Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 14 страница


Date: 2014-03-21; view: 1579.


Білім көздері бойынша оқыту әдістерін жіктеудің қысқаша сипаттамасы осындай. Оны педагогикалық әдебиеттерде бірнеше рет және жеткілікті түрде сынады. Оның басты кемшілігі бұл жіктеудің оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің сипатын көрсетпеуінде деп саналуында. Дегенмен де бұл жіктеу тәжірибелі мұғалімдер мен ғалым-әдіскерлердің арасында кеңінен қолданылып келеді.

Оқыту әдістерін жіктеу авторларының еңбегі мектепте оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану қажеттігінен тұрады - мұғалімнің білімді жүйелі түрде баяндауы, кітаппен жұмыс, ауызша, жазбаша жұмыстар және т.б.

Бірақ та оқыту әдістері негізіне оқытушы мен оқушы іс-әрекеттерінің сыртқы формалары ала отырып, оқу үрдісіндегі ең маңыздысы - білімді игеру сапасы мен ойлау қабілеттерін дамытатын оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сапасын естен шығарып алды. Соңғы онжылдықтағы педагогтар мен психологтардың теориялық зерттеулерінің нәтижелері білімді игеру мен іс-әрекеттің тәсілдері үш деңгейде өтетінін растайды: саналы түрде кабылдау және сырт пішіні бойынша оку материалын ашудың түп нұсқасына дәл әрі жақын келетін есте сақтау; білімді қодану деңгейі мен үлгі немесе ұқсас жағдайдағы іс-әрекеттің түрлері; білімді шығармашылық деңгейде қолдана білу мен іс-әрекеттің түрлері;

Оқыту әдістері меңгерудің барлық деңгейін қамтамасыз етуге қызмет жасайды. (Ресей педагогикалық энциклопедиясы, Т.І., 1993.567 бет)

Осыдан барып, педагог-ғалымдар жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап-ақ, жоғарыда көрсетілген оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері мен іс-әрекеттерінің тәсілдерін ескере отырып, оқытудың әдістерін жіктеу мәселелерінің тәжірибелеріне көбірек көңіл бөле бастады.

XX ғасырдың 60-жылдары білім беруде танымдық ойындар
Дидактикалықкеңінен қолданыла бастады. Кейбір ғалымдар оны оқытудың

ойындар- практикалық әдісіне жатқызады, ал басқалары оны ерекше топқа

оқыту әдісіжатқызады.Танымдық ойындарды әдістерден бөліп, ерекше

топқа жатқызу біріншіден, олардың көрнекілік,сөздік және практикалық әдістердің әлементеріи ала отырса да, олардан тыс екендігінде, ал екіншіден, олардың өзіне тән ерекшеліктерінде болып табылады.

Дтдактикалық ойын - оқушылардың өздері шешімдерін табатын, моделдейтін, арнайы ситуациялар құру. Ойынның басқа іс-әрекеттен айырмашылығы оның негізі адам өмірінің іс-әрекеті екендігінде. Дидактикалық ойынның негізі оқу іс-әрекетінің ойынмен жалғасуы және ойын мен оқу іс-әрекеттерінің біріккен сипатына ие.

Дидактикалық ойындар — оку іс-әрекетіне бағытталған әрбір қатысушы және топ тұтастай бір міндетті шешуге біріккен және де жеңіске жетуде өздерін қадағалайтын ұжымдық ойын.

Оқыту мақсатындағы ойынды оқу ойыны деп атауға болады. Оның негізгі элементеріне мыналар жатады:

- оқу әрекетінің моделденетін объектісі;

- ойынға қатысушылардың біріккен әрекеті;

- ойын шарты;

- өзгерген шарттарда шешімдер қабылдау;

- қолданылған шешімнің тиімділігі;

Дидактикалық ойынның технологиясы - бұл мәселелік оқытудың нақты технологиясы. Мұнда ойын түріндегі оқу әрекеті мынадай қасиеттерге ие: онда оқушылардың танымдық іс-әрекеті өзіндік әрекет етуге ие және ақпарат іс-әрекеттің өзінің нәтижесі болып табылады.

