|
Мемлекеттік символдарды интерьерлі орналастыруDate: 2015-10-07; view: 808. Мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыш:
Тудың көлемі: lx2 м ден 2х4 м дейін Елтаңба диаметрі: 1000 мм нен 3000 мм дейін (бөлме төбесінің биіктігіне байланысты) Мемлекеттік рәміздердің бейнелері бар стендтер:
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн бейнелері бар лицензиялық баспа өнімдерімен рәсімделеді. Басшының кабинетінде:
Ту көлемі: lx2 м (басшы үстелінің сол жағынан) Елтаңба диаметрі: 500 мм (басшы артында тудың оң жағынан) Мәжіліс залдарында:
Ту және Елтаңба көлемі бөлменің биіктігіне байланысты. Басшы үстелінің сол жағында орналастырылады. ҚОРЫТЫНДЫ Респонденттер арасында Қазақстан Республикасының Әнұранын білетіндердің көпшілігі мемлекеттік рәміздерді өздігінше былай санайды: – өз еліңнің отансүйгіш азаматы болып қалыптасуына әсер етеді (35%); – білім мен мәдениет деңгейін көрсетеді (30,1%); – өз еліңмен мақтануға мүмкіндік береді (27,6%); – өз еліңді лайықты таныстыруға мүмкіндік береді (33%); – жұмыс орныңда қолайлы жағдай тудырады (5,3%); – ешқандай әсері жоқ (0,8%); Өйткені мемлекеттік рәміздер педагогикалық білім беру жүйесінде және білім беру тәжірибесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде.Мемлекеттік рәміздер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі болып табылуда, сондай-ақ, жалпы білім беру мектеп-тері мен ҰБТ бойынша арнайы пән ретінде енгізілген. Бүгін ереже бойынша жастар өз мемлекетінің рәміздерін ата-аналарына қарағанда жақсы біледі. Кеңес үкіметі тұсындағы үгіт-насихат жұмыстарының түрі мен әдіс-тәсілі өте қарқынды жүргізілгені және оның әсерлі болғандығын мойындаймыз. Әсерлі болу себебі мемлекеттік рәміздердің кеңестік кезеңде үлкен саяси және идеологиялық мәні болды. Олай дейтініміз, рәмізді жасаушылар «мәңгілік стереотипке» баса назар аударды, өйткені онда азаматтардың түсінігіне Еңбек пен Жеңіс белгілерін орнықтыруға тырысты. Сол уақытта Кеңес Үкіметі құрамына бірнеше халықтар мен ұлттарды кіргізе отырып, әрбір халықтың жеке мәдени және тарихи дәстүрін елеңсіз қалдырып, оның орнына халықтардың бірлігін жалпы адамзаттық құндылықтар негіздері – әділдік, теңдік, интернационалдық рухты насихаттады [2, 21–23]. Бұл жерден біз мемлекеттің рәміздер жүйесін жалпы адамзат баласының құндылықтарының жаңғыруы ретінде және ұлттық ерекшеліктері мен өз бойына жинақтаған бастау бұлақ ретінде, сонымен қатар ұлттық біртұтастықты қалыптастыратын негіз ретінде үлкен қызмет атқаратындығын байқаймыз. Дегенмен Қазақстан Республикасының рәміздері мемлекет құраушы ұлттың ерекшеліктері мен салт-дәстүрі, ұлттық мәденитеті негізінде дүниеге келгендігін естеншығармағанымыз дұрыс. Қорыта келе айтатыным, еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу аза-маттарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтара-лық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің 74 Әл-Фараби | 3 (39) 2012 Саяси ғылым: теория және әдіснама. Н. Айтымбетов әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. См.: httpwww.inform.kzrusarticle2274946., Елжан Ералы. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. 2. Автор: Темірбеков Б.А. Ақ жол газеті 2014. 10.28 №150 3. Ербол Шаймерден Алматыкітап 2005 ж 4. Ербол Шаймерден 5. Ербол Шаймерден 6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Н. К. Киікбаев атындағы орта мектеп
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Орындаған: 11"А" сынып оқушысы Сатбай Шұғыла
|