Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 7 page


Date: 2015-10-07; view: 629.


Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

23. Түркеш қағанаты.Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.

36. таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.

10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды. Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады. 7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды. 10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды.

Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға , от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады.

Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады.

Тәуке ханың тұсындағы қазақ хандығы.

Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық билік құрған.

Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.

Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз.

Тәуке ханның заманында оның саясатына сәкес тыныштық пен бейбітшілік орнады, дегенмен жаугершілік заманда, ел басына күн туған сәттерде ол өзінің қолбасшылық дарыны мен батырлығын да таныта білді. 1689 және 1702 жылдардағы ойрат-жоңғарларға жасалған жорықтар, сондан кейін 1711, 1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктей басып кірулерін тоқтату арқылы ол кісі көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған.

Соның ішінде Тәуке хан халық жадында күні бүгінге дейін асқан кеңмеңгер, дана ақыл иесі ретінде де сипатталады. Соған орай ол кісінің есіміне Әз (данышпан) сөзін жалғап, Әз-Тәуке деп атайды. Халықтан «Әз» атағын иемденген Қазақта тек екі хан болған - Әз-Жәнібек және Әз-Тәуке хандар. Соның ішіенде Әз-Жәнібек Алтын Орданың ханы болса, Әз-Тәуке Қазақ Ордасының ханы.

 

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды. «Ликург» деген бір кезде ежелгі Грекияда көне Спартаның ақылгөй Заңгері болған, сондықтан ақылды, көреген қайраткерлердің бәрін Еуропалық ғалымдардың «Ликург» деп атауы қалыптасып кеткен. Тәуке ханды бұлай сипаттаған кейінгі зерттеуші Еуропалық ғалымдар.

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.

XVІІІ ғасырда Есіл өзеннің жібек шалғынды көкорай жағасындағы Күйгенжарда (Астана қаласынан 10 шақырым жерде) атақты Салқам Жәңгірдің баласы Әз Тәуке ханның ордасы қоныстанған. Себебі, жоңғарлардың тегеуірінді бір шабуылы Түркістанды уақытша амалсыз қалдыруға мәжбүрледі. Сарыарқаның айтулы сайыпқырандары мен сайраған әділетті билері қанжығалы қарт Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, бәсентиін Малайсары, қыпшақ Қошқарбай, қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жыраулармен ел тағдыры мен жер тағдырын ойлап кездесуге мейлінше қолайлы жер еді.

Қан кешуде болашағын болжағыш көреген, кемел ойлы Әз Тәуке хан дала даналары үйсін Төле би, алшын Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек билермен ақылдасып, қазақ елінің құқықтық-конституциялық құжаты “Жеті жарғыны” дүниеге әкелді. Кейін қазақтың Сәмеке ханы Қоқан мен Бұқараның үздік шебер құрылысшыларын жинап әкесі Тәуке хан зираты қасында Есілдің шұрайлы жерінде қала соққан дейтін аңыз бар. (Ақмола округінің ең соңғы аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы Сәмекенің немересі, Тәуке ханның тікелей ұрпағы). Туған елінің ой-тілегінен шыққан Тәуке ұрпақтарының бірі Абылай еді. Ол осы ата жолынмен қырық сегіз жыл Сарыарқа төрінде отырып қуатты мемлекет құрды.

Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, жасы ұлғайған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болған.

Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр.

11Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.

Үйсіндердің мемлекеттік құрылыс б.з.д. І мың. Аяғында Жетісу, Тянь Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде Үйсін елі аталды. Алғашында олар Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан моңғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында Күнбек титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мем. Құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемл. Айналды. Үйсін этнонимі бүгінгі күнге жетті, Қаз.дың Ұлы жүзінің бір руы аталады.Кангюй атауы, қытайша Канцзюй алғашқы рет деректерде б.з.д ІІ ғ. Кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді,ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемл. Сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Халқының этникалық сипаты әлі де күрделі сұрақ, қай тілде сөйлеген туралы жоқ мәлімет. Бернштамның пікірінше, олар түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з. І ғ. Ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпал. Келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен.

17 Ұлы Түрік қағанаты

Түрік қағанаты 552-603ж 6ғ басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай,Сібір,Монғолия жерінде түрік тайп-ң үстемтап өкілдері бірігіп күшті әскер күшіне сүйенген түр.қағ атты феод-қ мемл.құрды.Түр.қ жері солт.Монғолиядан бастап Шығ.Еуропаға дейінгі өңірге дейін Әмударияның Солт.жағ-на дейін жетеді.

6ғ-да құдіретті держава билеу-рі түрік тайп-ң ашин руынан шыққан түр.қ билігіне түсті.Түрік этнонимы қытай жылн-да кездеседі.

546ж-терек тайп-ы қазіргі Монғолияның оңт-і мен Орт бөліктерін мек-ген ж/е бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға жорық жасады.Түр.қ бумын,терек армия-на шаб-л жасап,жеңіске жетті.553ж-Бумын қағ.қаза тауып,орнына Қара еске отырды.

603ж-қағанат 2-ге бөлінді.Батыс түр.қ (603-704ж)-Шығ.т.қ-на(682-744ж) тәуелді болды.Билік түр-ң қаған руы ашиналардың қолында болған.Бат.т.қ орт-ғы-Суяб(Жетісу).Аумағы:Қаратаудың шығ.бурайынан Жоңғ-ға дейінгі жерді алып жатты.Жоғ.лауазымдар-ябғу.Сот қызм-ін бұйрықтар мен тарқандар атқарды.Бектер тайпа баст-ры мен өкілдері,жерг-і жердегі ақсүйектер сословие болған.

Түргеш(704-756ж)Орта Азияның Оңт.шығ-да Шаш(Ташкент)қаласынан.6ғ Тянь-Шань таулы айм-да өмір сүрген.7ғ Жетісуда қоныс аударып,бат.түр.қ сол қанат-ң құр-на енген.Бат.т.құр-на енген ең көп тайпа Үшелі қаған 20әкімшілік айм-ға бөлініп,әр айм-та 7000нан әскер ұстады.

33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы


<== previous lecture | next lecture ==>
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 6 page | Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.798 s.