![]() |
ФОРМАЛАРЫ 11 страницаDate: 2014-03-21; view: 1889. Білім мазмұнының тізілген элементі өзара байланвіста және өзара шартты бағынышта. Іскерліктер білімсіз бола алмайды. Шығармашылық әрекет білімдер мен іскерліктердің мазмұнында іске асады. Тәрбиелілік өз алдына тәртіптің меңгерілуімен жүзеге асырылады. Барлық осы әлементтерді меңгеруі адамның қоғамда орның бағалаушы, жақсы орындаушы болуымен бірге, өзбетінше жүйені өзгерте алады. Сондықтан, мектеп білімі, біріншіден, өмірге бейімдей отырып, адам сол өмірге өзінің үлесін қосады. Тұжырымдама мұғалімді оқушының, жалпы адамдық қасиеттері мен гумандық қарым-қатынасын қалыптастыру, ұғындыру үшін бағыттағы қажет. Сонымен жалпы білім мазмұны, бір жағынан қоғамдық қажеттілікті бейнелейтін оқушының оқу-танымдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші жағынан, жеке оқушының оқуға деген мұқтаждығына қанағаттандыру, оның басты мәдениетін қалыптастыру құралы болып табылады. Дидактиканың тұрғысынан бұл оқытудың білімдік және үрдістік жақтарының бірлігін көрсетеді. 4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары Мектеп білім мазмұнының қалыптасу көздері мәдениет қалыптастыру көздерітәжірибе және мәдениет бір тұтас алынғанмен де, ол мектеп білімінің құрамын анықтамайды. Әлеуметтік тәжірибеде, немесе мәдениетте білім мазмұнын анықтайтын көздерді табу керек. Бұлар материалды таңдау, ішкі кұрылымға сәйкес мазмұн құрастыру ұстанымын анықтайды. Мұндай көздерге ғылым, матералдық және рухани өндіріс, қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сапа формалары, адам әрекеті түрлері (практикалық, танымдық, құңдылық-бағдарлық, көркемдік) жатады. Білім мазмұны нақты-тарихи, психологиялық талаптар негізінде жасалған. Осы талаптарға сай педагогикалық-әлеуметтік тәжірибе өңдеуді талап етеді. Бұл мектеп бітірушілердің өмірде активті тіршілік етуіне және психикалық қасиеттердің, балалық тұлғаның қалыптасуында, дұрыс шешім қабыллдауына көмектеседі. Сонымен, білім құрлымын қалыптастыруда баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның қабілеттілігі, қызығушылықтары мен талаптары ескеріледі. Сол мақсатта міндетті пәндерді оқумен қатар оқушылар өз еркімен басқа пәндерді де таңдай алады. Мұндай келісім білімнің тереңдеуіне, қызығушылықтардың дамуына, бейімделуіне акеледі. Мектептегі білім мазмұнының қалыптасуына әсер етуші қалыптасу факторларыалу мектептерінде қоғамның білімді адамдарға сұранысына сай жасалады, оқыту барысындағы нақты мүмкіндіктер; қатысушылардың орта және оңтайлы мүмкіндіктері және білім алуда жеке тұлғаның қажеттіліктерін ескеру қажет. Өндірістің, ғылым мен техниканың дамуының, қоғамның қызығушылығы мен мұқтаждығының және білім алу барысындағы жеке адам талаптарының әсерінен өзгеретін білім алу жүйсіне тек қоғам ғана талап қоя алмайды, сонымен қатар азаматтардыңда оны таңдауға кұқығы бар. Сол себептен педагогикада халықтың білімдіталап етуі, білім беру қызметі, қосымша білім беру, саралап оқыту түсініктері кездеседі. Білім беру жоспар бойынша мемлекеттік стандартқа сай белгілі бір деңгейде меңгерілуі қажет (қараңыз Закон РФ "06 образовании", ст.9, п.6). Мектеп білім мазмұнын таңдаудың