Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 9 страница


Date: 2014-03-21; view: 1037.


Осы, не басқа дидактиканың жағдайын оқытудың ұстанымдарына жатқызу үшін қандай зандар мен заңдылыктар педагогикалық ғылымның негізі болып табылады екен? Біз тек көптеген ғалымдардың көрсетіп жатқан заңдардың мазмұнына сүйенуімен шектелеміз. (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б.)

Оқыту мақсаттарының, мазмұнының және әдістерінің әлеуметтік,
Оқыту шарттылық заңы
. Ол қоғамдық қатынастын, әлеуметтік құрылымның

заңдары барлық тәрбиелеу мен оқыту әлементтерінің қальштасуына әсерін

айқындайтын объективті үрдісті ашады. Әнгіме, берілген заңды қолдана отырып, әлеуметтік тапсырысты толық және оңтайлы педагогикалық кұралдар мен әдістердің деңгейіне өткізу туралы болып жатыр.


Оқытудағы теория мен тәжірибенің арасындағы өзара байланыс туралы заң. Жеке және топтық оқу қызметін ұйымдастыру туралы заң. Жекв және топтың оқу әрекетін ұйымдастырудың өзара шартты байланысы туралы заң.

Нақты жағдайларда заңдардың көрінісі ретінде қарастырылатын
Оқытуоқыту заңдылыльщтары деп — окыту үрдісінің кұрамдық

заңдылықтарыбөліктерінің, арасындағы объективті, мәнді,

тұрақты, қайталанатын байланыстарды атайды. Бұл байланыстар

оқыту үрдісі бөліктеріне байланысты айрыкша ықтималды-статистикалық сипатқа ие болғандықтан, дидактикада «заңдылықтар» ұғымының ерекшелігі болып табылады. Қатысушылардың істері мен процестің шарттарына тәуелсіз, олардың бір бөлігі әрдайым іс барысында, мысалы оқыту мақсаты мен мазмұны коғамның жеке адамның білім деңгейінің талабына байланысты.Заңдылықтардың көп бөлігі тенденция ретінде көрінеді, демек әрбір бөлек жағдайда емес, көп жағдайда статистикалық қатарда болады. Бұл барлық қоғамдық үрдістерге тән, оқыту үрдісіне де тән; өйткені ол саналы түрдегі мұғалім мен оқушының әрекетіне, мәдени, материалдық шарттарына және т.б.көптеген факторларға тәуелді.

Көптеген оқыту заңдылықтары тәжірибелі, эмпирикалық жолмен табылады, демек оқыту тәжірибе негізінде құрыла алады. Алайда, нәтижелі оқыту жүйесін құру, оқыту үрдісін жаңа дидактикалық кұралдарын енгізуімен қиындату оқыту үрдісіндегі заңдар туралы теориялық білім қажет етеді.

Оқыту үрдісінің ішкі және сыртқы заңдылыктарыерекшеленеді. Алғашқылары оқытудың коғамдық үрдістер мен жағдайларына: әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға, мәдени деңгейге, қоғамның белгілі түрдегі жеке адам типіне және оның білім деңгейінің мұқтаждылығына тәуелділігін сипаттайды.

Оқыту үрдісінің ішкі заңдылықтарына бөліктерінің мақсаттарының, мазмұндарының, тәсілдерінін, әдістерінің, формаларының арасындағы байланыстар жатады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл сабақ берудің, оқыту және оқылатын материалдың арасындағы тәуелділік. Педагогикалық ғылымда мұндай заңдылықтар өте көп белгіленген, айтылып кеткендей, олардың көпшілігі оқытудың міндетті шарттарын орындағанда ғана іске асырылады. Олардың кейбіреуін көрсетіп жіберейік.

Оқыту мен тәрбиелеу арасында заңдылы байланыс бар: мүғалімнің оқыту ісі айрықша тәрбиелеу сипатына ие.Оның тәрбиелеу ықпалы оқу барысында өтетін бірнеше шарттарға тәуелді. Бұл шарттарды мазмұндау көрсетілғен заңдылықтардың жеке байқалуларын сипаттайды.

