Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 4 страница


Date: 2014-03-21; view: 2068.


Бұл анықтамада негізгі мән, ұстаз бен шәкіртке емес, олардың бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысқан, дамыған қызметтеріне түседі. Бұл анықтамадағы адам тарапынан жасалынатыы қызмет күйінде көрсетіледі. Алайда, оқыту үрдісінің мазмұнына авторлар ерекше мән берген бұл анықтамада маңызды бір нәрсені ұмытады, әсірес окыту қызмет жүйесінін тек адамдар тарапынан жасалынбайды, сонымен қатар олардан тыс тіршілік етпейді емес, олар арқылы пайда болады. Бұл қызмет жүйесі белгілі қоғамдық мақсаттарды орындауға керек болғандықтан тіршілік етеді. (Дидактика средней школы \Под.ред.М.Н. Скаткина.изд.2-еМД982.с,129)

В.К.Дьяченко өз жұмыстарында назарымызды аударған оқытушылықтың үрдісі мазмұнына- әрекетті мұғалімнің иеленуі және шәкірттің білмеуіне көңіл бөледі Мысалы, шәкірт бір өнерді игереді: ағаш кесуші, т.б,ағаш кесуші немесе плотник жұмысы оның білім алуының басты мақсаты мен мазмұны болады. Сол сияқты, әріп жазуды, санауды жаңадан үйренген бала туралы да солай айтуға болады. Бұл әрекеттің өзі белгілі бір еңбек түрі болып есептеледі. Орындық, үстелді жасайтын столярдың немесе әдіскердің орыстілін туралы дидактикалық құралдарды құрастыру жұмысы оқытушылық емес. Бірақ егер сол ағаш кесуші өзіне шәкіртті алып, оған істі үйретсе немесе әдіскер өз шәкіртіне жазу. оқуды, көбейту кестесін, ЕЭМ-ға оқу бағдарламаларын құрастыруға үйрететін болса, онда бұл жұмыс білім берудің мақсаты және мазмұны бола алады. Бұндай жағдайда сол практикалық жұмысқа басқа бір міндет жүктеледі.

Оқыту- ол ағаш кесуші жұмысында және әдіскердің (әдіскер-ғалым немесе практик-ғалым ағаш кесуші және әдіскер-мұғалімге баланы, жас жеткіншекті оқыту сиякты) жұмысында мүлдем кездеспейді және олардан басқаша болады оқушымен қарым-қатынасқа түсуімен ерекшелінеді.

Оқытушы немесе қәзіргі заманда ұстаз, шәкірттерге түсіндіреді, көрсетеді, сұрақ сұрайды, тапсырмалар береді және тексереді, олардың қателерін түзетеді, қандай құралмен істеу керек екенін бағдарламалар үлгілерінің сипаты көрсетеді.

Қарастырылып айтылған мысалда өнер - еңбекті үйрету сипаты Білім беру урдісініңәрекетіне ену. Бұл оқытудың мәні ұстаз бен оқушының екіжақтық сипатыпедагогикалық қатынасында көрінеді. Кез келген оқытуда

беруде бір-бірімен қосылатын, оқытатын және оқитын тек бір

әрекет емес, сонымен бірге 2 белсенділік түрі болып саналады,біріншісі - ұстаздың оқытатын және шәкірттің үйренетін белгілі әрекеті, екіншісі - ол тікелей және жанама қарым- қатынас. (сонда 44-45б. бұнда екі жақтық оқыту үрдісінің екі жақтылық көрініп тұр: оқыту үстаздардың әрекеті, ал білім алу шәкірттің әрекеті. Оқу мен оқытудың өзара қимыл байланыстарын мынандай үлгі ретінде көруге болады:

 

1 – үлгі

Оқу мен оқытудың өзара байланысы мен әрекеттесуі

№ 1 берілген дәреже  

О қ ы т у

қайшылықтар

  №3 бастапқы дәреже №2 берілген дәреже

 

 

  №2 бастапқы дәреже № 1 берілген дәреже  

 

Білім алу

қайшылықтар

 

 
 

  №1 бастапқы дәреже

қайшылықтар

 

 
 

 


 

 

Сонымен, оқытуды, тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасында нәтижесінде белгілі білім, іскерлік, дағды тәжірибені және өз мінез-құлқын иемденетін бір мақсатқа бағытталған белсеңді өзара қимыл үрдісі ретінде айқындауға болады.  

