![]() |
ФОРМАЛАРЫ 12 страницаDate: 2014-03-21; view: 1186. Екі бөліктер де толығымен тәуелсіз емес, олар бір бірімен тоғысып отырады. Нәтижесінде кез келген жалпы білім беретін оқу орнының оқу жоспарына 3 негізгі дәріс түрі кіреді: - жалпы орта білім берудің негізгі өзегін құрайтын міндетті сабақтар; - оқушылардың таңдауы бойынша міндетті сабақтар; - факультативті сабақтар (таңдау бойынша міндетті емес сабақтар). Оку жоспары федералдық, ұлт-аймақтықжәне мектептік (жергілікті)құрамдас бөліктерден тұрады. Федералдық құрамдасбөлік еліміздің мектептеріндегі білім тұтастығын қамтамсыз етеді және құрамына жалпы мәдениет пен жалпы мемлекттік мазмұндағы оқу курстары бар білім мазмұны енеді (орыс тілі, математика. информатика, физика және астрономия, химия және "Қоршаған орта ", "Өнер " секілді салалар жартылай кіреді). Ұлт-аймақтық құрамдас бөліктіңерекше талаптарды қарастырып, құрамына мәдениеттің ұлттық және аймақтық ерекшеліктері көрсетілген білім мазмұны кіреді (ана тілі мен әдебиеті, тарих, аймақтық география). Білім берудің бірқатар салалары федералдық, сонымен қатар ұл-аймақтық та бола алады (тарих, әлеуметтік пәндер, өнер, биология, еңбек дайындығы). Мектептік құрамдас бөлікте (қосымша сабақтар, таңдау бойынша міндетті сабақтар) нақты бір білім беру мекемесінің ерекшелігі көрсетіледі және "Білім беру туралы" Заңының 32 бабының 2 тармағына сәйкес оқу жоспары мен білім беру бағдарламалары өз бетінше жасалып, жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептердің Негізгі оқу жоспары мемлекеттік стандарттың бір бөлігі ретінде келесі нормативтерді қамтиды: а) оқудың ұзақтығы (оқу жылдарында) және оның әр сатысындағы ұзақтығы; б) жалпы білім берудің әр сатысындағы базалық салалар мен оқушылардың өз таңдауы в) таңдау бойынша міндетті сабақтарға берілген оқу сағаттарының санын қосқандағы г) мемлекет қаржыландыратын оқу сағаттарының қорытынды саны (оқушының ең Сонымен, білім беру мекемесінің Негізгі оқу жоспары мемлекеттік стандарттың бір бөлігі ретінде аймақтық және мектептік (жергілікті) оку жоспарларының негізін құрап, еліміздің барлық білім беру орындарында білім беру саясатының әрі қарай өріс алуын қамтамасыз етеді. 4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы Оқу бағдарламасы- жекелеген әрбір оқу пәндері бойынша бағдарламасы нормативтік құжат.Онда оқытылатын материал тақырыптарының тізімі, әрбір тақырыпқа берілген уақыт, сағат саны бойынша және оларды оқытылатын жылдарға бөлу, курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар еңгізілген. Қазіргі кезде Ресей мектептерінде екі түрлі оқу бағдарламалары қолданылады: типтік бағдарламалар мен жұмыстық мектеп бағдарламалары. Жекелеген жағдайда педагогикалық еңбектің шеберлері мен жаңашыл - мұғалімдер құрастырған жеке авторлық бағдарламалар қолданылады. Типтік бағдарламаларда жалпы беретін білім, білік, дағдылардың бағдарламаларыидеяларының жүйесі, сондай-ақ нақтылы оқу пәніне тән оқытуға қажетті құралдардың жеткілікті болуы мен оқыту тәсілдері туралы әдістемелік сипаты бар жалпы ұсыныстар беріледі. Типтік бағдарламалар мектептің жұмыс бағдарламалары мен жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға негіз болады. Бағдарламалар РФ білім Министрлігінде бекітіледі. Типтік оқу бағдарламасының негізінде жұмыстық оқу бағдарламаларыкомпонент көрініс табады, мұғалімдердің әдістемелік әлеуетінің мүмкіндігі ескеріледі, сондай-ақ оқушылардың дайындық деңгейі мен ақпараттық, техникалық қамтамасыз етілуі де ескеріледі. Авторлық оқу бағдарламасы - көтеріліп отырған мәселелер мен бағдарламаларыерекшеленеді. Мұндай бағдарламалар арнаулы курстар мен міндетті факультативтер және басқа да оқу пәндерін оқытуда қолданылады. Авторлық бағдарламаларға пікір жазылған жағдайда мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі. Оқу бағдарламасы құрылысы жағынан негізгі үш құрылымыпәнді оқытуда мақсатты бағыт-бағдар көрсетіледі; білім мазмұнында - оқу материалы беріледі, онда негізгі түсінік, ұғым, заңдар, теориялар, жалпы оқу, білік дағдыларының тізімі енгізіледі, оны қалыптастыру пәнаралық негізде жүзеге асырылады; әдістемелік нұсқауларда -бағдарламаны жүзеге асыру жолдары мен ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту құралдары, сондай-ақ, аталған пәнді оқу барысында оқушыларда қалыптасатын білім, білік, дағдыларын бағалау мәселелері қарастырылады. Соңғы он жылда бағдарламаларды құрастыруда пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Оқу бағдарламасын құрастыру теориясы ментәжірибесі 2 құрастыру тәсілдерімектеп бағдарламасын құрастыруда Ч.Куписевичтің имек тәсілі қарқынды түрде қолданыс тауып келеді.
Сызықтық тәсілдің құндылығы - уақытты үнемдеуге септігін тигізеді, сонымен қатар, сызықтық тәсілдің кемшілігі де бар, өйткені оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне, әсіресе бастауыш мектептің оқушылары табиғатынан күрделі құбылыстың мәнін түсінуге шамалары жетпеуіне байлаиысты. Оқу бағдарламасын құрастырудың шоғырландыру тәсілі бір материалды бірнеше рет кеңейтіп, күрделендіріп, жаңа бөліктермен білім мазмұнын байыту арқылы жасалады және олардың өзара байланысы мен тәуелділігі тереңдетіліп қарастырылады. Бағдарламада материалдың шоғырландырып орналасуы жай қайталау емес, қарастырылып отырған құбылыстың мәнін терең түсінуге ықпал етеді. Шоғырландыру оқыту қарқынын баяулатса да, жаңа материалды үйренуге көп уақыт жұмсалады. Оқушылар бұрын өтілген сұрақтармен қайтадан ұшырасады, әрине бұл оқушының белсенділік деңгейін төмендетеді. Ол әсіресе тіл үйретуге математика, тарих т.б. пәндерді оқытуда айқын көрініс табады, өйткені бұл пәндер әуелі бастауыш, сонан соң жоғары сыныптарда өтіледі. Оқу бағдарламасын құрастыруда оқу материалдарын имек тәрізді орналастыру арқылы оқуда бірізділік пен циклдік үйлесім табады. Бұл тәсілге тән ерекшелік -оқушылар туындап отырған мәселені көзден таса қылмай, осыған байлаиысты білім ауқымын біртіндеп кеңейте береді (Куписевич Ч. Основы общей дидактики. М., 1986. с.96). Оқу бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу оқу құралдарынегізгі білім көзі болып табылады және оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда маңызы зор. Оқулық оқушыны оқуға үйретуі керек, ол үшін берілетін материал көлемі қысқа да нұсқа, ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт. Сонымен бірге оқулық пен оқу құралдарындағы материалдар оқушылардың жасына сәйкес түсінуіне жеңіл болғаны дұрыс, сондай-ақ олардың қызығушылығы, психикалық ерекшеліктері қабылдау, еске сақтау қабілеті ескерілуі қажет. Оқулықтағы оқу материалдары жүйелі түрде беріліп, ол тартымдылығымен, мәселесімен ерекшеленуі тиіс, сондай-ақ оқулық оқытудың дидактикалық құралы және оқушылардың өзбетінше білім алуына және білімге деген қызығушылығын туғызып, өздік білімін көтеру қажеттілігін арттыру көзі болып табылады. Оқулық құрылымының негізгі компоненті – мәтін және мәтіндік құрылымымәтіні, пікірлесу мәтіні болып бөлінеді. Мәтіндік емес компоненттерге ұйымдастыру мен меңгеру аппараты /сұрақтар мен тапсырмалар, ережелер, нұсқау материалдары, таблицалар, жаттығулар т.