![]() |
ФОРМАЛАРЫ 10 страницаDate: 2014-03-21; view: 1187. Мәдениет, ғылым жетістіктерін, әрекет тәжірибесін меңгерудегі жүйелілік және бірізділік ұстанымыоқушының практикалық шеберлігіне (ептілігіне), теориялық біліміне, оқу әрекетінің жүйелік сипаттамасын береді. Оқытудың қолайлылығы ұстанымыоқушылардың даму ерекшеліктерінің есепке алынуын талап етеді; мүмкіндіктерінше олардың көзқарастарымен материалды талдауды талап етеді; окушылар ешқандай интеллектуалды, моралды және денесі жағынан қиын жүктеме болмайтын оқыту ұйымдастыруды талап етеді. Кезінде Я.А.Коменский осы ұстанымның бірнеше ережелерін берген: - оқуда өзіңе жақыннан бастап (өз өлкеңнің тарихы) алысқа (жалпы тарих) көшу - жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу. Оқушылардың жасына және дайындалу деңгейіне сәйкес келмейтін оқу материалы олардың тез жалығуына, оқуға деген мотивациялық көңілдерінің жұмыс қабілеттерінің төмендеуіне, ерік-жігерінің жоғалуына әкеліп соғады. Нәтижесінде оқшының жұмысқа ынтасы жоғалады. Бірақ оқу құралдарын, жаттығуды тым жеңілдету оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді, дамуын тоқтатады. Бұл В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың дидактикалык жүйелерінде экспериментті және теориялық тұрғыдан дәлелденген. В.В. Давыдов мынандай тұжырымға келді: бастауыш мектептен бастап-ақ оқытудың жақын және жеңіл жолын таңдамау керек, керісінше, жалпыдан және ең негізгіден бастау керек. Л.В. Званков ең қиын деңгейдегі оқыту ұстанымын енгізді. Бірақ ол да қолайлылық ұстанымына сәйкес, себебі жақындағы даму аймағында оқыту және үлкеннің басқаруымен қолы жеткен деңгейде оқыту арқылы окушы жакын аумақтағы дамуға мүмкіндік алады. Қорыта келгенде, оқушының әр түрлі жаттығуларды орындау барысында ұшырасатын қиындықтар мен қолайсыздықтар оқу құралының мазмұнының қиындығына, оның тәсілдік құрылымына, сипаттамасына, мүғалім арқылы ұйымдастырылған оқушылар әрекетінің құрылымына байланысты. Көрнекілік ұстанымыдидактикадағы маңызды және көне ұстанымның бірі. Көрнекілік ұстанымы - ол оқытудың нәтижелілігі сезім мүшелерінің оқу материалын қабылдауға және өңдеуге орынды назар аударғанына байланысты деген мағына береді. Дидактиканың бұл «алтын ережесін» Я.Коменский тұжырымдаған болатын. Балаларды оқыту үрдісінде оларға бакылауға, өлшеуге, тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беру керек және осы арқылы білімдерге жетелеу қажет. Егер педагогикалық үрдіс барлық кезеңдерде пәндерді жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда көрнекілік құралдары колданылады: моделдер, суреттер, лабораториялық жабдықтар, т.б. Көрнекіліктің түрлерін Т.А. Ильинаның тұжырымдамасы бойынша мынандай бөліктерге бөлуге болады: - табиғи көрнекілік (объективті шыңдық заттары); - тәжірибелік көрнекілік (тәжірибелер, эксперименттер); - көлемді көрнекілік (суреттер, мүсіндер); - дыбыстық көрнекілік (магнитофон); -символдық және графикалық көрнекілік (карта, графиктер, сызбалар, формулалар); - ішкі көрнекілік (мүғалімнің айтқанынан пайда болған бейнелер); Бірақ көрнекілікті қолданудың да өз шектері бар. Көрнекілік бастапқы білімнің қалыптасуына және ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Заттар мен жұмыс және оларды көрсету дамудың кезектегі сатысына әкеліп, нақты бейнені және көрнекі ойлаудан дерексаіз, сөздік-логикалық ойлауға көшуді қамтамасыз етеді. Оқытудағы саналылық және белсенділік ұстанымы- қазіргі дидактикалық жүйенің ең басты ұстанымы болып табылады. Оқушылар белсенділік танытқанда, өз бетінше білім алу үрдісіне қосылғанда ғана оқыту үрдісінің нәтижесі байқалады. Бұл окушылардың оқу мақсатын үғынудан, өз жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастырудан өз-өздерін тексере білуден, білімге деген қызығушылық танытудан, мәселе қойып, оның шешімін таба білудеи байқалады. Оқушылар оқудың маңызын түсінуі керек; оқу жұмыстарының, оқу әрекетінің баламалы жағдайларда білімді қолдана білу тәсілдерін меңгеруі керек. Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен саналылығына қол жеткізуге болады, егер: - оқушылардың кызығушылықтарына сүйене отырып, оқудың себептерін - оқушыларды білімдік және практикалық мәселелерді іздеу және шешу үрдісіне - дидактикалық ойындар, пікірталастар сияқты оқыту тәсілдерін пайдалану; - ұжымдық жұмыс түріне, оқушының оқуға катынасына (әрекеттестігіне) жағдай Осы қаралған ұстанымның жүзеге асуы тек қана балалардың ары қарай дамып, олардың білімінің қалыптасуына ғана емес олардьщ тәрбиесіне және әлеуметтік дамуына мүмкіндік туғызады. Беріктік ұстанымыбілім окушының жадында қалуын, олардың санасының бір бөлігі болуын, мінез-қүлқы мен әдеттерінің негізі болуын талап етеді. Психология есте сақтау мен еске түсіру тек материалға ғана емес, оған деген қарым-қатынасқа да байланысты дейді. Сондықтан да жақсы меңгеру үшін бүл ұстанымның басқа да ережелері бар: - оқушы интеллектуалдық, танымдық, белсенділік көрсетсе білімді терең меңгеруге қол - оқу материалын берік меңгеру үшін материалды қайталаудың жаттығуларын, оларды - білімнің беріктігі материалдың ең негізгісін бөліп, логикалық байланыстарын көрсетіп - білімнің беріктігі оқытудың нәтижелерін жүйелі бақылау, тексеру және бағалаумен
Білімнің беріктігі ұстанымы ең алдымен ойда сақтау, яғни оқытуда оқушының меңгерілген білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын оқушының жеке тәжірибесінің құрылымына еңгізу арқылы бұлардың санада қалып сенімге айналуымен,байланыстырылады. Оқытудың беріктігі ұстанымын педагогикалық практикада білімдер, іскерліктер мен дағыларды пайдалануда, пікірталастар мен талқылаударды, уәделер мен дәелді сөйлеулерде іске асыру мүмкін болады. Оқу жұмысының ұжымдық және жеке формаларын тиімді үйлестіру ұстанымы.Оқыту үрдісінде мұалім оқытудың түрлі формаларын пайдалана алады және қолдану керек: сабақ, экскурсиялар, практикумдар, оқыту үрдісіндегі оқушылардың өзара әрекеттері: жеке жұмыс, тұрақты және аралас қосақтардағы жұмыс. Көрініп тұрғандай, қазіргі дидактикалық ұстанымдар ұстанымдардың жүзеге асуымен байланысты: жүйелілік пен белсенділік ұстанымы беріктік ұстанымымен, қолайлық ұстанымы ғылымилық ұстанымымен байланысты т.б. Олардың барлығы қосылып оқыту үрдісінің негізгі ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Олар мүғалімге оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін нұсқаулар жинағын береді. Жоғарыда қаралған ұстанымдардың барлығы келесі ұстанымның - оқытудың тәрбиелік, білімдік және дамытушылық қызметтері бірлігі ұстанымының- іске асуына бағытталған. Барлық жүйенің дәл осы бағыты жүйенің бірінші интегративтік қасиеті болып табылады. Оның басқа қасиеттеріне келетін болсақ, ол - педагогикалық ықпалдың үйлесімділігіне жетуге арналған бағыт. Оқыту ұстанымдарының бұл жүйесіне ізгілендіру, ақпараттандыру, оңтайландыру және кешенді тәсілдердің жалпы педагогикалық ұстанымдары кірмейді. Бірақ олардың талаптары дидактикалық ұстанымдардың және білім берудің мазмұнында көрініс табады. Бұның әрекеті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдарына да қатысы бар: алдын ала болжау, әдістердің мазмұн мен мақсатқа сәйкес келуі, басқару шешімдерінің нақты шарттардан тәуелділігі және т.б. Дидактиканың ұстанымдары дидактикалық жүйе ішінде ерекшелікті сақтауы керек, әйтпесе ұстанымдар нақтылығынан айырылып, нақты дидактикалық бағдарлар бере алмайтын жалпы қағидаларға айналуы мүмкін. Айталық кейбір дидактар жасаған оқытудың әдістері мен құралдарының оқыту міндеттерімен сәйкесиігі, үйлесімділігі ұстанымын алсақ, бұл жәйтті анық байқаймыз. "Оқыту" сөзін бұл жерде әрекеттің кез келген түрімен айырбастай салуға болады. Бірақ бұдан ғалым-педагогтардың оқыту ұстанымдары жүйесіне ғылыми негіздеме беруге ұмтылысы өзінің көкейкестілігі мен маңызын жояды деген сөз емес. Бұған Л.В.Занковтың, В.К.Дьяченконың, Л.М.Фридманның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мен жазылымдары дәлел болмақ. Осы тараудағы айтылғандарды қорыта отырып, мұғалім үшін келесі қорытындылар мен үсыныстардыжасауға болады: 1. Мұғалім оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, 2. Мүғалім әрбір ұстанымда немесе олардың жүйесін қазіргі мектептегі білім
3. Мұғалім педагогикалық үрдістің қарама қарсы жақтарын, әрекеттесуші элементтерін (білімдерді меңгеру және даму, білімдердегі әлементтілік және жүйелілік, дерексіз бен жақтының арақатысы және т.б.) көре білуі және олардың өзара әрекетін реттеп, оқытудың заңдары мен ұстанымдарына сүйенуі педагогикалық үрдістің үйлесімділігіне қол жеткізуі керек. Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 1. Дидактикадағы заңдылықтар түсінігін сипаттаңыз. 2. Оқытудың маңызды заңдылықтарын атаңыз.
