Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 15 страница


Date: 2014-03-21; view: 918.


ақыл-ойының дамуына жағымды әсер теді. Материалдық және


идеалдық оқу құралдары бір-бірімен байланысып, бірін-бірі толықтырады.Барлық оқу-құралдарының оқушылардың білім сапасына әсері алуан түрлі: материалдық құралдаркөбінесе оқушыларды қызықтыру және олардың көңілін аудару үшін, жаңа білімді түсіну үшін керек, ал идеалдық құралдарпайымдау логикасымен, есте сақтаумен, сөйлеу мәдениетімен т.б. байланысты. Материалдық және идеалдық құралдар арасында нақты шекаралар болмайды. Олардың екеуінің жиынтығы оқушы тұлғасының осы немесе басқа қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді.

Идеалды құралдар алғашында мұғалім мен оқушыларының пәндерді қысқа таңбалық көрініс мағынасы ретінде қолданылады. Мұғалім материалдық құралдармен оқушылар материалдарды түсіну үшін олардың санасына әсер етеді. Сосын оқушылар материалдық құралдарды бірігіп жұмыс істегенде, сөйлегенде, есептерді бірге шығарған кезде қолданады. Материалдық құралдар сонымен бірге вербальдық болады.Одан әрі сөз қысқартылып, автоматтанатын және өз ойға айналатын міндеттерді шешуге бағытталған танымдық әрекет жасалады. Сыртқы, материалдық құралдар интериориаландыру негізінде оқушылардың ойлау кұралдарына айналады. Құралдарды қолданудың тиімділігі олардың мазмұны мен оқу әдістерінің белгілі үйлесімділігі арқасында мүмкін болады. Құралдар мен оқыту әдістерінің байланысы біркелкі емес: оқу құралдары көбінесе әр түрлі әдістермен қолданылу мүмкін және бір әдіске бірнеше сәйкес құралды таңдау мүмкін. Бұл техникалық құралдардың дамуымен, реттелген (біркелкі, көпмақсатты) демонстрациялық эксперимент пен зертханалық практикумдерге арналған қабырғалық суреттемелер.

Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Солай, техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгертеді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.

Компыотерлермен оқу - бұл оқу үрдісінің жаңа түрі болғандықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің қызметіне түрлері пайдаланылады. Субъект қызметіне байланысты оқу құралдарын оқыту құралдары мен білім алу құралдарына бөлуге болады.Айталық,білім беру құралдарына демонстрациялық тәжірибені жабдықтауды жатқызуға болады, ал білім алу құралдарына- лабораториялық практикумды жатқызуға болады. Білім беру құралдарымен көбінесе мұғалім оқу материалын түсіндіру үшін қолданылады. Ал білім алу құралдарын оқушылар жаңа білімді түсіну үшін қолданады. Сонымен қатар кейбір кұралдар білім берумен қатар білім алуда да қолданылады.

Білім берудің құралдары мен әдістері мұғалімнің хабарлаушы және
Білім берубасқарушы қызметін іске асырады да, үлкен мәнге ие болады.

құралдарыҚұралдар оқушылардың танымдық қызығуын қоздыру және

қолдайды, оқу материалдардың көрнекілігін жақсартады, оны түсініктірірек жасайды, зерттеген құбылыс туралы толығырақ және дәлірек ақпарат береді т.б. Оларды жаңа материалды түсіндіру құралдары, бекіту және қайталау құралдары және бақылау құралдары, ұстану құралдарына бөлуге болады. Білім беру құралдары мен әдістерінің атаулары көбінесе бір сөз тіркесіиде болады. Әдістер мен құралдарды қолданудың тиімділігі мұғалімнің сабақ үстіндегі тәртібі және жоспарлаудың жүйелігіне байланысты. Мысалы, логикалық қиын тақырыпты түсіидірген кезде, соңында теорияны көрсететін тәжірибе жасауға болады, технологиялық үрдіс туралы әңгімелер ұйымдастырумен бірге өткізуге болады, мәселелік оқытуда тәжірибе көрсету түсіндіруден бұрын болады: ол танымдық құрал қызметін атқарады да оқушылар тәжірибелерді байқай отырып болжам жасауға тиіс болады. Демонстрация кезінде оқушының көріп қабылдауы


ерекше маңызды. Сондықтан не көрсетілш жатыр, қайсысын бақылау керектігін үнемі нүсқап отыру керек.

