқушыны даярлау.
Оқу-танымдық әрекетті үйымдастыру сипаты. Репродуктивті тапсырмалар басым болады. Атқарушы оперативті техникалық әрекетті меңгеруде мәндік және мақсаттық тұжырымдар басым болады. Бірінші орынға шығармашылық және өнімді тапсырмалар қойылады, олар оқушылар таңдаған репродуктивті тапсырмалардың мағынасы мен мотивін анықтайды.
Оқудағы өзара іс-әрекет пен қатынастың түрлері. Оқудағы бірлескен іс-әрекеттің жалғыз және басты түрі-еліктеу, имитация, үлгіге бағыну. Оқушы бағыныштылық позицияда болады. Бәсекелестік ынтымақтастықтан басым болады. Оқушы мен мұғалім мақсаттар мен міндеттерді бірігіп айқындайды. Осы процесс олардың біріккен іс-әрекеті ретінде ұйымдастырылады, тұлғалар арасында, топтар арасында және топшылық қатынастар дамуының динамикасы мен түрлілігі, біріккен іс-әрекет барысындағы жанжалдық азаюы, бір-біріне және мұғалімге эмпатикалық қатынастың күшеюі. Ынтымактастық бәсекелесті шетке ысырады.
Бақылау мен бағалау Қатаң ережелер шеңберіндегі ішкі сатылы бақылаудың басым болуы. Мұғалім тарапынан болатын Бөлінген жәнс ортақ құндылықтар мен мәнділіктердің шеңберіндегі біріккен және жеке
  Нәтижені бағалаудың басым болуы. бақылаудың басым болуы. Тәртіпке қатынасты ішкі бақылаудың тез арада қалыптасуы. Біріккен және жеке бағалаудың оқушылар тобында басым түсуі.  
Оқушылардың мотивациялы-мәндік позициялары Оқу құндылықтары мен міндеттерінен алыстау, оқуға деген жеккөрушілік, танымдық мотивтер спектрінің тарылуы. Өмірлік мәні бар құндылықтардың оқу құндылықтарынан бөлінуі. Оқу іс- әрекетінен ішкі психологиялық тұрғыдан алшақтау. Оқу мәнін бірігіп жұмыс істеу арқылы күшейтіп, кеңейту. Оқу мен таным мотивтерін байыту, тұлғаның мотивациялық саласын кеңейту, шығармашылық қызмет мотивтерінің пайда болуы, тұлғаның жоғары дәрежеде мәртебесін көтеру.  
         

Реформаларға дейінгі және қайта құрылып жатқан мектептегі оқыту практикасының ерекшеліктері, міне осындай. Атап өту керек, егер сабақта түсінісу, сенімділік, мейірімділік, жаңға тыныштық, сыйлатын, үғынысу атмосферасы қалыптасса, бұндай сабақ процесінде оқушы жаңа материалды қабылдап қана қоймай, өзін-өзі дамытып, адамгершілік қүндылықтармен байи туседі. Әрине, бұндай атмосфера бір ғана сабақ шеңберінде қала бермеуі керек. Караковскиийдің (825 — мектеп, Мэскеу қ.) мектебінде мысалы, шығармашылық сабақтар өткізіледі. «Неліктен» клубында дәрістер болып тұрады, құпиясы ашылмаған сырлар әлеміне саяхат жасалынады, шығармашылықпен тәжірибе, сынақ өткізу, дидактикалық спектакльдер, поэтикалық турнирлер өткізу, фантастикалық жобаларды қорғау, білім аукционы, шығармашылық марафон, тірілген мүсіндер музейі болып тұрады. Мектеп оқушылары 1 ай бойы білім күніне дайындық өткізеді. Балалар әр түрлі жолдар арқылы дүниені таниды. Пікір алмасу дәрежесі мен мазмұны олардың жасына, ортасына және ортаның ерекшеліктеріне байланысты болады. Ал танымдары әлеуметтік маңыздағы объектілерге бағытталған. Балалар арасындағы пікір алмасу оның мазмұны мәселені, элеуметтік бағытталған және мәліметтерге бай болған жағдайда ғана нәтижелі болатыны анықталған. Сондай-ақ, пікір алмасу процесінде бала өз құрбысына өзін-өзі мойындату құралы емес, өз мақсаты ретінде қараса, балалардың пікір алмасуы нәтижелері ғана емес, оның процесіне де қызығушылығы болса ғана, пікір алмасу нәтижелі бола алады (Қараңыз. Коллективная учебно-познавателъная деятельность школьников / Под. ред. И.Б.Первина. М., 1985. с.78).