Басқа заңдылық мұғалім мен оқушының әрекеттестігі және оқытудың нәтижесі арасында тәуелділік бар екені туралы сипатталады.Бұл ереже жиынтығына сәйкес, оқыту үрдісіне қатысушылардың істерінде өзара келісушілік болмаса, оқыту өткізіле алмайды. Бұл заңдылықтың жеке нактылы көрінуі ок\қушының белсенділігі мен оқыту нәтижесі арасындағы байланыс болып табылады: оқушының оқу-танымдық ісі қарқынды, саналы болған сайын, оқыту сапасы жоғары болады. Бұл заңдылыктың жеке көрінуі мұғалім мен оқушының мақсаттарына сәйкес тұрады, олардың мақсаттарының қиыспай қалған жағдайда оқыту нәтижелігі төмендетіледі.

Белгілі бір шарттар бар жағдайда оқытуда байқалатын тағы да бірнеше заңдылықтарды атап кетейік.

Тараудың 7.1. және 7.3. тармақшаларында, редакциясын Пидкасистый басқарған, қосалкы автор В.В.Воронов болып табылатын "Педагогика" оқу құралының ұқсас материалы қолданылды.

Оку материалын меңгерудіц беріктігі үйренгенді тіке жүйелі және біраз


уақыттан соң қайталауына, оны өткен және жаңа материалға қосуынабайланысты.

Оқитындардың ақыл-ой іскерлігі мен дағдыларының дамуы, іздеу тәсілдерін, мәселелі оқытудың және де басқа қабылдаулар мен әдістердің интеллектуалды ісін белсендіретін тәсілдерін қолдануына байланысты.

Егер арнайы елеулі белгілерді, құбылыстарды, объектілерді бөлу туралы, салыстыру мен айыру туралы операциялар, олардың мазмүнын, көлемін жэне т.б. қондыру туралы танымдық әрекет ұйымдастырылатын болса, оқып жатқандардың санасында түсініктерді қалыптастыруға болады.

Көрсетілген заңдылықтар, мәні жеке адамды оқытудың нәтижесі мен тәрбиелеуі оқушы енгізілетін әрекеттің сипатына байланысты екенінде жатқан маңызды бір педагогикалық шындыққа көңіл аударады. Сондықтан бұлар қазіргі педагогикалық оқыту тұжырымдамасының ядросын құрайтын стратегиялық ойлардың жүйесін өндірудің базасы болып табылады. Өз мәнінде бұл тұжырымдама келесі ойларға саяды.

- оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жемісті және өнімді іске қабілеті бар жан-жақты
және үйлесімді дамыған жеке адамның дұрыс қасиеттері мен моралға, рухани байлыққа ие
жеке адамды, жекелігін қалыптастыруға бағытталған;

- оқушының оқу-танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық әрекетін жеке адамды
қалыптастырудың шарты ретінде ұйымдастырудың бірлігі;

- мазмұнын, тәсілдерін, құралдарын оңтайландыру, уақыт пен еңбектің көп емес
мөлшерде кетуі барысында барынша көп нәтиже алып келетін тәсілдерді таңдап алуға
бағытталған оңтайландыру.

Қайталайық, дидактиканың міндеті оқыту заңдылықтарын орнату және ол жайлы мұғалімге білім бере отырып, ол үшін оқыту үрдісін айтарлықтай игерімді, жүргізілмелі, нәтижелі ету. Бірақ оқу үрдісі кезінде басқа да - психологиялық, физиологиялық және т.б. сияқты заңдылықтардың іс барысында болатынын ескеру керек. Оларды басты бейнемен мұғалімнің, оқушының және өтіп жатқан материалдың арасындағы байланыстарына тиісті дидактикалық заңдылықтармен шатастырмау керек. Дидактикалық заңдылықтар психологияның және басқа ғылымдардың мәліметтерін ескеріп және сол мәліметтердің негізінде орнатылады, бірақ ол оқыту теориясы жағынан және оның терминологиясы тұрғысынан қарастырылады.

