Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 19 страница


Date: 2014-03-21; view: 1033.


Жаңа материалды меңгеру сабағы.Бұл сабақ типінің негізгі мақсаты -оқушылардың жаңа материалды толық меңгеруі болып табылады. Ол үшін оқушылар құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастыру сияқты әрекет ету әдістер меңгеру өз бетімен іздену әрекетін дидактикалық мәселелерді шешуге қатысуы керек.

Сабақтардың бұл түрлері көбінесе орта және жоғарғы жастардағы оқушыларға қолданылады, себебі орта және жоғарғы сыныптарда кең көлемді материалдар оқытылады, сондықтан оларды оқудың ірі блоктык тәсілі қолданылады.

Бұндай меңгерудің формалары әр түрлі болуы мүмкін: лекция, мұғалім әр түрлі сұрақтар мен жағдайларды талдау кезінде түсіндіруді оқушыларды сабаққа тарта білуі, талдау түріндегі әңгімелер өткізу, кітаппен немесе басқа да ғылыми құжаттармен өз бетінше іздену, тәжірибелер жүргізу, т.б.

Осыдан барып сабақ түрлері де әр түрлі болады; лекция-сабағы, семинар-сабағы, кино-сабағы, теория және практиканы өз бетінше оқу сабағы, аралас сабақ. Бұл сабақтардың барлық түрлеріне тән бір нәрсе, олардың барлығы жаңа материалмен жұмыс істеуге уақыт бөледі. Бұл кезде оқушылардың материалды меңгеруі үшін барлық мүмкіншіліктер жасалады, оқылып жатқан матриалды әр түрлі шешілмеген сұрақтары жағынан қарастырады, мұғалімнің сабақ түсіндіру барысында айқын мысалдармен

дәлелдер келтіруі, оларды талдауға оқушылардың барлығын тарту, көрнекілік материалдармен оқытудың техникалық мүмкіншіліктерін қолдану. Бұның бәрі оқытушының жаңа материалды түсіндіру барысында терең, ұғынықты етіп оқушыларға түсіндіруі мен оқушылардың ойлау белсенділігін бақылауға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа материалды түсіндіру барысында бұрынғы өткендерді қайталап, бекітуге мүмкіндік болады. Себебі, өткен материалды талдамай, қорытындыламай, еске түсірмей, жаңа материалды түсіну мүмкін емес. Сабақты жүргізу барысында тиімді жоспарларды пайдаланғанды ескерген жөн.

Білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабағы.

Осы сабақтарда шешілетін дидактикалық негізгі міндеттері мыналарға негізделеді: а) жаңа білімдерді жүйелеу және қорыту; б) бұрынғы өткен материалдарды қайталау және бекіту; в) бұрыңғы өткендерді кеңейту мен тереңдету үшін тәжірбиеде жүзеге асыру; г) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру; д) жаңа материалды меңгеру және білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру барысында бақылау жасау.

Жіктелудің көбісінде сабақтың бұл типі бірнеше түрлерге бөлінеді: меңгеріп жатқан материалды бекіту сабағы; қайталау сабағы; білімді іскелікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы; іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы, және т.б. Алайда, «таза» қайталау, немесе іскерлік пен дағды қалыптастыру сабағы жүрсе, бұның тиімділігі аз, сондықтан да меңгерген материалдарды тәжірбие түрінде қолданған дұрыс. Бұл сабақтың түрлері болып мыналар : а) өзбетінше жұмыстар сабағы; б)зертханалық жұмыс сабағы; в)тәжірбиелік жұмыстар сабағы; г) серуен -сабағы; д) семинар сабағы.

