Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 21 страница


Date: 2014-03-21; view: 901.


5. Баяндамалар мен рефераттар даярлау.

 

6. Табиғатқа экскурсиялар мен оны бақылауларға байланысты жеке және топтық тапсырмаларды орындау.

7. Үйдегі зертханалық тәжірибелер мен байқаулар.

8. Техникалық модельдеу және құрыстыру.


Тізімен өзіндік жұмыстардың қөпшілігі оқушылардың өзіндік әрекетінің әр түрлі деңгейлеріне құрылуы мүмкін, яғни жоғарыдан төрт типтің біреуіне жатуы ықтимал. Әртүрлі дидактикалық мақсаттағы өзіндік жұмыстар шығармашылық мұғалімнің иелігінде болып отыр. Өзіндік жұмыстардың көптурлілігі олардың өткізудің реті туралы нұсқауларды жоққа шығармайды. Бірақ кез-келген жұмыс оқушылардың әрекет мақсаты мен тәсілін сезінуден басталуы керек. Бүкіл жұмыстың тиімділігі осыған байланысты. Озат мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, олардың шеберлік деңгейінің негізі белгілерінің бірі жұмыста оқушылардың білім ару мүмкіндіктерін есепке алатын, бірін-бірі толықтыратын өзінідік жұмыстардың көп түрлерін пайдалану болып табылады.

Бүгінгі нашар сабақта оқушылардың уақытты бос өткізіп, жұмыс істеуімен сипатталады. Үлкен шеберлік иелерінің сабақтарында оқушылардың сабақтың көп бөлігінде түрлі езіндік жұмысты атқарады.

Өзіндік жұмыста ұйымдастыру практикасын байқау және оқушылардың сондай жұмыстардың орындау нәтижелерін талдау бұларды ұйымдастырудағы кездесетін кемшіліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасайды:

- жұмыстарды ұйымдастыруда жүйе жоқ, олар мазмұны саны, формасы жағынан кездейсоқ;

- ұсынылған дербестік деңгейі оқушының білім алу мүмкіндіктеріне сәйкеспейді; тапсырмаларды іріктеуде жеке тапсырмаларды іріктеуде жеке тәсіл көмескі көрінеді;

- өзіндік жұмыстар біркелкі, олардың өткізілу уақытының ұзақтығы осы сынып үшін қолайсыз;

Тапсырма орындағанда оқу есептерін шешкенде және барлық қимылдарды дұрыс орындауда оқушылар обьекті немесе құбылысты өз бетінше түсіндіріп жазып бере алуы үшін мыналар керек;

- тапсырманы оның яғни толық немесе жинақталған сипаттама деп дәл көрсетілуі керек;

- байқау обьектісін модель, сызба, сурет, үлгі ретінде немесе өзін көрсету; егер құбылыс оқып-үйрететін құбылыс болса, оның дамуын сөзбен карталар, суреттер, сызбалар арқылы сөзбен сипаттау керек;

- барлық бұрынғы түсініктерді беру керек-обьектінің және оның кұрасдастар бөліктерінің аттары, оның ішінде терминдер, шартты белгілер, кодтар беріледі;

- оқушылардың обьектінің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ажырата білетін бағдарларды анықтау керек; керек болса қандай белгілер ді қайдан іздеу керек екенін айтып көмектесу қажет. Кейбір мысалдар келтірейік. Мысалы, оқушылар тарих сабағында "соғыс" деген түсінікпен танысқан соң, оқушылар кұл иеленушілік дәуіріндегі соғыстың толық сипттамасы беруі керек делік. Бұндай да мұғалім оқушылар алдына міндеттерді қоя отырып, төмендегілерді баяндауы керек:

 

- соғыстың болған жылын, оған қатымушыларды, күштерін, негізгі кезеңдерді, шайқастарды, нәтижелерін;

- тарихи құжаттардан, көркем әдебиеттен үзінділер оқиды, мүмкін болса, оқу және көркем фильмдер үзінділерін көрсетеді;

- негізгі түсініктер тізімін, тарихи қайраткерлер, әскери басшылардың, қалалардың, шайқас болған жерлердің аттарын береді;

