![]() |
ФОРМАЛАРЫ 8 страницаDate: 2014-03-21; view: 838. Скиннер ұсынған оқытудың бұл моделі мынадай ұстанымдарға неғізделген: 1. Материалды меңгеру жеңіл әрі міндетті болу үшін материалды мүмкіндігінше кіші 2. Жауаптың бағасының жедел бағалану ұстанымы (кері байланыс). Оқушы 3. Оқыту темпін жекелендіру ұстанымы. әрбір оқушы білімді меңгеруге қанша сынаушылардың күш-жігерді керек етпейді. Сызықтық бағдарламаларды сынау бұтақталған бағдарламаныңпайда болуына әкелді. Оны жасаушы Н.А.Краудердің есептеуінше, оқу материалының бөліктері неғұрлым үлкен болу керек, өйткені оны меңгеру кіші адымдармен қатесіз меңгеруге емес, мазмұнды терең және жан-жақты талдауға байланысты. Бұтақталған бағдарламаның бакылаудын жаңа формасындағы екінші ерекшелігі - окушының таңдау жауабында: бірнеше жауаптан оқушы дүрыс жауапты таңдайды, ол жерде дұрыс, толық емес және типтік кателері бар дұрыс емес жауаптар бар. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі адымға жылжиды. Егер дұрыс жауап бермесе, оған катенің мәні түсіндіріледі, жіберілген қатеге байланысты бір бағдарламамен жұмыс жасауға немесе алғашқы нүктеге қайта оралуға нұсқау алады. Сонымен, бүтақталған бағдарлама оқушыларды олардың жауаптары мен қателеріне байланысты әртүрлі жолдармен алып жүреді - білім алу адымдарының бұтақталуы. Бірақ мұның да кемшіліктері бар. Бұны сынаушылар бұтақталған бағдарлама оқушыны жауапты оңай ойлап таба салуға, қате жауапты есте сақтап және алып тастауға итермелейді. Сынаушылардың пікірінше, тіпті бұтақталған бағдарламаның өзі де оқушыға тұтас және жүйелі оқу материалын бере алмайды. Ең ақырында, аталған бағдарламалардың кез-келғені бойынша оқыту өте қарапайым және қолдан жасалған сипат алады, ол оқу болса, ол - әрекеттің өте күрделі түрі. Сондыктан да бағдарламалардың әр түрлері біріктіріледі- Араласаралас бағдарламалар пайда болады. Біртіндеп күрделі бағдарламалаубағдарламалық өнімдер ақпараттың әртүрлі бөліктерін және түрлерін қамтиды да, мәселелік оқыту және оқытудағы алгоритмдер, білім алушылар жауабын ендірудің түрлі тәсілдері, оқытуды оқушыныд жеке ерекшеліктеріне бейімдеу, бағдарламамен жеке және топтық жұмыстар пайда болады. Соңғы жолдары бағдарламалау идеясы жаңа техникалық деңгейде іске асырылуда. Аралас бағдарламаларда материал түрлі көлемдегі адымдарға дидактикалық максаттарына, оқушылар жасына, оқу материалы мен оқыту үрдісі логикасына бағынышты бөлінеді. Оқушылар жауабьшың тәсілдері түрліше болуы ықтимал: әріптестерден және сөздерден жауап қурастыру; жауаптарды шартты белгілермен кодтау; берілген жауаптардан дұрысын таңдау; аралас тәсіл. Бағдарламаланған оқытудың дамуына байланысты алгоритм оқытутүсінік қалыптасты. Дидактикадағы алгоритм дегеніміз - оқу міндеттерінің шешілуге әкелетін оқу материалының жүйелі түрде орындалуы. Мұғалім алгоритмнің «алгоритмдік оқыту» бағдарламасының негізінде жатқандығын түсіну керек. Мүғалім басқа да оқыту түрлерінде де алгоритмдік оқуды пайдалана алады. Яғни, оқушыларға алгоритм қүрып, ережелердің шығарылуын, жаттығулардың орындалуын, практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ете алады. Мысалы, математикада 2 оң санды табуға алгоритм қолдана алады. Мысалы, синтаксисті карастырғанда, жай сөйлем түрлерін де анықтауға болады. Окушы жүйелі түрде сөйлемді талдау арқылы сұрақтарға жауап беріп отырады. (4 сызбаны қара)
Толымды сөйлем Атаулы сөйлем Толымды жақты 3-жақтын көпше түр-гі етістікпен н\е