Сонымен, психологиялық және оның басқа да сипаттармен қатар, оқу үрдісі қалай өтетін дидактикалық заңдылықтарды білу ғалымдар мен тәжірибе алып жатқандарға оны әр түрлі белгілі жағдайларда құруға мүмкіндік береді. Заңдар мен заңдылықтар өндіру, оқыту ұстанымдары мен педагогикалық әрекеттің практикалық ережесін құрастыру үшін теориялық негіз болып табылады.

3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары

Оқыту ұстанымдарының мәселесі әлемдегі ғұлама педағогтарды талай
Түсініктолғандырған. Соған қарамастан, бүгінгі күннің өзінде бұл мәселе әлі де

және мәнтолық шешімін таба қойған жоқ. Бұл оқыту ұстанымдарының

жиынтығын жеткілікті зерттеудің негізгі себептері айқындалмағанынан байқалады; әлі ұстанымдары жүйесінің ғылыми негізі жете зерттелмеген; олардың бағыныштылығы, иерархиясы жасалмаған. Осы жоғарыда айтылғандардың барлғы дидактиканың негізгі еңбектерінде және "Педагогика" курсы бойынша оқу құралдарында ұстанымдар мөлшерінде олардың жазылып көрсетілуінде айырмашылықтар болуына себепші. Өз заманындағы Отандық педагогиканың әйгілі қайраткері М.Н Скаткиннің айтуы бойынша, бұлар бір педагогтардың ұстанымдарды оқыту тәжірибелерінен, екіншілері - философия, таным теорияларынан шығаруымен, ал басқалары


ұстанымдардың негізі балалар психикасының заңдылықтары болу керек деп есептеуімен түсіндіріледі. Бұл көптеген авторларды оқыту ұстанымдарын көрсетуде дерексіздікке, ойша жорытушылыққа, оларды жеке талқылауға, мұғалім өзінін практикалық -педагогикалық әрекеті барысында басшылыққа алатын жалпы заңдылықтармен бірлестіруге әкеліп соқты. Сол себепті оқыту ұстанымы педагогикалык әрекеттің жалпы нормасының белгілерінен айырылады, оқыту ұстанымы мен жеке әдістемелік нұсқау арасы алшақтайды.

Осы тармақшада оқыту ұстанымдары жүйесін ашуға, осы жүйеге сипаттама беруге, олардың мүмкіндігінше, мұғалімнің оқушымен практикалық жұмысын қалай анықтайтынын көрсетуге, олардың пайда болуы немен ескертіледі, олар қайдан пайда болады деген сұрақтарды ашып көрсетуге әрекет жасалған.

Педагогика ғылымы өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде дидактика оқыту тәжірибесін талдап қорытумен шектелді. Сол себепті оқытудың ұстанымдары мұғалім жұмысының тәжірбиесінен, бақылаулардан шығарылып отырды. Нәтижесінде, солардың негізінде окыту ережелері қалыптасты. Оқыту практикасында "қайталау - оқу анасы", "көрнекі оқы" сияқты ережелер өте көп болды. Олар адам арқылы орындалатын әрекеттің сипаттамасы, ғылыми білімнің көлемі он жылдан он жылға дейін өзгермей отырған қоғамның даму сатысында мектептерді қанағаттандырды.

Ірі машиналық өнеркәсіптің пайда болуымен мектепте мүлдем басқа жағдай қалыптасты. Ғылыми ақпараттар көлемі, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған әлеуметтік тәжірибенің құрамы, мектеп бітірушілерді дайындауға шақырған әрекет сипаттамасының қиындағаны соншалық, тіпті мектеп жұмысының практикасын жай қайталау қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмады. Мектеп практикасын ары қарай жоғары сатыға көтеру оқыту ұстанымын ғылыми дәлелдеуді, оқытудың тәсілін, мазмұнын, көрсететін ұстанымдық жағдай жүйесінің бастапқы негізі ретіндегі оқыту үрдісінің заңдылықтарын табуды талап етті.