Демонстрация кезінде мұғалім жұмысына жоғары талаптар қояды. Ол класқа объектінің жанында немесе артында алдымен тұруы керек. Сонымен қатар ол көрсету, түсіндіру және әр оқушының жұмысы мен тәртіпке бір уакытта қарауы керек. Мұғалімнің бұрыс әрекеттері тәртіптің бұзылуына, материалды дұрыс емес қабылдауына әкеледі, оқушылар санасында бұрыс бейнелер мен түсініктердің қалыптасуына әкеледі.

Әрбір құралдарды қолдану кезінде оқу заңдылығымен белгіленетін тепе-теңдіктер мен шектерді сақтау керек. Көрнекілік құралдарының болмауы немесе тым аз болуы білім саласын төмендетеді. Бірақ өте көп көрсетулер оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрсету жеткілікті. Көрсетілетін заттар және суреттер тақтадан соңғы орындардан көрінуі керек. Сыныпта бес қатар болғанда тақтадан көрсетілетіндердің үзындығы 5 см және ені 1см болуы керек. Егер объектілер кіші көлемді болса, оның көлеңкесін көрсету, немесе оның оптикалық көрінісін үлкейту, немесе үлестірмелі материал беру, немесе оқушыларды бірінше үстелдерге отырғызу қажет.

6.2. Қарым-қатынас құралдары

Қарым-қатынастың оқу құралдары ретіндегі түсінігі мен мәні

Қарым-қатынас - тұлғаның белсенділігінің бір түрі, оның мәні бұл оқу үрдісіне қатысушыларының бір-бірімен ақпарат ауысуында. Қарым-қатынас үрдісінде ақпарат кодталады, беріледі, қабылданады, еңделеді және анықталады. Қарым-қатынас кезінде адамдар біліммен, рухани құндылықтарымен, ақпаратпен алмасады, қарым-қатынас адамның көңіл-күйін көтереді немесе нашарлатады, тұлғаның сезімдік, еріктік және интеллектуалдық саласына әсер етеді.

Қарым-қатынас - тұлғаның эмоцияналдық интеллектуалдық сфераларға әсер етеді. Қарым-қатынаста - адамның мәдениеті, оның дамуының тәрбиеленуінің және білімділігінің деңгейі ашылады.

Коммуникация - бұл берілген ақпарат үлкен мәнге және озіндік тұлғаға, мағынаға ие болатын қарым-қатынас.Негізгі қарым-қатынастың құралы - бұл ауызекі тіл. Ол шын объектерді алмастыратын белгілер жүйесін құрайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді. "Адамның негізгі және ең жалпы әрекеттерімен белгілері құрылады және қолданылады, бұл белгілер құрылады және пайдаланылады". (Выготский Л.С. Собр.соч. Т.З. с.30-79). Белгілердің көмегімен мұғалім сабақты ақпараттандыру жұмысын жүргізеді. Мұғалімнің ауызекі тілі оның ойлау қабілетінің деңгейін көрсетеді.

Мұғалімнің шығармашылық ойлауы оқу үрдісінде оқушыларға үлгі ретінде болады. Білім беруде коммуникация оқу үрдісіне қатысушыларының бір-бірімен ақпарат алмасуын білдіреді. Коммуникацияның 3 түрі қолданылады: лингвистикалық (ауызша және жазбаша ауызекі тілі), семиотикалық (белгілер, графиктер, теңдеулер т.б.), паралингвистикалық (бет-ауыз қимылдары, мимика).