- осы соғыстың бұрын оқып үйретілген соғыстарға ұқсас белігілерін, сондай-ақ мәнде ерекше белгілерін - соғыстың сипаты, көлемін, уақтысын, шайқастардың ерекшелігін іздестіру жолдарын көрсетеді. Осы сияқты география сабақтарында да оқушыларды географиялық аймақтың табиғаты туралы әңгіме құрастыруға даярлау қажет; биология сабағында - өсімдік немесе жануар өмірін сиппаттауға; физика немесе химия сабақтарында - приборларды, техникалық немесе химиялық құралдарды сипаттуға дайындауы керек. Оқушыларды бұрын сипаттаған обьектіні немесе кұбылысты түсіндіруге арналған тапсырманы орындауға даярлаумынадай кезеңдерден тұрады. Мұғалім: - обьекті немесе құбылыстың құрамдас бөліктері мен жақтары арасында тұрақты байланыстар мен

қатынастарды танып білуге бағдарлар береді; бұл байланыстардың себеп-салдарлық, қызметтік, байланыстарының сипаттарын, олардың әрекет ету шектерін көрсетеді.

 

- Байланыстардың немесе қатынастардың тұрақты сипатын көрсету мақсатында (дәл ғылымдарда-есептеулер, өлшеулер, құрылымдар), осы обьекті моделін немесе құбылысты бұрынғы оқылғандарға өлшеп тізіп көрсету;

- Осы байланыстарды логикалық түрде сөйлемдерде жазудың мүмкін тәсілдерін -сөйлемнің логикалық сызбаларын, олардың баламаларын, кодтау тәсілдерін көрсетеді.

- құрастырылған сөйлемдерді негіздеудің типтік тәсілдерін, қажет болса дәлелдеудің, оның логикалық сызбасының типтік тәсілдерін көрсетеді;

- дәлелдеуге керек түсініктердің және аксиомалық қағидалардың тізімін береді. Оқушыларды құлиелену дәуіріндегі соғысты тарих сабағында түсіндіру тапсырмасын орындағанда, ол былай өткізіледі. Мұғалім соғыстың сипатын және себептерін, сондай-ақ соғысушы жақтардың жеңілу немесе жеңу себептерінтүсіндіру міндетін қояды;

- соғысушы елдердің қоғамдық құрылыстары мен соғыстар сипаты арасындағы байланысты соғыстың себептерін, жеңіс немесе жеңіліс себептерін тануға бағыт береді;

- қандай белгілері бойынша әділетті немесе әділетсіз соғыс екенін ажырату белгілерін естеріне түсіреді, осы белгілерді жаңа оқып-үйреніп отырған соғысқа қолданып көру тапсырмасын береді; соғыстардың типтік себептерін көрсетеді, осы себептердің казіргі оқылып отырған соғысқа тән себептерін анықтауды ұсынады.

- Табылған заңдалықтарды көрсететін сөйлемдердің логикалық сызбасын береді:" соғыс(әділетті, әділетсіз... сипат алады", " соғыстың негізгі мақсаты-... (бөтен жерді , құралдарды, байлықты басып алу, саудадағы бәсекелесін құрту және т.б., "жеңстің негізгі себептері(қарсыластар әлсіздігі және бытыраңқылығы)"; саяси, әскери, экономикалық. "жеңілістің себептері...

- Дәлелдемеге қажет түсініктер мен аксиомалық қағидалар береді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар тек қана оқушылар танымдық дербестіктің жоғары деңгейін меңгергенде ғана мүмкін болады. Сонымен, қазіргі мектептің оқу үрдістеріндегі оқушылардың өзіндік жұмысын ескере отырып, мұғалім өзіндік жұмыстың тиімділігін арттыруға қажет барлық жағдайды жасауы керек. Олардың ең маңыздылары:

- өзіндік жұмыстың түрлерінің күрделілік дәрежесіне және ақыл-ой белсенділігін ынталандырылуына қарай біртіндеп ендірілуі;

- тапсырмаларды орындауға оқушылардың даярлығының міндеттілігі.