3. "Оқыту ұстанымы" термині нені білдіреді? Олардың оқыту заңдылықтарымен байланыс қандай және оларды дидактикада қандай қызмет атқарады? 4. Оқыту ұстанымдарына және педагогика бойынша даярланған оқу құралдарындағы заңдылықтар мен ұстанымдар жіктемесін анықтаудың түрлі тәсілдеріне қысқаша сипаттама беріңіз. 5. Мұғалімиің оқыту заңдылықтарын және ұстанымдарын білудің маңызы неде екенін көрсетіңіз. Тақырып 4. ЖАЛПЫ БІЛІМ МАЗМҰНЫ 4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні Білім түсінігі - өте күрделі және көпқырлы. Ресей педагогикамемлекет мүдделеріне сәйкес тәрбиелеу мен оқытудың ғылымыныңмақсатты бағытталған үрдісі" деп анықталған. Білім беру дидактикалық үрдісінде адам жинақталған білімдерді, іскерліктер мен ұғымыдағдыларды меңгереді, оның ақылы мен сезімі дамиды, дүниеге көзқарасы мен оның танымдық үрдістері қалыптасады. Білімді адам көптүрлі фактілер мен құбылыстарды қарастыруға қажет жалпы тұғыр ретіндегі идеяларды, ұстанымдар мен әдістерді меңгергендіктен дамыған қабілетінің жоғары деңгейі арқылы білімін жеке оқиғалардың көпшілігіне қолдана алады, көп білімді алып, тез және дұрыс ойлайды, түсінігі мен сезімі ізгілікті және жоғары бағыт алған болады. Орыс зиялылары атап өткендей, XIX ғасырдың өзінде шын мағынасындағы білімді адамда үш қасиет - кең білімдер, ойлау дағдысы және сезімдердің ізгіліктілігі, - қажет деп айтқан. Бұл жерде білімділікті түсінудің қазіргі кездегі түсінумен сәйкестігін, яғни білім тәрбиелілікті қамтығанын баса айту керек. Демек, білім түсінігіне білімдер, дағдылар мен іскерліктер ғана емес, сондай-ақ, сыни ойлау, жасампаз болу, айналадағы өтіп жатқан оқиғаларды адамгершілік тұрғысынан бағалау да енуі керек. Бұған адамды әрекеттің маңызды түрлеріне қатысуымен қол жетпек. Мектеп білімі мазмұнының мәні неде? Мектеп білімі мазмұнын теориялары ХVІІІғ соңы- ХІХғ мәні және оныңматериалдық және формальдық білім беру теориялары деген тарихи сипаттамасыатпен белгілі. Білім мазмұны қалыптасуының материалдық теориясының педагогика тарихынды дидактикалық материализм теориясы деп те атайды. (гербартшыл Ф.В.Досрлфельдтің кітабының аты бойынша) бұл жерде әртүрлі ғылым салдарынан оқушыға білімнің неғұрлым үлкен көлемін жеткізу қажеттігін негіздеуі. Бұл теорияның жақтаушылары (оларды-энциклопедистер дейді.) ағылшын ақыны, тарихшы Дж.Мильтон, неміс педагогы Н.Б.Беседов мектептің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру деп есептеп, әрекеттің белгілі бір үзінділерін тереңдігі оқылған материалдың санына тепе-тең деп есептейді. Олар бағдарламаларға өз пәндерін оқытуда көп материалдар енгізгісі келді. Ал басқа ғылым жақтаушылары бұған қарсы болды. Мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыруда бұл бағыт аз әсер береді. Себебі, білім алушыларға ақпараттар өте көп, ал ол үзінді ретінде немесе тек үстіртін қабылданады. Білім мазмұнының қалыптасуының материалдық теориясының негізін Я.А.Коменский салған, ол өз кітабына оқушыға керек барлық білімді кіргізгісі келді. Дидактикалық формализм теориясы бойынша: (ХУІІІғ аяғында Э.Шмидтің « Эмпирикалық психология» және А.