Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 5 page


Date: 2015-10-07; view: 766.


Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. «1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде жариялады.

89. Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына бірігуі (1920-1925жж.).

Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары

Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.

Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С.А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады» деп мойындауға мәжбүр болды.

Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды.

Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды.

1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту бағдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы каңтар) ол 186,4 есе, ал сөуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті.

Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.

Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті.

Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.

1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.

Патша өкіметінің аграрлық реформасы (ХIХ ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы

ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.) АСТАНА. 2010 ж Қаңтардың 29-ы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат ҚР Президенті Жолдауының толық мәтінін ұсынды.Президенттің айтуынша, республикаға бірінші кезекте экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау, содан кейін инфрақұрылымды жетілдіру, индустриализацияны арттыру арқылы тұрақты экономикалық өсімге алып шығу, адам ресурссын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды сапалы әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету қажет.«Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қытай, Үндістан секілді басқа, экономикасы қарыштап алға басып келе жатқан мемлекеттердің қарқыны сияқты Қазақстанның экономикасы да көтерілді», – деді президент.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруды бастағандығын атап көрсетті.Сонымен бірге, президент 2010 жылдан бастап Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылатын трансферт көлемі 8 млрд доллар болатындығын мәлімдеді. Назарбаевтың айтуынша, «бұл трансферт, ең бірінші кезекте, индустриализацияны жүзеге асыру мақсатына жұмсалуы тиіс. Ұлттық қордан бюджетке басқа да қарыздар, қосымша трансферттер бөлінбейді».Назарбаевтың жоспары бойынша, «2020 жылы Ұлттық қордың активтері 90 млдр долларға дейін өсуі тиіс, бұл ІЖӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайды».Президенттің жолдауын тыңдаушылар бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі туралы хабарды қуана қарсы алды. Оның айтуынша, өткен жылғы экономикалық өсімнің жақсы болуы бюджеттегілердің айлығын үш ай бұрын өсіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін бюджет саласындағылардың жалақысы 2010 жылы 1-шілдеде көтеріледі деп жоспарланған еді.Қаралған мәселелер:1.2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру - ел дамуының аса маңызды шебі;2. Дағдарыс кезеңі - дұрыс шешімдер қабылдау уақыты;3. 2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол;4. Адам - елдің басты байлығы;5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы;6. Сыртқы саясат

Ресейдегі Ақпан төңкерісі

1917 жылы Ресейдегі Ақпан буржуазия-демократиялық революция және оның Қазақстан үшін мәні. 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық т

өңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.

Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).

8. сақтардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.

9. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті

Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды. Сақтардың зергерлік өнері жоғары дәрежеде жетілдірілді.Әсіресе ойып жасған бейнелер мен әндік бұйымдар алтынмен аптау ісі кең тарады.Зергерлік өнердің тамаша туындылары Есік және Шырық Раббат қоныстарынан табылды. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған.Сақ діни нанымдармен ғұрыптардын негізгі бағыты ата баба аруағына сиыну . Арнайы улық зираттарға мәйтпен қоса ,рның дүние мүлкңн бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сиынып , о дүниеде қайта тіріледі деп сенген. Мәйітті сақтау үшін бальзамдау мен мумиалау әдісін қолдана білген. От пен күннің символы мәйіттерге қызыл бояу, ал қабір басына от жағу.Сақтардын б.з.б VII от храмдарын археоогтар Жетусудан тапқан. Сақ заманында анимизм, тотемизм және маия секілді ең ежелгі діни ұғымдарға сенген. Отырықшы сақтар жерді киелі деп санаса,көшпелі сақтар күнге,отқа табынған.

7.сақтардың саяси тарихы. Еразия тарихындағысақтар

Сақтар парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 519-518 жж.сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Сақтардың тағы бір беті Александр Македонскиймен жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з.д. 330-327 ж. А.Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді,ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.


<== previous lecture | next lecture ==>
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 4 page | Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 6 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.383 s.