б./ жатады. Оқулықтар қосымша оқу құралдарымен: хрестоматиялар, есептер мен жаттығулар жинағы, сөздіктер, анықтамалар, тарихи және географиялық карталар, фонохрестоматиялар, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптар т.б. толықтырылады. Оқу кұралдарының ерекшелігі сол, ондағы оқу материалдары кеңейтілген түрде беріліп, оқулықтағы материал жаңа мәліметтермен айтарлықтай толықтырылады. Оқушылар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу барысында талдау жасауға, сынауға, толықтырып, стилін өзгертуге үйренеді. Сонымен, оқулықтар мен оқу құралдары оқытудың ақпараттық үлгісі, оқыту үрдісінің өзіндік желісі іспеттес. Ол оқыту теориясы мен әдістемесін тұлғаның рухани дамуын қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер мен дағдылар, жалпы мәдениеті, адамның әрекет тәжірибесін көрсетеді. 4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы Ресей мемлекетінде дәуірлік саяси, мәдени-әлеуметтік, рухани және экономикалық өзгерістер болып жатыр. Енді баршаға бірдей және мәндетті мемлекеттік және бірыңғай идеология жоқ. Әркім өз ойын, пікірін еркін ашыә айта алады. Қоғамның әлеуметтік, рухани және экономикалық саралануы өсті. Мұның бәрі мемлекеттің білім беру саясатына өз әсерін тигізбей қоймайды. Тұлғаның жеке өмірлік мақсаттарын құрған ұжымдық және қоғамдық мақсаттардан біршама мойындап жатыр. Бұның бәрі елдің білім беру саясатына, соңғы жылдары біздің мектептің білім мазмұнына еңгізілген өзгерістерге өз әсерін тигізуде. Бірыңғай білім берудің бейімделген – тәртіптік үлгісінен вариативті білім берудің тұлғаға бағыт беру үлгісіне көшуде мектепте «Шығармашыл дарындылық», «Дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету», «Жастар мен балаларға әлеуметтік қызмет көмегі» бағдарламалары кұрастырылып енгізілуде. Бұл бағдарламалар бағыты бойынша төмендегі міндеттерді шешуге арналған: -баланың жеке тұлғасына бағытталуды жаңарту; -балалардың «бәрі бірдей» деген аңыздың шайқалуы; -қоғамда білім берудің психологиялық қызметін құру қажеттілігін қалыптастыру. Білім берудің вариативті мазмүнын дамытудың стратегиялық бағыты Білім берудің вариативті мазмұнын дамытудың стратегиялық бағытына төмендегілер жатады: 1. Мектептегі білім мазмұны мәселелерімен шұғылданатын жеке баламалы ғылыми педагогикалық мектептерден дамудың мәдени тарихи педагогикасы аясындағы вариативті инновациялық технологиялар жүйесіне көшу. Вариативті білім беру дамуында авторлық мектептер маңызды рөл атқарады. Авторлық мектептер екі түрге бөлінеді: инструменталдық және мәдениеттанушылық. Инструменталдық мектептерде жаңашыл — педагог талантының іс-тәжірибесі арқасында табылған нақты әдіс ескеріледі, ал мәдениеттанушылық авторлық мектептер дүние танымдық тұжырымдардың инновациялық технологиялармен түйісуі нәтижесінде пайда болды. Мысалы, Вальдорф педагогикасы өзіне тән білім беру мазмұнымен Р.Штайнер философиясынан туындайды. Мынандай мәдениеттанушылық авторлық мектептерге ерекше көңіл аудару керек, олар Л.В.Занковтың оқытудың дидактикалық жүйесі, Эльконин - Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, Библердің мәдени диалог мектебі. 