Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 23 страница


Date: 2014-03-21; view: 2189.


8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру.

Тақырыптық жоспарлау.Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үрдісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет» (Ильина Т.Н. Педагогика М, 1984 с. 363-364).Тек осындай алдын-ала жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған " сабақты көруге болады.

Тақырыптық жоспарлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған отандық педагог М.И. Махмутов болды. Бұл жүйенің мазмұны төмендегідей: Тақырыптық жоспарлаудың сызбасы.

 

Сабақ нөмірлері 1 -ші сабақ 2-ші сабақ және келесі сабақтар
I. Тақырыптың атауы 1. Сабақ жүйесінің немесе сабақтың жалпы дидактикалық мақсаты 2. Сабақтардың типті немесе 3. Оқытудың жалпы әдістері (продуктивті және репродуктивті) 4. Ақпараттардың негізгі көздері және жабдықтар. 5. Сабақ жүйесі бойынша бақылау жұмыстаының түрлері  
II. Көкейкестілік І.Сүйеніш білімдер (түсініктер және деректер) және әрекет тәсілдері 2. Өзіндік жұмыс типтері  
III. Жаңа түсініктер мен әрекет ету әдістерін қалыптастыру 1. Жаңа түсініктер және әрекет ету әдістері 2. Өзіндік жұмыстардың түрлері, негізгі және қосымша мәселелер  
IV. Қолдану (дағдылар және іскерліктер қалыптастыру) 1. Өзіндік жұмыс түрлері 2. Пәнаралық байланыстар  
V. Үй тапсырмасы 1. Қайталау (оқу материалының көлемі) 2. Өзіндік жұмыстың типтері  
       

Келтірілген тақырыптық жоспарлаудың сызбасы негізін М.И.Махмутов сабақтың дидактикалық құрылымын салған, оның құрамында білімдер

(түсініктер) және әрекетінің тәсілдері, өзіндік жұмыстың типтері, яғни оқыту мазмұны мен тәсілдері бар.

Алайда, тақырыптық жоспарлаудың бұл сызба педагогикалық догма (қатып қалған қағида) болып табылмайды, тек шығармашылық ізденіске бағыт сілтейді. Кезекті тақырып бойынша сабақтар жүйесін жоспарлауға кіріскен кезде мұғалім оқушының қандай білім дәрежесінде екенін анық елестете білуі қажет. Тек осындай тексеруден соң ғана оқушылардың белгілі бір тақырыпта жоспар жасауға болады. Бағдарламаларда негізгі түсініктер мен заңдылықтар есепке алынады. Мұғалім біруақытта оқушылардың тақырыпты игеруге деген белсенділігі, оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігіне қарай жоспар жасайды. Бағдарламада осы тақырыптағы негізігі заңдылықтар мен түсініктер тізбектеледі, оқып-үйретілетін құбылыстар, үрдістер және оқиғалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі: оқушылар орындайтын шешетін міндеттердің типтері сипатталады, тақырыпты оқып-үйрету нәтажесінде қандай білімдер, іскерліктер мен дағдылар тереңдейтіні де белгіленеді. Мұғалім оқушыларды оқу-зерттеушілік дағдларын қалыптастыруды, оқылып отырған тақырыпқа оқушылардың жауапкершілігін тәрбиелейді. Мұғалімнің сабаққа белгілі бір тақырыптағы жұмыс меңгертуге деген жоспарын, мақсаты міне, осындай шын мәнінде бұл сабақтар жүйесіндегі оқушылардың оқу- танымдық әрекетін басқаруды, сабақтағы әрекетіне олардың шығармашылық көзқарасын, мұғалім мен оқушының біріккен әрекетінің ретін

білдіреді. Тақырыпты толығымен игерудегі дидактикалық міндеттер анықталғаннан соң ғана, нақты бір сабақты дайындауға кірісуге болады.

 

Сабақты жоспарлау.Мұғалімнің сабаққа тікелей дайындалуы немен аяқталады? Сабақтың жоспар дегеніміз не?

Мұғалімнің тікелей сабаққа дайындалуы - бұл сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды нақтылау, жоспар ойлап табу. Сабақтың жоспары стажы, эрудициясы, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамай кез-келген мұғалімге қажет. Ол тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейі негізінде құрылады.

