Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 4 page


Date: 2015-10-07; view: 556.


Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады.

Мемлекеттік биліктін рәміздері:Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.

Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕРБІ – Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (24.1. 1996 ж.) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі.

Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.]Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды. Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережесі өзгертілді. Ресми церемонияларда әнұран орындалу барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын көкірегінің сол жағына қояды. Музыкасы: композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)

Монгол мем курылуы мен Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық саясаты.) Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.

Наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман » терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIIIғ-да оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біртекті бомаған. Ол түрік тілді және монғол тілді жұрттан құралады. Керейіттер батысында – наймандар, солт. – меркіттер, шығ. – татарлар, оңт. – таңғұттармен шектесті.

Керейіт тайпасының екі ордасы болған:

1. Орхон өзеніндегі – Қатынбалық;

2. Хуанхэ өзенінің иірімінде.

ХІІғ-дың 2-жарт-нда Тоғырыл хан тұсында Керейіттер ұлысы солт-те Селенганың жоғарғы бойынан, оңт-те Хуанхэге дейінгі, бат-та Ханғай таунынан, шығ-та Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Оның сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері, мәселен, Тимучин мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болды. Наймандар мен Керейіттерде іс-қазғаздарды жүргізу өте үлкен қарқынмен дамыды. Әсіресе, алым-салық жинау мен қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейіттердің христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді.Керейіт тайпаларының ыдырауына себепкер болған 1203 жылғы Шыңғыс хан шабуылы бұл тайпаның шашырауына әсер етті.

124. Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

 

Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

 

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

 

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.[1]

129.Н.Ә. НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940), мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы (1991), Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің басшысы (1992), экономика ғылымдарымың докторы (1992), профессор (1993), Халықаралық инженерлік академиясының академигі, (1993), Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі

(1994), Ресей әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995), Ресей Федерация Президенті жанындағы Ресей мемлекет қызметі академиясының құрметті докторы, Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің құрметті профессоры, Белоруссияның Ғылым Академиясының қурметті мүшесі. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу стратегиясы» (1992), «Нарық және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (1994), «XXI ғасыр табалдырығында» (1996), «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» (1994), «Тарих толқынында» (1999) және тағы басқа ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының және бірқатар шетел ордендерімен, оның ішінде "Алтын қыран" (1993) ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім.

1992 жылы Қазақстан БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық қоғамы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, дүниежүзі елдерімен тығыз байланыс орнатты.Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысқа жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі. Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын- мәжілістерде үнемі көтеріп, басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуде. Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық ұйым- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушылардың бірі және онда белсенді қызмет атқарушы ел болып саналады. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін және басқа да көрші және алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатиялық достық, ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын орнатты

 

25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.

1) Оғыз- Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.2)Қимақ- Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.


<== previous lecture | next lecture ==>
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 3 page | Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.815 s.