Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 16 страница


Date: 2014-03-21; view: 1466.


Үшінші бағытта оқыту құралдары негізінен мұғалім мен оқушының қызмет жүйесінде қарастырылады. Олар белгілі бір қызметті атқарып, оқушының ақыл-ойын дамытып, сапалы біліммен қамтамасыз етеді (басқа да бөліктермен бірге). Жаңа оқыту құралдарын өңдеу, қолдану арқылы іс-әрекеттің құрамы өзгереді, оқушылардың ақыл-ойының дамуын және білім сапасын күшейтеді.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесі мен эксперименттік зерттеулерінен ақыл-ой дамуының қарқындылығы оқу құралдарын дайындау іс-әрекетіне де тәуелді. Жай дайын үлгіні қолданудан гөрі оқыту құралын өз бетінше дайындау даму мен сапалы білім береді. Оқыту құралдарын өңдеу және игерілгенді жетілдіру танымдық тапсырмалар мен нұсқаулар, алгоритм мен жұмыс жоспарлары, жаттығулардың жаңа түрін құрастырудың өзгеруін білдіртеді. Оқушылардың білім сапасының, көзқарастары мен қабілеттерінің өсуі тапсырмалардың саны емес, олардың әртүрлігіне байланысты.

Белсенді мұғалімдер оқытудың жаңа құралдарын жиі дайындайды, олардың айтуынша, осыған сәйкес оқушылардың білім сапасы жақсарады. Бұл тұжырым белгілі дидактика заңдылығында көрсетілген, яғни оқушының білім сапасы оқу жұмысында қолданылған оқу құралына бағынышты (танымдық қызмет құралы). Оқудың жаңа құралдары мен осыған орай ұйымдастырудағы өзгерістер, танымдық қызмет мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырады, оқу материалын түсінуде еске сақтауды жақсартады. Жаңа оқу құралдарын дайындау мен қолдану үдерісі оқушылардың ақыл-ойының дамуына көмектеседі, шығармашылық қабілетін оятады.

Оқу әрекетінде материалдық, сонымен қатар идеалдық оқу құралдары қолданылады. Ақыл-ой әрекеттері идеалдық құралдар арқылы іске асады, олар ойлау, тапсырма шарттары мен жұмыс технологиясының құрамына кіреді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіруде үдерісінде осы құралдарды көрнекі символдар, сызбалар, кесте, схема (материалдық) т.б. түрінде көрсетеді. Оқыту құралдарын қатаң тәртіппен қолдануды алгоритм, ал кейде "есептің шешу жоспары" деп атайды. Мысал ретінде оқушылардың өздік жұмысында пайдаланатын оқу карталары мен жеке қолданатын кестелерді алайық. Олар ғылымда дәлелденіп, оқыту тәжірибесінде бекітілген арнайы қолдану әдісіне ие: кестеде жүйелі ұйымдастырылған түрде беріледі. Сондықтан сабақта оқушылармен біріге оқу картасын жасап, оны білім мен есеп шығару үшін қолдану - жалпылама танымдық әрекетті іске асыру, құрастыру, қолдану әдістерімен қатар берілген ақпаратты игеруді қамтамасыз етеді. Оқу картасы мен кестелерді қолдану білім сапасын көтереді және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі

өйткені оқу мағлұматын тәжірибеде талдау және жаттығу есептерін қолдану нәтижесінде оқу мағлұматы жан-жақты сипатталады.

6.4. Оқу кабинетін жабдықтау

Оқу мағлұматтарын игеруге қажетті материалдық құралдар оқу бағдарламасынан туындайтын жүйені құрайды. Ол келесі ұстанымдарға сәйкес құрылады.

1. Жабдықтау барысында маңыздысын көрнекілеп, түсінуге оңай және эстетикалық мәні бар оқу үрдісінің басқа да элементтеріне қойылатын педагогикалық талаптар толығымен қанағаттандырылуы тиіс.