Қорытынды : толымсыз (әрі қарай ұқсас талдау жүреді) жақсыз сөйлем Алгоритмдерді колдану - окушылардың іс-әрекетін қатаң бақылауға алуға, сол арқылы тиімді нәтижеге жетуге мүмкіндік береді, бірақ оның да белгілі бір шарттары бар. Окушылардың жетістікке жетуі - олардың пәнді жақсы білуіне, ойлау мүмкіндіктеріне байланысты болады. Оқушыларға арналган алгоритмнің түрлі деңгейлері бар: біреулері нақты бір материалды игеруге арналған (келтірілген мысалдағыдай), біреулері есептердің шығарылуын қамтамасыз етеді, үшіншілері оқуды меңгерудің ретін көрсетеді. Мұғалімдерге де арналған алгоритмдер бар. Олар мұғалімнің оқу үрдісін реттейді. Бағдарламапанған оқытудың идеялары қазіргі кезде блоктік оқытуқолданылады. Блоктік бағдарлама оқушыларға әр түрлі ақыл-ой операцияларын және алынған білімдерін тез пайдалануды қамтамасыз етеді. Блоктік оқытудың жасаушысы поляк дидакті Ч.Куписевич, оқыту бағдарламаларын мынандай блоктарға бөлді: ақпараттық блок, тестік-ақпараттык, түзетулік-ақпараттық, мәселелік блок, тексеру және түзету блогі. Сызба түрінде ол былай болады: 5 -сызба Ақпараттық блок 1
Мәтіндік-мәселелік блок Түзетулік блок
Ақпараттық блок 2 және т.б. Қазіргі коммуникациялық құралдар оқытудың күрделі электронды жүйелерін, телекоммуникациялық желілерді құрастыруға мүмкіндік береді. Жеке алғанда, тдидактикалық қызметтер атқарушы белсенді бағдарламалар оқушыға ақпараттык жүйелермен, мәліметтер базасымен, әксперттік жүйелермен, диалогтық режимде жүмыс жасауды мүмкін етуді эксперты жасалынады. Мүғалімдер мен ғалымдар, әдіскерлер, дидактар компьотерлік, электрондық оқытуға керек әртүрлі оку бағдарламаларын жасауда. Міне сондай өнімдердің типтері: іскерлікті жаттықтыру, оқу жаттығулары, оқу-танымдық ойындары, жаттауға, моделдеуге, түсініктер меңгеруге бағытталган. Бағдарламалық оқытудың тарихы блоктік оқытудың орта және жоғары мектепте қолайсыз екенін көрсетті. Себебі, оқыту үрдісі тірі адамның қатынасынсыз, тірі мұғалімсіз болуы мүмкін емес, мұны машинамен айырбастауға болмайды. Осы тарауда жазылған "технологияландырылған" әдістер мен тәсілдердің мүмкіндігі шектеулі. Бұлар қашықтан оқыту, мәселелік оқыту аясында іске асуы керек. Модулдік оқыту (блоктік оқытудың дамуы) - оқушының мақсаттық, ақпараттық, операциялық модулдері енгізілген оқу бағдарламасы мен жұмысы, яғни оқыту мақсаттарына жетуге әдістемелік басшылык, білімдерді тексеру типі. Оқытуды бұлайша басқару негізінен жоғары мектеп пен ересектерді оқытуды қолданылады. Сондай-ақ, ол білім беруді ақпараттандыру ұстанымын іске асыру тәсілі де болып табылады. Қазіргі мектеп практикасында түрлі дәрежеде тараған оқыту моделдері осылар екен. 2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы Оқу әрекетінің қалыптасуының соңгы мақсаты Дербестіктің ғылымиоқушының оның субъекті бола алуы, даму деңгейіне ұғым ретіндегіжеткенде. Өз бетінше мақсат қою, әрекеттері, түсінігі мен мәнібелсендірек білім міндеттерінің шешімін табуы және қажетті жол табу әрекеттері жасай алғанда, өзінің іс-әрекетерін жоспарлауды түзетуде және оны болдыруды бағыттау, қойылған мақсатпен, алынған нәтиже екеуін ара қатынасын белгілеу, осының бәрі өз бетінше оку қызметтерін болдыру сияқты орындалады. Бала мектеп табалдырығын аттағанна-ақ бұндай керлік істерді біле бермейді. Оқыту барысында ол белгілі бір жоғары дербестік денгейіне жету қажет, бұл деңгей әр түрлі тапсырмаларды орындауға, оқу есептерін шешу үрдісінде жаңалықтарды іздеуге мүмкіндік береді. Оқыту барысында оқушының өз бетінше қалыптасу қажеттілігін К.Д.Ушинский жазып кеткен. Окушыларға белгілі білімдерді беріп кана қоймай, сондай-ақ, оларда ықылас пен алғырлықты дамытуы қажет екендігін есте сақтау керек. Мұғалімсіз жаңа танымды игеруі, оқушыға қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, пәннен, оны қоршаған ортадан, өмірдегі оқиғадан, өзінің жан тарихынан алуға мүмкіндік беретін тәсілдерді меңгерту керек. Бүндай ақылдылық күшіне ие болса, барлық жерде пайдалы тағамы тауып отырса, адам өмір бойы оқиды. Бұл мектептегі білім берудің ең басты мақсаты болып табылады. (Ушинский К.Д. Собр.соч. в II томах, 1950. т.2.с.500).