Дидактикалық ойындар циклі мәселені шешу үрдісінде оқу іс-әрекеттерінің үздіксіз жүйелілігінен тұрады. Бұл үрдіс шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлінеді:

-өзіндік сабақтарға дайындалу;

- басты міндетті қою;

-объектіні имитациялау моделін таңдау;

-оның негізінде міндетті шешу;

 

-тексеру, түзету;

-оның нәтижелерін бағалау;

-бар тәжірибелермен алынған нәтижелерді талдау мен жинақтау;

- жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс;

Дидактикалық ойындар оқытудың әдісі ретінде оқытудың белсенділігін арттырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие. Сонымен бірге мектеп тәжірибесі және өткізілген тәжірибелердің нәтижелері дидактикалық ойындардың оқытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр.

Оқыту әдістерін жіктеудің М.Н Скаткин мен И.Я.Лернер
Оқушылардыңұсынған түрі кеңінен тараған. Олар оқыту әдістерін

танымдықоқытылатын материалдарды игеру үшін жасалатын

әрекеттерініңоқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай

сипатынатүсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, мәселелі баяндау,

қарай оқытужеке-іздестіру мен зерттеуге бөлуді ұсынады. Бұл жіктеу

әдістерін жіктеужоғарыда көрсетілген әдісті анықтаудың теориялық деңгейіне

сәйкес. Мұнда әдістер саны қатаң шектелген және теориялық білімді сипаттайды: ғылыми танымды осы және басқа объектілерге пайдаланады, шексіз көп қасиетті объектілерді шектеулі белгіленген қасиеттер, байланыстар мен қатынастары бар объектілерге айналдырамыз.

Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған білімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдыны қалыптаспайды.

Репродуктивті әдісоқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімнің тапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.

Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұрады, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетті орындаудан тұрады.

Мәселелік әдістің мәнімұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын қарама-қарсылықтарды аша отырып, көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады.

Оқушылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақындауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәлелелі тапсырманы бірнеше бөлікке бөлуінен, ал оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады. Әрбір қадам шығармашылық әрекетті талап етеді, бірақ мәселені тұтастай шешу әзірше мүмкін емес.

Осы мақсатты шешуде оқытудың зерттеу әдісіқолданылады. Ол білімді игеруде шығармашылықты қолдануды ұсынады.Оқушылар ғылыми танымның әдістерін игеріп, зерттеу іс-әрекетітінің тәжірибесін қалыптастырады. Оқыту әдістерінің әртүрлілерін қолданғанда мұғалім мен оқушының әрекетін танымдық әрекеттің деңгейлері бойынша жіктеліп жалпы түрде мына кестедегідей етіп көрсетуге болады.

 