 

Оқыту үрдісінің логикасы және білімді меңгеру құрылымы деген не?

 

Оқыту үрдісі - адамның танымдық кызметтінің ерекше түрі.

Оқыту үрдісініңол шәкірттің объективтік әлемді тануының жалпы және

логикасы және білімерекше түрлерін қамтиды. Егер ғалым бір

меңгеру құрылымықұбылыс, үрдістерді зерттеу барысында объективті

жаңалықты таныса, шәкірт білім алу кезінде субъективті

жаңалықты ашады және яғни ғылым мен адамзатқа таныс, ғылыми дәлелденген, түрлі ғылыми фактілер, теориялар, заңдар және түсініктер түрінде жинақталғанды меңгереді. Ғалымның тану жолы көптеген эксперименттер, ғылыми ойлау, қателер мен сынақтар арқылы өтеді, ал шәкірттің таным жолы тез және ұстаз шеберлігімен жеңілдетілген күйде өтеді. Ғалым жаңалықты оның бастапқы күйінде таныйды. Сол себепті, сол жаңалық толық бола алмайды. Шәкірт болса жеңілдетілген, оқушылардың жас ерекшеліктері мен мумкіндіктеріне сай дидактиклық тұрғыда бейімделген материалды танып біледі.Соңында оқыту барысындағы таным ешкімнің қатысынсыз ғылыммен айналысады.

Алайда, шәкірт пен ғалымның тану айырмашылықтарына қарамастан, бұл

үрдістер бірыңғай әдіснамалық негізден құрылады: тірі түйсіктен абстрактілі ойлауға жәнедан практикаға көшу(Қараңыз.ДаниловМ.А.Процесс обучения в советской школе.М,1960;Педагогический процесс его диалектика.МД970; СластенинВ.А. и др. Педагогика.Учебное пособие. М.; 1977).

Сезімдік таным негізі - сезу және қабылдау болады. Абстракттік ой ол түсіну, ойластыру. Жалпылау - егер индуктивтік талдауды таңдаса оқытуды аяқтайды. Дедуктивті-жинақтаулық логика болса керісінше, берілген түсініктер, теориялар, заңдар ретінде мәліметтер ақырыптың алғашқы сатысында немесе үрдіс кезінде еңгізіледі.

Қолдану - ол абстрактілі білімдерді нақты практикалық және танымдық мәселелерді шешуге пайдалану қабілеті, ол оқудан тыс әрекеттерде жағдайларда қолданылатын ойлау қызметі. Білімдерді пайдалану зерттелетін құралдардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі әрекет түрлерінде жүзеге асады.

 

Оқыту үрдісінің әдіснамалық негізі таным теориясы болып

Оқытудың бастысаналады, ал қозғаушы күші- шешуді қажет ететін қарама

қозғаушы күштеріқайшылықтарды оқу үрдісінің өзі дайындалғаны, шәкірт оны

түсініп, өзбетінше шешімін тапқаны маңызды. Оқыту

үрдісінің басты қарама-қайшылығы ұстаздың әсерінен шәкіртте жетіспейтін керекті білім және жаңа оқу міндеттерін шешу үшін таным қызметінің тәжірибесі және сол талаптардың орындалу мүмкіндіктері арасында пайда болатын қарама қайшылық. XX-ғасырдың 2-ші жартысының дидакт ғалымы А.М.Данилов бұл карама- қайшылықтарды былай көрсетеді: Бұл оқыту барысы мен білім дәрежелері практикалық және танымдық міндеттер, оқушылардың меңгерілген білімдері, іскерліктері, дағдылары, ақыл-ойы, дамуы меңгерген деңгейлері.

