![]() |
ФОРМАЛАРЫ 22 страницаDate: 2014-03-21; view: 1133. Біз білетіндей, мектепте бұл мәселені шешуді мұғалімдер оқушыларға міндетті түрде оқу керектігі жөнінде айту арқылы шешеді. Болашақ өмірдегі бұл білімдердің көмегі аса керек екендігі жөнінде айтады. Бірақ бұл мақсат оқушыларды аса қызықтырмайды. Сондықтан оқушының жаңа материалды өмірде қолдануға үйрететін жол керек. Бұл жолды көптеген жақсы мамандар тапқан. Материалмен танысқаннан кейін олар оқушыларға осы тақырып бойынша тапсырмалар береді. Бұл тапсырмалар сабақтан тыс орындалып, дәстүрлі тақырып бойынша берілген үй жұмысын айырбастайды. Бұл тапсырмалардың маңыздылығы, практикалық мәселені жаңа теориялық білімдерді қолдану арқылы шешуінде. Мысалы, белгілі бір жер бөлігіндегі өнімді арттыру үшін, химиялық тыңайтқыштарды қолданудың тиімді жолын табу кепілдемесін құру деген тапсырма болуы мүмкін. Мұндай тапсырмаларды экологтарға ұсынуға болады. Химия пәнінің дарынды ұстазы, зерттеуші Н.П.Гузиктің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, тақырып бойынша берілген тапсырмалар пәнаралық сипатқа ие. Олар оқушыларды тапсырманы орындау кезінде химиядан, орыс тілінен және т.б. пәндерден алған білімдерін ғана емес, сонымен қатар биология, экономикалық география, сызу сабақтарынан алған білімдерін қолдануға ынталандырады. Ұйымдастыру жағынан бұл тапсырмаларды орындау үшін оқушылар топтарға бөлінеді және қатар жүреді. Топтар оқушылардың өз таңдауларымен құрылады. Құрамында 4-6 адам болады. Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес олардың міндеттемелері бөлінеді. Ең алдымен ең белсенді баланы топтың басшысы етіп таңдайды. Сонымен қатар тапсырманың мазмұнына сәйкес топта, айталық, агроном, технолог, экономист, кейде суретші тағайындалады. Топтардың тапсырмалары бірдей не әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ұжымдық іскерлік, жұмысты бөлісіп істеуге және бәсекелестіктің рухының тууына алып келеді. Сонымен қатар әрбір оқушының жұмыс нәтижесі оның топтастарының жұмысына байланысты болады, бұл жерден тәрбиелеу әсері туындай, нәтижесінде оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге дағдыландырады. Топтар мұғалімнен кеңес сұрап, жүйелі түрде жиналып, жұмыс барысы жөнінде әңгімелеседі. Оқушылар бір- біріне есеп беріп, тәжірибелерімен бөліседі. Тақырыптық тапсырмалармен жұмыс істеу сабақтан тыс өтеді. Бұл жұмыстағы ең басты мәселе, бар білімді жаңа мәселені шешу үшін қолданып, оларға жаңа білімді қосу. Тақырыптық тапсырмаларды орындау жұмысы оқушылардың есеп шығару жұмысымен қатар, кейде қиылысып өтеді. Бұл тақырыптық тапсырмалармен жұмыс істеудің одан әрі дамуына түрткі болады. Тақырыптық тапсырмаларды қорғау сабағы Оқушылардың тақырыптық тапсырмалармен істеген жұмыстарын қорытындылайтын сабақты әдетте тақырыптық тапсырмаларды қорғау сабағыдеп атайды. Оны жүргізу тәртібі мынадай. Сабақ мұғалімнің қысқа кіріспесінен басталады. Ол әдетте өз тапсырмасын қорғайтын оқушылармен және қорғау тәртібімен таныстырып кетеді. Содан кейін әрбір топтың басшысы ортаға шығып, тобының жеткен жетістікктері жайында әр түрлі жүйелер мен кестелерді пайдаланып баяндайды. Қорғаудың қорытындысын мұғалім шығарады. Осы технологияға жақын болып сахналау сабағы, кішкене қойылымдарды қою сабағыжәне т.б. табылады. Бұл сабақтардың мазмұны сабақтан тыс дайындалады, бірақ бастамасы ретінде семинар сабағынан алынады. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар, практикумдар Білімнің қолданылып, яғни жетілілуі, өзіндік іскерлік тәжірибесінің көбеюі зертханалық-тәжірибелі сабақтар, практикумдар арқылы жүзеге асады. Әдетте олар практикалық білімді нығайтуға, сонымен қатар тақырыпты қалай ұғынғанын тексеруге қолданылады. Бұл жерде зертханалық-тәдірибелі сабақтардағы бәсекеге көбінесе практикумдар ие болады. Практикум оқу кабинеттерінде, зертханалар мен шеберханаларда өткізіледі. Мұғалім алдын ала тәжірибені орындауға керекті болатын әдебиеттер тізімін, керекті ережелер тізімін, дайындап, оқушының тапсырманы өзі орындау үшін, құрал жабдықтарды бөліп, барлық жағдай жасайды. Практикумның мақсаты оқушылардың технология дүниетанымын кеңейту. Бұл әрине практикумның басқа зертханалық-тәжірибелік сабақтарды толығымен алмастыратынын, оқушылардың басқа сабақтарда зертқаналық жұмыстарды өткізбейтінің білдірмейді. Зертханалық тәжірибелерді, микросынауларды, көптеген теориялық және практикалық есептерді оқытушы көбіне жаңа материалды өткен кезде сабақ барысын қызықты ету үшін қолданады. Сонымен қатар тақырыптың жалпы талдануы өтетін лекция сабақтарында,семинар сабақтарында қолданады. Семинар сабағындағындай мұғалім жүйелі түрде әрбір оқушының кез келген зертханалы-тәжірибелі сабақтардағы жетістіктерін бақылайды. Бұл сабақтарда білім, іскерлік мен дағды жетіледі. Бірақ мұғалімнің басты назары ағымдағы тексеруге емес тақырыптық тексеруге, материалды игергеніне, тақырыпты оқығанда иемденген іскерліктің тәсілдеріне аударылуы керек. Бұл ақырғы сынақ сабағында шешіледі. Сонда сынақ сабағы дегеніміз не? Сынақ сабағы Сынақ сабағы үлкен тақырыпты аяқтағанда өткізіледі. Тәжірибелі ұстаздар бұл сабақты 2 бөлімге бөледі: оқыту (15 минут) және бақылау (30 минут) сынақ сабағының бірінші бөлімі оқушыларды жеке сұраумен өтеді. Сабақтың бұл бөлімінде оқушылар өткенді қайталап, тақырыптың маңызды сұрақтарын талқылайды сынақ сабағындағы жұмыс стилін бұл тәртіпті, біле отырып, оқушылар алдын ала ықыласпен тақырыпты кітаптан, өзінің жазуларынан толығымен қарап шығып, тақырыпты оқу барысында орындалған практикалық жұмыстарын жөнге келтіреді. Сабақтың екінші бөлігі жазбаша тапсырма орындаумен өтеді. Оқушылар жазбаша түрде біршама сұрақтарға жауап беріп, негізгі амалдарды жазып, есеп шығарады. Семинар сабақтарында, зертханалық-тәжірибелі сабақтарда қолданылатын сараланған тапсырмаларға қарағанда, сынақ сабағының тапсырмалары бүкіл оқушыларға бірдей болады. Әр бала жеке жұмыс істеп, өзіне сай баға алады. Әрине сынақ сабағының екі бөлімге бөлінуі шартты түрде ғана. Бірінші бөлімнің сұрактары мен екінші бөлімнің жазбаша тапсырмалары оқушылардан жай ғана жауапты күтпейді, алған білімді толығымен қолданып, нақты жүйелі түрдегі жауапты талап етеді. Олар өз білімдерін типтік емес есептерді шешкенде оқу құралы ретінде пайдаланады. Сынақ сабақтарында жүзеге асатын бақылау ерекшелігімен ажыратылады. Ол бағаларды толықтыру қызметін орындамайды. Оқушылардың алған білімдерін тексеріп, дұрыс емес болса тузеп, оқушылардың жұмысқа деген ынталарын арттырады. Бақылау оқушы мен оқытушыға білім берудің тиімділігін арттыруға қажетті. Ол оқытушыға оқушылардың өтілгенді қаншалықты жақсы меңгергенің, және оқушының білім сатысы бойынша әрі қарай қозғалуына мүмкіндік бар жоғын