Жоғарыда келтірілген сабақтардың-түрлері оқушыларды бір уақытта өткен материалды қайталауы мен қолдануы-көптеген жағдайларды өзгертеді. Оқушы жаңа материалды оқу барысында тек сол сабақққа қатысты ғана емес, жан-жақты пән-аралық және тақырыпаралық деңгейде білімін жетілдіреді. Сабаққа жоспар жасау барысында қайталау мен қатар бақылау жұмысын немесе білімді жүйелендіруге болады. Ю.Б.Зотов, әділ айтқан, бір сабақ ішінде сабақ жүргізудің төрт түрін он минуттан қолданса , қырық минут бойы бір сабақ түрімен түсіндіргенше сол тиімді, бірақ бұл сұраққа механикалық түрде қарамауымыз керек. Ең бастысы, мұғалім осы сабақтың түрлерін бірінен-кейін бірін оқушылардың білімін жаппай және жеке сұрастыруымен , жазбаша, ауызша және практикалық жұмыстармен, сондай-ақ өзіндік оқу жұмыстарымен ұштастыра, яғни дұрыс сабақтастырылуы керек. Оқу жағдайының әр түрлі болуына байланысты сабақ құрылымының түрлі әдістемелік тәсілдерге сүйенуі методикалық әдісі болуы керек. Ол сабақ мақсатына, дидактикалық міндеттеріне байланысты сабақта шешіледі.

 

Қорыту және жүйелеу сабағы.

Сабақтың бұл типі негізгі дидактикалық міндеттердің екеуін шешуге бағытталған-оқушылардың күнделікті өтіп жатқан материалды меңгеру деңгейін тексеру, екіншісі, оқушылардың жыл бойғы, тоқсандағы бағдарламаны меңгеруін тексеру үшін бақылау жүргізу. Психологиялық тұрғыдан алғанда бұл сабақтар оқушылардың жүйелі түрде үлкен бөлімдерді, ірі оқу материалдарының ірі блоктарын қайталауы-оларға оның жүйелік сипатын түсіндіруге көп мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қорыту және жүйелеу сабақтар сабақтың барлық бес түрінде қолданылады. Бұның бір ерекшілігі мұғалім бір жаңа материал меңгеруінің алдында оқушыларға сұрақтар беруі мүмкін, алдын ала қарастыратын құжаттарды оқуға тапсырма беруі мүмкін. Ол үшін мұғалім әр оқушымен немесе топпен жұмыс істейді, сілтеулер жасайды. Жоғарғы сыныптарда ең көп тараған қорыту және жүйелеу сабақтар көп мәселе қозғайтын пікірталас сабақтары немесе семинар сабақтары. Себебі бұл сабақтарда оқыған материалдарды тереңірек және жүйеленген түрде меңгереді, сонымен қатар осындай сабақтардың барысында оқушылардың теориялық және тәжірбиелік сипаттағы шығармашылық белсенділіктері артады.

Аралас сабақ.

