Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 17 страница


Date: 2014-03-21; view: 2192.


В.Дальдің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, "организовать или организировать" деген сөздер орналастыру, тәртіпке келтіру, құрастыру, құру, қатарлатып негіздеу дегенді білдіреді. "Философиялық энциклопедияда" ұйымдастыру дегеніміз "реттеу, ретке келтіру, материалдың немесе рухани қайсыбір объектіні жүйеге келтіру, қайсыбір объектінің бөліктерінің арақатынысын үйлестіру (Философиялық энциклопедия. М., 1970, Т4, с.160). Одан әрі, ұйымдастыру түсінігінің табиғи және әлеуметтік орта объектісінде қатысы бар және ұйымдастыруды қайсыбір тұтастықтың элементтерінің орналасуы мен өзара байланысы ретіндегі екі мағынасы басым көрсетілген. (Сонда, 160-161беттер). Осындай "ұйымдастыру" терминінің түсіндірмесіне сүйене отырып И.М.Чередов оқытуды ұйымдастыру формасы мұғалімнің материалдық белгілі бір мазмұнымен жұмыс жасау барысындағы оқушымен өзара әрекеттесуін "реттеу" орнына келтіру, "бір жүйеге келтіру", деп дұрыс айтқан. Оқытуды ұйымдастыру өз алдына мұғалімнің оқушының өз әрекетін тиімді басқаруын қамтамасыз ету мақсатында қояды. Үрдіс дамушы жүйе ретінде дұрыс та оңтайлы құрылса нәтижелі болады. Оқытуды ұйымдастыру мұғалімнің басшылығымен оқушының оқу жұмысының тиімділігі қамтамасыз ететін нақты формаларды құрастыруды білдіреді. Міне, осындай ұйымдастырудың бір мысалы. Сабақ белгілі бір тапсырма тұрғысынан оқулық тармақшасын оқудан өз сұрақтарын жазып алудан, өздеріне түсініксіз сұрақтарды тізуден басталады. Өз кезінде мұғалім бұл сұрақтарды жинайды, жіктейді, сұрақтардың сапасын, тереңдігін, мазмұндылығын атап көрсетеді. Олардың алдыңғы өткен тақырыптармен, басқа оқу пәндерімен, өндірістің, экономиканың, мәдениеттің, өмірдің мәселелерімен байланыстырады. Әрбір оқушы жаңа материалмен өз темпіне танысқан соң, оқушылардың сұрақтары нақтыланады және талқыланады. Ол сұрақтарға даярлығы мол оқушылар жауап береді өзіне таныс оқыту әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, сонан — соң практикалық сабақтар -жаттығулар, есептерді шығару, зертханалық жұмыстар басталады. Бұл жағдайда ол осы жастағы балаларға керек іскерлік қатынастарды кеңейтіп шығармашылық топтар құрып, әлсіз оқушыларға күшті оқушылардың көмегін ұйымдастырады. Практикалық жұмыстардың қорытындылары бойынша бағалар қойылады. Тапсырманы орындай алмағандар оқытылып отырған тақырып материалын сабақтан тыс уақытта мұғаліммен, күшті оқушылармен бірге жасайды. Оқу сабағының бұл аптасында оқушылардың оку әрекетін ұйымдастыру, оқытуды ұйымдастыру формасы ашық көрініп түр.

Оқу жұмысын ұйымдастырудың келтірілген, оқытудың бірғана формасы (мысалы, сабақ) оқытушы ұйымдастырған оқу жұмысының міндеттері мен әдістеріне бағынышты

түрлі құрылым мен өзгерістерді иемдене алады екен. Бұған оқытуды ұйымдастыру формасының даму тарихы дәлел бола алады.

7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы

Әлемдік педагогикалық ой пікірлердің және оқу практикасының тарихына оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары мәлім. Олардың пайда болуы, дамуы, жетілдіруі және біртіндеп кейбірінің жоғалып кетуі дамып отырған қоғамның талаптарымен, қажеттіліктерімен байланысты. Нәтижесінде педагогика ғылымы бұл салада едәуір эмпирикалық материал жинақтады. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын жүйелеудің, олардың уақыттың тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес тиімділердің көрсетудің қажеттігі туралы сұрақ туындап тұр.