2. Мемлекеттік білім берудің басымдығынан, мемлекеттік, мемлекеттік емес білім 3. Ресейде бірыңғай нормативті құжаттармен жұмыс істейтін унитарлық Ресей Федерациясы жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспары түрлі этностар балаларын мәдениетке тарту мүмкіндігіне жол ашады. М.Ю.Новицкаяның бастауыш мектепке арналған «Халықтануға кіріспе» курсының бағдарламасы жүйелі мәдениеттанулық бағдарламаның айқын үлгісі болып табылады. 4. Пәнге табыну ағымынан білім берудің мәдениеттану тұжырымдамасына қарай өтуде және оны қалыптастыруда "тар білімдік" тәсілді жеңу. 5. «Жалпы білім беру мекемелерінің «таза» сызығының даму типінен жалпы білім беру мекемелерінің «аралас» сызығының даму түріне қарай өту». Оның көрсеткіші ретінде мектептің бала бақшамен, мектептердің жоғары оқу орындарымен араласуы дәлел болады. Мәскеу мен басқа қалаларда «гибрид мектептер», ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен «мектеп - зертханалар», «ғылыми-оқу әдістемелік кешендер» пайда болды. 7. Мектеп міндетті оқулықтан вариативті оқулықтарға қарай ілгерлеу жолында, сондай-ақ жеке қызметтік техникалық оқу құралдарынан көп қызметті құралдарға және ақпараттық технологияларға көшуде. Жекелеген құралдар мен көрнекіліктер шағын зертханаларға, есептеу машиналарымен алмастырылуда, сонымен техникалық оқу құралдарын өзгерту біртіндеп жүзеге асырылуда. Өзіңді-өзің тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Берілген мәтін бөлімінен білім беру мазмұнын іріктеудің факторларын, 2. Бұдан мына үлгі бойынша логикалық сызба құрыңыз: БІЛІМБЕРУ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ мазмұнды іріктеудің ұстанымдары мазмұнды іріктеудің факторлары мазмұнның көрініс табатын құжаттары оқу жоспары 3. Жалпы орта білім беру мазмұнының қалыптасу ұстанымдарының жалпы 4. Әріптестеріңізбен сараланған білім беру мазмұнының мәселесін талқылаңыз. 5. Айталық, сіз әріптестеріңізбен мектеп құрып, оның оку жоспарын 6. Өнім шығаруды стандарттау бүкіл әлемде қабылданған деп есептелінеді. Тақырып 5. МЕКТЕПТЕП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты ұғымын анықтаудыңжылдар бойы педагогика теориясы мен жекелеген негізгі тәсілдері пәндерді оқытуда іргелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Осыған карамастан, оқыту әдісінің мәселесі өзекті болып қала бермек және педагогикалық басылымдарда өткір пікірталастар туғызып келеді. Бұл пікірталастар теориялық қағидаларды жасаушы педагогтардың әдістердің жеке топтарын эмпирикалық жазып көрсетуден оқыту әдістерінің ғылыми жүйесін негіздеуіне көшу және оқыту әдісінің табиғатын ашу арқылы оның мәнін түсіндіру төңірегінде жүріп жатыр. Оқыту әдістерінің пайда болуы мен даму тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үрдісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушы қызметінің әр түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдістері деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіру әдісін қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді - бұл өздік жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мүғалім сабақта көрнекілік материал қолданады - бұл иллюстрация әдісі т .с.с. оқыту әдістерін осылайша қарастыру түрлі авторларға көптеген оқыту әдістерін бөліп көрсетіп, олардың аттарын белгілеуіне себеп болды. Е.И.Перовский, Н.М.Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, түсіндіру, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов, Б.