негізіне жалпы таңдау ұстанымдарыматериалдардың құрылымын анықтауда өлшемдер қолданылады. Жалпы білім мазмұнының құрылуында қандай ұстанымдар жатыр? Педагогика ғылымында нақты жауап жоқ. Ал, И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиннің ұсынған ұстанымдары бойынша, жалпы білім беретін өзінің мақсатына жету үшін толық қажетті материалдармен қамтылуы қажет. Бірақ та олардың ұстанымдары тек нақты білім мазмұнын таңдауда жалпы бағыттар көрсетілгендіктен, авторлар жеке негіздерді көрсетуге тырысады: ■ білім берудің мазмұнына қазіргі әлем бейнесін көрсететін ғылыми білімдер кіреді. Бұл - іргелі ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың негізгі фактілерін ескерту, ғылыммен шешілетін негізгі мәселелер, олардың әдістерінің жиынтығы; ■ жалпы білім мазмұнына жалпы білімдік түсініктер кіреді, яғни көптеген әрекет салаларында маңызы барлары енеді; ■ білім мазмұнында теориялар, үрдістер, олардың тетіктері мен ұстанымдары үшін қол жетерлік және үнемді логика қажет; ■ ғылымдар негізінде теориялық білім негізін практикалық салаларда ашып көрсету қажет; ■ ғылыми ойлаудың дамуы мен меңгеруде әдіснамалық білім, үрдісті ашу және таным тарихы, идеялардың қозғалысы қажет; ■ білім мазмұнында шешілмеген мәселелердің болуы қоғам мен жеке тұлғаның жалпы дамуы үшін маңызды; ■ пән аралық байланыстарды қалыптастыру керек. Жоғарыда айтылған авторлармен ғылыми айтысқа түспей, бірақ олардың білім беру мазмұнын құрастырудағы ұстанымдар жүйесінің негізіне деген қатынасын салыстыра отырып, ұсынған ұстанымдар жиынтығын В.В.Краевский жасаған және бізбен толықтырылған келесі үш негізгі ұстанымда толығымен көрініс табады: -білім мазмұнының барлық элементтерінде және оны құрастырудағы дамушы гуманистикалық, демократиялық қоғамның негізгі талаптарының барлық сатылық деңгейлеріне сәйкес келуі; -оқу материалының мазмұнын құрастыру мен қалыптастыруда білім берудің мазмұнды және үрдісті жақтарының бірлігін есептеу ұстанымы. Бұл ұстанымды жүзеге асыру адам әрекетінің барлық түрлерін, оқу жоспарында барлық оқу пәндеріндегі байланыс пен ұсынысты болжайды; -оқушының жеке тұлға ретінде дамуын есепке ала отырып, білім беру мазмұнының қалыптасуының әртүрлі деңгейдегі құрылымдық бірлік ұстанымы. Көрсетілген ұстанымдар білім беру мазмұнының құрамына нені кіргізу керек, нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады. Мектептің білім мазмұнын қалыптастырудың тізбектелген факторлары мен ұстанымдары мен сәйкес білім мазмұның таңдаудың жалпы дидактикалық жүйесі жасалған. 1. Мектептің білім мазмұнында өзбетімен ойлай алатын мазмұнына жалпы білім беру тұрғысынан маңызды ғылыми әдістері, білімдердің типтік мәселелерді қамтитын салаларынан алынған білімдер енеді. 2. Мектептегі жеке оқу пәніне және оқу пәндері жүйесіне кіретін білімдік материалдың жоғары ғылыми және практикалық маңызы өлшемі. Оқу пәндеріне білімдер туралы - жалпы білімдік білімдер - анықтама, ғылыми факт, тұжырымдама, үрдіс және т.б. еңгізіледі (қараңыз: Зорииа Л.Я. Системность - качество знаний. М., 1976; Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на уроке. М., 1985). 