Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 6 page


Date: 2015-10-07; view: 675.


Байтақ дала мен тау алқаптерын игеру дәуірі,мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы ж/е оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.

Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы да кең дамиды,ол әсіресе Батыс ж/е Оңт.Қазақстанның далалық ж/е шөлейт аудандарында өркен жаяды.Түйе мініс ж/е жүк көлігі есебінде пайдал/ды,оның жүні,еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетіне өтейді.

Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары,арпа, бидай еккен. Оңт.Сырдария алқабында сақтардыңШірік-Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістерді жарма тартып суарып отырған.

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған деп болжай жасай аламыз:олар-жауынгерлер(жауынгердің ежелгі үндіирандық аты «арбада тұрған», «ратайштар»);абыздар жігі-олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған;қауымшыл сақтар, «сегізаяқтар» жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі.Аты аталған осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған.Жауынгерлерге-қызыл және сары-қызыл,абыздарға-ақ,қауымшылдарға-сары мен көк түстер таңдалып беріледі.

Археологиялық материалдар сақ қоғамының жіктерге немесе топтарға бөлінгенін дәлелдеп беруде.Бұл ең әуелі өлік қойылатын обалар көлемдерінің айырмашылығынан байқалады.Бесшатыр қорымын қарағанда,орасан зор обалардың-көсемдердікі,орташа обалардың-жауынгерлердікі,уақ обалардың-қауымның қатардағы мүшелерінікі екендігі бірден анық көрінеді.

10. Сақтар туралы жазбаша деректер.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, исседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.Квинт-Квирций-Руф сақ тайпаларының көктен түскен сиқыры жайлы жазба деректер қалдырған.

87."Соғыс коммунизм" саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.) Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 20) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық ш-н Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл ш. өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемл.-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аум. 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 28 ж. қазақ а-дарында 1370 мың га шабындық, 1250 га егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 28 ж. республикада халық ш-н қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл ш-н ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экон. дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық). Iрi соц. егiн ш-н құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiк қоры болып табылатын дәстүрлi мал ш. қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi.

101. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.

КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

120. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі

Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республткалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар-халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, халықтық-кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия, т.б құрылды.

Келешекте Қазақстандағы саяси партиялар сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі өзгеріске ұшырағалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Параментінің 20020ж 26маусымда «Саяси партиялар туралы» Заң қабылдауына байланысты туындады. Бұл заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, респуьликалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кем дегенде 700партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Осы заңда атап көрсетілгендей, мұндай нормалар қоғамдағы плюрализмді қорғайды және ынталандырады. Бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, оларды құрудың және қызметінің тәртібін, барлық саяси партиялар үшін міндетті жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сөйтіп, бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір-бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы д.а болды.

18. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.

5 ғ. Қаз-н, Орта Азия, Шығыс Европа аумағында түркі тілдес халықтар өмір сүрді. 546 ж. Алтайдағы бір соғыста 50 мың теле тайпасы жеңіліс тапты. Қалдығы түріктерге қосылып кетті. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542ж-ғы шежіресінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді.

19. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.

Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.

Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.

Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.

Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.

Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.

“Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.

Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.

Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі – Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).

Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.

Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.

Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.

Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған.


<== previous lecture | next lecture ==>
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 5 page | Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 7 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.11 s.