Бұл қарама- қайшылық ұстаздың оку құралдарды таңдау әдісімен шешілетін негізінде оқушының дамуы ретінде жүзеге асады.

Осы басты қайшылық бұрын игерілгенмен игерілетін тұрмыстық және ғылыми білімдер оқу - танымдық ғылыми зерттеу әдістерінің, білім және дағдылар қалыптасуы арасында болатын қарама- қайшыльқтарда байқалады

Атап өткен қарама -қайшылықтар оқыту үрдісі кезінде оның мәнін ашқан кезде, әрекет үйымдастырудың және әрекет ұйымдастыруда оқыту кезеңін айыра білуі керек. Соңғысында оқытудың мәні болатын ұстаз бен шәкірттің қарым қатынасында анық көрінеді. Бұл қатынасты үзсең, оқыту үрдісі жойылады, және өзара әрекет жоқ болады, әлеуметтік тәжірибенің берілуі жүзеге аспайды. Әрине қарым-қатынас жасау түсінігі оқыту жоғары, алайда әрбір оқыту үрдісі қарым қатынас болып табылады. Оқыту мазмұны да нақты әрекеттердің құрылады және оқушы оларды игеруге міндетті. Оларды игерген оқушы, идеяларды таниды, заңдарды, теорияларды игереді. Сонымен қатар олардан ақиқат ашу талап етілмейді, тек білімдерді шығармашылықпен игеруге талап етіледі. тануы болады.

Нәтижесінде, оқыту - ол тіл табысу, оның барысында таным, қоғамдық тәжірибиенің игеруі, нақты бір тұлғаның қалыптасуының негізіне жататын әлеуметтік әрекеті жүзеге асады.

Ұстаз әсері оқушының белсендігін арттырады, алдын-ала қойған мақсаттарына жетіп, осы белсендікті басқарады.Сол себепті оқыту оқушының ішкі, сыртқы белсенділігін арттыру және басқару болып саналады. Ұстаз оқушының белсенділігі үшін керекті жағдай жасайды, оны бағыттайды, қадағалайды және оның сәтті орындылуы үшін керекті ақпарат немесе құралдар береді. Бір оқушының өз білім калыптасуының үрдісі, оның жеке өз-басына жасайтын әрекет,нәтижесінде іске асады:

2 - үлгі Адам әрекетінің кұрылымы

 

МАҚСАТ (нәтиженің   Әрекеттер мен
идеалды моделі)   операциялар
         
СЕБЕП (түрткі болады және бағыттайды)   ҚҰРА материал және идеалдық) ЛДАР дық және
      ӘРЕКЕТ   щық)
   
    пән
   
ҚАЖЕТТІЛІК (әрекетке түрткі болады)     Қажеттілікті қанағаттандыратын нәтиже
 

Педагогика ғылымының ұғымы оқыту және оқыту үрдісі-синонимдар емес, ұқсас түсініктер емес. Үрдіс — ол оқыту жүйесінің біртұтас педагогикалық құбылыс үзінді педагогикалық әрекет сияқты өзгерілуі. Әртүрлі дәрежеде қалыптасатын оқыту мерзімдік сипат мінез иесі болып саналады және екі басты мақсатта топталатын дидактикалық, педагогикалық еңбектің мақсаттары оның басты көрсеткіші болып табылады:

- білімді - барлық оқушылар білімінің белгілі мөлшерін иемденуі, рухани және
деңелік, еңбектік қабілеттерін дамыту, еңбектік және кәсіптік алғашқы дағдыларды игеру

- тәрбиелік - әрбір оқушыны, ғылыми, дүние танымды меңгерген белсенді
шығармашылық және әлеуметтік жағынан жетілген етіп тәрбиелеу. Мақсаттардың қазіргі
мектеп жағдайында біріншісі екіншісіне бағынышты болып келеді.