Педагогикалық заңдар мен заңдылықтар мұғалімге әр түрлі оқу жағдайларында қандай әрекеттер жасау керегін көрсететін тікелей нұсақаулардан тұрмаса да, олар оқыту ұстанымдарын дәлелдеу үшін теориялық негіз болып табылады.

Ұстанымдарды жете зерттеуге педагогикалық қана емес, әлеуметтік, философиялық, логикалық және психологиялық заңдылықтар да зсер етеді. Олар тағы да тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына, ортаның жағдайына, ғылымның даму деңгейіне, қоғаммен меңгерілген оқыту құралдары мен тәсілдерінің сипаттамасына және де практиканың өзіне, оқыту тәжірбиесіне сүйенеді.

Соңғы кезде дидактикада оқыту мақсатының, оның танылған заңдылықтарының негізіндегі, жетістіктерінің жолдары туралы ұсыныс ретіндегі ұстанымды түсіну нығайды. Мұндай көзқарас, әрине, ұстанымдар мен заңдылықтар арасындағы байланысты көрсетеді, бірақ ұстанымның мәнін де, ұстаным мен заңдылықтар арасындағы байланыстар сипаттамасының да мәнін ашпайды.

В.И. Загвязинский: "Ұстанымның мәні оның - оқу үрдісінің дамуы қарама-қайшы жақтардың қатынастарын тәртіпке салудың тәсілдері оқу-тәрбиелеу мәселелерін жеңіл шешуге мүмкіндік беретін өлшем мен үйлесімділік жетістіктері қайшылықтарды шешу тәсілдері туралы ұсыныста", - жатыр дейді.

Шын мәнінде де, кейбір ұстанымдар мазмұнындағы екі жақтылық, қайшылық көрініп тұрады. Ол тіпті, атауларында да көрініп тұрады: оқытудың өмірмен байланысы, теорияның практикамен байланысы, педагогикалық басқару мен оқушылардың белсенді кызметінің үйлесуІ; жеке және ұжымдық жұмыстың үйлесімі; оқыту мен өз бетімен білім алудың байланысы бақылау мен өзін-өзі бақылаудың байланысы. Басқа ұстанымдардың қайшылықты сипаты олардың мазмұнына қаншалықты терең үңілуге байланысты; олардың заңдылық байланыстарын қаншалықты ашқанына байланысты байқалады. Бұл, мысалы, оқытудың ғылымилығы ұстанымын нақты сипаттаудан жалпы қорытыдылауға көшу, түсіндіруден жорамалдауға көшу; жүйелік ұстанымындағы әлемент пен жүйенің;


бүтін мен бөлшектің арақатынасы; окытудың беріктік ұстанымындағы оқушының дамуына көмектесетін қиындықты жеңу жетістігі жатыр.

Егер де ұстанымдар қарама-қайшы бастаулардың жиыны, үйлесімінің жетістіктері бойынша мұғалім мен оқушының практикалық әрекеттерінің стратегиясын, бағытын білдірсе, онда бұл ұстанымдар бағыттылығының қайнар көзі педагогикалық заңдар педагогикалық құбылыстар мен үрдістер қайшылықтарын білдіреді. Заң әрқашан түсіндіру және болжау кызметін атқарады. Педагогика ғылымының бұл логикалық бөлігі педагогикалық құбылыстардың объективті, ішкі, мәнді және салыстырмалы тұрақты байланыстарын көрсетеді, тәрбиелік әрекетті ғылыми басқаруға, басқару шешімдерінің қайсыбір нәтижелерін болжауға өз әсерін тигізеді.

Демек, "заң", "заңдылық", "ұстаным" сияқты ұғымдар арақатынасы логикалық бірізділік (иерархия - бағыныштылық): заң - заңдылық - ұстаным - ереже екенін көрсетеді.

Оқыту принципі - бұл, қорыта келгенде, практикада заңдылықтар мен заңдарды пайдалану бойынша нұсқау, ал ережелер - принциптердің жүзеге асуының технологиясы.  

