|
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 3 pageDate: 2015-10-07; view: 611. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – еліміздің биік халықаралық мәртебесін айғақтайды. Азаттық тарихының басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үлесі орасан зор. Президентіміз дәйектеген: «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», Еуразиялық одақ, Азия кеңесі, ядролық қарудан бас тарту, Астананы көшіру, әлемдік діндер съезін шақыру идеялары Тәуелсіздік құрылысына да, Отандық тарих ғылымының ізденістеріне де соны серпін бергенін ешкім бекерлей алмайды. «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы» кітаптары – заманауи үдерістің заңдылықтары мен қиыншылықтарына жаңа әдіснамасымен бойлаудың тамаша үлгісі. Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, бұл жетістікті 20 жыл ішінде көзінің қарашығындай сақтап келеді. Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, жұмыс істеп келеді. Осылайша, Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының берік негізін қалады. “Біз билік құрудың жаңа ұстанымдарын бекіткен және азаматтардың негізгі құқықтарын қорғайтын өз Конституциямызды қабылдадық. Және біз басты жетістіктерімізге 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған Конституциямыздың арқасында жетіп отырмыз»,– дейді Президент өз сөзінде әділ мақтанышты сезіммен. Қазақстан Республикасының Конституциясы халқымыздың игілігіне, тәуелсіз еліміздің бейбітшілік пен келісіміне, береке және өркендеу жолымен одан әрі дамуына қызмет ете береді. Бүгінгі таңда еркіндік, теңдік пен татулық мұраттарынан құралған Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтары теңдігінің сақталуына және қорғалуына негіз болып, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларда қарышты дамуына, елдегі азаматтар арасындағы татулықты, бейбітшілік пен келісімді, елдің ынтымағын нығайтуға тың серпін берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы ел азаттығының айғағына, Тәуелсіздігінің тірегіне, бірлігінің қайнар бастауына, әрбір азаматтың мақтанышы мен қорғанына айналды. Осы орайда тәуелсіздік шежіресін жазып қалдырған кітаптардың рөлі ерекше. Халқымыз «Қаламмен жазылған балтамен шабылмас» дегендей, адам ойы мәңгі жасап, әр дәуірде өмір сүрген, әралуан тілде сөйлеген адамдар кітап арқылы бір-бірімен тілдесіп, сыр шертісіп келеді. «Адамзаттың бүкіл өмірі кітап бетіне қаттала берген. Адамдар, рулар, тайпалар, мемлекеттер жойылып кеткен, ал кітаптар қалған» деп, – А. И. Герцен айтқандай осы – республикалық кітап музейі – бар халықтың ғасырлар бойы сақталып қалған сирек қолжазбаларын, кітаптарының құндысын, құм арасынан қазып тауып, тірнектеп жинап, залдарға жайғастырған. Республикалық кітап музейінің құрылғанына ширек ғасырдан астам уақыт болды. Бұл рухани мұра ордасы – ежелгі кітап мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа таныстыратын, бабалар қалдырған рухани қазына – кітапты сақтайтын бірден-бір мәдени орталық. 1978 жылы қазанның 20-жұлдызында Алматыда республикалық кітап музейі ашылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап музейі. Музей қызметінің ең түпкі мақсаты – бұл музейге келген әрбір азаматтың бойына кітапты қадірлеу сезімін, кітапты үзбей оқу дағдысын дарыту кітаптың адам, қоғам өміріндегі атқаратын жасампаздық құдіретті күшіне оның көзін жеткізе түсу, ізгілік, имандылық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, халықтар мен елдер арасындағы татулық, бейбітшілік мұраттарын марапаттау мақсатына бағындырылған. Тәуелсіз Қазақстанның рухани байлығын, кітаптарын,қолжазбалар мен барлық басылымдарды халыққа көрсететін киелі орын. Тәуелсіздік жылдарында жасалған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 2003 жылдың 4-сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінде қабылданып, іске асырылуда. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты ұлттық рухты ояту. Бағдарлама тарих, этнография, фольклор, ежелгі жазба мұралар жөніндегі еңбектерді ғылыми зерттеу және сериялы басылым ретінде шығару, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалыпқа келтіру, сақтау және музейге топтастыру сол арқылы көп ғасырлық ұлттық мәдениетімізді тиянақтау. Осы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы (2004-2006, 2007-2009, 2010-2011 ж.ж.) бойынша тұңғыш рет мемлекеттік тілде жарық көріп жатқан көптеген тамаша туындылар бар. Солардың ішінде әлемдік және ұлттық еңбектер «Бабалар сөзі», «Балалар әдебиеті», «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ мәдениеті» серияларымен т. б. шыққан кітаптар музейдің қорын толықтыруда.Бағдарлама ұлттың рухани-ағартушылық және мәдени-интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдар рухында тәрбиелеу. Өйткені, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи-мәдени мұралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ролі аса зор. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай өз елің мен Тәуелсіз мемлекетіңнің болуы адамның бағы мен байлығы деп білген жөн. Биыл ел болып Тәуелсіздігіміздің – 20 жылдық мерейтойын атап өтпекшіміз. Осыған орай музейде «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл» атты көрме-кеш ұйымдастырдық. Мұнда ата заңымыздан бастап, төл тарихымыз, тәуелсіздігіміз жайында жазылған кітаптары мен суреттері қойылды. Көрме бірнеше бөлімнен тұрады: «Тәуелсіз Қазақстан – тұрақты саясат», «Экономиканың дамуы – елдің дамуы», «Тәуелсіздіктің рухани тірегі – мәдениет», «Конституция – әділдік тұғырың, мәңгілік жасайтын ғұмырың», «Төл тарихың – тәуелсіздік туың», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Әлем таныған Қазақстан», «Президенттің балалық шағы», «Елбасының еңбек жолы», «Қазақстан – 2030», «Ел ордасы – Астана», «Мәдени мұра», «Халық қаһармандары», «Шетелдегі қазақ жазушылары». Елбасымыз ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болатындығын үнемі қайталайды. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі керек. Сондықтан да Отанымыздың ертеңгі өсіп-өнуіне ғылым мен білімнің қосар үлесі зор. «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама, құжаттары» атты кітап. Тәуелсіздік алғанына 20 жылға жуықтаған азат еліміздің рухани-мәдени шежіресі іспетті еңбектің мақсаты мен негізгі міндеті тәуелсіз еліміздің мәдениет-руханият саласындағы жетістіктері мен даму белестерін насихаттау. Кітапта мемлекеттік және әлемдік деңгейдегі көшбасшымыз, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдары мәдениет-руханият саласын қолдаған Жолдаулары, сөйлеген сөздері, қаулылар мен жарлықтары, ғылым-білім, мәдениет саласы бойынша қабылданған заңдар тізбегімен өрбітіледі. «Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнгі». Кітапта еліміздің тұңғыш көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесіне басым баға бере отырып, қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды және Тәуелсіздіктің Қазақстандық жолын толық баяндайды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі Қазақстанның экономика, саясат, ғылым, мәдениет пен білім беру салалары дамуының аса маңызды жетістіктерін көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» деген кітабында Президент Н.Ә.Назарбаевтың егемен Қазақстан үшін жасаған аса маңызды жұмыстарының бірқатары атап өтіледі: – Ел Тәуелсіздікке қол жеткізді; – егемен Қазақстанның жаңа Конституциясы жасалды; – барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекаралар делимитацияланды (әрі халықаралық құқықпен заңдастырылады); – ядролық полигон жабылды; – ұлттық валюта енгізілді; – қос палаталы Парламент құрылды; – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасақталды; – жаңа астана тұрғызылды; КСРО-ның апатты түрде ыдырауына байланысты біздің алдымызға да экономикалық жүйені түбірінен өзгерту ғана емес, жалпы мемлекеттік құрылымды, оның негізгі ұстанымдарынан бастап, әрбір қазақстандықтың ойлау жүйесіне дейін өзгерту міндеті қойылған еді. Бізге өз даму жолымызды табу үшін өзіміздің неменеге ұмтылатынымызды айқындап алу қажет болды. Ақыр аяғында, 1997 жылы ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» Стратегиясы өмірге келді, ол құжат Президенттің халыққа жыл сайын Жолдау арнау дәстүрін бастап берді. Кейінгі жылдарда «Бәсекеге қабілетті ұлт үшін» және «Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу стратегиясы» елеулі құжаттарға айналды. Республикалық кітап музейі осы құжаттарды басшылыққа ала отырып, халқымызға қызмет етуде. Біз тәуелсіздік алған осынау 20 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Осы 20 жыл ішіндегі тәуелсіздік шежіресі – біздің халқымыздың ұлы тарихы. Жасөспірім буын, жастар тарих пен шежірені кітаптан алады. Кітап – мәңгі өшпейтін рухани қазына. Сондықтан да музей көрермен қауымға айқара ашқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты кітап көрмесі еліміздің ең жарқын сәттерімен жас ұрпақты сусындатады. Қазақстан 2030 Президенттің жолдауында 2030 Қаз-ың дамуына қолайлы географиялық жағдайы сияқты сыртқы фактор септігін тигізетіні аталды. Президенттің халыққа жолдауындағы 2030 пікірі бойынша Қаз. Еуразияның орталығы бола отырып Қытай,Ресей ж/е мұсылман әлемі арасындағы экономика мен мәдениеті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.Ғылыи техникалық прогресті жаппай жұмылдырупроцесі:1. ғылыи техникалық прогресті қолдау.2. ғылыи техникалық прогрес жетістіктерін өндіріске енгізу жоспарын жасау.3.біздің қоғамда жаңа технологияның дамуын топтастыру.4.дамыған капиталистік елдердің дайын техналогиясын сатып алу.5.жоғарғы білікті мамандарды дайындауы көрсетеді.Президенттің халыққа жолдауы бойынша қазіргі кездегі біздің мемлекетіміздің басты тірегі мен тұрақтандырушы факторы орта тапболып табылады.Президенттің халыққа жолдауы бойынша Республикадағы макроэкономиканы тұрақтандыру процесі дегеніміз-мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту,қатал монетарлық ж/е несие саясатын жүргізу.Президенттің халыққа жолдауы бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда темір жол транспортының рөлі зор.Президенттің халыққа жолдауы бойынша аул шаруашылығын туризм,инфраструктураны құру,жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту экономиканың тек құрылымын ғана емес,жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін де шешеді. Президенттің халыққа жолдауында тұжырымы бойынша 25 жылдан кейін жаңа ұрпақтар:әлемге әйгілі елдің патриоттары болады,біліктілігі жоғары мамандар болып,жоғары ақылы жұмыс атқарады,сондай-ақ салауатты өмір сүреді. Қазақстан – хал-қ қатнаста тәуелсіз субъект Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Казақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Еуропа Одағымен ынтымақтастық Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
|