![]() |
ФОРМАЛАРЫ 18 страницаDate: 2014-03-21; view: 1817. сабақ түрлерінің бөліну арақатысы былайша болды: лекциялық дәрістерге барлық оқу уақытының 40 пайызы берілді, кіші топтардағы дәрістерге -20 пайыз, кабинеттер мен зертханаларда жеке жұмысқа -40 пайыз. Сыныптар жойылады, кіші топтар құрамы тұрақсыз жиі өзгереді. Жүйе мұғалімдердің үйлескен жұмысын айқын ұйымдастыруды, материалыдқ қамтамасыз етуді талап етеді. Трамп жоғары жарнаманың арқасында АҚШ та кеңінен белгілі болды. Дегенме қазір бұл жоспар бойынша аз ғана эксперименттін мектептердің жұмыс жасайды. Жалпы мектептер өз жұмысында осы жоспардың тек кейбір элементтерін ғана пайдаланады: бригаданың мұғалімдері оқыту ды педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер көмекшелерін пайдалану, үлкен дәрісханалардағы сабақтар кабинеттердегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Батыста трамп жоспарының жалғасы түрінде "шектелмеген сыныптар" пайда болды. Ол оқушы бір пәннен бесінше сыныптың бағдарламасымен оқыды, ал басқа пәннен үшінші сыныпта отыруы мүмкін. Сондай-ақ \ашық мектептер құруға арналған жобалар мен және эксперименттер жүргізілуде: "мектеп "институтын жоюға әкелетін кітапханаларды, шеберханалары бар оқу орталықтарында оқыту өтіп жатады. Қазіргі уақытта барлық жерде, өзіңіз көріп отырғандай, сыныптық- сабақтық жүйені және оқытуды үйымдастырудың басқа да жүйені және оқытуды ұйымдастырудың басқа жүйелеріи жетілдіру талпыныстары жүріп жатыр, жекеше оқыту оқытуды техникаландыру бағытында оқыту формалары іздестірілуде. Оқытудың ұйымдастырылуы формаларының даму тарихы осындай. Олардың дамуына қысқаша тарих талдаудың өзі осы уақытқы дейін сыныптық- сабақтық жүйенің басқалардан түрақты екендігін және ол жүйе педагогикалық ойларын жалпы мектептің озат жұмыс практикасының құнды жетістігі болғанын көрсетеді Бұл жүйені оқытудың басқа жүйелермен артықшылықтары сыныптық —сабақтың жүйе мектеп жасындағы балаларды жаппай қамти отырып , ұйымдастырушылық жағынан нақтыда дәлдігінде оқушылар жұмысының үздіксіздігінде, сынып ұжымының әр оқушының оқу әрекетіне әсерінің болуында көрінеді. Сондай-ақ, сыныптық-сабақтық жүйе оқу және оқудан тыс жұмыс бірлігін жаппай, топтық, жеке жұмыс формаларының үйлесімділігін орнатады, сонымен бірге ол жеке оқытуға қарағанда әлдеқайда үнемді. Дегенмен де, бұл ешуақытта бұл жүйеде кемшілік болмайды деген емес. Сыныптық-сабақтық жүйе жаппай оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі болса да, оған көптеген сындар айтылып жүр, Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық білім бері жүйесінді оқыту жетілдіру туралы көптеген ғалым-педагогтардың және практик мұғалімдердің ұсыныстары жеткілікті. Жеке алғанды, мектеп әлі де сабақтың оқушының оқу жұмысын ұйымдастыру мүмкіндерін толық пайдалана алмай отырғаны, оқушыларда адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оларды өмірге, еңбек әрекетін даярлау қажеттігі болса көрсетіліп тұр. Бұл жерде осы кемшіліктің басты себебі оқытудың ұйымдастырушылық формалары, оқыту үрдісінің гегізгі формасы сабақтың теорияларының жасалуының жеткіліксіздігінен деп айтылуда. Сыныптық сабақтың жүйеге классикалық түсініктегі сабақтық жүйесіндегіформаларының түтас кешені енеді. Оларға оқыту урдісін ұйымдастыружататындар: дәрістер, семинар сабақтары, формаларысеруендер,оқу шеберханаларындағы дәрістер, практикумдар, еңбек және өндірістік оқу формалары, сұхбаттасу, кеңестер, емтихандар, сынақтар, сыныптан тыс жұмыстар, (пәндік үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдар, олимпиадалар, сайыстар және т.