3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы

Жоғарыда аталып кеткендей, оқыту ұстанымдары ол - жетекші

Оқыту идеялар, дидактикалық жүйені ұйымдастырушы және жүргізуге деген

ұстанымдары нормалық талаптар. Олар, оқыту үрдістерін реттейтін ортақ
жуйесі нұсқаулар, ережелер, нормалар сипатында болады.

Негізінде, құстанымдар оқытуды ғылыми талдау негізінде пайда болады және де ол дидактика арқылы айқындалған оқыту жүйесінің заңдылықтарымен байланысады.

Сонымен қатар, ұстанымдар қабылданған дидактикалық тұжырымдамаға да байланысты болады.

Қазіргі күнге дидактикада бұрыннан келе жатқан классикалық және де ғылым мен пркатиканың даму барысында пайда болған ұстанымдар жүйесі бар.

Ұстанымдар жүйесінің бөліну негізіне Ю.К.Бабанскийдің, В.И.Загвязинскийдің, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде бейнеленген (сипатталған) жеке әрекеттік және басқару тәсілдері кіреді. Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық және практикалық әрекеті мен педагогикалық басқару циклдерінің қалыптасу және кезеңдеріне жүзеге асыру байланысты және де әр қатысушы, яғни , оқытылушының бойында жеке түлғаны тәрбиелеп шығару мақсатын ескере отырып, мынандай оқыту ұстанымдарының жүйесі ерекшеленеді.

♦ Оқыту және тәрбиелеудің өзара шартты байланыстылығы ұстанымы.

♦ Дидактикалык үрдістің тұтастығы мен бірлігі ұстанымы.

♦ Оқытудың тәрбиелік, білімдік және дамыту қызметтерінің бірлігі ұстанымы.

♦ Оқыту мазмұны мен әдістерінің ғылымилығы ұстанымы.

♦ Оқушылардың ғылым, мәдениет, әрекет тәжірибесін меңгерудегі жүйелілік пен
бірізділік ұстанымы.

♦ Мұғалімнің жетекші рөліндеғі оқушының дербестік, саналылық және
шығармашылық белсенділік ұстанымы.

♦ Кешенді тәсіл көрінісі ретіндегі дерексіз және нақтылының, рационалды
(орынды, ұтымды) және эмоционалдының, репродуктивті және өнімділік
біртұтастығы көрнекілігі ұстанымы.

♦ Оқытудың тиімділігі ұстанымы.


♦ Оқыту нәтижелерінің және оқушылардың танымын дамытудың беріктігі
ұстанымы.

♦ Оқытудың өмірімен, демократиялық қоғамды құру практикасымен байланысы
ұстанымы.

♦ Оқу жұмысының ұжымдық және жеке формалары мен тәсілдерін ұтымды
үйлестіру ұстанымы.

Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығының олардың

Оқытусипаттамасына сай маңыздары бірдей емес екендігі хақ. Бүл

ұстанымдарыныңұсынылған жүйеде олардың бәрі жетекші ұстанымға, яғни,

сипаттамасыоқытудың тәрбиелік және білім беру міндетінің біртұтастық

ұстанымына бағынады. Ол білім беру барысында мүғалімнің

жұмысына оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға үйрету, баулу туралы бағыт береді..

Окытудың тәрбиелік, дамытушылық және білімдік кызметтерінің бірлігі ұстанымы, оқыту жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, жеке тұлға бойына тек кана шеберлік пен білімді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар өнегелі және эстетикалық қасиеттерді де қалыптастыру мақсаттарына бағытталғанын көрсетеді. Олардың барлығы өмірлік идеалдық және әлеуметтік мінез-құлықты таңдаудың негізі болып қызмет етеді. Бұл ұстаным мұғалімнен тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін оқыту барысында жүзеге асыру талап етіледі.

Оқытудың және тәрбиелеудің өзара шартты байланыстылық ұстанымыпедагогикалық басқару мен оқушының өзіндік белсенді дамуының арақатынасын білдіреді, әрі оқытуды ұйымдастырудың тәсілі мен оның нәтижелері арасындағы қатынасты ашады.

