![]() |
ФОРМАЛАРЫ 20 страницаDate: 2014-03-21; view: 1078. 1. әр оқушы өзінің мүмкіншілігінше жұмыс жасайды; 2. әр оқушы шығарманың қажетті қорытындыларын жасайды. Ал сабақта оқушы жаңа материалдың өзіне берілген бөлігін түсіндіреді. Оқушының дара жұмыстарының дербестігінін; дәрежесі бұл ретте әртүрлі "Алғашында оқушылар алдын-ала жаппай талданған тапсырманы үлгі бойынша немесе толық нұсқауға сүйеніп орындайды. Оқу іскерліктерін меңгеру барысында дербестік дәрежесі өсе береді: мұғалімнің араласуынсыз-ақ жалпытапсырмаларды орындай алады. Мысалы, жоғарғы сыныптарды мұндай тапсырманы алған соң әрбір оқушы жұмыс жоспарын жасайды, материалды, құралдарды, приборларды, жиыстырады, белгіленген ретпен қажетті қимыл әрекетін орындайды, жұмыс нәтижелерін белгілійді. Біртіндеп зерттеушілік сипаттағы жұмыстың үлес салмағы арта түседі." (Дидактика средней школы. 2-е изд. М, 1982 с, 238). Нашар оқитын оқушыларға мынадай жүйелі тапсырмалар беру керек: тапсырмалар мен есептер шешу үлгісі, әртүрлі алдын-ала жазылған алгоритмдер, -теорияны анықтайтын әртүрлі теориялық мәліметтер, құбылыс, үрдіс, үрдіс тетіктері және т.б. осындай етіп оқу жұмысын ұйымдастыру жүргізудің нәтижесінде әр оқушының өз мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды орындатып, олардың білімдерін тереңдетіп, бекіттіріп, дағдылар қалыптастырады. Даралық форманың артықшылықтары да осында жатыр. Сонымен қатар бұл форманың үлкен кемшілігі де бар. Оқушылардың дербестігін тәрбиелеу, ұйымдастыруға, көздеген мақсатына ұмтылу кезінде баланың басқалармен қарым-қатынасы шектеледі, өзінің ойын басқалармен бөлісе алмайды, ұжымдық жұмыстарға қатыса алмайды. Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері: - сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді; - әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғалімнің басқаруымен шеінеді; - топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара бағалайтындай орындалады; - топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың үлкендігі әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құрылады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топтың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек. - топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін-бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуіне, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін - бірі ұнатпайтындар болмау керек. - біркелкі топтың жұмысты барлық оқушыға бірдей тапсырманы оқушылардың шағын топтары орындайды. Жұмыс барысында топ мүшелері жұмыстың барысымен нәтижесін талқылады, бір-бірінен кеңес алды. Тек осындай жағдайдарда" топ құрымында жұмыс жасай отырып оқушылар өз тәжірибесінде бірлесіп жоспарлаудың, міндеттерді бөлісудің, өзара араласудың пайдасына көзі жетті, - дейді М.А.Данилов. Оқушылар бір-бірімен жақындаса түсті, келісімді және үйлесімді әрекет жасауға, бірлескен жұмыстың нәтижесі үшін ұжымдық жауапкершілікті алуға үйрететін болды. Жұмысты ұйымдастырудың топтық формасы тағы да, әрбір оқушының қабілеттерін шығармашылық жарыстарды табиғи түрде дамытуға әсер етті" (Урок в восьмилетней школе).\ Под. Ред. М. А.Данилова. М.,1968). Оқушылардың топтардағы бірлескен жұмысы жеке оқушының тапсырманы дара орындауынан нәтижелі болды. Өйткені топ мүшелері бір- біріне көмектеседі. Ұжымдық жауапкершілікті өздеріне алады қайсы бір сұрақтарды оқып үйренгенде олардың алға жылжу қарқыны ретегенде әр оқушының жұмысы қөзге анық түседі. Топтық форма бойынша жұмыс істеген кезінде сабақта топтық құрамындағы көмек қажет болған әр оқушыға басқа оқушылар немесе мұғалімдер жағына даралық көмек көрсетілді. Бұл жаппай және даралық жұмыс формасында барлық оқушыларға көмек көрсету мұғалімге қиын түсетінін көрсетеді. Мұғалім бір немесе екі оқушымен жұмыс істеп жатқан кезінде, басқа оқушылар өз кезегін тосып отырады. Ал жағдай топтық оқыту формасында басқаша болады. Топтағы оқушылар мұғалім мен мықты консультант-оқушылардың көмегін алады. Сонымен қатар көмектесуші оқушы да көп көмек алады, оның білімі анықталады, тереңдейді, өзінің