Дербестік - ол тұлғаның дамуымен бірге дамиды, әрекет түрлері тобының кеңеюі және өріс қатынасы, ондағы тәжірибесі бар болса ғана, біреудің көмегінсіз-ақ өзі істей алуы секілді біршама шарттардың түгел болуы арқасында қалыптасады. Бұндай дербестік түсінігінде дербес өсу мен бұл үрдістегі педагог рөлі туралы заңды сұрак туындайды. Бұл сұрақтың шешімі "әрекеттің" жетекші түрлерін талдағанда ғана табылды. (Л.С.Выготский, Д.И.Фельдштейн). Мектепке дейінгі бала ойындарда әрекет дербестігін көрсетеді. Ол ойынды таңдап, ойын барысын бақылап, оның соңғы нәтижесін бағалайды. Егер ойын әрекетінің нақтылығы дерексіздендіретін болса, аталған әрекеттерде қалыптасқан ой-операцияларын, сонымен бірге оларды кейін оқуда, өндірісте және жалпы адам әрекеттерінің баска да түрлерінде өркендетуге болатынын байқауға болады. Кіші мектеп жасында дербестік зона оқу таным әрекеті есебінен біртіндеп кеңейеді. Мектеп оқушысының оқу әрекетінде дербестік деңгейінің біріншіден, өсу жолдары қалыптасқан білім, әрекет және қатынастар деңгейін, пән аралык байланыстарды орындауға, ішкі пәнаралық байланыстан цикларалық және олардан ортапэнаралық байланысқа өтуге, қолдануға ықпал ететіні даусыз факт болып табылады. Мазмұнның әрекет тәсілінің тек қана пәнаралықтан күрделенуі цикларалыкка одан пәнаралыққа өту үрдісте емес, күрделі байланысқа алып келетін барлық кезеңдерде іске асады. Екіншіден, дербестіктің оқу аркылы жоғары дәрежесіне мұғалімнің қажетті белгілі бір білімді пайдалану әрекеттерін көрсету деп өз бетінше оқу тапсырмасының шешімін ізденуде, білім мен әрекеттерді пайдалану қажеттігіне көшу есебінен жетеді. Үшіншіден, оқушыньщ оқуда қалыптасқан әрекеттеріи, ұйымдастырған жұмысын қарастыру, оқушының әрекетінің жеке операцияларынан оның тұтас әрекетті меңгергенде ғана іске асады. Төртіншіден, оқушының дербестік дәрежесі егер де ол дайын әрекеттің дайын түрін меңгеруден болуы жеке әрекеттерді және олардың жүйесін ажырата білгенде ғана мүмкін болады. Бесіншіден, оқушының дербестігі деңгейінің жоғарылауы нақты белгілегенін меңгеруден, оқу әрекетінің түтас қүрылымын меңгерудің қажеттігін түсінуді ескеру керек. Алтыншыдан, репродуктивті сипаттағы тапсырмадан пәнаралық сипаттағы білім мен әрекетті талап ететін шығармашалық сипаттағы тапсырмаларға өту. Байқап қарасақ, барлық жағдайда сөз оқушыларға көрсетілген көмек денгейінің біртіндеп азаюы, олардың осы әрекет аясының субъектісіне айналуы туралы болады. Сірә, бұл жағдай оқу үрдісін ұйымдастыру үшін теориялық та, практикалық жағынан да маңызды себебі мектеп оқушыларының оқудың себебін, мақсатьтн, тәсілін, оқу жолын, өзінің оқу әрекетінің субъектісі ретінде түсінуі оқытудың сондай құрылымын талап етеді, онда окушыньщ белсенділігі дербестігі дамытылады, оның педагогикалық әсер ету объектісінен іске асырылатын әрекеттің субъектісіне біртіндеп айналуы жүреді. Бұндай өту біртіндеп белсенді қызмет білім алушыға берілетін мүғалім мен оқушынын, өзара әрекеттесуін дұрыс құрғанда ғана мүмкін болады. Оқу әрекетіндегі дербестіктің қалыпатасуы, бұл Оқушылардың оқудағы қасиеттің әрекетінің басқа түрлерінде де көрінуіне дербестігінін технологиясыалғышарт жасайды, бұл