Оқыту үрдісінін біртұтастығы және бір ізділігі ұстанымыоқу үрдісіндегі бүтін және бөлшек арақатынасын ашады. Оқыту үрдісінде орынды, эмоционалды, хабар берушілік пен ізденісті, маңызды және эмоционалды бөліктерді мазмұн үйлесімділігін талап етеді.

Оқу үрдісінің мазмұны мен әдістерінің ғылыми ұстанымы қоғамның демократиялық кұрылымының практикасы мен қазіргі ғылыми білімнің арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Ол оқытудың маңызы объективті ғылыми фактілерге, зандарға, яғни, қазіргі ғылымның жағдайына қарсы келмеуін алдын — ала айтады. Бұл ұстаным оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу материалын іріктеуде және де оқушыларды ғылыми ізденіс элементтеріне және ғылымының тәсілдеріне үйретуде жүзеге асады.

Ғылымилық ұстаным мұғалімге оқушылардың оку әрекетін ұйымдастыруда мәселелі жағдайларды қолдануға, оқушыларды зерттеліп жатқаи кұбылыстар мен үрдістерді жан-жақты бақылауға еліктіруде, ғылыми сайыстарға түсуде, өздері жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне талдау бере білуде, шығарған тұжырымдарын және өз көзқарастарын дәлелдеу үшін қосымша ғылыми мәліметтерді іздеуде бағыт береді.

Ғылымилық ұстаным мұғалімнің әрекетінде бірқатар ережелер арқылы жүзеге асады, мысалы ешбір жағдайда оқу барысында оқушыларды жаңа идеялармен таныстырудың қажеті жоқ; оқушылардың алдында ғылыми білімнің генезисін, шындықтың эмбриологиясын, ғылыми танымның қиындықтары мен тәсілдерін әшкерелеу керек; оқушының зерттеу жұмысын мадақтау қажет.

Оқытудың практикамен байланыс ұстанымыоқыту үрдісінде оқушының өз көзқарасын ұстана отырып, практикалық мәселелерді шешуде, болмысты (шындыкты) талдауда алған білімін қолдануға ынталандыруы керек деп есептейді. Бұл үшін шын өмірден алынған мысалдар мен әр түрлі жағдайлар талдауы кеңінен қолданылады;


оқушыларды қоғамдық институттармен, өндіріспен таныстырады, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда жергілікті өлкетану материалдары кеңінен қолданылады.

Оқытудың практикамен және өмірмен байланыс ұстанымын жүзеге асырудың тағы бір жолы оқушыларды мектептегі және мектептен тыс жерлердегі пайдалы әрекетке баулу; айналадағы болмысты шындықты білім көзі ретінде пайдалануға оқушыларды қолдарынан келетін әр түрлі әрекетке тарту.

Жүйелілік және бірізділік ұстанымыбілім беру және білім алу белгілі бір тәртіп пен жүйеде болуын қамтиды. Ол бірқатар ережелерде атальш өткендей, оқыту үрдісінің және мазмұнының логикалық түрде құрылуын талап етеді. Мысалы, бірінші - оқылатын материал логикалық бөлімдерге, - онымен жұмыстың тәртібі мен әдістемесін қамтитын тақырыптарға бөлінеді, екінші - әр тақырыптың мазмұнын тауып, негізгі идея, ұғымдарды бөліп алып, сабақ материалының құрылымын анықтау керектігін көрсетеді, үшінші -курсты оқу барысында теория, заң, фактілердің арасында ішкі және сыртқы байланыстар орнатылатыны белгіленеді.

Оқытудағы жүйелілік және бірізділіктің талаптары оқытудың үрдістік және мағыналы жақтарының сабақтастығын сақтауға бағытталған. Ол талаптар бойынша әр сабақ — оқу материалының мазмұны және сипаттамасы бойынша алдыңғы сабақтың логикалық жалғасы. Осы жағдайларға сүйене отырып, бастапқы ұғымдар бірінші зерттеледі де, ал жаттығатын жаттығулар, ереже бойынша, теорияны зерттеғеннен кейін қаралады.


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 8 страница | ФОРМАЛАРЫ 10 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.081 s.