- әрбір оқу пәнін оқытқанда өзіндік жұмыстың көптүрлілігі;

- өзіндік жұмысты белгілі бір қиындық деңгейінде орындауға оқушылардың қызығушылығын ояту;

- тапсырмаға қажет ақпаратты алу көздерімен оқушыларды таныстыру;

- қажет болғанда мұғалімнің оқушыға көмек көрсетуі;

- жұмысты орындағанда оқушының өзін өзі бақылауына үйрету;

- мұғалімнің оқушылардың өзіндік жұмысын тексеруінің міндеттілігі.

1. Өзіндік жұмыс туралы толығырақ ақпаратты мына жұмыстардын аласыз. Қараңыз: Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроке. М: учпедиц, 1961; Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. М: Педагогика, 1980.

8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі

 

Қазіргі заманға сай мектептің сыныптық - сабақтық жүргізу жүйесі, сабақтардың көптеген типтерімен және түрлерімен ажыратылады. Бұл жағдайдағы мұғалімнің мақсаты, логикалық байланыстағы сабақтар жүйесін ойластыру. Бұл арқылы ол балаларды интеллектуалды еңбеккеоны ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға дағдыландырар еді.

Бұл жүйенің әрбір сабағы, оқушының жаңа сабақты толығымен ұғынуына, іздену тәжірибесі мен шығармашылық әректті иемденуіне түрткі болатын саты ретінде көріну керек. Бұл сабақ жүйесінде жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар оқушыларды сараланған тапсырмалармен қамтамасыз етіп, білімді игеруге бүкіл мүмкіндіктер жасайды. Қалыптаскан практикада сабақтар жүйесінде мыналарды байқауға болады:

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтары.

2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу арқылы оқу материалын терен карастыратын семинар сабақтары.

3. Тәжірибелі-зертханалық сабақтар (практикумдар) немесе есеп шығару, жаттығуларды орындау сабақтары және т.б.

4. Такырып бойынша сынақ сабақтары.

5. Ұжымдастырып орындалған шығармашылық тапсырманы қорғау сабақтары.
Бұл сабақ жүйесінің ерекшелігі, әрбір сабақта органикалық түрде жаңа сабақты өту,

көкейкесті түрде бүрынға білімдерді кайталау, жаңа түсінік пен әрекет тәсілдерін қалыптастыру, жаңа тақырыпты ұғынуын және оны практикалық есептерді шешу кезінде қолданылуын қадағалап жүреді.

Бұл сабақ жүйесінің зерттелуіне деген көзқарас неден туындады? Тәжірибелі, танымал мұғалімдердің яғни Н.П.Гузик, В.Ф.Шаталов және басқалардың баспаларында, мазмұнды толы В.М.Коротовтың «Николай Петрович Гузиктың сабақтары. Дидактикалық естеліктер» атты мақаласында («Мектептегі химия» деген мақаласын қараңыз, 1984ж. №1. 35-40бет) бір сабақта оқу материалын талап еткен деңгейде ұғыну мүмкін еместігі дәлелденеді. Жалпы мектеп мұғалімдерінің практикасына сәйкес әрбір сабақта жаңа материалдың тармақша түріндегі азғантай бөлігі өтіледі, нәтижесінде тақырып толығымен ұғынылмай, оқушылардың үлгерімінің артуы тоқтатылады.

Бір сабақ, көп болса жаңа тақырып жөнінде саяз ғана мәлімет береді. Оны ұғыну үшін көптеген қайталаулар мен басқа тараулармен байланысын түсіну керек. Бұл оқу материалын «ірі блоктармен» қарастыру арқылы ғана жүзеге асады.

Көптеген ойлы мұғалімдердің бұл жүйеден бас тартқандарына көп болды. Жеке тақырыптарды сабақтаы сабаққа "тасу" да тоқтатылды. Олар П.М.Эрдниевтің идеясын, яғни оқу бірліктерінірілендіруді пайдалана бастады. Сабақтардың бір топтамасында олар оқушылардың тақырыптарды тереңдетілген түрде талқылауын ұйымдастырады. Мысалы, Н.П.Гузик оқу тақырыбының құрамына оқытылуына кем дегенде 5-7 сағат берілетін материалды қосты. Әрбір сабақ кезінде бұл тақырып толығымен қарастырылып, тереңдетіле береді. Оқушылар бүкіл сабақтар топтамасы барысында өтіп жатқан материалға қайта оралады. Бірақ, әрбір сабақ сайын ол жаңа түрде өтеді, яғни жаңа терең түрде қарастырады. Бұл жүйедегі әрбір сабақ алдыңғысына сүйеніп, кейінгісіне жол ашады.