оқушының қазіргі айналысатын шеңберінде ғана емес, болашақта кездесетін әрекет түрлеріне де қатысты. Осыған байланысты оқушының шығармашылық әлеуетінің қалыптасуы ерекше мағынаға ие болады. Белгілі болғандай, оқушының оқу әрекетіндегі білім жүйесін іскерліктері мен дағдыларды меңгеріп ала, істей алуы мен өзара байланысқан екі үрдістер арқылы анықталады: репродуктивті және шығармашылық. Репродуктивті типтегі әрекет адам құрған немесе ертедегі қайталанған істелген істі қайталаудан тұрады (Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Психологический очерк. М., 1967. с.З). Шығармашылық типтегі әрекет жаңадан пайда болу бағытына бағытталған, бұл шығармашылық әрекеттен туындаған белгілі бір сыртқы әлем дүниесі бола ма, әлде өзінде ғана әрекет ететін ақыл немесе сезімнің атақты кұрылымы бола ала ма бәрібір. Шығармашылық әрекеттін, қалыптасуының өте қажеттігін ескере отырьш, оның өнімді және репродуктивті әлементтерінің әрқашанда тығыз байланыста екендігін ұмытпау керек, репродуктивті әлементтер де құрылыс материалы сияқты шығармашылық әрекеттің негізін қүрайды. Жаңа бұрын белгілінің негізінде қалыптасады, әрі соңғысы құрылыс материалы ретінде әрекет мазмұны тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, оқыту субъектілері арасындағы қалыптасатын қатынастарда көрінеді. Оқушының әрекеті барысында шығармашылық әлеметтерін ересек адам қызметіндегі сияқты екі қасиет арқылы анықтауға болады: 1. Әрекет нәтижесі. 2. Әрекет (үрдіс) барысының тәсілі. Шамасы оку әрекетінде шығармашылық әлементтер оқушының шығармашылығында оның дұрыс өтуі, үрдіс барысы ерекшеліктерінде көрінеді, ең бастысы мәселені көре білу, жаңа тәсіл мен нақты практикалық шешімдерді тауып, оқу тапсырмасының қалыптан тыс жағдайдағы шешімін табуда көрінеді. Оқу әрекетіндегі репродуктивті және продуктивті сипаттаудың тұтастығы оқушының оқу әрекетінің объектісі ретінде қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Оқу әрекеті, оның құрылымдық компоненттерінің бірлігінің қалыптасуы репродуктивті әдістерден шығармашылыққа жылжудан, яғни жеке кимылдан жалпы қимылға, оку міндеттерін шешудің жеке бөліктерінен оқу әрекетінің тұтас құрылымына, жеке себептен катынастар жүйесіне көшуден көрініс табады. Репродуктивті әрекеттен шығармашылыққа өту пәнаралық байланыстың іске асуы қажет етеді, себебі оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытады, оларда әртүрлі пәндер қүралдары арқылы шығармашылық ойлаудың қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқушының шығармашылық әлеуетінің қалыптасуы мақсатталған өзгерістер мен нақты және жалпылай меңгеріп алу, оларды практикалық істе іске асыру арқылы жүреді. Бұл үрдісте осы ең басты шарт. Берілген шарттың болуы, үрдістің бағыггағы іс-әрекеттен құрылып, оқуға материалының құрылу жүйесі және әр пәннің ерекше және инварианттық мүмкіндіктерінің бірлігі оқу пәніне деген ояныстан шығармашылық әрекетке және оны түсінуге, олардың барлық құралған әрекеттерінен жасалады. Оқушының дербестігі шын мәнінде жоғарылау деңгейінің үрдісі шығармашылық әлеуетінен кұралған. Сонымен, бұл шарт оқу әрекетінде репродуктивті байланысу және продуктивті сипаттаманың