б. Оқытудың осы формалары аясында ұжымдық, топтық, жеке, жаппай жұмыс түрлері саралы немесе саралы емес сипаттарда жүргізіледі. Егер тапсырма бүкі сыныпқа берілсе (жазбаша жұмыс, шеберханалардағы зертханалық немесе тіпті практикалық тапсырма)ол онда жеке жұмысқа жатады да, ал тұтас сынып немесе әр топ бір мәселені ұжымдық түрде шешсе, онда бұл ұжымдық немесе топтық болады. Жоғарыда келтірілген оқытуды ұйымдастыру формаларының маңызды ерекшелігі бұлардың бәрінде оқушы тыңдауға, ұжымдық жұмыста сұрақтарды талдауға, өз жұмысын ұйымдастыруға, өз пікірлерін айтуға, өзгелерді тыңдауға, ұжымдық жұмыста сұрақтарды талдауға, өз пікірлерін айтуға, өзгелерде тыңдауга, олардың дәлелдерін жоққа шығаруға немесе олармен келістіре, өз дәлелдемелерін жасауға, конспектілерге, баяндама құрастыруға, әдебиеттер тізімін жасауға, білім көздерін табуға, өз жұмыс орнын ұйымдастыруға берілген уақытты өз әрекетін ұйымдастыруып үлгере үйренеді. Топтың жұмыста оқушылар көшбасшысы, қызметкер адам әрекетіне үйренеді, үлкендермен қатынас жасау тәжірибесін игереді, өмірлік, өндірістік темпке бейімделеді. Оқытудың үйымдастыру формалары оқушылардың өз тұлғасын өзі басқаруға да үйретеді. Оқытудың түрлі ұйымдастыру формаларының дидактикасының негіздері қандай? Осы сұрақтарға келесі тарауды арнаймыз. Өзін-өзі бақылау сұрақтары /. Оқытуды ұйымдастыру формаларын сипаттайтын негізгі белгілерді бөліп көрсетіңіз. "Оқытуды ұйымдастыру формасы " түсінігіне анықтама беріңіз. 2. Оқытудың ұйымдастыру формаларын таңдауга әсер ететін факторларды анықтаңыз. 3. Сыныптық сабақтық жүйенің ерекшеліктерін, басқа жүйелерден артықшылықтарын сипаттаңыз. 4. Мангейм жүйесінің, дальтон-жоспардың, Трамп жоспарының ерекшеліктерін атаңыз. Өз әріптестеріңізбен олардың жетістіктерін, кемшіліктерін, оларды қазіргі отандық мектепке қолдану мүмкіидіктерін талқыға салыңыз. Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. 8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі. Н.М.Верзилиннің айтуы бойынша, "сабақ -ол күн, оның айналасында айналып жүрген планеталар - оқу сабақтарының барлық басқа түрлері" Сабақ дегеніміз не? (Верзилин Н.М. Проблемы методики преподования биологии).Бүгінгі күні бұл сұраққа жауап беру қиынға соғып отыр. Осы уақытқа дейін педагогика ғылымының көпшілігі немесе басымы болып жеке көзқарас, бойынша, сабақ-оқыту, тәрбие беру, оқушыларды дамыту үшін қолданылатыи жүйелі белгілі бір мерзімде мұғалім мен оқушының тұрақты құралының әрекетін ұйымдастыру формасы (Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. М.,1971. С.149). Сабақ дегеніміз - бір топта оқитын, жас мөлшерлері шамалас, құрамы қалыпты, жалыға бірдей оқыту бағдарламасы мен сабақ кестесі бар оқытуды ұйымдастырудың формасы. Осы түрде оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттері көрсетіледі: мақсаты, мазмұны, құралдар, әдістері, ұйымдастыру