Сонда сабақ жүйесіндегі әрбір сабақтың ұйымдастырылуы, мақсаты, рөлі және олардың өзара байланысы неде?

Жаңа материалды түсіндіру сабағы

Тақырып бойынша өтетін алғашқы сабақты, жаңа материалды түсіндіру сабағы деп атау жөн болар. Орташа сыныптарда ол айтып түсіндіру тәсілі арқылы жүргізіліп, оқу құралын көрсетіп талқылаумен сәйкес келеді. Жоғарғы сыныптарда әңгіме элементтері, тақырыпта мәселелік баяндаумен сипатталатын ол лекция түрінде өткізіледі.

Бұл сабақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақтың мақсаты - таңырыпты толығымен талқылау. Мұндай сабақтарда оқытушы әдетте материалды үш рет түсіндіреді. Алғашында ол оқушыларды тақырып мазмұнының қысқаша жоспарымен, басты сұрақтарымен таныстырады. Оқушыларға қалай конспект жасау жөнінде ақыл айтады. Нәтижесінде оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артады. Содан кейін тереңдетілген түсіндіру басталады. Ол әдетте көрнекті материалдармен қоса, тәжірибені көрсетумен, эксперимент қоюмен қатар жүреді. Нәтижесінде оқушылар естігенді дәлелдеу үшін мысал келтіріп, оларды талдау жөніндегі әңгімеге қатысады. Өзінің талқылауына

мәселелелік мінез қосып, оқытушы оқушыларды оқу әдебиетіне тартады.Жаңа білгенді ескімен байланыстырып, яғни алдында менгергенді өзекті етеді.

Сабақтың бұл бөліміне көп уақыт бөлінгендіктен, оқытушыга ең басты қиындық болып негізгіні іріктеу, материал мазмұнының басты бөлігін оқушыларға жеткізу болып табылады.

Сабақтың аяғында мұғалім 7-10 минут тағы да айтылғанның мазмұның қысқа түрде қайталап, сонымен қатар оқушылардың нені дәптерлеріне жазып алулары керектігін айтып кетеді; оқушыларға семинар сабағына дайындалу үшін әдебиет тізімін береді.

Сонымен лекция сабағында оқушылардың жалпы тақырыппен танысуы ғана өтеді. Алда бұл материал оқушылардың басты назар аударатын мәселеге айналады. Яғни семинар сабағында толығымен талқыланады. Бұл лекция сабағының сабақ жүйесіне тән алғашқы мәселесі. Ал екінші мәселесі ол, оқушылардың бүкіл сабақ бойында сабаққа белсенді қатысуы. Сабақ бойы сынып белсенді жұмыс жасайды да, үй тапсырмасын тексеруге уақыт кетпейді.

Семинар сабағы

Семинар сабақтарының жүйесі бүкіл сыныпты оқулықпен жұмыс істетуге мүмкіндік береді. Жұмыс оқытушының алдын ала дайындаған бағдарламаларға сүйеніп етеді. Химия пәнінің мұғалімі Н.П.Гузиктың тәжірибе барысында үш түрлі бағдарлама қолданды- «А», «В», «С» бағдарламалары. Бұл бағдарламалардың деңгейі әртүрлі және олар бір жағынан, оқушылардың белгілі бір деңгейді жетік білуін қамтамасыз етсе, екінші жағынан, оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Программалардың арасында толық сабақтастық ерекшеліктер бар.

Бұл бағдарламалар мазмұны жағынан не білдіреді екен?

«А» бағдарламасы оқушыны білімді шығармашылық түрде пайдалануға үйретеді.Ол оқушының материалды оқу жұмысы тәсілдерін ақыл-ой әрекеттерін толығымен меңгеруін қалайды. Бағдарлама оқушыны мәселелердің өзегіне ендіреді. Ал бұл мәселелердің бар білім арқылы шешіледі. Ал оқушылардың тапсырмалары іскерліктің мақсатымен ғана сипатталады. Мұндай тақырыпқа ие болған оқушы «...мақсатқа жетуге көмектесетін қолайлы жағдай мен іс әрекетті» іздестіру керек. Нәтижесінде жаңа хабардар іскерліктің негізі пайда болып(ООД), жаңа мәлімет табылады. «Адам ережеге бағынбай, бірақ езіне белгілі аймақта жұмыс істейді. Қимылдың жаңа ережелерін шығарады- шығармашылық іскерлік» (Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. 1986. с.56.)