2. Атқарушы жұмыстары бірдей барлық құралдар (күштік өткізгіштер, түзегіштер, кабелдер, электр сым тетіктері және т.б.) көрсету қондырғыларымен сәйкес болуы керек.

3. Оқыту құралдарының түрлері мен сандары оқу бағдарламасы жүйесіндегі материалдық қажеттілікті толығымен қамтамасыз етуі қажет.

4. Оқыту құралдары жергілікті тұрғындар сұраныстарына, мектеп жұмысының бар жағдайына сай болуы тиіс.

Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдар
Оқу жүйесін ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік

кабинеттері жүйе. Бұл жүйеде арнайы бір пәннің барлық құралдары

(немесе бір мұғалім қолданатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс, қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу шеберханасы қосылады. Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, бақылау жұмыстар, тәжірибе сабақтар) өткізуге арналған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөлмелер болуы керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі құралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жұмыс құралдары сақталады. Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің барлық жұмыстарына қажет болуы сабақтарға даярланатын уақыттың жалпы көлемін азайтады. Егер кабинеттен оқушылардың көптеген ағыпы өтетін болса, бір бөлмеде бірнеше мұғалімнің жұмысының шығарлануы қақтығысқа алып келеді. Бұл жағдайда жұмыстың әрбір түріне бір бөлмеден бөлген дұрыс.

Кабинетте көрнекі құралдарды көрсетуге барлық
Көрнекі құралдар - жағдай жасалынуы керек. Тұрақты және ауыспалы

оқыту құралдарының тоқ көздері, жерлестіру, қараңғылық, жобалық

бір бөлігі аппарат, экрандар, тұғыр және т.б. Әр тақырыпқа

арналған көрнекі құралдар болуы тиіс. Оларды жедел түрде табу үшін карточкаларды тақырып бойынша орналастыратын оқыту құралдар картотекасын жасау керек. Көрнекілікті қолданбау оқушылардың белсенділігі мен оқу сапасына әсер етеді. Сонымен қатар кабинеттерді құралдармен шамадан тыс толтыруға болмайды. Кейбір тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа құралдары бір бірін алмастырмағанымен түрлі дидактикалық мақсатта толықтыра алады.


Көрнекі құралдар келесі қызметтерді атқарады:

1) мектептен тыс үрдістер мен құбылыстармен таныстыру;

2) объектінің қазіргі түрі мен тарихи дамуының сыртқы келбетімен таныстыру;

3) объектінің іс-әрекет қағидалары, құрылымы, басқару, техника қауіпсіздігі туралы көрнекілік келтіру;

4) үрдіс немесе құбылыс сипаттамаларын өлшеу немесе салыстыру туралы көрнекілікті бейнелеу;

5) қолдану кезеңдерін белгімен бейнелеп, затты жобалау немесе дайындау;

6) ғылым тарихымен және оның даму алғы шарттарымен танысу.

Көрнекі құралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемді құралдар (аппараттар, коллекциялар, құралдар және т.б.); 2) баспа құралдары (суреттер, плакаттар, портреттер, сызбалар, кестелер және т.б.); 3) жобалық материалдар (кинофильмдер, видеофильмдер, слайдтар және т.б.).

Оқыту барысында коллекциялар мен моделдер
Оқу қүралы жүйесіндегі едәуір салмақты рөл атқарады. Мектеп

коллекциялар мен моделдер коллекцияларында жаңа материалды оқу,

сонымен бірге өздік жұмыстарын
қайталау үшін қолданылатын, сипаттамасына, қасиеттеріне қарай бөлінген
заттар мен пәндердің жиынтығын түсінеді. Ботаника және зоология, сонымен бірге
физика, химия, сурет, шеберханалардағы еңбек шеберханаларына коллекиялары
кеңінен танылған. Мысалы, пластмасс, түз, оқшаулағыш, резистор, конденсатор,
бояу, балға, шұрып және т.б. жиынтықтар. Оқу мақсатында қолданылатын
көптеген коллекцияларды мұғалімдер оқушылармен бірігіп жасайды. Жаңа
материалды түсіндіру барысында қатырма немесе жұқа ағашта

жасалынған демонстрациялық коллекциялар қолданылады. Коллекциялардағы әрбір зат жіктемей сай, белгімен көрсетілген бір орында бекітілуі тиіс. Заттың астында атауы мен қысқаша түсінік беріледі. Өздік жұмыстарға арналған коллекциялар шағын күйде қораптарда сақталады және үлестірме материал ретінде пайдаланылады.