Осыған байланысты ғалымдар оқытуды ұйымдастыру формаларын жіктеу үшін оқушылар саны мен құрамы, оқитын жері, оқу жұмысының ұзақтығы сияқты негіздерді алға тартады. Осы негіздер бойынша оқыту формалары жеке, жекелік топтық, ұжымдық, сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс болып бөлінеді. Бұл жіктеу ғылыми жіктеу емес және педагог ғалымдырдың барлығы мойындамайды. Дегенмен, оқытуды ұйымдастырудың формаларын осылай жіктеу оларды шамалыда болса реттеуге мүмкіндік береді.

Өз бастауын өте ертеден алатын оқу үрдісінің ең алғашқы
Жеке оқытуформасының бірі оқытудың жекелік формасы. Мұның мәні

жүйесіоқушылар тапсырманы өз жеке мұғалімнің немесе

оқушының жекелік формасы. Мұның мәні оқушылар тапсырманы өз жеке мұғалімнің немесе оқушының үйінде еткізеді. Мұғалімнің көмегі тікелей, немесе жанама түрінде оқушының мұғалімнің өзі авторы болып табылатын оқулықты оқып үйренуі ретінде жүреді Қазіргі уақыттағы мұғалім мен оқушының тікелей және жеке қатысуларының үлгісі- репетиторлық болып табылады

Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы өте ерте заманда Ортағасырлар дәуірінде, ал кейбір елдерде XVIII ғасырға дейін кеңіне қолданылған.

Қоғам дамуының келесі дәуірлеріне бұл форма қоғамның бай бөлігін отбасында тәрбиелеу практикасында көбірек орын алған. (Мысалы, дворян отбасыларында, бай отбасыларында,қоғамның басқа қабаттарында)

Оқытудың ұйымдастыру осы формасы, бір жағынан, осы уақытқа дейін репетиторлық түрінде сақталған, ал басқа жағынан XVIII ғасырдан кейін оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа формаларына орын бергендіктен бұның артықшылықтарымен кемшіліктері болды екен?

Жеке оқытудың басты жетістігі баланың оқу әрекетінің мазмұнын, әдістерін, темпін толық жекеше ұйымдастыруы,оның нақты міндеттерді шешудегі әрбір адымын білмеуден білімге ұмтылуын толық қадағалауға, мұғалімнің де, білім алушының да әрекетіне өз уақытында өзгеріс енгізуге, сондай-ақ бұл үрдісті мұғалім және оқушы тарапынан жағдайды байқап отыруға мүмкіндік туғызуында деп білеміз. Бұл оқушыға өзінің жұмсаған күш —жігерін бақылауға, уақытын үнемдеуге, оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Демек қазіргі уақыттағы жеке оқыту мұғалімнің жоғары маманданған білікті болуын талап етеді.

Бірақ жеке оқытудың аталған артықшылықтарымен қатар XVI ғасырдың өзінде қатты сынға ұшыратқан кемшіліктен де бар. Бұл кемшіліктердің қатарына үнемсіздігін, мұғалім әсерінің шектеулігін жатқызуға болады. Тағы бір кемшілігі жеке оқытуда оқушының басқа оқушылармен ынтымақтасуы шектеледі. Әрине бұл оқушының әлеуметтенуіне, ұжымда жұмыс жасау іскеріктеріне жағымсыз әсерін тигізеді. Міне, осы себепті сонау XVI ғасырдан бастап жеке оқыту үрдісін ұйымдастырудың жеке топтық формасына өз орнын алмастыруда.

 

Оқытудың бұл формасының мәні мұғалім
Оқытуды ұйымдастырудың сабақты бір оқушымен ғана емес, түрлі жастағы

жеке - топтық формасы балалардың толық тобымен өткізді. Осыған

байланысты мұғалім оқу жұмысын әрбір оқушымен жүргізді. Әрбір оқушыдан кезекпен өткен материалды сұрастырды, әрқайсысына жеке материалды түсіндірді, жеке тапсырма берді. Қалған оқушылар бұл уақытта өз істерімен айналысты. Бұл оқушыға мектепек әртүрлі уақытта бір күннің кез-келген уақытында, оқу жылының басында, ортасында және соңында да келуге мүмкіндік жасайды.

Оқытудың жеке, сондай-ақ жекелік -топтың түрі ХVІ-ғасырдың аяғы -XVII ғасырдың басында-ақ қоғамның өскелең ұрпақты әлеуметтік мәнді міндеттерді орындауға даярлауда қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмады. Балалардың басым көпшілігі оқытумен қамтымай қояды да ал оқитындары тек кітап оқудың, жазудың, есептеудің қарапайым дағдыларын меңгерді.