А. Немейердің «Тәрбиелеу және оқытудың ұстанымдары» атты кітаптарында т.б. пайда болған формалды теория білімінің мазмұнын қалыптастырудың формалды теориясы ретінде тұтас қалыптасты. «Көп білімділік ақыл бермейді» - деп ерте уақытта Гераклит пен Цицерон айтқан өсиетті бұл теория басшылыққа алды. Уақыт өте бұл бағытты И.Кант пен И.Г. Песталоцци дамытты. Негізгі білім берудің мақсаты - оқушылардың дұрыс ойлау қабілетін жандандыру немесе формалды білім беру қажет - деп тұжырымдады, олардың жан-жақты қызығушылығын, психикалық үрдісін (ойлау, есте сақтау қабілетін т.б. дамыту керек деді соңғысы. Білім мазмұнына ең басты фактологиялық материалдар (мысалы, математика, тілдер) емес, кұрал-жабдықты пәндер енуі керек. Бұл тұжырымдамада жаратылыстану пәндерін оқытуға қарсы болды, оқыту үрдісіндегі мазмұн мен форма, фактілер мен интеллектуалдық операциялар арасында байланыстардың тұлға қалыптасуға әсері ескерілмейді. Сонымен, берілген екі теория да бір жақтылықпен көрсетіледі. К.Д.Ушинский: «сананың формалды дамуы.... тек нақты дәлелдемелерде дамиды» - деп сынады. Оның «миы жоқ бас - ойламайды» - деген афористикалық тұжырымы мектептің білім мазмұнының қалыптасуы материалды және формалды көзқарастың бірлігі деп қарастырады (Ушинский К.Д. Собп.соч. в 11 т. Т8, М., 1951, с.661). Педагогика ғылымында В.В. Краевскийдің жұмыстарында білім мазмұнының түрлі тұжырымдамалары бар депкөрсетілген, олардың тамырлары өткен формалды және материалды білім теориясына келіп тіреледі. Бұның әрқайсысы адамның әлемде және қоғамдағы қызметімен, орнымен байланысты. Бір жағынан, авторитаризм, екінші жағынан, демократия мен гуманизм қарама-қарсы түсінік жүреді, адам - қоғамның мақсаты ма, әлде қоғам — адам үшін бе, әлде адам қоғам үшін бе деген сұрақтардан өз бастауларын алады. Теориялық немесе практикалық деңгейде уақытша болса да жол беру, яғни адамды қоғамдық дамудың мақсаты емес кұралы деп қарастыру ізгілікпен алыстатады. Бұндай қайғылы тәжірибе өткен ғасырда болды ғой. Білім мазмұнының демократиялық қоғамда өз бетімен ойлайтын адам қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын қарастырамыз. Білім мазмұнының бір тұжырымдамасы педагогикалық бейімделген ғылым негіздері мектепте оқытылады, бірақ басқа жеке қасиеттерді, яғни шығармашылыққа қабілет, таңдай білу бостандығы, адамдарға адалдық қарым-қатынасы ескерілмей, сыртта қалады. Бұл көзқарас оқушыларды ғылымға немесе өндіріске үйретуге саяды да, ал демократиялық қоғамда өз бетімен тіршілік етуге үйретілмейді. Адам-өндіріс факторы ретінде бейнеленеді. Келесі тұжырымдама, негізі алдында айтылган тұжырымдамаға ұқсас. Оқушылар білім мазмұнында білімнің, іскерлік пен дағдының жиынтығын меңгеруі қажет. "Білім мазмұны" деп "оқыту барысында ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдыларды, сондай-ақ дүниетанымдық көзқарастың, адамгершілік идеялардың жиынтыгын түсіну керек". (Харламов И.Ф. Педагогика: М., 1990). Бұл этикалық анықтама адам мэдениеті құрамын талдауға негізделмеген, бүл білімдер мен іскерліктер сипатын ашпайды, сондықтан да ол келістірушілікті орнатумен шектеледі.