Баспа құралдары оқыту тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Оларды дайындау қарапайым, әрі арзанға түседі, баспаханаларда басылып шығарылады немесе мұғалім оқушылармен бірігіп жасайды. Оларды табиғи заттармен немесе моделдермен бірге қосымша құрал ретінде қолданған дұрыс. Кестелер мен плакттардың бояуы өңіп, қағаздары құртылмауы үшін күн сәулесі түспейтін, арнайы орында ілінулі қалыпта сақтау қажет.

Моделдердің үш түрі бар.1. Объект әрекетінің ұстанымын көрсетуге болатын модель. 2. Жұмыс схемасы немесе құрылымы көрсетілген модель. 3. Заттың ішкі түрі көрсетілген модель. Модельдің бірінші түрі тиімдірек болып келеді: оларды көрсету күшті әсер қалдырады, танымдық қызығушылық тудырады, үлгерім мен тәртіптің жақсаруына ықпал жасайды.

Электрлік сызбалар бейнеленген моделдер жұқа ағаштың үлкен қағаздарында, текстолит немесе басқа материалда дайындалады. Алдымен элементтер, индикаторлар жасалады. Моделдің үшінші түрін оқушылар үйірмелерде ірі көлемді объектілердің сыртқы түрін кішірейтіп, немесе керісінше демонстрациялау үшін дайындайды.

Мұнда белгілі бір заттың элементтері арасындағы пропорция (қатынас) сирек сақталады, қажет тетіктер ірі және ашық түспен бірінші қатарда беріледі. Дайындалған сызбаларда тетікті бейнелеу көлемі көру қабілетімен анықталуы тиіс, окушыларға заттың және оның сызбадағы бейнесінің шын мәніндегі көлемі туралы


түсіндіру керек. Типтік мектеп сыныптарында ең кіші тетіктің ұзындығы 5 см, ені 1 см болуы тиіс (жақсы көрінуі үшін).

Қара қоңыр түстес текстолиттегі сызба ақ немесе ашық бояумен сызылуы қажет.

Қара заттар ашық фонда, ал ашықтар қарада бейнеленуі тиіс. Сондықтан әрбір кабинетте (ақ-қара) фондық экрандар болуы қажет.

Көптеген оқу пәндерінде диаграммалар қолданылады, олар сызықша және салыстырмалы сипаттама немесе сандарды салыстыру мақсатында тікүшбұрыш, сектор және басқа да геометриялық фигуралар түрінде қолданылады. Сызықша диаграммалар қызметтік тәуелділікті суреттеу үшін қолданылады.

6.5. Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ)

Техникалық оқыту құралдары - бұл мұғалімге оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға көмектесетін қондырғылар. Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламалар құруға және сақтауға болады.

ТОҚ-тың келесі түрлері бар: ақпараттық,
ТОҚ бағдарламаландырылған оқыту, білімді қадағалау,

түрлері жаттықтырушылар мен аралас құралдар. Оларға

кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар,

графопроекторлар, бейнефильмдер, телевизиялық кешендер, дербес компьютерлер және компьютер жүйелері (сыныптар) жатады. Олар әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа, ТОҚ-ты жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: шет тілін үйренуге арналған лингафон кабинеттері, физика, математика және басқа пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады.