Кұрылымның басты мақсаты – тәрбиелі, шынайы, әдепті, өз басына жұмыс істей алатын адамды жетілдіру. Оқыту үрдістерінің кезеңдік дамуының басқа екі көрсеткіші ол - оқулық кұралдары немесе нәтиже.

Бұл жүйе көрсеткіштерді атап, біз бірқатар сұрақтарға тіркелеміз: бұл қандай жүйе? Ол қандай әрекеттер жасайды? Қандай элементтерден тұрады? Бұл сқрақтарға жауап, оқыту үрдісінің табиғатын тануға мүмкіндік береді.

2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы

Оқытуда тұтас жүйе түріндегі оқытуды оның динамикасын зерттеп, оның құрамы (элементтері), (құрылымы) олардың арасындағы байланыстар) оқыту қызметтеріне байланысты калай өзгертетінін біліп барып сипаттау қажет. Сонымен бірге бұл жүйе қарапайым емес, оның күрделі, ерекше болғандығын ұмытпау керек. Бұл жүйе адамдардың тарапынан жасалынады және солар арқылы іске асады. Оқытудың жүйелілігі және кешенді біртұтастығы деп нені түсінуге болады

Педагогикалық ғалымдарында бұл түсініктердің нақты

Оқыту үрдісініңанықтамалары әлі жоқ. Жалпы философиялық ұғымда тұтастық ол
біртұтастығыобьектінің ішкі бірлігі, оның сырткы дүниеден тәуелсіз болуымен

есептеледі. (Энциклопедиялық сөздік.1984.148бет) Бұл үрдістердін

обьектінің обьективті ерекшелігі. Бірақ ол, оларға мәңгі тән бола алмайды. Біртұтастық олардың дамуында бір кезеңде пайда болып, бір кезеаде жойылуы мүмкін.

Бұл жай педагогика ғылымы және педагогикалық практика үшін аса мәнді. Педагогикалық обьектінің ол үшін мәнді және кешендігі біртұтастығы біркелкі қалыптасуда. Педагогикалық қызметте қалыптасқан болмыс диалектикасы педагогикалық обьектінің біртұтастығының екі аспектісінде көрінеді.

Біріншісі: біртұтастық - оқыту үрдісінің заңды ерекшелігі болып табылады. Қоғамда мектеп бар болғандықтан, ол да өз орнын табады. Бұл жай оқу үрдісінің түпкілікті сипаттамаларынан көрініс табады. Мысалы, абстрактілі түсінік аясында алынған оқыту үрдісі оқыту мен бұл үрдістің мазмұндық және үрдістің жақтарының бірлігі сипаттамаларымен көрінеді(В.В.Краевский).

Екіншісінде: Шынайы педагогикалық практикада біртұтастық арнайы және мақсаты қалыптасады және құрылады. Оқыту үрдісінің баламалы, құрастырмалылығы, сипаттамасы осы жерде білімдік, дамушылық және тәрбиелілік қызметтердің бірлігі ретінде беріледі. Бұл үш кызмет ең күрделі байланыста болады.

Оқытудың біртұтастық ұстанымы бұл бірлікті көрсетеді. Бұл тұтастық педагогикалық практикада, педагогикалық теориядағы сияқты оқыту үрдісінің біртұтастығы білімдердің дұрыс байланыстардың, меңгерлік, есептер анықтамасында, даму және окыту үрдісінде сабақтасуда, білім меңгерліктің дүние туралы және оның өзгерілуі туралы көрсетілім жүйеде өз түсіндірмесін табады.