Ауызекі тіл білім берумен қатар, білім алудың да құралы болып
Ауызекі тілтабылады. Мұғалімнің тілі - бұл оқушы еліктеуге қажет үлгі,

білім беруініңоның тілінің және ақыл-ойының даму шарты. "Ауызекі тіл

құралы ретіндеқызметі дамуының негізгі 3 формасының ауысуын ажыратуға


болады. Біріншіден, сөздің мағынасы болуы керек, яғни заттарға қатынасы, сөз бен сөзді көрсететіннің арасында объективті байланыс болуы керек. Екіншіден сөз бен заттың арасындағы объективтік байланыс мұғалім оқушымен сөйлескен кезде қызметте пайдаланылуы керек. Кейіннен ғана сөзінің мағынасы балаға да түсінікті болады. Сөздің мағынасы, сонымен, алдымен басқалар үшін объективті түрде өмір сүреді де, және тек артынан баланың өзі үшін қажет болады (Выготский Л.С. Собр.соч. Т.З. с.145). Тілдің филологиялық құрамын меңгеру барысында мұғалімнің сөйлеу тілі оқу ақпаратын баяндау құралы, оқушылар зейінін басқару құралы, түсініктер қалыптастыру құралы ғана емес, оқушылар үшін үлгі болып табылады.

Ауызекі тілде мұғалім өзінің жанын, парасатын, сезімін, еркін, мінез-құлқын, темпераментін, филологиялық қабілеттерін, оқушылар мен оқу пәніне қатынасын түгелімен көрсетеді. Оқушылар мұғалімнің сөзінде алдымен қатынас және эмоцияларды байқайды. Сүйіспеншілікке сүйіспеншілікпен, немқұрайлылыққа немқұрайдылықпен жауап береді. Мазмұнды және сезіммен сөйлей алатын және ондай сөйлеуді ұнататын мұғалім өз үлгісімен оқушыларды тілдік қатынас құралдарын меңгеруге жетелейді. Мұғалімнің ауызекі тілінде келесідей элементтер орын алады: ақпараттық, шабыттандыратын, сендіретін іс-әрекетке шақыратын және қызықтыратын, оқушыларды әрекетке шақыратын және олардың шаршағанын көңілдендіретін құралдарды пайдаланып отырады.

Ауызекі тіл бір және бірнеше элементтен тұруы мүмкін. Мұғалім өзінің сөздерінде логикалық дәлелдер қолдану арқылы оқушының ой өрісіне әсер етеді. Мұғалімнің сөзі интеллектуалдық, сезімдік және еріктік құрамдас бөліктерден тұратын оқушының жауаптың назар аударуын тудырады. Оқушының парасатына әсер етуге мұғалім өз сөзінде логикалық дәлелдемелер қолдану арқылы қол жеткізе алады.

Дәлелдемелер, сенімділік тыңдаушыны негіздеу логикасымен және баяндаудың түсініктілігімен баурап алады. Бүған жету үшін пайымдаулар, мысалдар, статистикалық мәліметтер, орынды пікірлер және беделді авторларға сілтемелер қажет.  

 

Дәлелдер тыңдаушыларды дәлелдің логикасымен және айтылғанның түсініктілігімен қызықтыру керек. Бұл әр-түрлі мысалдарды, статистикалық мәліметтерді, атақты авторлардың сөздерді қолданылуы арқылы жеткізіледі.

Дәлелдер индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құрылады. Индукция -ой тұжырымының жекеден жалпыға өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогия (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау.

Индуктивтік қорыту зерттелетін құбылыстың типті оқиғаларын талдау негізінде жасалады. Ұқсастыру - жекеден жекеге өту объектіге ұқсас.

Тәуелділік себебін түсіндіру үш түрлі болады: себептен салдарға, салдардан себеп арқылы екінші салдарға. Сондай-ақ логикалық дәлелдемеде, терминдердің екі мағыналыгымен көмескілігінен, мәліметтер жеткіліксіз кезде қорытынды жасауға асығудан (негізсіз пікірлерден, оқушыларды алудан, дәстүрлерден, беделдерден, басшыларға сыйынудан) аулақ болған дұрыс.

Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: жалпы жағдай ақиқаттылығы дәлелді етпейді - бұл аксиома, логикалық тұжырым, қорытынды.

Дедукцияның үш түрі бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту, бірліктен жекеге және жалпыға өту. Ауызекі сөйлеуде кейбір сілтемелер айтылмай түсіп қалады. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда пайдаланылады.Дедукция индукция және оқытудың басқа да құралдарымен қатар қолданылады.

Мұғалімнің айтқан сөздерінің оқушыларға объективті әсер етеді, бірақ мұғалім бұл әсердің заңдылығын біліп қана оны бағыттай алады. Мұғалім мен оқушылардың эмоциялары өзара байланысты болады. Мүғалімнің ауызекі тілі оқушылардың

қызығушылығын, танымдық бағытын қалыптастырады. Мұғалім жақсылық пен жамандықтың арасында шектерді өткізген кезде, аудиторияны өзінің сыйлауын көрсеткенде, сыныптың жеке, экономикалық және қоғамдық мүддесін ескергенде оқушыларды ізгілік, әлсіздерді аяу, шындық сезімін оятады. Бұл үшін сыныптың назарын ауызекі сөйлеу барысында қызықтырып, кейін оны қолдау керек. Әр баланың жастық және өзге де ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқушылардың қызығушылығын ұстап тұрудың басты шарттарының бірі -мұғалімнің зертелетін пәнді жақсы білуі негізінде мұғалім неғұрлым жақсы пәнді білсе, соғұрлым ол оны анықырақ және қызықтырақ түсіндіреді. Үстірт білім жалпы мәселелерді баяндауға әкеледі де түсіндіргенде мұғалім шатасады, мысалдар өте қарапайым болып келеді. Қызығушылықты дамыту үшін тағы да қолданылатын шарт бұл-мотивацияны дамытатын әдістер мен құралдарды пайдалану. Айталық, жалпы мәлім шындықтарды жаңа фактілермен және қазіргі мәселелермен байланыстыру керек, ал мәнді жаңа ақпаратты өмірлік тәжірибемен жалпыға мәлім шындықтарға сүйеніп баяндау керек. Танымдық қызығушылықты, сонымен бірге, аналогия мен қарама қарсы қою тудырады, Мұғалім осы арқылы салыстырады, жаңа құбылыстардың бұрынғыларынан айырмашылықтарын көреді.

Оқушылардың зейіні мұғалімнің оқып үйретілетін тақырыптың таму барысын көрсете отырып отырып баяндауына аударылады. Оқушылар алдына ойдың сатылап дамуының тізбегі қойылады. Егер мұғалім дамудың әрбір кезеңінің алдына мүмкін баламаларды қойса, ақыл-ой белсенділігін қозғайтын білуге құмарлықты оятады. Әрбір құбылыстың дамуында қайшылық бар, ол қайшылық қақтығысқа, күреске және басқа да оқиғаларға әкеледі. Пікірлер мен тұжырымдамалар күресі барысындағы дамуды сиппаттауда мұгалім сөзі оқушының танымдық қызығушылығын оятудың құралы болып табылады. Танымдық қызығушылықты сақтаудағы қажетті құралы оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылатын әзіл болып табылады. Оның мазмұны - күлкілі жағдайлар, адамның, қоғамның түрлі кемшіліктері әзіл түрлі негіздер арқылы жіктеледі. Айтылуына қарай өткір әзіл және достық әзіл болып бөлінеді. Сабақтарда оқушының жеңіл күлкісін оятатын достық әзіл керек.