Біріккен ұжымдық жұмыс тәжірибесі бірден пайда болмайды. Дұрыс тәжірибені қалыптастыру үшін өте шыдамды педагог болу қажет. Жаңа білім таным процесінде, біріккен еңбек ету процесінде жүретін ұжымдық әрекет ету процесінде пікір алмасу нәтижесінде жүзеге асатын шындықты іздеуді дамытып қана қоймай, ркымда, өмірде өз орныңды табуға, өзіңді сәйкестік негізде бағалауға көмектеседі. Туындаған жаңа дидактикалық жүйеде танымдық пен сөйлесу байланысы тек оқушылардын жаңа ақпаратты немесе әрекет тәсілдерін іздестіру жағдайындағы серіктесті қабылдау үлгісін ғана емес, сондай-ақ коғамдық мәдениетті игеру барысындағы болмысты тану тетігін де калыптастырады.

Сөйлесуге үйрену керек. Мұғалім тек өзінің пәнін ғана үйретіп қоймай, оқушыларды ортақ етіп ақпарат іздеуді, оны талдау және жинақтауды үйрету керек. Осының бәрі

 

жоғары мәдениетті пікір-таласта өтуі қажет. Осындай жағдайларда жанжалдардан қашып, балаларды олардан, дұрыс шығу жолдарына үйрету.

Ұйымдьқ ойлаудың арнайы әдісі бар, ол «брейнсторминг» - мидық шабуыл деген атқа ие болған. Басында ұйым ойларды беріп, одан кейін аталған ойларға баға беріледі. Ол мидық шабуылы негізінде жасалады. Жетекші осы ұйымдық ойдың дирижері ретінде болады. Брейнсторминг мәселелері мен ережелердің негізі қысқа айтылады. Олар өте қарапайым: барлық ойларды, ұсыныстарды сынауға болмайды. Біреуге күлкілі болу адамның шығармашылык ойын қыспақтайды. Көптеген ойлар, ұсыныстар болу керек, егер дұрыс нәтиже болмаса, жетекші өзі ондай ойды береді. Керемет ойларды алу ушін олардың барлығы магнитофонға жазылып, қойылады (Қараңыз. Коломинский Я.Л. Человек: психология. М., 1986. с.133). Басқа бір түсіндірілуде бұл әдіс аталып өткен Мәскеудің №825 мектебінде қолдануда. Бірақ ол тек тәрбиелік сұрақтарды шешуде қолданылады. Бұл әдіс сабақтарда да қолданылуы мүмкін. Біраз уақыттан соң оқушылар "миға шабуылды" өткізеді, бірақ кезкелген мәселе өзін-өзі қорғап қала алмайды.

Ұжымдағы оқу-танымдық процесін, Бернард Шоу сездерімен айкындауға болады: «егер менде бір алма болса, сендерде бір алма болса, біз оларды алмастырсақ, онда бізде бір-бір алмадан қалады, ал егер менде бір ой болса, сендерде бір ой болса, біз оларды алмастырсақ, әрқайсысымызда 2 ойдан болады». Бұны орыстың бір ақыл - жақсы, екеуі -жақсырақ деген мақалы дәлелдей алады. Психологиялық қатынаста бала үлкенге қарағанда, екінші балаға жақынырақ тұрады. Оның үстіне балалардың мұғалімге қарағанда өз кұрдасына баруға мүмкіндігі көбірек. Оның үстіне, ішкі сөйлеуді сыртқы сөйлеуге ауыстыру акыл-ой әрекетін белсендіреді.

Оқушылар мәселені шешуде барынша ұсыныстармен көбірек алмасуы қажет. Егер балалар бірігіп, мәселені шешудің жолдарын қарастырып, яғни жаңа білім ашса, онда олардың трансформациясы жеке меңгеру деңгейінде жүреді. Егер біз сабакта қарым-қатынастық қызметті орнатсақ , онда көшірулер, көмек беру, сыбырласу, дәптер алмасулар болады. Осындай жағдайда біз эгоисттерді, жайбарақаттарды тәрбиелеп шығарамыз. Ол үшін сабақта әркім өз үшін ойлауы қажет. Ал көшірулер т.б. паразитизмнін өсуіне әкеледі деп айту қажет. Ұжымдық ойлауда бала өзінің керектігін, оның пікірінсіз бұл мәселе шешілмейтінін ескерсе, ол сол уақытта оған кіреді. Егер мұғалім ұжымдық ойлаута жағдай жасаса, онда оқушыда: сенімділік, зейінділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер пайда болады. Бұдан басқа сабақтағы дисскусиялар оқушыларға адамдарды білуге, сөйлесудегі сәйкестік стиль табуға, эгоист болмауға үйретеді. Ұжымдық танып білу тек проблемді- ізденіс мақсаттар қойылған кезде ғана орындалады. Симбиоз, жаңа дидактикалық жүйедегі оқушы мен мүғалім арасындағы демократиялық стильді қарым-қатынас сөз жүзінде емес, іс жүзінде де болады.