Европада ХV және XVI ғасырлар түйісінде білім
Оқытудың сыныптық беруге берген жаңа сұраныстардың кенет өскені

- сабақтық жүйесі байқалды. Олар қолөнер мен сауданың дамуы мен

рухани өмірдің рөлінің артуымен әдебиетте, өнер, сәулет, өнерінде ғылымдағы жаңа қайта өрлеумен байланысты болды. Бұның бәрі балаларды жаппай оқытудың шығуына әкелді.ХVІ - ғасырда Беларуссия және Украинадағы ағайындылыр мектептерінде алғаш қолданылған ұжымдық оқыту тұжырымдамасы пайда болды және оқытудың сыныптық - сабақтық оқыту жүйесінің негізін салды. Бұл жүйенің теориялық тұрғыда XVII ғасырда Ян Алис Коменский негіздері және кеңіне таратты. Қазіргі уақытта оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы өзгертілді және жаңартылды, әлем мектептерін де басым орынға ие, демек сабақ пен сыныптың дидактикалық түсініктер ретінде дамуына 350 жыл толған екен.

Оқу жұмысы ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде сыныптық-сабақтық жүйенің мәні неде? Бұл сұраққа жауап осы жүйеге пән ерекшеліктері тұру. Олардың ең маңыздылары мыналар:

- жастары және дайындық деңгейі бірдей оқушылар сыныпты құрайды, бұл
мектептегі оқу кезеңіндегі тұрақты құрам болып сақталады;

- сынып бірыңғай тұрақты кестеге сай жылдық жоспарымен және
бағдарламамен жасайды. Бұның нәтижесінде балаларға жылдың белгілі бір
уақытында сағаттарында мектепке келуі керек;

- дәрістің негізгі бірлігі құрылымында сұрау, мұғалімнің баяндауы, аттығу тексеру бар сабақ болып табылады; сабақ, әдетте бір оқу пәніне тақырыбына арналған болғандықтан оқушылар бәрі бір ғана материалмен жұмыс жасайды;

- сабақта мұғалім оқушылар жұмысын басқару өз пәні бойынша білім алу нәтижелерін әрбір оқушының білім әлі деңгейін бағалайды және оқу жылының аяғында оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.

Сыныптық - сабақтық жүйесі пайда болған күннен осы уақытқа дейін бүкіл әлемнің ғалым педагогтарының ойларында жүр. Ол жүйе өзінің жетістіктерімен және кемшіліктерімен бірге дидиктика мен оқыту жеке пәнді оқыту әдістемелерінде, сондай-ақ педогогикалық психологиядағы даярланған көптеген іргелі еңбектерде мұқият талданады. Бұл еңбектердің авторларының бәрі жеке оқытуды сыныптық-сабақтық жүйемен салыстырғанда ол жүйенің артықшылықтар бар екеніи бір ауыздан мойындауда.

Оның жетістіктері: бүкіл оқу-тәрбие үрдісінің реттелуін қамтамасыз ететін оның ұйымдастырушылық құрылым оны басқарудың қарапайымдылығы; мәселелерді ұжымдық ойластыру, міндеттерді шешу үшін ұжымдық ізденіс


барысында оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру, мүмкіндегі, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігі; оқушылардың тұлғасына қарап үнемі сезімдік әсер ету, оларды оқыту үрдісінде тәрбиелеу; мұғалім бір уақытты оқушылардың үлкен тобымен жұмыс жасай алғандықтан, оқушылардың оқу әрекетктіне жарысу рухын ендіруге жағдай орнтқандықтан, олардың білмеуден -біуге қарай жүйелі әрі бірізді жылжыуын қамтамасыз ететіндіктен оқытудың үнемділігі іске асады.

Бұл жүйенің осы жетістіктерін атай отырып, оның кейбір мәнді кемшіліктерін де көрмеуге болмайды. Олар : сыныптық -сабақтық жүйе негізінен орташа оқитын оқушыға бағдарланған, нашар оқитындарға олардың әлі келмейтін қиындықтар тудырады, жақсы оқитындардың қабілеттерінің дамуын тоқтатып тұрады. Оқытудың мазмұндық және үрдістік тұрғыда оқушылармен ұйымдастырушылық жеке жұмысты олардың жеке ерекшеліктерін ескеруде мұғалімде қиындық туындайды; жоғары сынып және төменгі сынып оқушылары арасында ұйымдасқан қарым-қатынасы қамтамасыз етпейді.