Әдістің қысқаша мазмұны   МҰҒАЛІМІҢ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ
1.Түсіндірмелі -көрнекілік әдіс (Ақпараттық-рецептивтік) Әдістің басты бағыты оқушының ақпаратты оқу құралдарын хабарлау арқылы игеруінұйымдастыру және жақсы қабылдауын қамтамасыз ету. Түсіндірмелі — корнекілік әдіс-оқушыларға адамзаттың жүйелі тәжірибесін берудің бірден-бір үнемді жолы.   1 .Оқу ақпаратын әртүрлі дидактикалық құралдарды қолдану арқылы жеткізу: сөздер, түрлі құралдар, оның ішінде кино және диафильмдер, т.б. Оқушы талқылауды, әңгімелесуді, тәжірибе алмастыруды кеңінен қолданады 1. Оқушының әрекеті берілген ақпаратты қабылдауға, оймен саралауға және есте сақтауға негізделеді
2. Репродуктивтік әдіс Әдістің басты бағыты — алған білімді қолдану мен пайдалануды білу және дағдыны қалыптастыру.   2. Әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану, құрастыру жэне түрлі құрылымдар мен бағдарламаланған түрде оқытуды пайдалану 2. Оқушы әрекеті әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды орындау амалдарында ие болуға, практикалық іс-әрекет алгоритмге сүйенуіне тура келеді.
3. Мәселелі әдіс (мәселелі шығарма) Әдістің негізгі мақсаты -менгеретін оқу материалында әртүрлі мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашуды көрсету.   3. Мәселердің жіктелуін оқушы алдына қойып, болжамдық көріністің тәсілі және оның тексерілуі тиіс. Тәжірибе жүргізу барысында оған мәселе қою, логикалық ой тұжырымдау кіреді. Және де оқушы сөзбен, ой тұжырыммен, тәжірибе көрсеткішімен бақылау, талдау және т.б. қолданылуы мүмкін. 3. Оқушылардың әрекеті қабылдаумен ғана шектелмейді, дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтау , бірақ дәлелдеудің логикасын бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі (мәселе, болжам, дәлелдеме көрсеткіші немесе қозғалған ұсыныстың жалғандығы т.б)  
4. Жеке ізденістегі әдіс немесе эвристикалық әдіс Әдістің негізгі бағыты -оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қоюы жәэне мәселені шешу.   4. Оқушылардың мәселені қалыптастыруды, оларға дәлелдеуді көрсетуді, келтірілген мәселеге шешім қабылдатуды, негіздерге жоспар құрғызуды үйрету болып табылады. Оқушы эвристикалық сұхбаттарды кеңінен қолданады, жүйелі түрде өзара байланысты сұрақтарға талап қоятын әр қадамы мәселенің шешілуіне себеп болады 4. Оқушының әрекеті белсенді эвристикалық сұхбаттарда қалыптасады да мәселе қою және оны шешу жолын табуды меңгеру барысында оқушы белсенді қатысады және т.б.  
5. зерттеушілік әдіс. әдістің негізгі бағыты ғылыми-таным әдісімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті оәдағыдай қамтамасыз ету 5. Оқушыларға жаңа мәселелерді ұсыну, зерттеу тапсырмаларын жасауды тапсыру және т.б.   Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.

Осы жіктеуге сәйкес оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленеді (Российская педвгогическая энциклопедия. М., 1993. Т.1. с.567).

Сонымен, оқыту әдістерінің осы жіктемесіне сәйкес олар бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының түрлерін меңгергендегі танымдық әрекетінің сипатымен және оқушылардың осы түрлі әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімнің әрекетінің сипатымен ажыратылады.

Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері кездеседі. Мысалы Ю.К.Бабанский оқыту үрдісін тұтас негізде мынадай үш топқа бөледі:

1. Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және атқару әдістері:

а) сөздік жөрнекілік және практикалық (оқу ақпаратын беру және қабылдау
аспектісі);

б) индуктивті және дедуктивті (логикалық аспект);

в) репродуктивті және мәселелі -ізденістік (ойлау аспектісі);

г) өзіндік жұмыстар және мұғалімнің басшылығымен болатын жұмыстар;

2. Ынталандыру мен мотивация әдістері:

а) оқуға қызығушылық;

б) оқуда міндет пен жауапкершілік.

3. Оқытуда бақылау мен өзіндік бақылау әдістері:
а) ауызша, жазбаша, зертханалық-практикалық.

Қазіргі таңда оқыту әдістерін жіктеуге көзқарастың көпшілігі объектіні зерттеудің күрделілігімен және қоғам алдындағы міндеттердің маңыздылығымен айқындалады. Жаңа талаптарға сәйкес ғалымдар мен мұғалімдер осы міндеттерді шешуде оқытудың ең тиімді, жақсы әдістерін іздестіруде. Міне, сондықтан да оқытудың әдістерін жіктеуге барлық көзқарастарды бағалай отырып, көптеген дидактиктер мен әдіскерлердің ізденістері мен ұсыныстарын оқыту үрдістерінде қолдану керектігі бүгінгі таңда дұрыс әрі қажет екендігін айта кету керек. Бұл ізденістер: а) енжар білімдердің белсенді қызметтерін жандандыру; б) жаңа білімдер меңгеруге және оларды практикада қолдануға итермелейді. Бұл ретте оқыту әдістерінің түрліше жіктеу оқушылардың оқытудағы оқу-танымдық әрекетіне септігін тигізетін түрліше мүмкіндіктері бар екені айта керек. Білім көздері бойынша жіктелген әдістер оқушыны оқу міндет деп түсінуге бағыттайды. Танымдық әрекет негізінде жіктелген оқыту әдістері оқушыларды мәселелік - танымдық міндеттерді шешуге, оқу танымында қиындықтарды жеңуге мақсатқа жетуге ұмтылуға, үнемі ізденіс жолында болуға, табыс, қуаныш сияқты сезімдерге итермелейді. Сабақта оқушылардың интеллектуалдық көңіл-күйін қолдау мақсатында түрліше тәсілдер қолданылады. Олардың тәжірибесі мұғалімдердің практикасында көп тараған дарын атайтын болсақ, олар мыналар: сезімдік-адамгершілік жағдаят туғызу, ойындық-қызығушылық жағдаят келтіру, табысқа жету жағдаятын жасау, таңқалу тәсілдерін, тәжірибелерді кейбір табиғи құбылыстарды ғылыми және тұрмыстық талқылауларды қарсыластыруды оқу үрдісіне еңгізу және басқалар.