Қайнар көзіне байланысты әзіл негізгі және басқадан алынған болып бөлінеді. Жас мұғалім өзгелердің әзілін пайдаланады, ал тәжірибені шебер мұғалім өзінің әзілдерін келтіреді. Бірақ мектеп жағдайында оларды қарама-қарсы қоюға болмайды, біріншіден, көпшілік адам табиғатына нәзік әзілді болмайды, екіншіден, сабақта әзіл айтуға көп уақыт үйрену керек.

Формасына қарап біз әзілді өткірлік, мәтелдер, эпиграммалар, анекдоттар, қалжыңдар, астарлы сөздер және т.б. деп бөлеміз.

Мұғалімнің ауызекі тілі - өзінің ойы мен сезімдерді білдіру құралы.Оқушылар ауызекі тілді қабылдаған кезде алдымен мұғалімнің ойы мен сезімді түсініп жаттауға тырысады. Бірақ оқушылардың бұл талпыныстары мұғалімнің ауызекі тілі келесідей талаптарға сай келген жағдайда ғана орындалуы мүмкін: грамматикалық дұрыстылық, дәлділік (нақтылық), орындылығы, үнемділік, түпнұсқалық. Грамматика стандарттарына сәйкес сөйлеу әңгімелесушінің ойын дұрыс түсінуге мүмкіндік жасайды. Тақырыпты түсінудегі оқушылардың қателері мұғалімнің жаңа материалды түсіндірудегі морфологиямен синтаксистен жіберген анқаулықтарынан туындайды. Оқушылардың білім сапасы мұғалімнің тіліндегі анықтамалардың дәлдігіне байланысты. Дерексіз жазылымда, түсініктерді араластыру, әдеттегі сөз сөйлеу салттары оқушылардың білім сапасын төмендетуге әкеледі. Білімді сапалы меңгеру шарттары - нақты, жанды түсініктер, құбылыстардың жіктемесі, типтері, түрлерің бөліп көрсету, штамптарды жою. Ауызекі тілде әр түрлі терминдердің, қиын сөйлемдердің, түсініктердің қолданылуы окушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланыстымұғалім белгілі нәрсенің түсіндіруін қысқартып, сленгті, сленг - ағылшынша slang- жаргон, мысалы, суретшілер, теңізшілер және т.б сленгі қолданады. Сленг - қоғамның әр түрлі топтарда

қалыптасқан, ерекше сөздер - терминдер. Мұғалімнің сөзіне жаңалық және күшті береді. Бірақ сленгпен абайлап қолдану қажет. Сөздің беретін әсері жаман және жақсы болуы мүмкін. Сабақты түсіндіргенде тек қана жақсы әсерді туғызатын сөздер қолданылуы мүмкін. Академиялық сөздерді қолданбауға тырысу керек ("әртүрлі пікірлерді ескере отырып" және т.б).

Сөздің қысқалығы көп сөздің болмауында, бір сөздің, сөз тіркесінің бірнеше рет қайталанбауында көрінеді. Қазіргі ауызекі тілі өзара логикалық тізбекпен байланысқан қысқа сөйлемдерден құрылады.

Мұғалім ауызекі тілінің түпнұсқасы оның ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктерін көрсетеді. Оқушылар мұғалімнің табиғи тұлғасын бағалайды. Бұған сөздік стереотиптер, көп қолданылатын сөз тіркестері кесірін тигізеді. Ауызекі сөйлеудің табиғи қалпін мұғалім ұран сияқты қысқаша сөзбен, шешендік сұрақтармен, әзілдік ескертпелермен, метафоралар, ұқсастырулар, мақал-мәтелдер, халық шығармашылығының мысалдарын пайдалану арқылы сақтауға болады.