Бұл мектеп тәжірибесіндегі ең кең таралған сабақ түрі. Бұнда алдыыда айтқан
сабақтың үш түрінің барлығының дидактикалық міндеттері шешіледі. Сондықтан да ол
аралас депаталады. Бұл сабақтың әдістемелік құрылымының негізгі элементері болып
табылатындар: а) оқушыларды сабаққа ұйымдастыру; б) бұрынғы өткен материалдарды
игеру деңгейін тексеру,оған қоса ағымдағы сабақтың материалдарын меңгеруін қадағалау;
в) жаңа материалды мұғалімнің бөліп қарастыруы және оқушылардың түсінуі үшін
мұғалімнің кіріспе жасауы қажет; г) жаңа материалды алғашқы бекіту, оқушылардың
іскерлігімен дағдыларын қалыптастыру жұмыстары, білімдерін тәжірбие жүзінде
қолдану; д) үй тапсырмасын және оның үлгілерін беру; е) оқушының бүкіл сабаққа
қатысуына қарай бағасын немесе баллын қойып сабақты қортындылау. Аралас сабақтың
әдістемелік құрылымының аталған бөліктері оқу жағдайының сипаты мол мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Құрама сабақ кезектесіп отырады. Бұндай жағдайда аралас сабақтың құрылымы-икемді және қозғалмалы бола бастайды. Осы жағдай мұғалімге өз жұмысында біркелкіліктен, сақтайды. Сонымен, жаңашылдар С.Н.Лысенкованың, И.П.Волковтың, В.Ф.Шаталовтың жұмыс практикасында, жаңа сабақты оқу - өздік жұмысын жасау барысында жүреді, білімді тексеру - оқушылардың белсенділігін тексеруде корінеді. Жаңа материалды игеру барысында, бірден оны бекітуі мен қолдануды ұйымдастыруға болады, ал бекіту барысында білімді, дағдыны бақылау, осы білімдерді әр түрлі жағдайларда қолдануды үйретеді. Осындай кешенді сабақ оқушылардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік береді, мұғалім аз уақытын дұрыс пайдалана алуы қажет. Оқушылар білімін тексеруді 20-23 немесе 30 минутқа созуға болмайды, себебі 15-20 минут жаңа сабақ түсіндіруге аздық етеді. Егер осылай болса, оқушылар жаңа сабақтың ауырлығын үй-тапсырмасына түсіреді. Оқушы, егер сыныпта "алты сағатты еш пайдасыз өлі сағатқа айналдырса, сабақты түсіндірген кезде, оның жартысын тыңдамаса , онда ол сабаққа сабақтан тыс сағаттарды даярлау керек. Азғантай нәтижеге бола қанша уақыт босқа кеткен, қанша ауыр күш- жігер жұмсаған. Бұндай сабақ беруде қолжеткен азғантай пайда тұтас сағаттар бойы әрекетсіз отыру дағдысына және сыныптарды осындай қырсықты уақыт өткізуге экеледі" (Ушинский К.Д. Собр. соч. М 2 М; Л. 1948. с. 216). Аралас сабақтың тиімділігі мен нэтижелі болуы оның кұрылымына тэуелді емес, сабақтың мақсатының дұрыс қойлуына мұғалімнің оқушыларға түсіндіре біліуіне байланысты. Жақсы сабақ дегеніміз - ол іскер шығармашылық ахул қайнап тұрған сабақ, оқушылардың мұғаліммен белсенді түрде диалогқа түсуі мүмкін болатын дейді. Аралас сабақтың сипаттамасын аяқтай келе, біз оның әдістемелік бөліктерінің түрлі үйлесіміндегі қасиеттер жоғарыда жазылып керсетілген сабақтардың үш типіне де тән. Міне, сол себептіде олар осы сабақты кіші құрылымында сипатталған. Оның толық сипаттамасын И.Ф. Харламов берген ( Педагогика, 2- изд. М, 1990 с 245-246).

Білімді, іскерлікті дағдыны бақылау және түзету сабақтары.

Сабақтың бұл түрі - оқу нәтижесінің бағасы, оқушылардың теориялық материалды меңгеру дәрежесі, оқып жатқан курстың ғылыми түсініктемелерінің жүйесі, оқу технологиясына өзгертулер еңгізілуде бағалауда қолданылады. Бақылау және түзету сабақтарының түрлері мыналар болуы мүмкін : ауызша сұрастыру (жаппай, жек дара ,топпен ); жазбаша сауал намал диктант, шығарма, есептерді шешу және т.б.,сынақтың практикалық ( зертханалық ) жұмыс: практикумдар,өзін-өзі бақылау жұмысы, емтихандар және т.б. Осы және басқа да сабақ түрлері толық бөлімдерді оқығаннан кейін, оқу пәніннің ірі тақырыптарын біткеннен соң ғана еткізіледі Қорытынды тексерудің ең жоғарғы формасы және оқушылардың білімін бағалау, олардың қаншалықты меңгергендігін тексеруі формасы емтихан болып табылады. Бақылау сабақтарында оқушылардың сабаққа қаншалықты дайын екендігі көрінеді, әр оқушы өз білімін пайдаланады, ептіліктері мен дағдыларын тәжірбие жүзінде әр түрлі оқу жағдайларында пайдаланып үйренеді. Бақылау сабақтарын жүргізіп болғаннан кейін арнайы қателермен