«В» бағдарламасы күрделілік деңгейі бойынша «А» бағдарламасыннан төмен сатыда орналасқан. Ол оқушылардың белгілі бір нақты оқу материалын ойластырып, сонымен қатар нақты оқу қимылдарын пайдалану, оларды шығармашылық білім жағдайында дұрыс пайдалануды қарастырады. Оқушының бұл бағдарламада жұмыс істеуі оған материалды толығымен игеріп, сонымен қатар «А» бағдарламасының сұрақтарын шешуге қолайлы жағдай туғыздырады. Сондықтан тапсырмалардан басқа, мақсаты беріліп жағдайы нақты болмай, бірақ мақсатқа жету мүмкіншілігі берілген болып, қатысушылардан жағдайды толықтыру талап етіліп тұрса, бұрын меңгеріліп қазір оқылып жатқан қимылдарды бұл тапсырманы шешудің тәртібі беріледі. Оны орындау барысында оқушылар жаңа мәліметке ие болады. Бұл эвристикалық іскерлік. Ол дайын үлгі бойынша орындалмай, оқушының өзі жалғыз дайындаған үлгісі бойынша жүзеге асады. (Сонда, 56-6.)

«С» бағдарламасының семинар сабағындағы мақсаты мүлдем басқа. Ол осы тақырып бойынша жұмыс істеп жатқан оқушы материалды толығымен игеріп шығуына бағытталған. Бұл деңгейдің қиындығы ерекше. Онда оқушыға мақсат, бұл мақсатты шешуге арналған жағдай, және бұл тапсырманы шешуге арналған қимылдар берілген. Оқушыдан тек қорытынды ғана талап етіледі. Бұл бағдарлама оқушыдан көптеген қайталауды, материалдағы бастыны бөлуді талап етеді. Бұл алгоритмикалык іскерлік. Осыған сәйкес «С» бағдарламасының мазмұнына қалай жаттау керектігі, неге көңіл аудару керектігі жөнінде нұсқаулар беріледі. «С»бағдарламасының тапсырмасын кез-келген оқушы орындай алуы керек(келесі бағдарламаға көшпей тұрып). Бұл бүкіл сыныпты, оқытушының бастауымен белсенді өзіндік жұмыс істетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сараланған білімдер әрбір оқушыға өзін өзі өзіндік жұмыста толығымен көрсетуге мүмкіндік береді.

Мектеп білім беру жүйесіндегі семинар сабактары өзіндік ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Ол әдетте былай өткізіледі: ең басында мұғалім кодоскоп арқылы тақырыптарды экранда көрсетеді, немесе үлестірмелі материалға тапсырманы жазып, оқушылар алдына қояды. Оқушылар тапсырмалармен танысып, өздеріне ұнағандарын таңдайды; содан кейін кішкене топтарға бөлініп дәптердегі лекциямен немесе кітаппен, басқа әдебиетпен жұмыс істей бастайды. Бір бірімен ақылдасып, өздеріне керекті тақырыптар жайында әңгімелеседі. Анда санда оқытушымен ақылдасады. Бұл оқушыларға мұғаліммен бірге терең талдау жасап, есеп шығару тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Сабақ соңында 12-15 минут әрбір оқушы бөлек-бөлек өзіне берілген тапсырманы жазбаша орындайды.

Алғашында лекцияда танысқан материалға арналған семинар сабақ осылайша өтеді.