керсетеді. Оқушылардың үлгерімін ағындық және тақырыптық бақылау арқылы тексерулердің бірлігін сақтау да аса маңызды. Дидактикалық тақырып бойынша сабақтар жүйесінің сипаттамасы мінездемесі осы. Әрине, бұл жүйеде әр түрлі нақты тақырыпқа арналған сабақтар көп. Әрбір сабақ ерекше оқу материалға және мұғалімнің жеке оқытушылық тәсіліне байланысты. Бірақ олар өздерінің жиынтығында, оқытушылардың қолданатын бір жүйені білдіру керек. Бұл жүйедегі әрбір сабақ органикалық түрде байланысты және басқа буындармен байланыста болатын байланыстың бір түйіні ғана. Бұл байланыста қиын оқу міндеттерін шешу бір сабақпен ғана шектелмей, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын жүйелі түрде бақылайды. 8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары. Жоғарыда айтылып өткен оқытулар жүйесі, шынайы педагогикалық практикада (тәжірибеде) оқыту үлгілерінің көптеген түрлерімен толықтырылады. Оған сәйкес оқыту (формалары) экскурсия, зерттеу топтары, зертханалар, экспедициялар, үйірмелер, клубтар, олимпиада, конкурстар, көрмелер, еңбек ұйымдары, өнер тапқыштар секциясы, юнаттар, конструкторлық бюро, үлгі дайындау цехтары т.б. жатқызуға болады. Енді солардың бірнешеуіне сипаттама беріп, олардың сабақ жүйесімен байланысын көрсетіп берейік. Экскурсия Экскурсия - мектептегі оқу үрдісі мен шынайы өмірді біріктіретін, оқушылардың әлі қалыптаспаған дүниетанымына қоршаған табиғи ортаның құбылыстарын танытатын оқытуды ұйымдастырудың бір формасы. Экскурсия сабағы жүйесінде маңызды дидактикалық қызметтер қатары бар. • оқытудың көрнекілендіру ұстанымы жүзеге асады. • оқытудың ғылымилығы жоғарылайды және оның өмірмен байланысы нығаяды; • Оқушының технологиялық ой-өрісі кеңейеді. Оларға ғылыми білімін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісте қолдануды бақылап, танысуға мүмкіндік туады. • Мектептегі кәсіпке бағдарлау жұмысында маңызды рөл ойнайды. кіріспе,оның игерілуін қамтамасыз ететін,игерілген материалды бекітетін қорытынды болып 3-ке бөлінеді. Өзінің пәндік мазмұнына қарай олар: өндірістік, табиғи-ғылыми, тарихи-әдеби, өлкетану болып бөлінеді. Кей жағдайда бір ғана экскурсия бір уақытта, бірнеше оқу пәндерін қамтиды. Мұндай экскурсиялар кешенді (комплексті) экскурсиялар деп аталады. Бұндай экскурсия кезінде оқушы объектіні толығымен танып, меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, химия, физика, математикамен байланысты экскурсияны әйнек зауытында біруақытта өткізуге болады. Бұл экскурсия кезінде физик оқушыларды әйнек өндірудегі электроэнергияның қолданылуымен таныстырса, химик- химиялық қоспалар мен заттарды алу әдістерімен, ал математик- кәсіпорындарда өзінің ғылыми білімін пайдалануды түсіндіреді. Өткізілетін экскурсиялардың көп бөлігі материалды бағдарламалық оқытуды меңгертумен байланысты, олар барлық оқу жылына жоспарланады және мектептегі сабақтан тыс, белгілі бір бөлінген уақытта өткізіледі. Олардың бірқатар оқушыларға жаңа материалды меңгертуге багытталса, тағы бірқатары ертеректе яғни бұрын өткізілген материалды қайталап, білімін нығайтуға бағдарланған. Қорытынды экскурсиялар оқушының белгілі бір тақырып немесе белгілі бір бағдарламаның бөлімі бойынша алған білім қорытындылайды. Экскурсия өткізу әдістемесінде 3 блокты бөліп қарастырады: 1. экскурсияны дайында; оқушыларды таныстырылатын объектіге алып шығу және