Сыныптық- сабақтық жүйені Е.Паркхерет өзінің сыныптық- сабақтық жүйе туралы айтқан сын пікірлерінде оқушының өз қабілетіне сай жұмыс жасау бостандығынан айыру, бұл оны еріксіз ету, сыттан таңылған жұмыс деп атады. Ч. Куписевичтің айтуынша, сыныптық- сабақтық жүйе оқушыларғы жасанды жұмысты тапсыру, аз уақыттар ішінде пәндерді жиі ауыстыру итермелеу болғандықтан оқушылар бастаған ісін аяғына дейін ойланып жеткізе өздерінің білімдерін тереңдете алмайды. Демек, қоңырау сыныптық- сабақтық жүйенің ең негізгі белгісі бола түрып, балалардың жұмысы мен демалысы уақтын белгілеп қана қоймай, оқу жылы бойындағы өз табыстары туралы есеп беретін уақтын да анықтап береді. Нәтижесінде қайсыбір оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі, ал басқалары - егер тіпті бір пәннен нашар баға алса, екінші жылға қалдырылады. Егер жұмыс жақсы ұйымдастырылған болса, олар біліміндегі олқылықтын жойған болар еді. Екінші жылға қалдыру мектептегі оқушылардың бәріне бірдей жұмыс жасау темпін орнатудан, апталық сабақтардың қатаң кесте арқылы жүргізілуінен болуы мүмкін.

Сөзсіз, сабақтық- сыныптық жүйеге айтылған сыни пікірлер, әсіресе өткеи ғасырдың (ХІVғ) аяғында күшейте түстіде, негізінен дұрыс деп есептелінеді және бұл сындар педагогиканың теоретиктері мен практак мұғалімдердің оқытудың жаңа жүйесін, бір жағынан, ал дамушы қоғамның психология-педагогика ғылымы жаңа талаптарға сәйкес оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесін жаңартудың, жетілдірудің жолдарын, басқа жағынан, көптеген ізденістер жүргізуге негіз болды.

Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық
Оқытудың Бель- жүйесін жаңартуға алғаш ұмтылыс жасаған ХVШғ. аяғы

ланкестерлік жүйесі мен XIV ғ. басында ағылшындық діни қызметкер

А.Бель және мұғалім Дж. Ланкестер болды. Бұған түркі болған қарапайым сауаттылыр қаттарынан шыққан жұмысшылардың көп саннан талап еткен мануфактурадан ірі машиналы индустрияға көшу болды. Оларды даярлау үшін мектептің санын, ал кейін көп оқушыларды оқыта алатын мұғалімлдердің санын көбейтуге қажет болар еді. Осылайша оқытуды ұйымдастырудың сыныптық- сабақтық жүйесінің жаңартылған түрі. Англия мен Индиядағы оны жасаушылардың атымен аталған өзара оқытудың Бель-Ланкестерлік жүйесі шықты. Бұл жүйенің шығуына қарапайым білімді жұмысшылар арасында кеңінен тарату сұранысы мен мұғалім даярлауға ең аз қаржы жұмсауда сақтау арасындағы қайшылықты шешуге бағытталады. Бұл жүйенің мәні, әуелі жоғары сынып оқушылары мұғалімінің басшылығымен материалды үйренген соң, қажетті нұсқауды алғаннан кейін өздеріне жасы


кіші оқушыларды оқытуында болды. Бұл бір мұғалімге бірден көп баланы жаппай оқытуға мүмкіндік берді. Дегенмен, бұл уақытта білім сапасы өте төмен деңгейде қалып отырды. Міне, сондықтанда бель- ланкестерлік жүйе кең тарала қойған жоқ.

ХІУғ.аяғы мен ХХғ. басында ақыл-ойы дамуында
Оқытудыңайырмашылықтары бар жеке оқытудың үйымдастыру

Баттық жүйесіформаларын одан әрі зерттеуге қажет өте көкейкесті

мәселеге айналды. Таңдап оқытудың өзіне сәйкес формалары пайда бола бастады.АҚШ-та екі бөлікке бөлінген Баттық жүйенің негізі қаланды. Бірінші бөлігі -тұтас сыныптың сабақтың жұмыс, ал екіншісі -оқушылардың қажетіне қарай олармен жеке жұмыс бұл жұмыс бұл жұмыс кейде жалпы қабылданған нормалардан қалып қалмас үшін кейде өзінің білімін тереңдеткісі келгендермен, кейде кабинеттері дамыған оқушылармен жүргізіледі. Осы уақытқа Европада Мангейм жүйесі құрыла бастады.