сыныптасуына түсіндіру барысында оның білімі бекітіледі. Кеңесші топтың жұмыстың арнайы пән бойынша ғана басқарады. Басқа жағынан - ол топтың қатардағы мүшесі, ол одан жақсы дайындалған, көп ақпарат алған сыныптас - кеңесшісінің басқаруымен жұмыс істеді. Кеңесшілердің ауысып отыруы жеке оқушылардың менмендігінің алдын алады. Оқушылардың сабақтағы топтық формада жұмыс жүргізуі негізінен мақсатты түрде тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, нақты - ғылыми пәндерде тәжірибе жүргізуде жүзеге асырылады, шетел тілі сабағында ауызекі тілді меңгеруде, мәтіндерді оқу кезінде, тарихи деректерді дамыту кезінде қолданылады. Осындай жұмыстардың барысында қорытындыларды талқылау, күрделі өзгерістер болып кеткен жағдайдағы кеңесшімен бірге жұмыс істеу барынша жүзеге асады. Осының бәрі үзіліссіз өзбетінше жұмыс жүргізу негізінде жүреді. Бұндай топтың ұйымдастыру кезінде топтың барлық мүшесі жұмысқа белсене араласады, әлсіздер күштілердің артында тығылып отырмайды, ал күштілер шешім шығарудың бәрін өз қолдарына алмайды. Топтық оқыту формасы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда - ұжымдық әрекет түрін көрсетеді, ол үшін жұмыстың барлық топ мүшесіне тиесілі бөлініп берілуі қажет, оқушылар бір-бірінің қорытындыларын тексеруі болады. Егер мұғалімнің бағыт беру әрекет жұмыс болмаса, тиімді жұмыс жасау мүмкін емес. Топтық жүмыс барысында әр оқушының оқу мүмкіншілігіне мән беріп, мұғалім мен оқушы арасында жақсы қатынастар орнаса үлкен табысқа жетуге мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс істеудегі оқушылардың табысқа жетуі мүғалімге тікелей байланысты. Мұғалім әр оқушы, әр топ мүшесі мұғалімнің көңіл бөліп отырғанын сезінуі керек дейді,- Т.А.Ильина. Олардың табысқа жетуіне қызығушылық таныту керек. Сонымен, сабақтағы оқушылардың топтық әрекеті, В.В. Котовтың жұмысында көрсетілгендей(" Организация на уроках коллективной деятельности учащихся". Рязань, 1977), келесі элементтерден тұрады: 1. Оқушыларды топтық тапсырманы орындауға алдын-ала даярлау, оқу міндеттерін қою, мұғалімге қысқы нұсқау беру: 2. Топта оқу тапсырмасын орындауды талқылау және жоспарын жасау, оларды шешу тәсілдерін анықтау ( бағдарламалық әрекет), міндеттемелерді бөлу. 3. Оқу тапсырмасын орындау жұмысы. 4. Мұғалімнің байқауы және топтың және жеке оқушылардың жұмысын түзету. 5. Топтағы тапсырманың орындалуын өзара тексеру және бақылау. 6. мұғалімнің талап етуімен оқушыныңалынған нәтижелер хабарламасы, мұғалімнің басшылығымен жалпы пікірталас, қорытынды тұжырымдарды жасау толықтыру және бағыт беру және мұғалімінің қосымша ақпараты. 7. Топтардың және тұтас сыныптың жұмысын жеке бағалау. Оқушылардың топтық сабақтағы артықшылықтары анық болады. Оқушылардың бірігіп жұмысы нәтижелері оларды жылдамдық жұмыс жүргізу әдісіне үйретеді, адамның жеке сапасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ топтық оқыту формасы керемет деп қарауға да болмайды. Оны жеке әмбебаптандыруға және басқа формаларға қарама-қарсы қоюға болмайды. Бұл формалар бір-бірін толықтырып қана тұрады. Топтық формаға тиесілі бірнеше кемшіліктер де бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері: топтар құрудағы және олардағы жұмыстарды ұйымдастырудағы қиындық, топтардағы оқушылар қиын материалды өз бетімен талдауға қиындықтарға ұшырап, кей-кезде уақыттарын да үнемдей алмаулары мүмкін. Нәтижесінде нашар оқитындар материалды күшпен игереді, ал жақсы оқитындар күрделі, жеке тапсырмалар орындауды талап етеді. Сондықтан да топтық формаға даралық форманы мен жаппай форма толықтырғанда ғана жақсы нәтижелер алуға болады. Оқытудың осы екі формасының үйлесімділігі, осы екеуінен оңтайлысын таңдап алу мұғалімнің оқу тәрбие міндеттеріне, оқу пәніне, мазмұнының ерекшелігіне, оның көлемі мен күрделілігіне, сынып мен жеке оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың оқу мүмкіндіктері деңгейлеріне, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастары стиліне, сенімділік орнаған сыныптан, бір-біріне көмек беруге үнемі дайын болуына байланысты.