Сонда семинар сабақта басты білім көзі не? Бір сөзбен айтқанда-КІТАП!!! Оқулықтар мен оқу әдебиеттер, ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, сонымен қатар лекцияның конспектілері білім көздері болып табылады. Оқушылардың олармен үнемі жұмыс істеулері оларды керекті мәлеметті өз беттерімен табуға, өз ойларын жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Бұл жағдайдағы оқытушының мақсаты кітапта жауабы анық түрде берілмеген тапсырманы құру. Бірақ сонымен қатар мұғалімнің оқушыларды қамтамасыз ететін кітаптарда және қосымша әдебиеттерде осы тапсырманы шешудің толық жолы болу керек. Бірақ тапсырманы осылай орындау үшін кітаптардың оқып қана қоймай, оны толығымен зерттеп шығу ақпаратты қорыту, құбылыстар мен үрдістердің, бақылайтын нәрсенің мәнді белгілерін салыстырып және бөліп көрсете алуы керек.

Ойлана білетін оқытушының сабағында кітап жаңа материалды танып білгенде ғана немесе қайталағанда ғана пайдаланылып қана қоймай, сонымен қатар анықтағыш ретінде де қолданылу керек. Ал оқушылар ол кітаппен жұмыс істеуді жетік білу керек.

Әрине, бұдан басқа семинар сабақтар да кездесуі мүмкін: өз бетімен талқыланған тақырыпты талдауды қорытындылау; конференция сабақтары, пікір-сайыс семинары, тарих немесе әдебиеттен диспут сабақтар. Бұл жердегі оқытушының мақсаты оқушылардың бұл әрекетке психикалық және практикалық дайындықтарын қамтамасыз ету. Мұндай семинарларда тақырыптық және мәселелелік сұрақ қояды және т.б. Қорытынды сөзінде оқытушы сыныптың жұмысын қорытындылап, жеке оқушыларды бағалайды. Оқушылардың мұндай сабақтарда, мұғалімнің басқауымен дайындалған реферат пен баяндамаларды тапсырулары ерекше бағаланады. Осы мәліметтердің, реферат пен баяндамалардың бір бөлігі жаңа мәселеге арналып, сыныптың алдағы лекцияда өтетін жаңа тақырыппен таныстырады.

Ұйымдастырылуы жағынан бұл семинар сабақтар мұғалімнің алда істелінетін жұмыс жөніндегі қысқа кіріспесінен басталады. Талқылау мәселелері ортаға салынып, жоспарға сәйкес алдын ала дайындалған тапсырмалар таратылады. Оқушыларға жұмыс істеу алдында қажет болатын әдебиеттер жөнінде біршама кеңестер айтылады. Бірігіп баяндама жасайтын оқушылар, қарсыластар, пікір білдірушілер тағайындалады. Олардың қатысуы семинар сабағын одан әрі қызықты етеді.

Мектептегі кез келген семинар сабағының тағы бір ерекшелігі, ол оқушылырдан сұрау сабақтың жеке бөлігі ретінде жүрмейтінінде. Мұндай сабақтарда бақылау оқытылумен қатар жүреді. Бұл бақылау мұғалімнің оқушылардың жұмыс істеуін жүйелі қадағалауы нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір сабақтың аяғында оқушылар жеке, кітапқа қарамай, таңдалған тақырып бойынша тапрсырмалар орындайды. Жұмысты мұғалім тексереді. Оқушылардың жартысынан оқытушы ауызша сұрау жүргізеді. Осы және алдыңғы жағдайда оқушыларға баға қойылады. Бұл ағымдағы бағалау деп аталады.


Тақырып бойынша бағалау сабақтың тірегі болып табылады. Ол оқушылардың жаңа материалды және кейінірек толық курсты қаншалықты ұғынғанын қадағалайды. Сондықтан алдағы сабақтарда зертханалық-тәжірибелі, сынақтық және шығармашылық тапсырмаларды қорғау сабақтар жүйесі жүзеге асады. Бұл сабақтарды өзбетімен қарастырайық.

Зертханалық-практикалық сабақтар

Семинар сабақтары сияқты зертханалық-тәжірибелі сабақтар да алуан түрлі болады: есеп шығару сабағы, әр түрлі жаттығуларды орындау сабағы, практикумдар, сахналық сабақтар, кішкене қойылымдарды қою сабақтарыжәне т.б. Осы сабақтардың басты белгісі, оқушылардың білімін олардың тәжірибелі және қоғамға пайдалы іскерлігін біріктіру болып табылады. Яғни оқушыларды өз білімдерін өмірде қолдануға үйрету.


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 20 страница | ФОРМАЛАРЫ 22 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.042 s.