сабақ тақырыбындағы материалды бекіту, нығайту; экскурсия материалдарын қайта қарап тексеру және оның қорытындыларын шығару; Кез келген экскурсияның сәтті болуы оның мұқият ұқыпты дайындалуына байланысты (егер экскурсия кешенді болып табылса). Дайындықтың құрамына (мазмұны) мұғалімнің экскурсия өтетін объектіні мұқият меңгертуі мен оны өткізуі жатады экскурсияға дайындыққа белгілі бір мақсаттары мен міндеттерін және экскурсияның мазмұнын анықтау; әсіресе мамандар дайындауға айрықша көңіл бөлу керек. Оларға ерте бастан экскурсияның қай қырына мән беру керектігі туралы нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Экскурсияны өткізу барысында оқушылардың да дайындықтарына үлкен мән беріледі. Экскурсияның жоспары оқушының қызығушылығын арттыратындай деңгейде жасалынады. Жоспармен жұмыс жасау барысында оқушыларға бақылау жасау міндеттері бөліп беріледі де экскурсияға жиналғандарға (блокнот, карандаш, өлшеу құралдары, фотоаппарат, кинокамералар) секілді заттарды таңдату анықталады. Экскурсияға шығар алдында өзара әңгімелесу, пікір алысу болады, тапсырмалар нақтыланады, экскурсияның формасы, өткізілу тәртібі, мерзімі, экскурсияға бөлінген уақыт, есеп беру құжаттары мен материалдар анықталады, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия уақытындағы тәртіп мәселесі қарастырылады. Бұл кезде техника қауіпсіздігін сақтау ережелеріне ерекше мән беріледі. Экскурсияға бөлінген уақыт жүрген жолды есептемегенде 40-45 минуттан 2-2 жарым сағатқа дейін созылады. Ол экскурсияның объектісінің сипатымен, мақсатымен, мазмұнымен анықталады және оның сапасы мұғалімнің іскерлігіне, оқушылардың белсенділігін арттырудағы шеберлігіне, оқушылардың ізденістік-танымдық қырынан ашылуына, олардың алдына мәселелік мәселелерді қоя білуіне, экскурсияға деген қызығушылығын оята білуіне байланысты болады. Экскурсия уақытында оқушылар үнтаспалар, сызбалар, фотосуреттер жасайды. Экскурсия мұғалімнің оқушылармен біріге отырып көрген-білген, естігендерін ортаға салып, пікірлесуімен аяқталады. Игерілген тақырыпты жүйелеп, бөлімдерге бөліп, оқушының алған әсерлерін анықтап, оларға шығарма жазу, баяндамалар дайындау, альбом құрастыру, газетке арнайы мақалалар беру, гербарий және коллекция жасау, мектеп көрмелеріне, музейлерге материалдар дайындау секілді шығармашылық тапсырмалар беріледі. Тарихи-әдеби экскурсиялар оқушыларды көрме ұйымдастыруға, конференциялар өткізуге талаптандыруға шақырумен аяқталады. Өткізілген экскурсияларды ретке келтіру мақсатында мектепте экскурсия жоспары кұрылады. Оған сынып жетекшісінің жоспары бойынша дайындалған оқу, сонымен қатар сабақтан тыс экскурсиялар жатады. Алайда, қандай да бір экскурсия өткізілгенмен де, егер оның өткізілуі қажетті педагогикалық сұраныстарды қанағаттандырса, онда бұл экскурсия оқушының білім жинақтауына, мұқияттылық, ұқыптылық, мәдениет, эстетика секілді адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне ықпал етеді. Мектеп оқушысының үй жұмысы. Бұл жұмыстың мақсаты - оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру және қалыптастыру. Ол мұғалімнің нұсқауы арқылы, мұғалімнің бақылауынсыз жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Мектеп оқушысының үй жұмысы өз бетімен жұмыс жасау қабілетіне, саналылығына, белсенділігіне сүйенеді. Оқушы оның орындалуын өзі қадағалайды. Бұл оның білім алуына