Ұжымдық жұмыс қорқыныш, тартымдылықты кетеріп, оқыту процесінде керекті күйді орнатады. Топтық танымдык кызмет басқаларды оқытуға ынталайды. Педагог бұл ынтаны пайдаланып, оны ұйымдастырып, керекті жолға кою қажет. Оқушылар мен мұғалімнің күштерінің бірігуі іске асады.

Әрине, дәстүрлі дидактикалық жүйе бойынша дайын материалға үйрету, бүкіл сыныпты және әр оқушыны шын, шығармашылық, танымдық процеске кіргізуден гөрі оңай. Мұғалімге тер төгіп, қиын және ұзақ жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол оқушылардың ойындағы: "естідім - есте сақтадым - айттым", деген схемадан, «таныдым-түсіндім- айттым- сақтадым» деген схемаға көшу.

Мұғалім мен оқушының құрастырушылық әрекетіне бағытталған сабақтарда оқушының жауаптары қайталап айтып беру жауаптары, бүкіл сынып окушыларының жауабына сәйкес емес, өйткені ой процесі барлық адамда бір уақытта бірден аяқтальш қалмайды, сондықтан да мұндай сабақтарда тыныштықты естімейміз. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнің серіктестері болуы керек. Оқушылардың мұғалім серіктестері болуы үшін өнермен шектелетін еңбек керек. Ч.Куписевич дәл айтқандай, Қазіргі заман дидактикасының өкілдері: «мұғалім тек бақылаушы, кеңес беруші» деген ойыменде,

Гербарт бойынша мұғалім тек оқушыларға білім беруші деген ойларын алып тастап, мұғалімнің жетекшілік ролін жаңа дидактикалық жүйеде өз бетінше қалыптасатын оқушы әрекетіне жағымсыз әсер етпейтінін айтты. Қазіргі заман дидактикасы оқыту рецептивті -қайта көрініс әдісінен конструктивті-әрекеттікке өтіп бара жатыр. Бұл жаңа дидактикалық жүйенің маңызды ерекшелігі болып табылады. Тұлғалық бағдарлы оқу туралы сөз болып отыр.

Практикадағы тұлгаға багыт-бағдар, бастысы педагогикалың сөйлесу стилінің ауысуын, өзінділік мадақтау, жеке таңдаудың қалыптасуын, мынадай тұлғаның қасиеттерінің пайда болуын: өзіне деген сүйіспеншілік, соның нәтижесінде басқаларға деген сүйіспеншілік алып келеді.

Бұл мақсаттар әлеуметте туындалады, психологияда құрастырылады, педагогикада орындалады. Педагогика оқыту әдістері мен білім беру мазмұнын осы мақсаттарға дәл етіп жасайды (В.В.Краевский).

Өз білімін бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

І.Педагогика ғылымдары жүйесіндегі дидактиканың орнын және қызметтерін анъқтау.

2.Дидактиканың пәнінің психология мен кибернетиканың пәнінен айырмашылығын анықтау.

З.Мұгалімге дидактиканы білу не үшіи керек? Өз жауабыңызға дәлел келтіріңіз.

4.Оқу материалдарын даярлауға дидактикалық білімдер керек пе?

5.Мына жауаптарды дәстүрлі, педоцентристік, қазіргі дидактиканы сипаттауына қарай бөлініз: а) оқыту балалардың тез арадағы әрекетіне теңестіріледі; б) оқыту оқытушының оқушы белсенділігіне сүйенуген басшылыққа алатын өзара байланысты оқыту және білім алу әрекеті деп түсініледі; в) окыту оқушыларға дайын білім берумен теңестіріледі; г) оқу үрдісінің құрылымы мәселені қоюдан оны шешуге дейін іске асыратын ғылыми ізденіске жақын деп есептеледі; д) оқыту үрдісі жеке тұлғаның білімдер жүйесін қалыптастырады және оның дамуын қамтамасыз етеді; е) оқу үрдісінің құрылымы: білімнен хабардар ету, оны тусіну, білімді қорыту мен пайдаланудан тұрады.