Мектептерде кез келген пәнді оқытуда оқу дербес компьютерлері кеңінен қолданылуда. Олар оқушылардың есептік, арифметикалық, жазу, алгебра, физика есептерін шығару, сызу, дисплей экранында сурет салу, нота үйрену мен музыка шығару, шығарма жазу, жаттау, грамматика мен басқа ережелерді игеруді қалыптастыруды басқару бағдарламаларымен жарақталған. Бұл бағдарламалар оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген. Кейбір дербес компьютерлер сағаттармен жарақталып, емтихан алушы, репетитор жұмыстарын атқарып, қателерді өз бетінше тауып, талдай алады, дағдыны қалыптастыру үшін жаттығулар ұсына алады.

Дербес компьютерлер сабақта оқыту әдісі мен мақсаттарына қарай жүйелі, және кейде қолданыла алады.

Дербес электрондық-есептеу машиналар өздерінің техникалық сипаттамасына байланысты қазіргі заманғы және моралдық ескіргеи болып екіге бөлінеді. Қазіргі заманғы дербес компыотерлер сұйық және қатты кристалды экрандармен қамтамасыздандырылып, электр батареялардан, аккумулятордан қуат алып, ең аз мөлшердегі қуатты тұтынып, кез келген желденетін шаң-тозаңсыз орындарда қондырылады.

Ескі дербес компьютерлердің көзге зиянды электронды-сәулелі түтікшесі болады, тізбектегі ауыспалы тоқтан қуат алады және тоқтың жиілігі мен күшінің өзгеруіне сезімтал, сонымен қатар аз қуат тұтынып, көп жылу шығарады. Сондықтан арнайы желдеткіші мен жасанды желдеткіші бар дәрісханаларда қондырылады.


Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылармен жарақталып, мәтінді сызба, мультиплпкация, дыбыспен (сөз және музыка) үйлестіріп, жабдықтауды мультимедиа деп атайды. Барлық қосымша қондырғылар ЭЕМ корпусының ішінде (микропроцессорлар) бекітіледі. Сондықтан да мультимедиалық дербес компыотерлерден ерекшеленбейді.

Дербес компьютерлер оқытудың басқа құралы мен әдісі жүйесінде қолданылады; сондықтан оларды қолдануға сабақтың жартысы (5-15 минуттық) жіберіледі; бұл үшін үлкен емес, көбінесе стандартты бағдарламалар қажет. Компьютерлерді жүйелі қолдануда оқудың негізгі бөлігін қамтылып, ол ұзақ сабақтар бойы жұмыс істейді; осы сабақтар үшін сақтау әдістері ( көбінесе дискеттерде), ақпарат беру (теледидар немесе дисплей экрандарында), оқушылардың танымдық қызметін басқару, бүкіл сыныптың және әрбір жеке оқушының оқу үлгерімін бағалау мен қателерді талдау қарастырылған арнайы үлкен бағдарламалар жасалынады.

ТОҚ пайдаланбас бұрын оқушыларды оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады. Оқыту техникасымен оқушылар алғаш танысқанда қызығушылығы мен құмарлығы басым болып, қосымша сәттерге көбірек көңіл бөледі және оқу мағұлматын тез игере қоймайды. Сонымен, бірінші рет кинофильмді тамашалағанда олар жүргізушінің мәнерін және киімін еске сақтап, фильмнің мағынасын түсіне қоймайды. Сол сияқты көңілдің сейілуі немесе ұмытшақтық дисплей, басқа да техниканы алғаш оқығанда да кездеседі. Бірінші сабақтың деңгейін көтеру үшін, оқушыларды жаңа құралмен жұмыс істеуге арнайы оқыту қажет, оларды ақпаратты тез қабылдап, еске сақтауға дайындау керек, танымдык тапсырмалар беріп, жұмысқа дайындығын тексеріп, жұмыс мақсатын дұрыс анықтауға, объектіні бағалап, бақылауға үйрету қажет.

