|
Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери 9 pageDate: 2015-10-07; view: 600. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді. -бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. -көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. -Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтармен артельдерҚазақстанға көшірілді. Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді: Көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды:Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Орал,Семей. Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942жОдақта өндірілген: -қорғасынның 85%-ын, -көмірдің 1/8 бөлігін, -молибденнің 60%-ын, Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді. Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағылтемір жолы,Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т.б 127 Ұлттық бір лік туралы Доктрина Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығарды. доктрина орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік ұлттық саясаттың негізі .оның негізгі ережелері біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына, енген болатын. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің доктринаны қабылдау туралы бастамасы дер кезінде қолға алынған өзекті дүние екенін атап кө Қазақстандағы Ассамблеясының ХIҮ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасының жобасын дайындауды тапсырған болатын. Осы дайын болған жобаны көпшілікке талқылауға ұсынылып отыр.Жобада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық қатынастарын нығайту мәселесі қозғалып отыр. Бұл дегеніміз Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік- саяси және рухани –адамгершілік қызметінің негізі болатын құжат болып отыр.Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар этносаралық іс-қимыл институттарын нығайтуға, тіл саясатына, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау салаларын қозғап отыр. Соның ішінде басым бағыт ол болашаққа арналған ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық жас ұрпақын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеуде мектеп басты роль атқарады. Осы бағыттарда мектеп алдына қойған бірқатар шаралары да қабылданған екен. Соның ішінде өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» оқу курсын қолдаймын. Бұл жоба дамып келе жатқан бірлігі мен білімділігі артқан Қазақстан халқы үшін дер кезіндегі ұсынылған жоба ретінде менде өз қолдауымды көрсетемін. 76. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары. Ш.Уалиханов. Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды. 78. Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.
|