Мангейм жүйесі өзі алғаш қолданылған қаланың атымен аталды.
МангеймБұл жүйе сыныптық - сабақтық жүйені сақтай отырып,

жүйесіоқушыларды қабілеттеріне интеллектуалдық дамуы мен

дайындық дәрежесіне қарай әлсіздік, орталардың және күштілердің сыныптарына бөлді. Бұл жүйенің негізін қалаушы Йозеф Зиккенгер (1858-1930ж.ж) оқушылардың қабілетіне сай 4 төрт сынып құруды ұсынды:

1. Орташа қабілеті бар балалар үшін негізгі сыныптар. 2. Әдетте мектепті бітірмейтін қабілеті бар иашар оқушылардың сыныптары. 3. Ақыл-ойы кеміс балалар үшін- қосалқы сыныптар. 4. Шетел тілдері сыныптары немесе орта оқу орындарында оқуын жалғастыруға қабілеттілер үшін аралық сыныптар.

Сыныптарға оқушыларды психометриалық тексеріс, мұғалімдердің мінездемесі және емтихандар негізінде іріктеп алған. Зиккенгердің ойынша, оқушы үлгеріміне қарай бұл сыныптан басқасына өтіп отыратын болған, бірақ нашар оқитын жоғары деңгейіне жетуіне бұл жүйенің өзі де мүмкіндік бермеген. Бұл сыныптардығы бағдарламалардағы өзгерістер бұндай көшуге жағдай жасай алмады.

Оқытудың Мангеймдік жүйесін әсіресе Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыс алдындағы кезде қолданушылар көп болды. Бұл жүйенің элементтері Австрияның, АҚШ-тың және Англияның қазіргі мектебінің жұмыс практикасында әлі күнге дейін сақталған. Айталық, Австралияда қабілеті нашар оқушыларға арналған сыныптар бар; АҚШ-та баяу оқитын оқушыларғы арналған сыныптар мен қабілетті оқушыларға сыныптары бар. Англияда Мангейм жүйесі бастауыш сыныпта бітірушулерден тестелеу негізінде оқушылары іріктеп алынған мектепті құрудың негізіне алынып отыр. Тұтас алғанда бұл жүйенің теориялық қағидалары оқушылардың дамуына биопсихологиялық себептердің шешуші әсері бар деген жалған түсінікке құрылған деген дұрыс пікірлер тарапынан қатаң сынға алынуда, Осыдан барып Зиккенгердің тұжырымдамасы және негізделген Мангейм жүйесі тұтас алғанда оқушылардың интеллектуалдық дамуындағы айырмашылықтарға қарап оқытуды жеке ұйымдастыру түрінде өзінің жрамсыз екенін көрсетті, Бұл жүйенің қазіргі психология және педагогика ғылымдарының және алдыңғы қатарлы мектеп практикасының ерекшеліктеріне сәйкесетін бір ғана элементі арнайы оқыту болып шықты. Педагогика практикада бұл гуманитарлық, матеметикалық және т.б белгілі бір салаларды, пәндерді терең оқып -үйренуде кабинеттер көрсеткен балалар үшін дарында мектеп болып көрініс тапты. Дальтон-жоспар. ХХ ғасырдың басында Европада танымдық белсендігін дамытуда тежейтін орташа оқушыға бағдарлану, оқу әрекетіндегі жылжу темпінің орташа болуы, сабақ құрылымының өзгермеуі (сұрастыру, жаңаны баяндау, үйге тапсырмау ) сияқты кемшіліктерді жойып, оқушылардың белсенді дербес өзіндік оқу жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың көптеген жүйесі сынақтан өтті. Бұлардың ішіндегі ең көп


өзгеріс енгізген ХХ ғасырдың бірінші онжылдығында Дальтон қаласында Массачусетс штатының мұғалімі Елена Паркхерет болды. Бұл жүйе педагогика мен мектеп тарихын дальтон-жоспар деген атпен енді. Кейде оны зертхана немесе шеберханалар жүйесі деп те атайды.