жұмыс және қорытынды жасау сабағы жүргізілуі қажет. Осы сабақ барысында әр оқу
әрекетіндегі үйрене алмай қалған сабақтарын немесе кемшіліктерін түзету үшін мұғалім
қортынды жасап өзінің сабақ беру әдісін, қай оқушыға қандай көмек беру керектігін
анықтап алады. Бақылау және түзету сабақтарының әдістемелік құрылымы әдетте былай
өтеді; түсіндірмелік кіріспе бөлім (оқушыларды, мұғалімдердің жаңа сабақты диктант,
шығарманы жазу алдындағы психологиялық дайындық жасауы), негізгі бөлімі-
оқушылардың өз бетінше жұмысы, оперативтік бақылау, оқушылардың тыныштық
сақтап, өз күштеріне сендіретіндей мұғалімнің көмек беруі; қортынды бөлімі-жаңа
бөлімді, курс тақырыбыи ашу алдындағы оқушының бағыты.

Кей кездері сабақтың бұл түрі келесі элементтерден тұруы мүмкін: ұйымдастыру бөлімі, тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың сұрағына жауап беру, оқушылардың тапсырманы орындауы, тапсырманы тексеру, үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы. Бұл әдістемелік құрылымының, иілімді қозғалмалы, көп нұсқалы болу жағдайын тағы бір рет дәлелдейді. Әрине, мектеп тәжірбиесінде аралас сабақтардың басқа да түрлері болуы мүмкін. Оқушылардың таным әрекетінің белсенділігіне көңілдің көп бөлініп отырылуына байланысты, оқушылар зертеу жұмыстарын ғылыми жұмыстарды өз бетінше жұмыс ретінде жүргізіп, ол сабақты – мәселелі сабақ деп атап, мектеп практикасындағы стандартқа сай емес құрылымды туғызады. Бұл ойға шолу сабағы, шығармашылық сабағы, прессконференция, диалог, аукцион, пән аралық сабақтар, оқушылардың өз ара оқыту, шығармашылық есеп сабағы, конкурс сабақтары және т. б. Олардың басты мақсаттары - оқушылардың оқу еңбегіне деген қызығушылықтарын сақтап қалу, бұл көбінесе мұғалімнің тапқырлығынада байланысты болады. Мұғалімнің жұмысына келесі элементтер жатады: оқушыларды ұйымдастыра білу, әр түрлі мәселі жадайлар туғызып оған оқушылардың белсене қатысуына психологиялық дайындық жасау, мәселелерді жіктеу, болжамды және оны шешудің бірнеше нұсқауларын ұсыну. Мәселелерді шешудің тиімді әдістерін іздеу нәтижелерді талдау, мұғалімнің жалпылылығы үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау-жұмыстың нәтижесін шығару бұның бәрі мұғалімнің шығармашылығына жеке әдістемелік міндеттерге байланысты болады. Алайда кез-келген сабақтың әдістемелік құрылымы мына нәрселерді іске асыруы керек: ертерек меңгерген білімдерді әдісін белсенді пайдалану және әрекетін әдісін, білімді, дағдыны, ептілікті қолданудағы қызмет әдістері және жаңа түсініктер қалыптастыру. Берілген сабақ типтері «таза» күйінде іс жүзінде сирек ғана кездеседі. Бір типтегі сабақтың қызметтері басқа типтегі сабақ құрылымында көрінеді. Айырмасы тек сабақтардың әрбір аталған типі белгілі бір қызметтің мысалы, жаңа материалмен танысу және оны оқып үйрену немесе бақылау мен бағалау, басым болуы мүмкін де, сабақтың басқа типтерінің қызметтері қосалқы сипатталады. Бірақ, теоретик -педагогтар да практик - мұғалімдер де оқыту әдісін іздестіре отырып оқушылардың бір азғантай уақыттың қызығы үшін дәстүрден тыс сабақтардың шүбәләң түрлерін практикаға енгізу оқытудың нәтижелілігін, танымдық әрекеттің деңгейін төмендететінін, бұндай сабақтарды даярлауға олардың нәтижелерінен асып түсетін күш жұмсалатынын ұмытпау керек.(Сарапулов В.А. Дидактика: теория и практика обучения. Чита 2000.с. 110).