Білім мен іскерлікті меңгеру адамның ішкі қоғамдық құрылым мен сәйкестігін реттейді. Адам білу қажет және істей білу керек. Сол жағдайда өсіп келе жатқан ұрпаққа ана тілі, математика, физика т.б. пәндерден тиянақты түрде жеткізу білім берудің басты талабы болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейдің жалпы білім беретін мектептерінде бұның мазмұныныңмазмұнымен таныстыру емес, өз істеген істеріне баға беру, қоғам ғылымимен мемлекеттің тағдыры, қоршаған ортаны қорғау, әділетсіздікті негіздеріболдырмау, қоғамдық және техникалық дамуға көңіл аудару т.б. қасиеттерін ояту керек. Сонымен тәрбиеленушілерде бұндай қасиеттердің пайда болуы, құнды сұраныстар мен мақсаттардың қалыптасуы, өздігінен білім алуларына талаптануы - қоғамдық өмірдің маңызды саласын көрсететін факторлар осылар, яғни басқа да салалардың қалытасуына жағдай туғызады. Жалпы білім мазмұнының қалыптасуымен қатар, мәдени тұлғаның шығармашыл керпінің босап шығуына жол ашылуы керек. Осы дәреже гуманитарлық ойлау қасиетімен байланысты. Осы жалпы орта білім мазмұнының үшінші тұжырымдамасы В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде ғылыми негіз көрсетілген. Білімнің мазмұны осы авторлардың педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибесі, гуманистік ойлау дәрежесіне сай жасалған. Осы тұжырымдама бойынша: босаң әлеуметтік тәжірибе негізгі мына элементтерден тұрады: танымдық тәжірибеге негізделген білімнің жан-жақты көбеюі; белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі; шығармашылық әрекет тәжірибесі-стандартты емес жағдайларды, мәселелік жағдайларды шеше білу; жеке бағдар кезінде эмоционалды қарым-қатынасты іске асыру тәжірибесі (қараңыз. Краевский В.В. Содержание образования - вперед к прошлому. М., 2001. с.15). Осы элементтер мазмұнының құрылымын құрайды және көрсетілген білім түрлерінің ерекшелігін көрсетеді. - табиғат, қоғам, техника, ойлау т.б жайлы білімдер. Осы білімдерді меңгеру оқушының санасында әлем бейнесінің қалыптасуына, практика барысында дұрыс көзқарастың пайда болуына көмектеседі; - біліммен қоса жеке адамда әрекеттің белгілі тәсілдерін іске асыру тәжірибесі. Интеллектуалдық және практикалық дағдылар мен іскерліктер жүйесі осы тәжірибенің мазмұнын құрайды, әрі нақты әрекеттердің көбісінің негізіне айналады және келешек ұрпақтың халықтың әлеуметтік мәдениетін сақтау қабілетін дамытады; - қоғамда пайда болған жаңа мәселелерді шығармашылық жолмен шеше білу тәжірибесі. Ол жаңа ситуациялық жағдайда өз бетімен білім мен дағдыны қолдануда. Бұл талап енді әлеуметтік тәжірибе түрлерінің дамуы жастардың болашақта мәдениеттің дамуын қамтамассыз етуіне жол ашады. Білім алу кезінде осы шығармашылық жұмысты әрбір баланың бойына жоспарлау керек. Демек, әрбір баладағы шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетініңі көрсеткіштері дербестік пен белсенділікті білім мазмұнында жоспарлау керек. Адам әрекетінің объектілері мен құралдарына құңдылық бағдар (қатынас) тәжірибесі. Ол қатынас қоршаған ортаға, құңдылықтар жүйесіне енген белгілі объектілерді сезімдік қабылдауларды керек ететін басқа адамдардың қажеттілігіне қарым-қатынас болып табылады. Әлемге, өзіңе және өзін сияқтыларға қарым-қатынас нормалары тек дүниетанымдық идеяларды білуді ғана көрсетпейді, сондай-ақ, бұлардың шынайлылығына сенімділікті, оларға жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адамның практикалық және интеллектуалдық сипаттағы әрекетінде көрініс табылатын, білімдердің, сенімдер практикалық қимылдардың қоспасы. Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибенің аталған элементтерін меңгеруі оның әлеуметтікті өзінің жеке тәжірибесіне көшіру деп білу керек (қараңыз: Теоретические основы содержания общего образования. (Под. ред. В.В.Краевского, И.Я.Лернера. М., 1983)).
|