дұрыс жүруіде басты рөл атқарады. Шын мәнінде, егер әрбір оқу пәнінің жүйесінің құрылымы туралы айтсак, онда нақты материал шамасын анықтап, келесі корытындылау сатысына көтерілуді білдіреді. Өзімізге қажеттісін белгіліеп, пәннің нақты материалынан қорытындылауға тым тез өтсе, бұл жағдайда қорытынды формалды сипатқа ие болады, нақты материалды үзақ қарастыру кеп пайда әкелмейді. Бұны кіші жастағы оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру үрдісіндегі дербестігі дәрежесінің өсу мысалында көрсетейік. Айталық, оку әрекетіндегі нақты мен жалпының арақатынасының өзгеруі, оқушыларға берілетін тапсырмалар мен әдістемелік тәсілдер оқушының біреудің еркін орындаудан осы үрдісті кұрушы, шығармашыл болуына итермелейді. Тек осындай көзқараста окушының бұрынғы алған білімдері мен дағдыларын тапсырманы орындау тәсілдерін таңдауда және оларды бір пәннен екінші пәнге көшіруде, яғни оқушының мета тәсілдермен, эвристикалармен – тәжірибемен, оқи алу іскерліктерімен меңгеруінің қолданылу саласы кеңейеді. Дербестік дербес әрекетті дамытады. Дербес әрекет оқушының оқу үрдісінде тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл әр оқушының белгілі бір пайымдауларында, белсенді ұмтылыстарында көрінеді. Өз білімін бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Оқыту үрдісі дегеніміз не? Оқу үрдісініц екі жақты сипатын қалай түсінесіз? 2.Оқыту үрдісініц логикасы мен негізгі қайшылықтарын ашып көрсетіңіз. 1. Білім алу мен оқытудың мәнін және құрылымына сипаттама беріңіз. 2. Оқыту үрдісінің тұтастығы мен циклділігін сипаттацыз.
3. Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік қызметтеріне қысқаша сипаттама беріңіз. 4. Оқытудың негізгі түрлеріндегі мұғалімнің және оқушының әрекеттеріне
5. Өз мамандығыңыздың курсыныздың бір тақырыбы бойынша танымдық мәселелік 6. "Дербес жұмыс" түсініктерінің мағынасы меп мазмұнын анықтаңыз.
Тақырып 3. Оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары 3.1. Оқытудың заңдылықтары Алдыңғы тарауда оқыту үрдісінің мәні, оның құрылымы, қызметтері, мұғалім мен оқушылардың оқытудың түрлеріндегі әрекеттері, ақыл-ой әрекеттері кезеңдік қалыптастыру және дамыта оқыту теориялары мәні қарастырылған болатын. Бұл тарауда дидактикада оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары деп аталатын оқу үрдісінің ұйымдастырудың жалпы нормалары қарастырылады. Олар мектептің алдында тұрған оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қалай шешуді, мұғалімге қандай нормативтік тәртіптерді нұскау етіп алуды керек екенін айқындайды. Алдыңғы тарауларда айтылып кеткендей, дидактика ғылым ретінде өзінің қызметтерінің бірі - оқыту процесін танып білуіне ие. Бұл танып білудің нәтижесі объективті бар заңдар мен оқыту үрдісі заңдылықтары болып табылады. Бұл жағдай соңғы жылдардағы дидактикалық жұмыстарда педагогикалық заңдар мен заңдылықтардың саны едәуір көп жасалғанын көрнекі растайды. Алайда, олардың катаң жүйесі туралы айтуға болмайды, өйткені, біріншіден, біздің ойымызша, кейбір атап көрсетілғен ережелерді заңдар мәртебесіне кіргізуге болмайды, өйткені олар ішкі емес, сыртқы, тұрақты емес, балама байланыстарды білдіреді.
|