6.3. Оқу әрекетінің құралдары

Оқыту құралдары туралы тусінік дидактикада мұғалім әрекетінің бір болігін және оқушылардың әрекетін басқа боліктермен бір қатарда корсету үшін қолданылады (соңғы нәтиже бейнесі, қайта құру құралы, әрекет технологиялары мен құралдары). Оқыту құралы оқушылар мен оқу ақпараттары арасында "орналасқан". Оның қызметі материалдық өндіріс үрдісіндегі еңбек құралдарының қызметіне сәйкес (балға, станок, комбайн және т.б.). Оқыту құрылымы (жеке тұлғаның рухани өндірісі) мен өндірістік еңбек (мәдениеттің материалдық құндылықтар өндірісі) арасында сәйкестік кездеседі.

Оқыту құралдары оқушылардың ақыл-ойына тікелей емес, танымдық іс-әрекеттермен тұтас, осы үрдістің орындалу барысында әсер етеді. Оқыту құралдары игерілген білімге сәйкестендіріледі, оларда қоғамдық тәжірибе, ғылыми және техникалық ақпараттарды қолдану әдістері шыңдалады.

Оқу құралы оқушылардың есептер шығарып, білім игеруінде қолдаиылады. Оларға дидактикалық тарату материалдары, карталар, сызбалар, кестелер, зертхана жұмыстарының жабдықтары, оқу шеберханаларындағы еңбек құралдары жатады. Оқушы есеп пен басқа да пәндерден жауап немесе басқа нәтиже алу мақсатында пәнді түрлендіруде ол оқу құралына айналады. Танымдық тапсырмаларда үрдісінде оқушылардың түйсігінде білім, біліктілік, әдет, сенім пайда болады. Игерілген білім әрі қарай одан да күрделі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады, яғни олар оқу құралының жаңа қызметін атқарады. Мысалы, теориялық тапсырмаларды шешу барысында оқушылар геометрия, физика және т.б. пәндерден формулалар үйренеді (физикалық құбылыс моделін құру теореманың дәлелі). Теориялық әрекет нәтижесінде олар формула үйренеді. Содан кейін осы формула есептік және сызба есептерді шешу үшін қолданбалы әрекет құралы ретінде қолданылады, нәтижесінде формуланы тәжірибеде қолдануды игереді.

Оқу құралы оқу үрдісінде екі әдіспен еңгізіледі. Бірінші жағдайда, мұғалім оларды сабақта "дайын қалыпта" мәдениет пен оқулықта суреттелуі түрінде жан-жақты түсіндіреді. Екінші жағдайда, сабақта теориялық тапсырмаларды шешу барысында мұғалім оқушылармен бірлесіп құрастырады, нақтылау мен қолдану алгоритімін өңдейді.

Қазіргі танда оқыту тәжірибесінде оқыту құралдарын қолдану, өңдеу, құрастыруды қарастыру кеңінен тараған. Біріншіден, құралдар оқушының білім сапасына әсер етпейді, сондықтан оларды қолдану міндетті емес; тақта, бор


мен анықтап түсіндірудің өзі жеткілікті. Бұл бағытта оқыту құралдарын бақылау, көркемдік құралдарына ұқсайды. Сонымен қатар, білімді игеруде тәжрибелік қызметтің рөлі бағаланбайды, механикалық жаттаудың мазмұны күшейеді. Ақыл-ой еңбегі басты саналады, ал оқушылардың сөзі өз ойын білдіру құралы болып есептеледі. Бұл бағыт қазір ескірген болып есептеледі.

Екінші бағытта оқыту құралдары мақсатқа жетуде басты рөл атқарады, ал қалған бөліктері (әдістер, ұйымдастыру, кескіндер және т.б.) оқыту құралдарының ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет. Оқыту құралдарының рөлінің басым болуын бірінші бағытқа кері реакция ретінде қарастыруға болады. Осы бағытты қолдайтын мұгалімдер оқу кабинетінің жабдықталуына аса көңіл бөледі, әрдайым оқушылармен бірге жаңа оқу құралдарын өңдеп, дайындайды (көрсетілетін тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, көрнекі құралдар және т.б). Олар шын мәнінде үлгі тұтатын және оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, оқыту ісінің шеберлері.


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 14 страница | ФОРМАЛАРЫ 16 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.182 s.