3. Білімдік материал мазмұны күрделілігінің сол жастағы оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі өлшемі. 4. Мазмұн көлемінің осы пәнді оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі өлшемі. 5. Жалпы орта білім мазмұнын құрастырудың халықаралық тәжірибесін есепке алу өлшемі. 6. Мазмұнның қазіргі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына сәйкестігі ұстанымы. Жалпы мектеп білімінің мазмұнының қалыптасуының жалпы дидактикалық ұстанымдары, факторлары, өлшемдері осындай. Жазылғандармен қатар оқу курстарының, оқу пәндерінің, сондай-ақ, оқу сабақтары деңгейлерінің құрылымдары бар. Олар жеке әдістеменің құзырында. 4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі Қазіргі таңда жалпы білім мазмұнын іріктеудің ұстанымдары және өлшемдерімен қатар бұл мазмұнды анықтауды мемлекеттік білім стандарты сенімді бағдар болып табылады. Білім беруді стандарттау, бір үлгіге келтіру, біріншіден, елдегі түрлі жалпыға білім беретін мекемелерде: мемлекеттік, муниципалдық, сонымен қатар мемлекеттік емес, жекеменшік жалпы білім беретін мекемелерде оқитын барлық балаларға бір деңгейдегі жалпы білім беруді қамтамасыз етсе, екіншіден - Ресейдің халықаралық мәдениет жүйесіне қосылуға ұмтылуынан, яғни жалпы білім беруді қалыптастыруда білім берудің жетістіктерін ескеруді қажет етеді.
Белгілі педагог-маман В.С.Леднев ғылыми негізге сүйене отырып, білім беруді стандарттауды қоғамдық идеалды (мұрат) көрсететін және нақты бір тұлғаның білім беру жүйесінде осы идалға жету мүмкіндіктерін ескеретін, білімділіктің мемлекеттік мөлшері ретінде қолданылатын негізгі параметрлер жүйесі деп түсіндіреді. Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты 3 құрамдас бөліктерден түрады: федералдық, үлттық-аймақтық және жергілікті, мектептік. Федералдық бөлікте Ресей кеңістігінде педагогикалық кеңістік бірлігі мен жеке тұлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне қосылуын қамтамасыз ететін нормативтер көрсетілген. Ұлттық-аймақтық бөлігі аймақ пен оны мекендейтін халықтың қызметі мен ерекшеліктерін көрсететін ана тілі, тарих, география, өнер және т.б. оқу пэәндерін оқыту саласындағы нормативтерден тұрады, ал Білім беру стандарты, бір жағынан, мемлекеттің өз азаматтары алдындағы міндеттемесі болса, екіншіден — білім беру саласында азаматтың мемлекет алдындағы міндеттемесі. Федералдық және ұлттық-аймақтық деңгей шеңберінде білім беру стандартына мыналар жатады: - білім алушыға қажетті білім дайындығы көлемінде мемлекеттік міндетті білім беру мазмұнының әр сатысының қорытынды сипаттамасы; - көрсетілген мазмұн көлемі шеңберінде оқушыларға ең қажет дайындығына қойылатын талаптар; - оқу жылдарындағы рұқсат етілген оқу жүктемесінің ең үлкен көлемі Мазмұндылық қырынан жалпы білім беру мектебіндегі стандарт оқушылардың әлеуметтік тәжірибені игеру үшін іріктеу барысында қажеттісінен айрылып қалмай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын ескеретін білім беру мазмұнын нақтылаудағы анықтаушы жалпы бағыт пен білім беру саласын білдіретін жалпы бағдар. Жалпы алғанда, ол оқушының мектеп бітіргенде ие болатын адам өміріндегі танымдылық, тәжірибелік өрісі мен біліктілік қорын кеңейтіп, қоғамда өз ролін анықтауға