(Дұрыс жауабы: дәстүрлі - в,е; педоцеитристік — а,г; қазіргі - б,д).

6. Қазіргі дидактикалыц жүйеніц негізгі белгілері демократияландыруда, ізгілендіруді
сипаттацыз.

7. Оқытуға екі түрлі көзқарасты салыстырыңыз: дәстүрлі, мүғалім беделіне сүйенген
оқыту, және қазіргі, басшылық пен оқушыныц өзбетінше жұмысының үйлесімділігі.

Тақырып 2. ОҚЫТУ ҮРДІСТ - БІРТҰТАС ЖҮЙЕ

2.1. Оқытудың мәні және түсінігі

Оқыту туралы ол 5ке өтедідағы жузеге асырылады және іске
Оқыту деген не?асады, ол адамға белгілі бір білімдердің, іскерліктердің,

Оқыту үрдісініңдағдылардың берілуі, оқыту, сондай-ақ оқушының білім алу

анықтамасы.мәселесі шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты

бағытталған өзара әрекеті,окушылардың ғылыми білімдер мен

дағдыларды, меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын және адамгершілік-этикалық көзкарастары мен сенімдерін қалыптастыруға оқу танымдық

қызметін ұйымдастыруға және қолдауға мақсатты бағытталған педагогикалық үрдіс (И.Ф.Харламов). Ол "білім алу және оқытудың үрдісі" және "таным немесе танымдық әрекеттің түрі". Мүғалім мен шәкірттің білім жүйесін берік игеруге бағытталатын өзара байланыстар -іскерліктер, дағдыларды, және оларды өмірде қолдана білу және ойлау дамуының жиынтығы. Кейде оқыту беру мәнін қалыптасқан немесе басқарылатын таным үрдісі ретінде қарастырады.

Әрине, жоғарыда айтылған әрбір анықтамалар айтылуға құқылы, себебі олар окыту мәнінің ашу бағытындағы бөлек талпыныстар болып келеді. Бірақ жеке алынған, оқытудың осы және басқа анықтамалары оның мәнін ашпайды. Бұған дәлел, адамға немесе балаға белгілі білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды сипаттауға ұмтылыс бола алады. Алғашқы көріністе бұл тұжырымдама дұрыс болып көрінеді «оқытгуға дейін балада білім болмады, кейін пайда болды. Оған білімді кім берді? Мұғалім.»Алайда білімдер, кейін іскерліктер, дағдылар физикалық құбылыстар емес, оларды жай бере салуға болмайды, адам баласы өз талпыныстары арқасында оларды игере алады. Оларды құр ала салуға болмайды, олар шәкірттің тұрақты психикалық жаттығулардан және оның ойлауының нәтижесінде игеріледі. Сөйтіп «мұғалім-оқушы қарым-қатынасы жеткізуші-қабылдаушы. Оқытудың басқа анықтамаларымен келісу қиын болар.Ұстаз бен шәкірттің» өзара мақсаты -бағытталған өзара әрекеті түседі. Бірақ бұндағы аталып өткен өзара әрекет белгісінің аморфтық болғанын оңай байқауға болады, себебі ол оның орындалу механизміне көңіл бөлмейді, сонымен бірге оқытудың педагогикалық құбылыс ретінде жалпы мәнін қарастырмайды. Міне, сондықтан Білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің мамандығын арттырып факультетінде оқытылатын курстарға арналған (дидактикалық құралдар) жиынтығының құрастырушылары бұл жетіспеушілікті болдырмау үшін оқытудың өз түсініктемесін ұсынды: Қазіргі замандағы оқыту үрдісі - ол ұстаз бен шәкірттің білім жүйесінің ғылым дүниетанымы негіздерінің, еңбек, адамгершілік тәрбиесіне шығармашылық белсенділікке, шәкірттің жан жақты дамуы үшін бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысқан және өзгеріп отыратын қызмет.(Педагогика\Под ред.Ю.К Бабанского.2-изд.МД,1988.сЗЗЗ).


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 2 страница | ФОРМАЛАРЫ 4 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.125 s.