Бұл жүйенің авторы Е.Паркхереттің педагогикалық қағидасы: оқу әрекетінің тиімділігі мектептегі жұмыс темпін әр оқушының мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, бейімдеуге бағынышты; оқыту әрекеті оқу әрекетінен басым дәстүрлі ұйымдастыру оқушылардың өзіндік жұмыстарына басты назар аударылатын, ал мұғалімнің қызметі осы әрекетті еппен ұйымдастыру болатын ұйымдастыруға көшу. Осыған байланысты сыныптар зертханалармен немесе пәндік шеберханаларда мұғалімнің тапсырмасы негізінде жеке жұмыс жасайды және қажет болғанда бұл зертханалар мен шеберханаларда үнемі болатын мұғалімнен көмек сұрайды. Оқушыларға тапсырмалар жылының басында әр пән бойынша беріледі. Жылдық тапсырмалар айлар бойынша тапсырмалар түрінде таратылады, оқушылар белгіленген уақытта есеп беріп отырады. Оқушылар жылдық және айлық тапсырмаларды алып, оларды көрсетілген мерзімде орындауға міндеттемелер алады. Оқушылар оқу жұмысы жақсы орындау мақсатында әдістемелік ұсыныстар жазылған қажетті оқу құралдарымен, нұсқаулар мен жабдықталды. Сондай- ақ осы оқу пәнінен маман-мұғалімнің кеңесін пайдаланды. Барлығына бірдей сабақ кестесі болған жоқ. Ұжымдық жұмыс күніне бір сағатдалған уақытта пәндік шеберханаларда, зертханаларда жеке жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларды жұмысқа ынталандыру өз жетістіктерін салыстыру үшін оқушылардың орындауға тиісті тапсырмаларының даярлану барысын ай сайын белгілейтін арнайы кестелер жасады.

Дальтон- жоспарға көрнекті америкалық педагогтар ерлі- зайыпты Дьюлар жоғары баға беріп және көптеген елдерде тез тарай бастады, оған қарамастан әлемнің бірде- бір елінде тұрақтап қалған жоқ.

Айталық, Кеңес Одағында 20-жылдар дальтон жоспардың бригадалық -зертханалық жүйе деген атпен өзгертілген күйінде қолданылды. Курсы, тақырыпты оқытып-үйрену тапсырмаларымен оқушылар тобы (бригада) алатын еді. Олар зертханаларда жеке жұмыс жасауы, мұғалімдерден кеңестер алды ұжымдық есеп тапсырды. Бірақ жуық арада қолданылған жүйе өзінің өміршең еместігін көрсетті. Оқушылар дайындау деңгейі үнемі төмендеп отырды, тапсырмаларды мұғалімнің түсіндіруінсіз жасай алмайтын болғандықтан олардың оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі тапсырылады. Мұның бәрі оқыту ұйымдастырудың бұл жүйесінің 1932 жылы жұмысын тоқтауға әкелді. Бұл дальтон-жкпардың ешбір артықшылықтары болмағанын көрсетер мен екен! Жоқ! Ең алдымен, оның жетістіктеріне бұл жүйенің оқытудың қарқанын оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімдеуін, оларды дербестікке үйретіп, жұмыстың титімді әдістерін ісдестіруге баулаға мүмкіндік бергенін жатқызуға болады. Бірақ кезінде ұлы орыс педагогы К.Д.Ценниескийдің бос бас ойламайды дегені шындық болар. Ал дальтон -жоспар болса оқушылардың білімдердің жүйесін жүйелі меңгеруге аз әсерін тигізді. Олар оқушыларда табиғат, қоғам техника және мәдениет жайлы қажетті және жеткілікті ақпараттың барлық көлемін қамтымайды шашыраңқы болып келеді. Онан өзге, дальтон -жкпар оқушылар арсында қиын бәсекелестік тудырды, тапсырмаларды орындауға көп уақыт жоғалтты. Бұның бәрі педагогикалық практикада тіпті жылдам ДжДао насихаттаған кезде де кезінен таратыла алмауына әкеліп соқты. Кейін бұл жүйені насихаттаудың жаңғырығы XX ғасырдың 50-60 жылдарында профессор Ллайд Трамп жасаған Трамп жоспары түрінде көрініс берді. Трамп жоспарының мәні оқытуды ұйымдастырудың жүйесі ретінде оның икемді формалары арқылы жеке оқытуды барынша қолдауда еді. Бұндай оқытуда үлкен дәрісханалардағы шағын топтардағы жеке сабақтар үйлесімді өткізілді. 100- 150 адамдардан тұратын үлкен топтарға қазіргі техникалық құралдарды (теледидар,ЭЕМ және басқалар) пайдалыналатын лекцияларды жоғары білікті оқытушылар, профессорлар оқыды. Бұл жерде лекцияда естілгендерге қосымшалар жасалынды. Жеке жұмыс мектеп кабинеттерінде, зертханаларда өткізіледі. Белгіленген


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 16 страница | ФОРМАЛАРЫ 18 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.118 s.