көмектеседі. Мектеп бітіруші қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық, өндірістік, басқарушылық, халықаралық, мәдени, отбасылық мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, оған араша тұра алуы керек. Сонымен қатар, өз бетінше үздіксіз (білім салалары, ғылым мен әрекет түрлері бойынша) білім алу технологияларын игеруі тиіс. Осы мәлімдемелер білім беру сатылары, деңгейлері бойынша стандарттаудың жалпы негізін қалайды және нақты оқу пәні, білім салаларына қарай нақтыланады, осыдан оқушылардың дайындық деңгейін бағалау мен қадағалау құралы болатын, оқу материалының деңгейі және оқушының міндетті дайындығына талап ретінде тапсырмалар (тест) жүйесі жасалынады. Уақыт ағымымен білім беруді стандарттау өзгереді, нақтылана түседі, стандартты нормативтік құжат ретінде қолдану мектептегі білім беру жүйесін қайта құру барысында тәжірибе жинақталуына байланысты түзетіліп отырады. Білім беру стандартын енгізу нәтижесінде әрбір оқушының белгілі бір алдын ала берілген базалық дайындық деңгейіне жету кепілдігі туралы мәселе туыедайды, ол әрбір оқушының ең биік деңгейде білім алуына мүмкіндік береді, оқудың тиімді үдерістерін қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру стандарты білім беру мазмұнын қалыптастыруды келесі құжаттар арқылы іске асырады: оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқу әдебиеттері (оқулықтар, оқу құралдары, есептер жинағы). Оқу жоспары - теориялық түсіну деңгейінде; оқу бағдарламасы - оқу пәнінің деңгейіне; оқу әдебиеті оқу материалының деңгейіне сәйкес боладвы. Осы нормативтік құжаттарды білім беру мазмұнын жобалау тәртібімен қарастырайық. Бұл нормативтік құжаттар, әсіресе, бағдарламалар мен оларға қатысты эдебиеттер стандартқа бір жақты тәуелді болмауы тиіс.Олар нақты аймақтық жағдайларға байланвістві, мектептердің тек білім-бағдар емес, әрбір адамның шығармашылығына қарай, әэдениеттану, жеке тұлға мен бағдар мақсатында қолданылуы үшін күраствірвілуві қажет. 4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары Оқу жоспарвы- мектеп қвізметіне бағыт беретін нормативтік кұжат.
Оқу жоспары әрқайсысын оқытуға жіберілетін уақыт пен оқу пәндерінің жиынтығы, бір жағынан, оқу жоспары білім беру мазмұнына сай, мектептерге бағдар болатын, білім беру мазмұнындағы артықшылықтарды бекітеді, екіншіден, олардың жүзеге асуына ықпал жасайды. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп практикасында оқу жоспарларының келесі түрлері белгілі: Ресей Федерациясының оқу жоспары, федералдық, типтік және аймақтық оқу жоспарлары және нақты мектептің оқу жоспары үлгілері. Білім беру мекемелерінің негізгі оқу жоспары - білім берудің осы жоспарымемлекеттік нормативтік құжаты. Оны негізгі мектепке арналған стандарттың бөлігі ретінде РФ Думасы бекітеді. Үлгі болатын федералдық оқу жоспарын РФ білім беру Министрлігі бекітеді. Негізгі оқу жоспары мемлекттік стандарттың бөлігі ретінде оқушының білім деңгейі мен мазмұны, құрылымына талап қоятын жалпы орта білім берудің мемлекеттік мөлшерін білдіреді. Негізгі оқу жоспары аймақтық, жалпылама - үлгі, жұмыс оқу жоспарларына арқау болып, мектептің қаржылануында басты құжат бола алады.