ғана емес, сонымен бірге тәрбиесіне де әсер етеді. Яғни, окушының жауапкершілік сезімі қалыптасады, ұқыптылықпен қатар жеке адам, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Үй жұмысы келесідегідей түрлерге бөлінеді: 1. оқушыны жаңа тақырыпты оқып- үйренгенде жаңа материалды меңгеруге 2. біліміңді тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталған тапсырмалар; 3. шығармашылық сипаттағы тапсырмалар; 4. оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар; Осы аталған тапсырмалар түрлерінің әрқайсысы не жеке не топтық сипатқа ие яғни, оқушы тапсырманы жеке орындайды, не топпен орындайды. Тапсырмалар оқушының орындай білу мүмкіндіктеріне қарай құрылуы керек. Белгілі бір уақыт арасында: 1 сынып - 1 сағатқа дейін 2 сынып - 1,5 сағатқа дейін 3-4 сыныптар - 2 сағатқа дейін 5-6 сыныптар - 2,5 сағатқа дейін 7 сынып - 3 сағат 8-11 сыныптар - 4 сағатқа жуық. Бағдарламаларды күрделілігі жағынан А,В,С, әртүрлі сабақты тақырып бойынша жоспарлағанда, оқушылармен семинар-сабақтар жұмыс жасау кезінде қолдану мақсатында "минимум- максимум " ұстанымы негізінде құрастырады да, барлық оқушыларға міндетті ең аз мөлшердегі тапсырмалар бөліп көрсетіледі. Ең көп мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті қабілеттері бар балаларға арналған. Алайда, үй жүмысы мәселесі соңғы онжылдықта педагогикалық баспасөздерде өте өткір мәселе болып отыр. Яғни, үй жұмысының қажеті жоқ, бәрі сабақ уақытында үйретілуі қажет деген пікірлер бар. Бұл пікірлердің жаны бар, ақиқат нәрсе екені сөзсіз. Егер үй тапсырмасы сабақ үстіндегі мұғалімнің айтқанын жаттаумен, тармақшасын оқумен, сыныпта шешілген типтегі есептер шығаруға, бір ережеге арналған жатығулардың түрлерін орындауға арналса, онда қазіргі мектептегі оқыту жүйесінде үй тапсырмасына орын жоқ болып шығады. Кез-келген үй тапсырмасын сыныпта орындалған тапсырмамен салыстырғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейіне шығара алатын, оның білімге құмарлығын ынталандыратын. Жаңа тануға ұмтылуын қажет ететін болуы керек. Бұның себебі: Кез-келген үй тапсырмасы оқушыны кез-келген кедергіге дайын тұратындай деңгейге жеткізу керек. Тапсырманың ізденістік сипаты - үй тапсырмасының басты белгісі, міне, осы. Мұндай үй тапсырмасы - қазіргі заманғы сабақ үлгісінің ажырамас серігі. Бірақ, бұл үшін ол асығыс жасалмауы қажет оның нәтижелерін үнемі қадағалап және сыныпта талдап, табанды түрде жеткен жетістіктеріне қанағаттанып қана қоймай, оны алға қарай дамыту қажет; Оқушыларға үй тапсырмасын өз бетімен таңдауына мүмкіндік жасалуы қажет; оқушыларға берілген әрбір тапсырма анық әрі нақты әдістермен яғни оларға көмекші құралдармен берілу қажет. Дәл осындай үй тапсырмасы қазіргі заманғы мектеп оқушыларына өте қажетті болып табылады. Экскурсиялармен қатар оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыратын оқыту түрлеріне кеңестер, топтық, қосымша, жеке оқушылармен сабақтан тыс уақытта жұмыс жасау, факультативтер, репититор болу теңестіру сыныптары жатады. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі факультативтердің маңызына қозғалмай-ақ қазіргі мектептік білім беруде олырды оқытуды ұйымдастыру формасында сабақпен қатар қою дұрыс емес, себебі факультативтік пәндердің оқытуы таңдау бойынша сабақ формасында өтеді. Бірақ кеңестер мен қосымша сабақтардың жөні басқа. Бұлар оқушылармен сабақтан тыс уақытта өткізіледіжәне кейбір мәселелерді терең оқып үйрену керек, ал қайсы бір басқа жағдайда -білім алудағы жеке оқушылардың артта қалмауы үшін, үлгермеушілікті болдырмау үшін қажет. Бұл дәрістер өздерінің ұйымдастырылу формасы бойынша топтық, жеке болуы мүмкін, тіпті кеңес, әңгімелесу немесе мұғалімнің басшылығымен оқушылардың тапсырма орындауы болуы да ықтимал. Бірақ жұмыстың бұл формаларына шектен тыс әуестік тиімсіз болады. Ондай жайт оқушылардың білім алуының әлсіреуіне, тіпті қарапайым қиындықтар туындағанда мұғалімнен көмек күтуді әдетке айналдыруына әкеледі. Оқушылар бұндай жағдайда тез арада енжарлыққа көше салады. Ал теңестіру топтары мен репетиторлық оқыту формасы ретінде сабақ формалары мен топтық және жеке дәрістерді өткізу деп ажыратылмайды. Содықтан бұларды оқушылардың жеке формалары ретінде бөліп қарастыру орынсыз болып табылады.
Оқушылардың сабақтан тыс кезде жасайтын жұмыс формалары. Оқушылардың сабақтан немесе сыныптан тыс жұмыс түрлері айрықша мәнге ие. Бұл кез-келген пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, өре бәйгелер, конкурстар және т.б. Оқушылардың барлығы да бұған өз қалауымен қатысады оқушылар құралы, және оқу сыныбы жағынан біркелкі емес. Оларға басшылықты пән мұғалімдері, білімнің түрлі салаларынан шақырылған мамандары ісін асырады. Пәндік үйірмелердің мазмұны бағдарламалардың жекелеген мәселелерін бағдарламадан тыс материалды, ғылым даму тарихындағы жеке қайраткерлер үлестері, техника саласындағы моделдеу, биология, ботаникадан тәжірибелік жұмыстар, ғылымдармен кездесу және тағы басқалары тереңдетіп оқытумен байлаыысты. Жекелеген мектептерде тіпті оқушыларды жазушылар, мәдениет қайраткерлерімеи кездестіруді ұйымдастыратын ғылыми қоғамдар да құрылады. Осындай ұйымдасқан жұмыстардың арқасында мектеп оқушылары өздерінің танымдық және шығармашылық талап-тілектерін қанағаттандырады, шығармашылық әлеуметін дамытады, мектептегі олимпиада, конкурс, көркемдік және техникалық көрмелерге қатысуға, қысқасын айтқанда, дарынды, қабілетті балалардың шығуына ықпал етеді. Сабақтан тыс оқыту дәрістердің оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Олар әр түрлі және оқытушыдан кең ой-өріс, шығармашылық шеберлікті талап етеді. Мысалы, Мәскеу қаласының № 825 мектебінде белгілі бір (Даниель Дефо, Ломоносов) секілді ұлыадамдардың мерейтойына орай танымдық шығармашылық жұмыстар өткізіліп тұрады. «Робинзонада - 86» 4-7 сынып. Сынып жердің халық аз орналасқан ауданына барып тұрып, өмір сүріп, сол жайында сабақта айту үшін экспедицияға шығады. Экспедицияны өткізу үшін оқушылар аталған аудан туралы деректермен танысады, құжаттар жинайды, күнделіктер жүргізеді. Экскурсиядан қайтқан соң пресс-конференция өткізеді. Ломоносовтың мерейтойына орай тақырыптық кеш - бұл төменгі сынып оқушыларына арналған экскурсия. «Не? Қайда? Қашан?» - орташа сыныптар. Жоғарғы сынып оқушылары - «Мәскеу - Архангельск - Холмогоры – Мәскеу» тақырыптарында экспедиция ұйымдастырды, нәтижесінде көрме, есеп беру, конференция өткізіледі. Ай бойы дидактикалық театр, яғни кез-келген білім саласы бойынша алынған қойылым құрып, көрсетеді. Ұйымдастырудың бұл түрлері мектеп оқушыларына өмірді терең тануына, шығармашылық қабілетін дамытуына, рухани баюына, қосымша мәлімет ала отырып өзін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
|