Оқыту үрдісінің біртұтастық түсінігі жүйелілікпен түсініктерімен
Оқыту үрдісініңжәне кешендік тығыз байланысқан. Бір жағынан, біртұтастық
жүйелілігі жәнетүсінігі жүйелілік пен қамтиды. Жүйе - ол біртұтастылық және
кешенділігітұрақты бірлікті құрайтын, заңдылықтар мен интегративтік

ерекшеліктерді иеленетін көптеген элементтердің өзара байланысы. (Принципы системности в теории и методологии К.Маркса М,1986с111.) Бұндай анықтамамен, оқыту көптеген өзара байланысқан элементтерді қамтиды: мақсат, оқу ақпараты, ұстаз бен шәкірттің педагогикалық коммуыикация құралдары, олардың әрекет түрлерін және оқушылардың басқа әрекеттерінің формалары пікір.

Оқытуды біртұтас жүйе ретінде былай елестетуге болады:

3-үлгі

Оқыту үрдісінің құрылымының моделі:

 

 

Жүйе секілді оқыту үрдісінің жүйе құрастырушы түсініктері ретінде: мұғалімнің оқытушылық әрекеті оқушылар әрекеті (оқу) және нәтиже қарастырылады. Басқару құралдары болса, бұл үрдістің уақытша құрамдас бөліктері болып табылады. Олар оқу құралдарын мазмұның, оқыту әдістерін, оқыту пәндік кұралдарын, және оқушылардың оқу әрекеті секілді оқытудың құралдарының өзара шартты оқытудың мақсатымен оның ақырғы нәтижесіне тәуелді.Олар беру мақсаттарына бағынған өскелең ұрпақты өмірге және қоғамдық әрекетке даярлаудың интегративтік ерекшеліктері бар тұрақты бірлік пен тұтастықты құрайды. Бұл барлық компоненттердің қызметтік функционалдық бірліктің алғашқы бастамасы, біріккен оқыту мен оқудың және қарым-қатынасы іс әрекеті пәндік болып табылады. Оқыту мен оқуның бірлігі, элементтердің көптілігі, түрлі ерекшеліктігі және олардың оқытуды үрдісінің біртұтастығын құрайтын байланыстары оған ұйымдастырушылық, реттілікті береді.

Жоғарыда айтылған дидактикада оқыту үрдісі әрекет сияқты қарастырылады. Сол себепті оның құрамында;

- алғашқы ситуацияның талдау, оқыту мақсатын анықтау және оқушылардың
оны қабылдауы;

- жұмысты жоспарлау, мақсатқа жетудің мазмұнымен құралдардың таңдау,-оқу
құралының жаңа көрсету және оны оқушылардың қабылдауы;

- үзінділерін оқыту және түрлі әсерімен оқу операцияларының орындалуы, ұстаз
бен оқушының оқу жұмысының ұйымдастырылуы (оқу материалдарын қолдануды
оңтайлы қолдану мақсатында оқушының әрекетін ұйымдастыру және оз әрекетін
оқушының өзінің ұйымдастыру); және оған еңгізу;

- кері байланыс ұйымдастырылуы, құрал мазмұнды игеруді бақылау, түзету.

- талдау және өзіндік талдау, оқу нәтижелерін бағалау;

- оқушылардың мектептен тыс дайындығы және жұмысы қарастырылады.
Теориялық мақсаттың, мазмұндық, әрекеттік және нәтижелік бөліктерден тұратын

оқыту үрдісінің теориялық тұрғыдағы көрінісі осындай. Оқыту үрдісінің құрылымы. Осындай педагогикалық шынайы болмыста қызметте оқыту үрдісі кезеңдік мінезді болады. Әрбір оқыту үрдісінің дидактикалық кезеңі оқушыға оқу құралын ұсыну үшін әрекет ететін қызметтік жүйені құрайды. Оқыту үрдісінің кезеңдік талдауына тоқталайық.