Аймақтық негізгі оқу жоспарын мемлекеттік негізгі оқу жоспарына сүйеніп, білім беру басқармасының аймақтық органдары жасайды. Ол РФ Білім Министрлігімен бекітіліп, ұсыныс сипатында болады. Мектептің (жалпы білім беретін мекеменің) оқу жоспары орта мектептің негізінде ұзақ мерзімге жасалады. Ол нақты бір мектептің оқу жоспары ерекшелігін көрсетеді. Мектепте оқу жоспарының екі түрі болады: - Негізгі оқу жоспары негізінде мектептің ұзақ мерзімге жасалынған оқу жоспары. Ол нақты бір мектептің ерекшелігін көрсетеді. Осындай оқу жоспарына бастауыш мектеп, орыс ана тіліндегі бейін бойынша оқытатын жалпы орта білім беру, ауылдық аз кешенді мектептер, ана тілінде (орыс емес) оқытатын жалпы білім беретін мекемелері және т.б. үшін арналған негізгі оқу жоспарына қосымша үлгі болатын, типтік оқу жоспарлары жатады (" Білім хабаршысы ",1998, 4); - Осы жағдайларды ескеріп жасалынған жұмыстық оқу жоспары. Мектептің жұмыс жоспарын жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарын жасау мен оларды жетілдіру 2 бағытта жүреді: 1. Жаңа, бұрын оқытылмаған пәндер енгізіледі. Олар ғылым мен техника жетістіктерін, 2. Дәстүрлі пәндердің үлестік салмағы қайта қарастырылады. Білім берудің түрлі Мемлекеттік органдар біртұтас стандарттық оқу жоспарын жасайды. РФ " Білім беру туралы " Заңы мектептерде мемлекеттік білім беру стандартына сай жеке оқу жоспарын құрастыруға құқық береді. Бұл дегеніміз барлық мектептерде міндетті түрде оқытылатын оқу пәндерінің болатынын және математика, гуманитарлық, т.б. бағытта мамандандырылу барысында бірқатар пәндерді терең оқытуға құқық береді. Сонымен қатар, өз таңдауы бойынша оқитын пәндер жинағы (факультативтер) да болады. Саралап оқыту мезгілі мен дәрежесі толық білім беру мен жеке тұлғаның дамуына тікелей әсер еткендіктен, теория, тәжірибе мәселелерін құрайды. Негізгі нормативтік құжаттың ұзақ жылдар бойы біздің мектептер жұмыс істеген алдыңғы оку жоспарының нұсқасына мүлдем ұқсамайтынын ескеріп, 1998 ж. 9 ақпанында Білім беру Министрлігі бекіткен Негізгі оқу жоспарының жаңа нұсқасын жариялаймыз. Ресей Федерациясының жалпы білім беретін мектептерінің базистік оқу жоспары
Жоғарыда берілген Негізгі жоспардан кез келген типтегі оқу жоспарыныңбөлінетінін көреміз. Білім берудегі осы екі бағыт оқыту құрылымыныңүдерісінде оқыту кезеңі мен оқу орнының ерекшеліктеріне қарай ерекшеліктеріәрқилы болып келеді. Іргелі бөлік көбіне бастауыш пен негізгі жалпы білім беретін мектептерде кездеседі. Жоғары сатыда технологиялық даярлық көлемі көбейеді. Оның ерекшелігі - мектептің мамандыққа дейінгі (жалпы еңбектік) бөлігінде жүзеге асуы. Қарастырылып отырған оқу жоспарларының бірінші ерекшелігі осыған байланысты. Білім салалары және олардың негізінде білім беру мекемелерінің деңгейлеріне сәйкес оқу жоспарларын жинақтаудың арқасында оқытудың екі түрі пайда болады: теориялық және тәжіибелік. Бұл - оқу жоспарларының екінші ерекшелігінежатады. Олардың қиылысында оқыту үрдісін ұйымдастырудың зертханалық-тәжірибелік оқыту түрі тұрады. Негізгі мектептің Негізгі жоспарында оқу мен өндірістік тәжірибелердің бірқатар түрлері жоқ. Олар оқушылардың өндірістік тәжірибесі түрінде бастапқы мамандыққа дайындау барысында мектептің жоғарғы сатысында кездесе алады. Оқу жоспарының құрылымында оқушылардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мен олардың жалпы мәдениет пен ұлттық құндылықтарға жақындауын қамтамасыз ететін түрлі түпнұсқалық бөлік (өзек) пен оқушылар дамуының жеке сипатын қамтамасыз ететін жылжымалы нұсқалық бөлік пайда болады.
|