8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы

Түрлі типтегі сабақтың құрылымдарын ең тиімді қолдану жолдарын іздестіруде оқушылардың сабақ барысындағы оқу әрекетінің ұйымдастырылуы формасы ерекше маңызды болып табылады. Педагогикалық әдебиет пен мектеп тәжірибесіне негізінен үш формасы бар - жаппай, жеке және топтық. Алғашқысы - мұғалімнің басқаруымен сыныптың барлық оқушыларының бірігіп әрекет істеуін көрсетеді, екіншісі - әр оқушының жеке өзінідік жұмысы; топтық - оқушылар 3-6 адамнан тұратын топпен немесе екеуі бірге жұмыс істейді. Топқа берілетін тапсырма бірдей немесе әртүрлі болуы

мүмкін. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың бұл формалары И.М.Чередов, Ю.Б. Зотов, Х.И.Лийметс, М.Д.Виноградова, И.Б. Первин, В.К.Дьяченко, В.В. Котова, И.Э.Унт, М.Н.Скаткина және т.б.еңбектерінде берілген. Бұл еңбектердің әрқайсысының авторлары ұйымдастыру формаларын басты дидактикалық қарым-қатынас -оқыту мен білім алу байланысы бейнелейді деген пікірде. Оқушының оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының әрқайсысы нені білдіреді? Оның әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері неде? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бәрін жеке қарастырайық.

Оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай формасы.

Оқушылардың оқу әрекеті ұйымдастырудың жаппай формасы деп - мұғалім мен оқушылардың сыныптағы қызмет түрін, яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп талқылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен окушылар арасында сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында жолдастарының және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің белсенді болуына көмек береді.

Осы істерді жүргізіп отырған мұғалім болғандықтан, ол барлық оқушыларға алдын ала жоспар жасап, әртүрлі оқу жағдайларын жасау оқушылардың сұрағына жауап беру үшін. Өз ойьш айтқысы келгендерді тыңдай білу, талқылау барысында оларға оң бағыттағы ой қосу - осы мұғалімнен талап етілетін нәрселер. Осындай араласу үстінде оқушылардың қаншалықты терең ойлары қалыптасады. Әр оқушының ойлау деңгейі әртүрлі болғандықтан мұғалім олардың деңгейіне қарай сауалдар қоюы керек. Сабақ кезіндегі мұғалімнің жаппай әдісті қолдануы - балаларға белсенді тыңдауға, өз ойларымен, білімдерімен басқалармен бөлісуге, өзгелердің ойларын тыңдауға, қателерін түзетуге мүмкіндік береді. Осы кезде сабақта ұжымдық ойлау байқалады. Оқушылар үнемі бірге емес, жалғыздан отырып тапсырмаларын орындаса да, соңында топпен талқылау жүргізеді. Мұғалім, оқушылардың сабақтағы әрекеті ұйымдастырудың жаппай формасын қолдана отырып, бүкіл сыныпқа еркін әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Олардың дара ерекшеліктеріне мән бере отырып оқушылардың әрекетінің тәртібін жасайды.

Бұның барлығы сөзсіз оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай формасының артықшылықтары болып есептелінеді. Сондықтан да топтық оқыту жағдайларындағы оқушылардың оқу әрекетіне оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын және қазіргі заманғы мектеп жұмыстарында кең тараған әдіс.

Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығарма және репродикті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмаларды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұғалім арасында достық қатынас орнатып, сыныпты біріге отырып табысқа жетуге баулу керек.