 

 

Бұндай талдау оқыту бөліктерінің компоненттерінің біртұтас жүйе түріндегі құрылымдық байланыстарын нақты белгілеуге және бұл жүйенің үрдіс ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)

Барлық еңбек үрдістері мысалы қолданыстың, шығармашылық,

Оқыту циклініцтехнологиялық циклдерге бөлінеді. Мақсатқа сәйкес белгіленген
жалпы сипатыжәне негізделген жағдайда еңбек үрдістерін ғылыми негізде

басқаруға болады. Дәл осындай мүмкіндіктер оқыту үрдісінде де

қарастырылған.Әр еңбек, соның ішінде оқушылар мен мұғалім арасындағы бірлескен шығармашылық әрекеттер,арнайы циклдерге ие болады.

Дидактикалық әдебиеттерде "оқыту үрдісінің буындары", "оқыту үрдісінің кезеңдері", "танымдық әрекеттің кезеңдері", "оқыту үрдісінің сатылары" секілді терминдер көптеп кездеседі. Осы арада мынандай сауал тууы мүмкін "буын", "саты" секілді ұғымдармен бірге "оқу үрдісінің циклдері" - деген тағы бір терминннің қолданылғаны дұрыс па? Егер де дұрыс болған жағдайда, "буын", "саты", "цикл" және т.б. түсініктерді қалай ажыратуға болады деген сұрақ тууы мүмкін.Бұл сұраққа дұрыс жауапты біз тек педагогика жүйесінде қарым-кдтынас арқылы іске асатын, оқыту оқу сияқты бірліктегі үрдістердің мәнін таба ескерсек таба аламыз.

"Цикл — ұғымы" "буын" мен "саты" ұғымдарымен салыстырғанда, жалпы үғым ретінде қолданылады. Өйткені соңғы екеуі, бірінші ұғымның құрамына кіреді. Айта кетерлік бір жай, оқу материалының меңгеру кезеңдері туралы, дидактикалық циклдерді жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау кезеңдері туралы көптеп сөз қозғауға болады. Бірақ бұл түсініктерді, педагогикалық құбылыстарға байланысты сауалдарды қарастырғанда термин ретінде пайда болған, дидактикалық әрекеттестікке қатысты қолдану мүлдем логикаға жатпас еді.

Мысалы, оқыту үрдісінің барысы жайлы дидактикалық ұсыныстарды айқындау туралы зерттеулерінде (Вопросы методов и организация процеса обучения). М, 1982. кітабындағы "Этапы деятельности учителя и учащихся в процессе обучения" тарауында) В.С.Цетлин оқыту үрдісінің үш кезеңін қарастырған. Солардың екеуі сабақ өткізу сатысынан, ал үшіншісі сабақтан тыс сатыдан құралған. Автордың пайымдауынша, бұл сатылар оқушы мен мұғалімнің мақсаттарына, оқу материалы мазмұнының үзінділері жүйесінің толықтығына, оның өмірлік тәжірибе сипатына және де оқытудың бұл сатыда құралдар көмегімен жүзеге асып жатуына қарай ажыратылады.

Бірінші кезең, автордың пайымдауынша,ол - білім мазмұнын оқу тәжірибесінде қолдануды мүғалім ұйымдастыру мен оқушыға көрінісі оқу материалының үзінділерімен танысуға қолайлы жағдай тудыру әрекеттері.

Екінші кезеңде-мектеп оқушыларын қоғамдық өнерге жақын тікелей араласуға алып келеді. Бұл сатыда мұғалімнің міндеті — оқушыға оның қоғамдық өмірде оқу жағдаяттарын пайдалану, оған дұрыс бағыт беру.

Соңғы, үшінші кезеңде өмірлік тәжірибеде мазмұнды пайдалануды және ұйымдастыру. Бұл сатыда мұғалім әрекеті, оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дасуы үшін оны қоғамдық өмірге жақындату. Оқушы бұл сатыда тәжірибе жинап қана қоймай, қоғамдық өмірде өзіне-өзі қалай ұстау керектігін үйренеді.


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 3 страница | ФОРМАЛАРЫ 5 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.166 s.