Сабақты жоспарлауда және оның өткізілу технологиясын қарастыруда өзара байланысты екі бөлім ерекшеленеді: Сабақ мақсатын ойластыру; Сабақ жоспарының арнайы дәптердегі қолжазбасы

Сабақтың мақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектептің материалдық оқушылардың оқу материалымен жұмысының сипатын базасына сүйене отырып анықталады. Сабақ дайындаудың бұл бөлімінде ойлау эксперименті негізінде болашақ сабақты болжай алады. Ойша сабақты оқытудың қойылымын және өз әрекеті мен оқушылар әрекетінің барысын жазып дайярлайды. Негізгі бағытын анықтап алған соң ғана мұғалім сабақта өтілітетін түсініктерді қажетті және жеткілікті материалды таңдап алады. Мұғалім оқушылардың түсініктерімен жұмыс барысында белсенділігін оятатын материалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт- бағдар беребі, сабақ құрылымын айқындайды. Оқушылардың мүмкіндіктерін бағалайды және өзінің жеке мүмкіншіліктерін бағалайды, сабақта өзгеретін, болып отыратын әр түрлі жағдайларға психологиялық тұрғыда даярлайды.

Сабаққа дайындыққа кіріскенде мұғалімнің оқушы ойын дәл басып болжауды бақылауы күшейеді. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы тек оқу материалын мұқият талдап, құрылымын анықтаумен ғана шектелмей, сонымен қатар оқушының осы материалды қабылдау, ойлау, талқылау қабілетін ескереді. Бұндай талдау қаншалықты мұқият өткізілсе, соншалықты сабақ өткізу үрдісінде күтпеген жағдайлардың орын алуы аз болады. Осындай талдаудан соң, мұғалім сабақтың жоспар-конспектісін жүзеге асырады. Сабақтың конспектісін, әсіресе жаңа сабақ беріп жүрген мұғалімге рет-ретімен жасауға тура келеді. Мұндай конспект оған бір емес бірнеше сыныппен жұмыс жасағанда көмектесе алады. Ал, тәжірибелі мұғалімдер керекті нәрсені ғана түртіп алып, сабақтың қысқаша қолжазбасын дайындаумен шектеледі. Бұл кей кезде мұғалімді әрбір сыныпқа жеке жоспар дайындауға мәжбүр етеді.

Кейде педагог-ғалымдар мен мұғалімдер арасында сабақ жоспары керек па деген пікірталас, келіспеушіліктер болып жатады.

Сабақ жоспары мұғалімнің шығармашылығын тежемей ме? Сабақ уақытында жоспар-конспектіні қолдануға бола ма? Бұл оқушы алдындағы мұғалімнің беделіне жағымсыз әсер етпей ма?

Мұндай таластардың бәрі жөн-жосықсыз. Себебі, мұғалімдер өз жоспарларымен үлгілерімен оқушыны ұйымдастыра алады. Сабақ жоспары, әрине, оның балалармен жұмыстағы белсенділігі мен икемділігін тар шеңберге қаспаққа алмауы керек. Сабақ - бұл шығармашылық акт, сонымен қатар мұғалім жұмысында сабақ жоспарын ғана мойын ұсынады жол берілмейді. Сабақ жоспары әрекет жасауға бағыт сілтеуші ғана болып табылады, кейде сабақ үстінде басқадай өзгерістер енгізу қажет болып жатса, оған сабақтың әсерлі өтуі үшін жоспардан ауытқуына тура келеді. Бірақ, жоспардан ауытқу бөлек те, ешқандай жоспарсыз сабақ өткізу басқа нәрсе. Жоспардан ауытқу мұғалімге бар ойлаған ойын, оқу материалын сабақ уақытында қателік жіберіп алуға итермелейді. Бұл, бірақ аса қауіпті емес.

Сабақ жоспары - бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі әткізудің құралы,  

 

дарындылықтың іргетасы және талантты көрініс.  

 

Сабақ жоспарында сабақ тақырыбы мен сабақ еткізілетін сынып, сабақтың дидактикалық міндеттері нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша мазмұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жаңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдайлары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін бақылау және түзету, білмеуден білуге қарай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу танымдық және практикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Жоспарда оның құрылымы нақты белгіленеді, шамалап уақытқа қарай оқушылардың сабақ үлгерімі, фамилиялары, кімнен сұрап, тексеру керектігі анықталады. Сабақтың табысты өтуі оған мұғалімнің мүлтіксіз дайындалып баруына ғана байланысты емес, оқушылардың да психологиялық көңіл-күйлеріне, сабаққа деген дайындықтарына да байланысты. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады: Оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру: оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.

8.8. Өз сабағын талдау және бағалау

Сабақтың сапалы да әсерлі өтуі көп жағдайда мұғалімнің өзінің және басқалардың табысы

мен қателіктеріне талдау жасай білуіне байланысты.

Сол себепті өз сабағын талдау және педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент

болып табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы.