және басқару әрекеттері ұйымдастыру қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері. Сабақтың мәні мен мақсаты оқыту барысында біртұтас динамикалық жүйе ретінде мынаған тіркеледі: мұғалім мен оқушылар арасында ұжымдық-даралық қатынастарға әкеледі, оның нәтижесінде оқушылар білім алады, іскерліктіті, дағдыны қалыптастырады, олардың қабілеттерін дамытады, әрекет ету тәжірибесін, араласу мен қарым-қатынасға жасауды кеңейтеді, сонымен қатар мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Осылайша сабақ, бір жағынан, оқытудың толық қозғалыс түрі ретінде болса, басқа жағынан- алдын-ала анықталған мұғалімнің сабақты құруын ұйымдастыратын негізгі талаптарына сай оқытуды ұйымдастырудың түрі болып табылады. Оқушыларды басқара отырып, мұғалім дидактикалық мәселелерді шешу үшін жүйе ретінде сабақты дайындайды. «Сабақ» түсінігінің екінші аспектісін, М.И. Махмутовтың тұжырымдамасы байланысты былай құруға болады: « Сабақ дегеніміз - оқыту үрдісіндегі білім беру, дамыту мен тәрбиелеудің міндеттерін шешу мақсатынағы оқытудың мазмұнын, формаларын, әдістерін және құралдарын мұғалім мен оқушылардың белгілі құрамының өзара әрекеті үрдісін ұйымдастыруға бағытталған тамитын және жылжымалы формасы» (Махмутов М.И. Современный урок.2-е .М,1985. 44). Сабақтың қызметі оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде аяқталған жетістіктерден тұрады. Мысалы, бір жағдай ол кең көлемді мазмұны бола тұрып оның бір бөлігінің біртұтас мазмұнын толық менгереді, ал келесі бір жағдайда қабылдау және есте сақтау деңгейіне қарай жүйе, жартылай меңгеріледі. Бірінші жағдайда тұтас жүйе түріндегі сабақтың құрылымы тұтас үрдіс түрінде оқыту құрылымы қайталайды, екінші жағдайда - оқытудың тұтас үрдісін жартылай көрсетеді. Ол дегеніміз - оқытудың ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақ ерекшелігі мақсатқа шартталады және толық оқу үрдісінде әр сабақтың жеке алғандағы орнына байланысты. Әрқашан сабақ сұрау қажет пе, үй тапсырмасын орындау міндетті ме, ұжымдық немесе топтық жұмысты қалай ұйымдастырған дұрыс, оқушылардың дара қабілеттерін қалай есепке алған дұрыс, ағымдағы сабақты өткен немесе келесі сабақпен қалай байланыстырған жөн-бұл сұрақтар оқыту үрдісінің қарастыруы бойынша өте мәнді емес. Олар тек оқытуды оңтайды ұйымдастыру немесе сабақ құрылымы мен түрлерін жспарлау кезінде ғана мәнге ие болады. Осылайша, сабақ көп жақты және көп жоспарлы. Жоғарыда айтылып кеткендей оқыту үрдісінде бүтін бөлігінде осы қиын үрдістің барлық компенентері өзара әсер етеді - оның жалпы педагогикалық мақсаттары, дидактикалық жоспарлары, мазмұндары, әдістері, материалдары және тағы басқалары. Оқу үрдісіндегі әртүрлі жеке уақытта алынған нақты міндеттерді шеше отырып, сабақ тақырыптың бөлігі болады, оқу пәнінің курсы болады және оқу пәні жүйесінде өзіне сай орынға ие болады, бағдарлама тақырыптары, нақ осы уақыттағы дидакатикалық мақсаттарды шешеді. Бірақ ол үшін сабақтың өзінің дидактикалық мақсаттары мен кұралдармен, әдістерімен және оқыту тәсілдерімен анықталатын, бір ішкі логикасы болуы керек. Сабақ - бұл педагогикалық шығарма, сондықтан да ол өзінің біртұтастылығымен ерекшеленуі қажет, бөліктерінің ішкі өзара байланысымен,оқытушы мен оқушылардың бірыңғай әрекетін өрістету логикасымен ерекшеленеді. Бұл оқушылардың танымдық әрекетін басқаруды қамтамасыз етеді (Дидактика средней школы \Под. Ред. М.