ТОҚ жиі қолдану оқу үрдісіне тиімді әсер етеді. Егер ТОҚ сирек қолданылса, оның әрбір қолданылуы оқу материалын қабылдауға кедергі келтіретін болады төтенше жағдай мен эмоция тудырады. Керісінше, оны өте жиі қолдану оқушылардың оган қызығушылығын төмендетеді. ТОҚ сабақта тиімді қолдану үшін окушылардың жасы, оқу пәнінің және оларды қолдану қажеттігіне көңіл бөлу керек. Физика-математикалық пәндерге ТОҚ қолдану жиілігі - 1:8 (15-16 жас аралығындағы оқушыларды оқыту барысында).

ТОҚ қолдану тиімділігі сабақ кезеңіне де байланысты. ТОҚ қолдану сабақта 20 минутқа созылмауы керек: оқушылар шаршап, түсіне алмайды және жана ақпаратты игере алмайды. ТРК басында (5 минутқа) қолдану дайындық кезеңін 0,5 минутқа кемітеді, ал шаршау мен көңілдің сейілуі 5-10 минутқа кешігеді. Ақыл-ой еңбегін эмоциялық толқулармен, көру, есту қабілеттерін демалдыруды кезек ауыстырып тұру керек. Бір құралды бірыңғай қолдана беру 30-минутта оқушыларды үлкен тежеу тудырып ақпаратты қабылдауды нашарлатады. Әр түрлі құралдарды дұрыс алмастырып отыру аталған құбылыстар болдырмайды. Қиын ақыл-ой еңбегінің минуттарын сезімдік, көру және есту, қабылдау жүктемелерімен ауыстырып отырған жөн.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қандай жағдайда пәннің өзі оқыту құралының кызметін атқарады?

2. Оқыту кұралдары қандай негіздер бойынша жіктеледі?

3. Оқыту құралдарын тізбектеңіз.

4. Білім алу құралдарын тізбектеңіз.

5. Кабинетті жабдықтауға кандай дидактикалық талаптар қойылады?

6. Дидактикалық құралдарға қандай талаптар қойылады?


7. Өз пәніңіздің сабақтарында қандай оку карталары немесе кестелері қолданылуы мүмкін?

8. Оқыту құралдарының оқушылардың ақыл-ойының дамуы қалай байланысады?

9. Өз пәніңіздің кабинеті қандай ТОҚ қажет?

10. Қарым-қатынас құралдарын тізбектеңіз.

11. Мұғалімнің сөйлеу тіліне қандан педагогикалық талаптар қойылады?

12. Ауызша сөйлеуге қажет оқыту құралдары?

13. Оқытудың материалдық құралдарын атаңыз?

14. Сіздің оқу пәніңізге қапдай коллекциялар қолданылуы мүмкін?

15. Сіздің пәніңізден сабақ бергенде қандай моделдерді қолдануға болады? Көрнекті құралдардың дидактнкалық қызметтері қандай?

Тақырып 7. МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік

Педагогикалық әдебиет негіздері беттерінде мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері жайлы пікірталастар толассыз жүруде. Бұл кездейсоқ емес. Педагогика ғылымында "оқытуды ұйымдастыру формасы" және "оқу жұмысының формасы" деген түсініктерге педагогикалық ұғымдар ретінде нақты айқын анықтамалары жоқ. "Өкінішке орай, дидактикада бұл түсініктің нақты анықтамасы жоқ" және көптеген ғалымдар бұл сұраққа тоқталмай, бұл ұғымның мәнін күнделікті кәдуілгі түсінумен шектетейді", - деп айтқан И.Ф.Харламовтың пікірі дұрыс (қараңыз. Харламов И.Ф Педагогика. 2-е изд. М, 1990, с.231-232). И.М. Чередов осы түсініктің аңықтаудағы түрлі бағыттарды мұқият талдауды ғалым-педагогтардың көпшілік бұл түсінікке өте кеңейтілген жалпы анықтама бергенін көрсетті. Мұндай тұжырымға келуге И.Я. Лернердің осы түсінікке берген анықтамасы себеп болды. Ол "оқытудың ұйымдастыру формалары" алдын ала орнатылған тәртіппен реттелген мұғалім оқушының өзара әрекеті деп білеміз деп жазды (Дидактика средней школы \Под. Ред. М.Н. Скаткина 2-е изд. М., 1982. с.223). Өзінен-өзі мынандай сұрақтар туындайды: Оқытудағы ұйымдастырудың оқытудың формасы деген не? Оның мәні неде? Бұл түсінігімізше "ұйымдастыру" деген не?

