|
ЖЫЛДАР МЕН ГАСЫРЛАРDate: 2015-10-07; view: 569. 32. VI-XI ғ. Қазақстан территориясындағы мәдениет пен ғылымның дамуы Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалар және оның ролі (VI-XIIғ.).Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1 Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәге. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. 17ғ-да қаз-ндағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феод. алауыздықтар күшейе түсті. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққы берілді. Оңт-те іс жүзінде табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын Мұхаммед өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 612ж қазақ әскерлерінің Бұхара түбіне шапқыншылық жасауына жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жерлеріне жорық ұйымдастырып Түркістан аймағын(Ашпара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін) басып өтті, сүйтіп оның бірнеше қалалары мен елді мекендерін тонады. 1627ж Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірде бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болды. 1635ж жоңғар хандығының құрылуына байл-ты ойраттардың Ертіс маңына және Жетісудағы қазақ жерлерін жаулап алу қаупі арта түсті. 1644ж Жалаңтөс батыр басқарған Самарқандтық әскерлермен бірге жауға аттанған Жәңгір хан жоңғар қолдарының бірін тас-алқан етіп жеңді. 17ғ-ң 30-жылдары қонтайшы Қалданның басшылығымен жоңғар әскерлерімен Жетісу мен Оңт-Қаз-ға басып кірді. Бірнеше қазақ ұлыстары талқандалды, 9 қала жаулап алынды. Түкпе жазба материалдар солардың арасынан Сайрам, Манкент, Қараспан, Шымкент, Ташкент т.б. қалаларды айтады. Тәуке хан билік еткен кезде қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы жоңғарлардың сауда жолдарын кесіп тастады. Бейібіт халықтың шаруашылығына үлкен зиян тигізді. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. 17ғ-да қаз-ндағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феод. алауыздықтар күшейе түсті. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққы берілді. Оңт-те іс жүзінде табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын Мұхаммед өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 612ж қазақ әскерлерінің Бұхара түбіне шапқыншылық жасауына жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жерлеріне жорық ұйымдастырып Түркістан аймағын(Ашпара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін) басып өтті, сүйтіп оның бірнеше қалалары мен елді мекендерін тонады. 1627ж Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірде бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болды. 1635ж жоңғар хандығының құрылуына байл-ты ойраттардың Ертіс маңына және Жетісудағы қазақ жерлерін жаулап алу қаупі арта түсті. 1644ж Жалаңтөс батыр басқарған Самарқандтық әскерлермен бірге жауға аттанған Жәңгір хан жоңғар қолдарының бірін тас-алқан етіп жеңді. 17ғ-ң 30-жылдары қонтайшы Қалданның басшылығымен жоңғар әскерлерімен Жетісу мен Оңт-Қаз-ға басып кірді. Бірнеше қазақ ұлыстары талқандалды, 9 қала жаулап алынды. Түкпе жазба материалдар солардың арасынан Сайрам, Манкент, Қараспан, Шымкент, Ташкент т.б. қалаларды айтады. Тәуке хан билік еткен кезде қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы жоңғарлардың сауда жолдарын кесіп тастады. Бейібіт халықтың шаруашылығына үлкен зиян тигізді. 47.XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі. Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежіреге енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар – қазақ жасақтарының бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халықтар- алым-салықты төлеп, міндеткерліктерді өтеушілер. Құлдар- ең құқықсыз әлеуметтік топ. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады. 51. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. XVI Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және бекітуі: Ақназар, Тәуекел, Есім Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы. Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты. Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті. Тәуекел хан Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырғанда, елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады. Қазақ сұлтанының қызметіне риза болған Абдаллах хан сұлтанға өз әкесі Ескендір ханның сүйікті иелігі Самарқанға таяу маңдағы бір уәлаятын сыйға береді. 1582 жылы Ходжентке жақын Күмішкент атты елді мекенде Шығай хан қаза табады. Келесі 1583 жылы Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтар жолда Абдаллах ханнан сезіктенген Тәуекел хан атының басын Дешті Қыпшаққа бұрады. Оның мынадай екі себебі бартын. Өзінің қарсыластарын түгелдей дерлік жойып тынған Абдаллах ханға ендігі уақытта, әрине, Тәуекел хан сияқты одақтастың керегі жоқ-ты. Оның үстіне, Жошы тұқымы Тәуекелдің де Мәуереннахр тағынан үміттенуі ықтимал еді. Бүл кезде Тәуекел ханның Бұхара билеушісінің Түркістан мен оның төңірегіндегі калаларды беру туралы уәдесін орындаудан бас тартқанына әбден көзі жеткен болатын. Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған-ды. Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Өзінің батыс шекарасындағы көршілерімен қызу саяси күрес жағдайында тұрған Ресейдің бұл кезде Орталық Азия мәселелерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ еді. Соған қарамастан, осы кезеңнің өзінде-ақ Ресей үкіметі Қазақ хандығы және Орталық Азиядағы саяси жағдаймен тұрақты айналысып, үлкен мүдделілік таныта бастайды. Сібір хандығы 15 ғасырда-16 ғасырда. Сібір хандығы — 15 ғасырда Орыс патшалығына барған бұл алғашқы елшілік Тәуекел хан күткендей нәтиже берген жоқ. Біріншіден, орыс патшасы Сібір хандығы сияқты Қазақ хандығын да өз құзырына алмақ ойы бар емеурінін жасырмай ашық айтты. Екішіден, орыс патшасы егер Тәуекел хан ұлы Үсейін ханзаданы Мәскеуге аманатқа жіберсе ғана Оразмұхаммед сұлтанды қайтаратындығын білдірді. Үшіншіден, патша Тәуекел ханды орыс патшалығының қол астында үйіріп, оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісі мен және Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді. Құл-Мұхаммед елшілігіне келуат ретінде Мәскеуден Тәуекел ханға аудармашы Вельямин Степанов жіберіледі. Қазақ хандығы мен орыс патшалығы арасындағы елшілік қатынас осылай басталады. Тәуекел хан 1598 жылы қауырт түрде шайбанилықтарға жорыққа даярлық жасай бастайды. Тәуекел хан мен оның бауыры Есім сұлтан бастап Алатау етегіне жиналған қазақ қолының саны жүз мың адамға жуық еді. Тәуекел ханның бұл жолғы жорығы нәтижелі аяқталады. Қысқа мерзім ішінде Тәуекел Түркістанды, Ташкентті және Ферғананы өзіне қаратады. Дегенмен Тәуекел ханның бүкіл Мәуереннахрды алып, құрамында шайбанилықтар мемлекетінің де жері бар жаңа мемлекет құру әрекеті іске аспай қалды. Ташкент қаласы осыдан бастап екі жүз жыл бойы Қазақ хандығының құрамына енді. Бұл аталған аймақтардың Қазақ хандығы кұрамына енуінің казақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріне ықпалы, мемлекетаралық шекараның тұрақты сипат алуына әсері үлкен болды. Түркістанның Қазақ хандығының негізгі орталығына айналуы казақ қоғамына ислам дінінің таралуына, сол арқылы қазақта жаңа рухани ахуал қалыптасуына аса қажет маңызды алғышарт болды.
|