М.И. Чередов мен Ю.Б. Зотов секілді ғалым-ағартушылар оқу жұмысының жаппай формасының бірнеше кемшіліктері бар екенін айтады. Бұл әдіс табиғаты бойынша абстрактілі оқушыға бағытталған. Бұндай жұмыстар барысында оқушылардың бірдей тегіс болуына, жұмысқа деген жылдамдықтарының бірдей болуына, өзіне ғана тән дара мүмкіншіліктерін көрсете алмауына алып келеді. Нашар оқитын оқушылар тапсырмаларды жай орындайды, материалды нашар қабылдайды, оларға мұғалімнің көп көңіл бөлуін талап етіледі. Ал жақсы оқитын оқушылардың жағдайы керісінше болады. Жақсы оқитын оқушылар тапсырманың санының көп болуын емес, шығармашылық жұмыстардың көп болуын қажет етеді. Сондықтан да оқушылардың оқу әрекетінсіз мүмкін болғанша қызметінің максималды тиімді болуы үшін осы формамен қатар оқу

жұмысының басқа да формаларын қолдану қажет. Ю.Б.Зотовтың айтуы бойынша материалды жаңадан меңгеру кезінде жаппай жұмыс тиімді, ал оларды меңгеру, әртүрлі жағдайларда қолдану үшін дара жұмыстар жасаған жөн дейді. Мысалы зертханалық жұмыстарды да жаппай жұмыс ұйымдастырады. Алайда оларды да әр оқушының барлық даму мүмкіншілігіне қарай жүргізу керек. Мысалы, жұмысты күрделілігі әртүрлі дәрежедегі сұрақ- тапсырмаларға жауаппен аяқтауға да болады. Сондықтан да сабақ кезінде әртүрлі оқу формасы жүргізілуі керек деген қорытынды жасауға болады. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысы ұйымдастырудың даралық формасы.

Бұл форма дегеніміз - әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған, тапсырманы өз бетімен орындайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде - кітаппен жұмыс, басқа да ғылыми әдебиетпен жұмыс, әртүрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даярлау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолданылады.

Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық формасының екі түрі ерекшелінеді: даражәне дараланған.Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырыпбір темпке орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу- танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып табылады. ОЛ әрбір оқушының оқу қарқыны реттеуге оның даярлығына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.

Сонымен, оқушылардың сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастырудың дара формасын жүзеге асырудың ең тиімді жолы болып -сараланған дара тапсырмалар, әсіресе балаларды механикалық жұмыстан босататын жазба тапсырмалар, және осыған байланысты уақытты үнемдей отырып өз бетімен жұмыстың уақытын көбейтеді. Алайда бұл жеткіліксіз. Осы тапсырмалардың өтуі барысында мұғалімнің қадағалауы өте қажет, оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі тап болған қиыншылықтарын жеңуге көмектесу керек. Бұл дегеніміз мұғалімнің нашар оқитындарға берілетін көмегі емес, ол олардың жұмыстарын қадағалайды, олардың дұрыс жолдармен шешуін көрсетеді, кеңес береді, ал егер даралық жұмыс барысында оқушының қатты қиналып отырғанын көрсе, даралық жұмысты бөліп, бүкіл сыныпқа толықтыру мақсатында түсіндіруге болады.

Дара жұмысты мақсатты түрде сабақтың әр сатысында жүргізілуіне болады: дидактикалық міндеттерді шешу кезінде, жаңа материалды меңгеру және қорыту кезінде, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру кезінде, өткенді қайталауда, бақылауда, зерттеу әдістерін меңгеруде қолданылады. Әрине, ең алдымен бұл әдісті оқушылардың өткен материалды бекіту кезінде және қайталау кезінде қолданған өте тиімді. Сонымен қатар баланың өзбетімен алдын-ала материалды меңгеруінде де тиімді. Мысалы, әдеби шығарманы оқығанда әр оқушыға немесе топтағы оқушыларға дара тапсырма, яғни шығармаларды алдын-ала оқып келуге беруге болады. Ол, яғни, жалпыға бірдей әдеби шығармалар оқу. Оқу барысында оқушылар «өз» сұрақтарына жауап дайындайды немесе «өз» сұрақтарын дайындайды. Бұл жерде мына екі жағдай өте маңызды:


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 18 страница | ФОРМАЛАРЫ 20 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.043 s.