К. Скаткина. 2-е изд. М, с.227). Әрбір сабақтың басталуы -мұғалімнің нәтижесінде не алуды мақсат ететіндігін айқын анықтаудан, оны түсінуден басталады, сосын мұғалімге мақсатына жетуге көмек беретін кұралдардың, одан кейін әдісін анықтау, яғни мұғалім қалай істесе, оның мақсаты орындалатынын нақтылаудан басталады. Сабақтың мақсаты. Мақсат дегеніміз не және мұғалім қашан және сабақтың қандай мақсаттарын қояды? Ғылымда жалпы қабылданған ереже бойынша, мақсат дегеніміз бір обьектіні өзгерту барысындағы алдын ала ойланып жоспарланған қызметің нәтижесі педагогикалық қызметің обьектісі болып, оқушының қызметі табылады, ал нәтижесі дегеніміз-қаншалықты оқығандығының деңгейі және оқушының қаншалықты дамығаны және тәрбиелегінің деңгейі. Сондықтан сабақтың мақсаттары оқытудың және жоғарғы деңгейдегі жүйе ретіндегі білім беру мақсаттарына сәйкес қойылады да. Бұрын "оқыту әрекеті оқушыларға дайын ғылыми тұжырымдамаларды жеткізу" және "жаңа материлдың мұнша көлемін оқып-үйрену" "бағдарламаның мына бөлімдерін қайталау" сияқты мақсаттар қойылатын. Қазіргі мектепте сабақтың мақсатын осылайша қою орынсыз деп табылған. Бүгінгі таңдағы мектептердегі сабақтың мақсаттары анықтылығымен ерекшеленуі қажет, оның жетістігінің құралдарын нұсқап және оны дидактикалық міндеттерге аудару. Сабақтың мақсатына жету үшін мысалы сабақтың мақсаты "белгісіз қосылғышты табу", "оны қолданудың дағдыларын жаттықтыру", немесе сабақ тақырыбы бойынша - "үстеулерді құрастыру тәсілдері туралы оқушылар білімін қорыту және жүйелеу, үстеулердің дұрыс жазылуына қажет орфографиялық дағдыларды бекіту, өзін-өзі бақылау және ұқыптылық дағдыларын дамыту". Бұл мақсаттар өте күрделі. Бұл математика сабағынан, алдымен үш негізгі дидактикалық міндеттерді оймен шешу керек: бұрынғы білімді дағдыны ептілікті осы сабақа байланысты қайталау; оқушыларда жаңа түсініктер мен іс әрекет ету әдістерін қалыптастыру; жаңа білім алу үшін жаңа дағды мен ептілікті қалыптастыру үшін жаңа таным әрекеті әдісін пайдалану керек. Сабақтың дидактикалық міндеттері оқу мәселелері арқылы шынайы педагогикалық шындықта орындалады. Бұл дегеніміз оқушылардың арифметикалық есептерді шығаруы, барлық мүмкін жаттығуларды орындауы, сөйлем талдау, жоспар құру т.б. Осы сабақтың құрылымы қандай және ол сабақ түрлерін анықтауға қалай әсер етеді? 8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік. Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы ішіне қазіргі заманғы сабақтың теория мен практикасының негізгі түсініктері жатады. Себебі ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтер мен бөліктер құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ элементі сияқты практикада жиі кездеседі: 1) жаңа материалды меңгеру, 2)өткенді бекіту, 3)оқушылардың білімін тексеру мен бағалау, 4)үй тапсырмасы, 5) білімнің тұжырымы мен жүйелілігі (см. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. М., 1984). Басқалары -сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері; оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері (см. Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. М., 1980). Бұл сұрақты басқаша да түсінулер бар. Мысалы, "шын оқу үрдісінде тұрақтыларын бөліп көрсету нәтижесіз бос іс. Оқу үрдісі мен мұғалімді сабақ үлгісімен ғана шектеп қою оқу үрдісінің өзіне зиян келтіреді. Бұл зиянның болуы оқытудың меңгеру тәсілдерше, әдістерше сай мазмұнның әр түрлершің есептелуінен, оқу материалының сипатын жылдам өзгертуден деп білеміз (Дидактика средней школы Шод.ред. М.Н. Скаткина 2-е изд. М, 1982, с.230). Ия, сабақтың құрамына - материалдың мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары, басқару мен оқу қызметіне бақылау жүргізу тәсілі, техникалық құралдар, оқу құралдары, өз бетінше жұмыс істеу үшін арналған дидактикалық материалдар, бірақ, осылардың барлығы сабақ бөліктеріне жатады ма? Әрине, жоқ! Сабақтың мақсаты да сабақ бөлігіне жатпайды. Дегенмен, сабақтың тұрақты бөліктері болмайды дегенменде келісу қиын. Бұл жерде сабақтың құрылымы аралас сабақтың өткізу тәртібімен шатастырылып тұр. Аралас сабақ мектеп практикасында мұғалімнің кез-келген шығармашылығын тоқтатып келді. Ғалым педагогтардың көзқарасы сабақтың құрылымы мәлімсіз, өзіне тән нәрселерден айырылған, ойламаған жерден болған, кездейсоқ деген нәрселер бола алмайды деген жағдайда түйіседі. Ол "оқу үрдісінің заңдылықтарын шынайы және оқу үрдісі логикасы ретінде қарау: білімді меңгеру үрдісінің заңдылықтарын ішкі психологиялық құбылыс ретіндегі жаңа білімді меңгеру логикасын, жеке тағым тәсілдері ретіндегі оқушының өзіндік танымдық әрекетінің заңдылықтарын; педагогикалық үрдістің мәнінің сыртқы көрініс ретіндегі мұғалім мен оқушының әрекет түрлерін көрсетіп тұруы қажет (Махмутов М:И. Современный урок М,1985.с.92). Сабақ элементтері өз қызметінде осы заңдылықтарды бейнелейді, олар:өзекті ету жаңа - мыналар: өзектілік, жаңа түсініктер мен әрекет әдістерін қалыптастыру және өткенді қолдану. Шын педагогикалық үрдісте бұлар оқу үрдісінің кезеңдері, әрбір сабақта қатысушы дидактикалық міндеттер, және сабақтың дидактикалық құрылымының бөліктері бола алады. Дәл осы бөліктерді компоненттерді мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіру барысында жаңа білім беру үшін, жаңа дағдылар мен икемділіктер қалыптастыру үшін қолданады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттердің сипаты оқыту үрдісінің логикасымен оқушының білмеуден білуге жылжыуымен, кез-келген жаңа білімнің бұрынғы білімдерді өзектендіру арқылы қалыптасуымен, оқушының оқу әрекетіне білім мен тәжірибесін пайдаланумен ерекшеленеді. Сабақтың дидактикалық құрылымы ретінде қолданудың мақсаты мен нәтижесі оқушыларды біліктерімен дағдыларының қалыптасуы болып табылады. Сабақтың құрылымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үрдісі мұғалім әрбір бөліктің жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ол дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мұмкіндік болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақ бұрынғы материалды қайталаудан емес, мұғалімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят, жасау бұрынғы мәселелерді шешу болжамын ұсыну барысында жаңа түсінікті енгізуден басталуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабақта оқылған білімді қолануға қажет өзектендіру жүруі мүмкін ( Махмутов М.