Оның сапасы әр түрлі факторларға атап айтсақ мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына

байланысты талдауға сабаққа дейін немесе сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осыкезде

мұғалім сабаққа дайындалғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.

Педагогикалық әдебиеттерде сабақты талдауға әр қырынан келу баяндалған. (Зотов Б.Ю

Организация современного урока. М, 1984; Махмутов М.И. Современный урок. М.1985).

мұғалімнің сабағын талдау және бағалау осы аталған тәсілдердің ішінен қолайлысы Т.А.

Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады.

Ол өз сабағын талдауға баға берудің мұғалімге 10 түрлі өлшемдері бөліп қарастырады.

Осы сызбаны қысқарған және өзгертілген түрінде берейік.

1. Сабақтың жалпы құрылысы

Аталған сабақ сабақтық қай типіне жатады? Оның басқа сабақтар жүйесіндегі орны

қандай?

Бұл типі сабақ элементтері анық ажыратылған ба, сабақтың әр бөлігіне дұрыс белгіленген

бе?

2. Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру

Сабақта бәрі ашылып көрсетілді ме? Оқушылар жаңа материалды игеруде қаншалықты белсенділік көрсетті? (қабылдау, түсіну)

Жаңа материалды үйрену жоспарын осы тақырып ( сұрақ) бойынша бағдарламаның барлық талаптарға орындалған ба? Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру қалай жүзеге асты? ( оқушылар қалай қамтиды, оларды жауапқа шақыру ұстанымдары және т.б.) Оқушыларға саралап оқыту болды ма?Сабақтың қандай кезеңдерінде ? Қалай?

3. Оқу үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру

Оқушыларды басты ойлау әрекетінде тарту орын алды ма?( талдау, жинақтау, қорыту, жіктеу, жүйелеу)? Оқушының күші жететін қиындықтарды жеңу ұйымдастырылды ма? Интелектуалдық ояну сарыны байқалды ма? Пәнаралық байланыстар іске асты ма? Шығармашылық ойлау құралдары қолданылды ма? Оқушының эстетикалық дамуына орын бар ма? Бұл үшін қандай кұралдар пайдаланылды ( мәселелік элементтері, шығармашылық сипатындағы тапсырмалар)? Сабақта жалпы даму үшін ақпарат берілді ме? Егер болса, онда- оқушылардың баяндамаларында, мұғалімнің толықтыруын да болды ма?

4. Сабақ үрдісіндегі тәрбие

Оқу материалының мазмұнында барлық тәрбиелік мүмкіншіліктер пайдаланылды ма? Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жұмысы жүргізілді ме: дүниетанымдық идеяларды түсіндіру, қатынастарды, құндылық пайымдауларды қалыптастыру, оқушылардың өмірмен байланысы іске асты ма? Адамдарға гумандық, еңбекті сыйлау және оқудың нәтижелеріне дұрыс көзқарастың қалыптасуына сабақ не әсер етті ? Сабақта өмірмен байланыс қалай қамтамасыз етілді?

Білім бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктері болды ма? Мұғалімнің жеке өз басының тәрбиелік әсері қалай болды?

5. Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау.

Оқу қағидаларын жүзеге асыруда мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері дұрыс ұйымдастырылды ма? Өзіндік жұмыс қалай қолданылды, ол өте ауыр емес пе? Оның көлемі қандай болды ? Ол жеткілікті түрде жекеленген және бе? т.б.

6. Оқыту әдістерін тандау

Жаңа сабақты түсіндіру әдісі дұрыс таңдалған ба? Оқытудың техникалық құралдары

қоланылды ма? Оқушыларды өзіндік жұмысқа толығамен қатыстыру мүмкіндігі толық

қолданылды ма? Оқытудың қажетті техникалық құралдары қоланылды ма? Мақсаттар

көрсетуге алдық па? Сол көрсетулерден мұғалім нелерді ала алды? Оқушылардың

білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану әдістері мен тәсілдерінің түрлері

жеткілікті болды ма? Тапсырмаларды орындауда оқушылар дербестігінің дәрежесі өсіп

отырды ма?

Бақылау мен тексеру әдістері рационалды болды ма? Бақылау жазу? Қателермен жұмыс

жасау қалай ұйымдастырылды, орны бар ма?

Оқыту әдісін таңдаудың жалпы талаптары сақталды ма?