5.3. Оқу әдістерін таңдау

Педагогика ғылымында мұғалім тәжірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдайлары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты. Оқу әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:

-оқу, білім беру тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұсқауларының жалпы бағыттарына; - осы ғылымының және оқытылатын пәнінің, тақырыптарының мазмұнының және әдістерінің ерекшеліктері;



- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық
әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарында;

- нақты сабақ материалының мақсаты мазмұны мен міндеттеріне;

- материалды оқып үйренуге берілген уақытына;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;

- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік, және даму) оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне;

- құрал-жабдықтардың, көрнекі құралдардың, техникалық құралдардың болуына;

- мұғалімнің ерекшеліктер мен мүмкіндіктерін, практикалық және теориялық

дайындық пен әдістемелік шеберлігіне, байланысты.

Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше шешімді, яғни: ауызша, көрнекті немесе практикалық нақты таңдау әдістерін, өзіндік жұмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдістерін, ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды;

Дидактикалық мақсатқа байланысты, мұғалім оқушыларға екі жолмен мұғалімнің бұл білімдерді өзі оқытуы мен, оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы білім бере алады.

Бірінші жолда оқушыларды мазмұндаманы тыңдауға дайындау керек болады. Мазмұндама кезінде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарда алған материалдарына жүгінеді. Мазмұндама әр-түрлі объектілерді, суреттерді, тәжірибелерді көрсетуімен бірге өтуі мүмкін.

Бұл уақыт аралығы шешімдерінің жиынтығы нақты оқу әдістерінің бірін таңдау шешімін білдіреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары

1. Оқыту әдістері мен оқыту тәсілдерінің бірдей, ұқсас еместігін көрсетіңіз

2. Оқыту әдісі, әдістемелік тәсіл түсініктеріне анықтама беріңіз.

3. Оқыту әдістерін жіктеудің негізгі бағыттарын ашып көрсетіңіз. Өз әріптестеріңізге мына сұрақтарға біртіндеп жауап бере отырып, оқыту әдістері жүйелі курсын оқып-үйрену барысында айтып беріңіз;

а) жүйенің бастапқы қағидалары қандай?

б) оқыту әдістерін жіктеудің негізіне қандай ұстаным алынған?

в) әрбір әдістің қызметкері мен мәні қандай?

г) оқу үрдісінде оқыту әдістері қалай жүзеге асады?

Оқығанды оның, логикалық және сенімді түрде айтып бергеніңізді тексеріңіз. Лекцияда болмаған осы тақырып бойынша және осы тарауда оқылмаған материалды студетке айтып беруге тырысыңыз.

4. Өз пәнің бойынша бір мэәні түсінікті меңгерудің үш деңгейіне арналған
тапсырмалардың үлгісін кұрыңыз.

5. Нақты сабақ материалында оқыту әдістерінің түрлерін қолданып оқушыларды белсенділендіру жолдарын көрсетіңіз.

6. Бір оқу пәнінде оқу әдістерінің түрлерін кешенді түрде пайдалану жолын көрсетіңіз.

7. Оқыту әдістерін таңдаудың шарттары қандай?

8. Неге бірде бір әдісті әмбебапты түрде қолдануға болмайтынын дәлелдеңіз.