Ғылымда "форма" түсінігі таза лингвистикилық, сондай-ақ
Оқытудың философиялық тұрғыдан да қарастырылады. С.И. Ожеговтың

ұйымдастырутүсіндірме сөздігінде "форма" белгілі бір мазмұны бар нәрсенің

формасы деген не?түрі, құбылысы, типі, құрылымы, құрастырылымы деп

түсіндіріледі. Форма бұл сыртқы түр, сыртқы белгілер, белгілі бір орнатылған тәртіп. Кез-келген заттың, үрдісітің, құбылыстың формасы өзінің мазмұнын шартты байланыста, өз кезеңінде оған кері әсер етеді. Философиялық энциклопедияда "форма - мазмұнының ішкі ұйымдасырылуы". "Форма заттың тұрақты байланыстырының жүйесін қамтиды деген" анықтама берілген (Философская энциклопедия Т.И. М., 1970, с.383). Сонымен форма құбылыстың элементтері мен үрдістерінің өзара және сыртқы жағдайларымен әрекеттесуі, ішкі байланысы және ұйымдастыру тәсілін көрсетеді. Форма салыстырмалы түрде дербестікке ие, ол дербестік күшейген сайын бұл форма өмір тарихын үлкейте түседі.

Оқуға қатысты алсақ, форма - оқыту үрдісінің арнайы құрастырушысы. Бұл құрастырушылық сипаты оқыту үрдісінің мазмұнымен, әдістерімен, тәсілдерімен, оқушылар әрекеті түрлерімен анықталады. Бұл оқытудың құрастырушысы педагогикалық болмыста мұғалімнің оқушылармен белгілі бір оқу материлымен жұмыс істеу барысында өзара әрекет, қрым-қатынас түрінде мазмұнның ішкі  

Бұл мазмұн оқу үрдісінің даму негізі қызмет құралы болып табылады, өзінің қозғалысы бар және оның шексіз даму мүмкіндігі оқытудағы даму жетекші рөл атқарады.

Демек, оқытудың формасын оқушылардың оқу материалдарының белгілі бір мазмұнын және әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған мұғалімнің басқару әрекетімен оқушы басқарушы оқу әрекетін үйлесімді іске асырушы оқыту үрдісінің циклдерінің, бөліктерінің құрастырылымы деп түсіну керек. Оқыту циклдерінің сыртқы түрін, сыртқы белгілерін көрсете отырып форма олардың тұрақты байланыстарының және оқытудың әрбір циклінің компоненттерінің байланыстарының жүйесін көрсетеді және дидактикалық ұғым ретінде оқушылар санына, оқыту уақыты мен орнына байланысты оқыту үрдісін ұйымдастырудың сыртқы жақтарын білдіреді. Бұл жағдайда кейбір ғалым педагогтар, жеке алғанда М.И.Махмутов педагогикада "форма" сөзі арқылы жасалған "оқыту формасы" және "оқытуды ұйымдастыру" формасы деген екі терминнің айырмашылығын көрсету қажеттігі бар деп есептейді. Алғашқы айырмашылығын "оқыту формасы" оқушылардың ұжымдық жалпы және жеке жұмыстары екендігімен көрсетеді. Бұл мағынада "оқыту формасы" термині "оқыту ұйымдастыру формасының" сабақтық белгілі бір түрін, сабақ, пәндік үйірме және т.б. көрсететінімен ажыратылады. (Махмутов М.И. Современный урок М., 1985, с.49). "Ұйымдастыру" терминін педагогикалық түсініктемесінің мәні неде?


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 15 страница | ФОРМАЛАРЫ 17 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.085 s.