8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы Ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі өз бетімен жұмыс жасау болып табылады. Ол қазіргі заманғы сабақтан үлкен орын алады, себебі қазіргі кезде әр оқушы өз бетінше оқу әрекетінде ғана білім алады адам өз бетінше жұмыс істейді. Озат мұғалімдер оқушылардың сабақ үстінде әрқашан өз бетінше жұмыс жасағаны жөн, ал мұғалім оларды басқарып, оларға тиісті материалдарын тауып беруі керек деп есептеген. Бірақ, өз бетінше жұмыс жасау мектепте өте аз кездеседі. Өз бетіндік жұмыстар оқушылардың танымдық әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға бағытталғын. Оқушылар оқу-танымдық әрекеттің негізін құрайтын өзіндік жұмыстың тәсілдеріне, яғни ықшамдалған және толық сипаттауларға. Түсіндірулерге, ережелер жасауға, идеялар ұсынады және оларды мағынасы мен мазмұны жағынан өрбітуге үйретілмейді. Оқушылардың өз бетінше жұмысы туралы түсінік. Жеке өз бетінше жұмыс жүргізу дегеніміз - мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыру, ол алға қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру. Дидактикалық кұбылыс ретінде өз бетімен жұмыс бір жағынан, оқу жұмысы, яғни оқушының орындайтын әрекетінің объектісі, екінші жағынан - сәйкес жұмысты туғызатын форма: білімі, ойлау қабілеті, оқу жұмысын орындау кезінде туатын шығармашылық ой. Демек, өз бетімен жұмыс бұл мынанадай белгілері бар оқыту құралы: - әрбір нақты жағдайдағы меңгеру нақты дидактикалық мақсат пен міндетке сай; - оқушылардың оқытудың әрбір кезеңінде оның білмеуден білуіне қозғалысын, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін танымдық міндеттердің белгілі бір тобын шешу қажетті көлемде және білім деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. - Оқушыларға өздерінің білімін жүйелі толықтыру мен ғылыми және қоғамдық ақпаратты жаңа танымдық міндеттерді шешуде пайдалану іскерлігін үнемі жетілдіруге психологиялық тұрғыдан бағдар беріледі; - Оқыту үрдісінде білім алушының жеке танымдық әрекетіне басшылық етудің маңызды құралы болып табылады. Оқушылардың өзіндік әрекетінің деңгейлері.Практик - ғалымдар мен психологтардың зерттеулері оқушылардың езіндік әрекетінің олардың оқу мұмкіндіктеріне сай төрт деңгейін шартты түрде бәліп көрсетеді: 1. Оқушылардың үлгі бойынша көшірме әрекеттері обьектілер мен құбылыстарды сәйкестердіру, оларды белгілі үлгілермен салыстыру арқылы тани білу. Осы деңгейде оқушылар өзіндік әрекетке даярланады. 2.Есте сақтау деңгейінде оқып-үйреніліп отырған обьектінің түрлі қасиеттері туралы ақпараттарды қайталау үшін жүргізілетін репродуктивті әрекет. З.Тоныс үлгіден тыс, индуктивті және дедуктивті тұжырымдарды талап ететін міндеттерді шешу үшін алынған білімдерін өзбетінше қолданатын продуктивті әрекет 4.Білімдерін мүлдем жаңа жағдаятта, шешім қабылдаудың жаңа бағдарламаларын жасауда, болжамдық ойлауда қолданылатын өзіндік әрекет. Бұл деңгейлер шартты бөлінгенмен, шын мәнінде практикада бар. Оқушыға деңгейі жоғарырақ өзінідік тапсырма беру - сабақта уақытты бос өткізу деген сөз. Әрине, әрбір шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімнің ең жоғары дәрежедегі бағдрламасы неғұрлым көп баланы дербестіктің төртінші деңгейіне жеткізу. Бірақ, оған жол алудың үш деңгейі арқылы өтетінін есте сақтау керек. Соған сәйкес мұғалімнің сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы әрекет бағдарламасы құрылады.
Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Оқушылардың сабақтағы өзіндік әрекетін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық. Бұларды төменде тізіп көрсетпекшіміз. Кез-келген өзіндік жұмыс кез-келген дербестіктің деңгейінде өзінің нақта мақсатын қояды. Әрбір оқушы жұмысты орындау тәртібін және тәсілдерін біледі. Өзіндік жұмыс оқушының оқи алу мүмкіндіктеріне сәйкес, ал олардың кұрделілігінің дәрежесі дербестіктің бір деңгейінен екінші деңгейіне біртіндеп көшу ұстанымын толық сақтайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың, оның ішінде үй жұмысының нәтижелері, тұжырымдары пайдаланады. Өзіндік жұмыстың түрлері үйлеседі және жұмыстың барысы басқарылуы қамтиды. Өзіндік жұмыстың мақсаты - танымдық қабілеттерді, шешім қабылдау белсенділігін, шығармашылық ойлаудыдамыту. Сондықтан, тапсырмаларды іріктей отырып, оның тек үлгі бойынша орындалатын түрін мейлінше азайту керек. Жұмыс мазмұны оны формасы оқушылардың қызығушылығынан, жұмысты орындаудағына дейін жекізуге жұмылдыруы керек. Өзіндік жұмыстар оқушыларды еңбек дағдыларды қалыптастыруды ойластыратындай етіп ұйымдастырылады. Өткізу формасына қарай өзіндік жұмыстар жеке, жаппай және толық деп бөлінеді.
Өзіндік жұмыстардың типтері. Оқушылардыңөзіндік оқу танымдық әрекетінің деңгейлеріне сәйкес өзіндік жұмыстың төрт типін бөліп көрсетуге болады: үлгіні қайталайтын өзіндік жұмыстар, қайта құрастырушы - жылжымалы, эвристикалық және шығармашылық. Төрт типтің әрқайсысының дидактикалық мақсаттары бар. Үлгіні қайталайтын өзіндік жұмыстар нақты жағдайларды қимылдар тәсілдерін есте сақтау (түсініктер, фактілер мен анықтамалыр белгілерін), дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, бекіту үшін қажет. Бұл типтегі өзіндік жұмысты орындау үшін әрекеті мүлдем өзіндік емес, өйткені олардың дербестігі өзіндік емес өйткені олардың дербестігі әрекетті қайталаумен, еста сақтауымен шектеледі. Бірақ мұндай жұмыстардың рөлі өте үлкен. Олар оқушының өзіндік жұмысының негізін қалайды. Мұғалімнің әрбір оқушыға жұмыстың көлемін оңтайлысын анықтайды. Басқа типтердегі өзіндік жұмыстарға асығыс түрле көшу оқушыға қажет білімдердің, іскеліктер мен дағдылардың қажет басасын жоюы мүмкін. Үлгі бойынша жұмыста көп уақыт жіберу, оқушыларды оқуға және пәнге қызығу төмендейді, олардың дамуы тежелейді. Қайта құрушы - жылжымалы типтегі өзіндік жұмыстар бұрын алынған білімдер және мұғалім берген идеялар негізінде берілген жағдайда тапсырмаларды орындауға мүмкіндік табылады. Бұл типтегі өзіндік жұмыстар білімдерді типтік жағдайларға көшіре алады, оқиғаларды, құбылысты, фактілерді талдуға үйренеді, танымға ұмтылады, ойлау белсендігін дамытады. Бұл типтегі өзіндік жұмыстар оқушының шығармашылық әрекетін одан әрі дамытуға негіз құрайды. Эвристикалық өзіндік жұмыстар белгілі үлгіден тыс жауап іздеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады. Оқушы шығару жолдарын іздестіреді және табады. Міндеттерді шешуге оқушының білімі жеткенмен оларды ойша іріктеу оңай емес. Продуктивті әрекеттің