П.Есипов оқыту әдістерін білім алу әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білім, білік дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я.Голант әдістерінің 2 тобын бөліп көрсетуді ұсынды: активті /белсенді/ және пассивті оқыту әдістері. Танымдық әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін. Жеке дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар бергеніне қарамастан, көртеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі деп қарастыруда. «Метод» /әдіс/ термині - гректің «methodos» деген сөзінен мәні мен түсінігіжолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практикада мұғалімнің сабақ беру тәсілі мен оқушы қызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі. Оқыту эдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру тэсілі мен оқыту субъектісінің өзара эрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің түсінігі бойынша: 1. Мүғалім қызметінің оқыту тэсілі мен оқушы эрекетінің оқу тәсілі жэне олардың өзара байланысы. 2. Окытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі. Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері, әдістің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын бейнелейді. Дегенмен, "реттелген тәсіл" дегеннің не екені анықталмай қалады. Демек осы жағдайда қайталауға орын беріліп тұр. Сөздіктерде "әдіс" "тәсіл", ал тәсіл әдіс ретінде анықталады. Егер кезкелген әрекет тәсілін әдіс деп есептесек, теориялық деңгейде "әдіс" ғылыми ұғым ретінде өз мағынасын жоғалтады. Егер біз "оқыту әдісі" түсінігін дидактиканың, яғни оқытудың педагогикалық теориясының құрамына еңгізгіміз келсе, онда біз әдістің оқу-әрекетінің түрлі формаларында іске асатын мәнімен байланыстыратын анықтаманы қабылдауымыз керек. Бұл ретте "оқыту" әдісін білім алушылардың білім мазмұнының белгілі бір бөлігін меңгеруге бағытталған сабақ оқыту мен білім алудың бірыңғай әрекетінің моделінің оқу жұмысының нақты формаларында көрініс табады нормативтің логикалық түріне жатқызуға және оған мынадай анықтама беруге болады. Бұл анықтама моделдеуді моделдік көрсету (көрсетілім моделдер) үлкен рөл ойнайтын теориялық білімді қалыптастырудың ажырамас бөлігі деп түсінетін бағытта алуға сүйенеді. «Модель» /үлгі/ сөзін «жалпы теориялық түсінік» үғымымен алмастырсақ, онда әдіс дегеніміз - мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқыту мақсатын, яғни дидактикалық мақсаттарды шешуге бағытталған бірыңғай әрекеті туралы жалпы теориялық түсінік болып табылады. Осы көзқарастағы әдіс білім берудің белгілі бір мақсатын іске асырудың тиімді құралдарының педагогикалық ойластырылған түрі болады. Әдістер педагогикалық практикада түрлі формада жүзеге асырылады: тәсілдерібұнда әдістер мен тәсілдер бір-бірімен тығыз байланыста емес. Мысалы әңгіме немесе кітаппен жұмыс тәсілдерінде оқытудың түрлі әдістерін табуға болады. Әңгіме эвристикалық болуы мүмкін немесе есте сақтау мен бекітуге бағытталып және тиісті әдісті жүзеге асыру репродуктивті сипатқа ие болуы да мүмкін. Оқулықпен жұмыс туралы да осыны айтуға болады. Мысалы әңгіме немесе оқулықпен жұмысты бір жіктеме бойынша тәсілге, басқа жағынан әдіске де жатқызуға болады. Тәсілдер саны оқу материалының мазмұнына, мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты шексіз ұлғайып отыруы мүмкін. Көптеген тәсілдердің үйлесім табуы сабақ беру әдістемесін құрайды.
|