И. Современный урок М, 1983, с.94.). Сабақтың құрылымына осылайша қарау сабақтарды жүргізуде мұғалім әрекетінде біркелкілікті жояды, мұғалімнің шығармашылық шеберлігін кеңейтейді. Аралас сабақты өткізудің кәдуілгі реті - ұйымдастырудың сәті, үй тапсырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау. Сабақтың әдістемелік құрылымы, бұны мұғалім дидактикалық құрылымға негіздеп жасайды. Мұғалім бір сабақтың үстінде сабақ түсіндіріп те, сұрап та, оқушыларды бағалап та үлгереді. «Осының бәрі көрсеткендей сабақта тек бір түрлі» сабақ жүргізуге болмайды. Сабақ әдістемелік құрылымы дидактикалықтан өзгеше. Сабақ әдістемелік құрылымы оқытудың негізгі кезендерін көрсетеді және сабақты ұйымдастыру сипатын айқындайды. Сонымен, егер сабақтың дидактикалық құрылымы тұрақты болса, онда ол мұғалім әрекетіне керек жалпы жазылымдар, сабақты ұйымдастырудың жалпы аморитмі болып табылады, ал сабақтың әдістемелік құрылымы әрекеттің жатығу орындау, есептер шығару, оқушылар жауаптары; сәйкес әдістер мен құралдарды пайдаланып материалды түсіндіру; мұғалімнің басшылығымен немесе өз бетінше практикалық және оқу міндеттерін шешу сияқты нақты әрекет түрлерін жоспарлау керек. Сабақтың әдістемелік жобасын жасағанды мұғалім мақсатқа жету үшін жаңа білімдер алу мен бұрынғы білімдерді еске түсіру мақсатында ынталандыру; психологиялық хал - ахуал, балардың жас және ерекшеліктерін ескеру маңызды рөл атқарады. М.И. Махмутовтың пікірінше, сабақтың дидактикалық құрылымы мен сабақтың әдістемелік кіші құрылымы арасындағы ішкі логикалық - психологиялық құрылым болып табылады ( см. Махмутов.М.И. Современный урок. М. 1985. гл. 111). Бұл жерде, әрине, оқыту үрдісінде меңгеру үрдісін тұтас дидактикалық жүйе ретінде айту керек. Бірақ бұл үрдістер сабақтың қайсыбір құрылымын құрамайды және оқыту мен білім алудан тұратын сабақтың әдістемелік ішкі құрылымынан тұрады. Қорыта келгенде осы әдістердің негізгі мақсаты мұғалім алдына қойған мақсатын жүзеге асыра білуі керек. Сабақ типтері. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Осыған карамастан бүгінгі таңда бұл мәселе қазіргі заман дидактикасында шешілмеген мәселе болып отыр. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше әдістері де бар. Мысалы, мына түрлер бойынша жіктеледі, дидактикалық мақсатына қарай (И.Г. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық мәселелеріне қарай (Н.М. Яковлев, А.М. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин). М.И. Махмутов жасаған сабақ құрылымы, негізінен дидактикадағы осыған байланысты талас мәселелерді шешеді деуге де болады. Ол өз еңбегінде жіктеудің мына түрлерін бөліп көрсетеді, сабақты ұйымдастыру мақсатына қарай, жалпы дидактикалық мақсатының заңдылықтарына қарай, оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай. Осы әдіске сәйкес сабақтың бес типі бөлінеді: (1-тип) жаңа оқу материалын оқу сабағы; (2-тип) білімді жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын дамыту сабақтары; (3-тип) білімді оқыту және жүйелеу сабақтар; (4-тип) құрама сабақтар; (5-тип) білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады. Ал енді сабақтың әрбір түріне қысқаша тоқтала кетейік.
|