9. Жаңашыл педагогтар өз жұмысында қандай оқыту әдістерін қолданады? Сіздің ойыңызша, олардың тәжірибесіндегілерді жинақтауға және таратуға бола ма? Педагогтың жеке тұлғасының жетістігі неде деп ойлайсыз?


Тақырып 6. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ

6.1. Оқу құралдары туралы түсінік

Оқу қүралы дегеніміз-бұл жаңа білімді түсіну үшін
Оқу қүралдары оқытушы мен оқушының үрдісінен бөлек болады

туралы түсінік және және оқу үрдісінде қабылдау пәні ретінде немесе

оларды жіктеу басқа қызмет ретінде қатысады.Оқу құралдары мен

әдістері бір-бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікке қолданылады, сондықтан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырымдаманы құрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділіктерінің әрекеттесуінде, әрдайым қарым-қатынастар және субъектердің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер мен құралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-қатынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді.

Оқыту әдістері оқушылардың білім алудың мақсаты биік шыңдарға жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, олөзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге әкеледі. Оқыту құралдарына (мысалы) компас, карта, құрал-жабдықтар, биік шыңдарға жету жолында және "ой еңбегі, қауіпсіздік техникасының түрлі жол бағдарлары", "ырымдар", ауа райы, өсімдіктер және жануарлар туралы ережелер кездесуі мүмкін. Биік шыңдарға шығу үрдісінде әрдайым жолды және жол табу құралдарын айыру мүмкін емес, сол жолда орналасқан, бұл керек емес те, өйткені бұл үрдісте басқа да қажетті әдістер мен тәсілдер қолданылады.

Оқыту қызметі мен тәсілдерін атқаратын объектілерді әр түрлі негіздерге байланысты мына түрлерге саралауға болады: қасиеттерімен, іс-әрекеттер субъектілерімен білім деңгейіне әсер етуімен, басқа да қабілеттерді дамытудың түрлі тәсілдерімен, олардың оқудың үрдісіндегі тиімділігімен ажыратылады.

Объектердің құрамына байланысты оқу құралдары материалдықжәне идеалдықболып бөлінеді. Материалдық оқыту құралдарына- оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары, көрнекі құралдары, микроклимат, сабақ кестесі және т.б оқытудың материалдық-техникалық жағдайлары енеді.

Идеалдық оқыту құралдарына- мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері Л.С.Выготский (Собр. Соч. Т.1.сЛОЗ) оқытудың сөйлеу, жазу, схемалар, өнер туындылары, диаграммалар, еске сақтаудың техникалық жабдықтарын келтіреді. Жалпы жағдайда идеалдық құрал – мәдени мұраны, жаңа мәдени құңдылықтарды меңгеру құралы. Меңгерілген ақпарат білімге айналып оқытудың әдістері мен құралдары "алғашқы арсенал" бола алады. Бұдан оқушы пайымдауларды, дәлелдеулерді, есептерді, есте сақтау мен түсінуді алады.

Жүйелі оқыту барысында алынған білім жаңа білімді алуға көмектеседі, тұлғалардың интеллектуалдық, эмоциялық - еріктік саласын дамытады. Көбінесе олар оқушылардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Бұндай интеллектуалдық оқу құралдары оқушылардың ойлау қабілетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Олар мұғалім сабақты түсіндіру барысында берілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге оқушының өзімен немесе мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеген кезде алынуы мүмкін. Идеалдық әдістер мен құралдар - бұл "ой туралы ойлар"(мысли о мыслях). Мұғалім немесе оқушы оларды жеткізу үшін, оларды дұрыс формада көрсету керек. Ондай формалардың біреуі ретінде - ауызша айтылған сөз. Вербалдау бұл талдауды, дәлелдерді, ойлау құралдарды ауызша жеткізу. Басқа формаға-материалдандыру жатады. Ол бұл құралдарды дерексіз таңбалар түрінде көрсетеді, графиктер, кестелер, схемалар т.б. оған белгілі шебер мұғалім В.Ф.Шаталовтың ойлап тапқан тірек конспектіоері жатады. Шығармашыл мұғалімдер осындай кұралдарды жасайды, оқыту мотивтеріне, тиімділігіне және оқушының


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 13 страница | ФОРМАЛАРЫ 15 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.083 s.