осы деңгейінде оқушының шығармашылық әрекеті қалыптасады. Жаңа шешімдерді үнемі іздеу, алынған білімдерді қорыту және жүйелеу, оларды дәстүрден тыс жағдаятқа көшіру оқушыларды дағдылар, іскерліктер мен өзбетінше білім алу қажеттігін қалыптастырады. Эвристикалық өзіндік жұмыстардың түрлері көп болуы мүмкін. Мектеп практикасында ең көп тараған эвристикалық өзіндік жұмыстарының түрлері өзіндік түсіндіру, көрсетілімді құбылыстыталдау, дэлдемелер, тепе-теңдіктер, есептеулер арқылы тұжырымдарды негіздеу болып табылады. Мысал ретінде 6-шы сыныптағы физика сабағының үзіндісін қарастырамыз. Алдыңғы сабақтарда оқушылар сұйықтың оған түскен деген әсерін, дененің түзу шартын оқып үйренген, бекіткен. Енді міне мұғалім қарапайым тәжірибе көрсетеді. Мойны жіңішке бөтелке толтырып су кұйылады, пластилинге оттықты орналастырып суға түсіреді. Бөтелкенің аузын саусақпен басып, суды итереді. Оттың суға жаймен орналасады. Сосын ол жоғары көтеріледі, кез-келген тереңдікке тоқтайды, тағы төмен түседі. Сыныптың басым көпшілігі бұған таң қалады. Мұғалім бұл құбылысты түсіндіруді ұсынады. Бұл эвристикалық тапсырма. Бұл шешімнің саусақпен жасалған сұйықтың ішіндегі қысыммен байланысты екеніне бәріне мәлім. Бірақ, бір жағынан бұл қысымның өзгеруі оттыққа тіке қарсы орналасқан, басқа жағынан оның жүзуі өзгеріп тұр ғой. Оқылған формулаға мына қысым симай тұр. Осы сұраққа жауап алтыншы сыныптағыларға көп қуаныш әкелмек. Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың өзіндік жұмыстарының деңгейі болып табылады. Бұл әрекет оқушыға жаңа білім алуға мүмкіндік жасайды, білімдерді өз бетінше іздеу дағдыларын бекітеді. Психологтрдың пікірінше, оқушылардың мәселелік, шығармапіылық міндеттерді шешу барысындағы ақыл- ой әрекеті шығармашылық және ғылыми қызметкерлер әрекетіне ұқсайды. Осы типтегі міндеттер- шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың тиімді құралы. Оқытудағы өзіндік жұмыстар түрлері.Оқыту практикасында өзіндік жұмыстың әрбір типтегі жұмыстардың мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс дәрігерде өте көп түрін қамтиды. Олардың ең көп тарағандары мен тиімділерін атайық. 1. Кітаппен жұмыс. Бұл оқулықтағы мәтінмен және графикалық материамен жұмыс; мәтіннің бөлігін негізгі мазмұнын баяндау; Оқылған мәтін бойынша жауаптың жоспарын құру; мәтіннің қысқаша конспектісі; мәтінге алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап; бірнеше тармақтардың материалын талдау, салыстыру, қорыту және жүйелеу. Білім көздерінен. Анықтағыштармен және ғылыми көпшілік әдебиетпен жұмыс, оқылғанды конспектілеу, мазмұндау. 2. Жаттығулар: үлгі бойынша орындалатын жаттықтырушы; қайта құрастыру жаттығулары; көптеген есептер мен сұрақтарды құру; оқушылардың жауаптарына пікір жазу, олардың сабақтағы әрекетін бағалау; практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар. 3. Түрлі есептерді шешу және практикалық, зертханалық, жұмыстарды орындау. 4. Түрлі тексерістік өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары, диктанттар, шығармалар.
|