7. Мұғалімнің сабақтағы жұмысы

Сабақты бастауға барлық қажетті нәрселер дайын ба? Мұғалім сабақта конспектіні дұрыс қолдана алды ма? Мұғалімнің ұйымбастырушы қызметін мен оқушының танымдық әрекетінің ара қатынасы қандай болды? Сабақта мұғалім әрекетінің қандай түрлері орын алды және олардың ара қатынасы қандай болды? ( мұғалім сөздік әрекеті, тыңдауы, жазуы, өзіндік жұмыста оқушыларға көмек көрсету және басқалары)? Оқушылар жұмысын ұйымдастырудың қандай тәсілдері қолданылады? Сыныппен арада байланыс орнады ма? Әсеке оқушылармен ше? Мұғалімнің сыртқы түр-тұлғасы қалай болды? (киім, шаш т.б. оқушының көңілін сабақтан бөлетін артық нәрсе болды ма?)

8. Сабақтағы оқушының жұмысы.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілді ме? Сабақтың әр кезеңінде оқушы қалай белсенділік танытты? Оқушының сөйлеу, тыңдау, жазу әрекеттері қалай болды?

Еңбек мәдениетіне көңіл бөлінді ме? (жазба жұмыстары, оларды рәміздеуі, оқулықты күтіп ұстау т.б.)


Сабақта қандай тәртіп болды және неліктен? Олар мақсаттарына жете алды ма? Егер жоқ болса, неге? Оқушылардың пәнге, мұғалімге деген қарым-қатынасы қандай?

9. Сабақтың гигиеналық жағдайлары

Сынып бөлмесі жеткілікті түрде жарық па? Қабырғалар, парталардың түсі сабаққа қалай әсер етеді? Жиһаз оқушының жас ерекшелігіне сәйкес пе? Оқушы денсаулығы, бойы, үлгерімі бойынша дұрыс отыр ма? Сабақ кестесі сәтті құрылған ба? Бұл сабақтың алдындағы демалыс қалай өткізілді? Қоңыраудан соң оқушы сабаққа кешігіп келді ма? т.б.

10. Кейбір арнайы тапсырмалар

Мұндай арнайы тапсырмалар қатарына ғылыми жұмыстар жүргізу, педагогикалық

кеңестің шешімімен берілетін тапсырмалар жатады. Педагогикалық кеңестің немесе

әдістемелік бірлестіктің шешімімен, мысалы барлық мұғалімдердің дәптерді толтыруға

немесе тіл – мәдениетіне бірыңғай талаитар қоюы, пәнаралық байланысты қамтамасыз

ету, оқушыларға жеке қатынастар орнату мәселелері зерттеледі.

Келтірілген сұрақтардың бәріне сабақтан соң жауап беріп отырса мұғалімнің шеберлігі

артады.

Әрине, табанды мақсатта бағытталған түрде тәжірибе жинау барлық параметрлермен

жүзеге аса бермейді. Бұл, мұғалімге дәл қазір не қажет екендігімен байланысты. Тек жас

мұғалім өз сабағына талдау жүргізе білуі қажет әрі маңызды. Бұл әсіресе жас мұғалім өз

курсын жасаған кезде өз жұмыста сын көзбен қарағанда ғана іске асады.

В.А. Сухомлинский «мұғалім сабақта білім әлеміне терезе ашып қана қоймай, өзін де

көрсетеді оқушылар алдында өзінің рухани әлемін, рухани байлығын ашады» деп

дұрыс айтқан.( Сухомлинский В.А. Разговор с молодым директором школы, М, 1973 с.

164.)

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қазіргі заман мектебінде сабақты өткізу тиімділігі немен түсіндірілетінін анықтаңыз. Оған негізгі талаптарды жасаңыз.

2. Қазіргі сабақтардың типологиясы негізінде не жатыр екенін анықтаңыз. Сабақтардың, егер оларды дидактикалық мақсаттарын бөлсек типтері мен түрлері қандай негізінде болуы керек

3. Сабақтығ негізгі типтерін, оқытудың басқа формаларын, құрылымын баяндаңыз

4. Сабақтың ұдайы болатын дидактикалыұ құрылымына сипаттама беріңіз және оның әдістемелік құрылыммен байланысын көрсетіңіз.

5. Өз мамандығыңыз бойынша мектептегі 2-3 сабаққа қатысыңыз және
ұйымдастыру формаларына мінездеме беріңіз.

6. Өзіндік жұмыстың мәнін анықтаңыз және оның негізгі белгілеріие мінездеме беріңіз.

7. Өзіндік жұмыстың типтері мен түрлеріне талдау жасаңыз, олардың жіктеу негіздерін табыңыз.

8. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындауына сипаттама беріңіз.

9. Оқушыларға сабақ үстінде берілетін өзіндік жұмыстар үшін пәнге байланысты тапсырмалар жасаңыз.

10. Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі параметрлерін анықтаңыз.

11. Мұғалімнің сабақты өзіндік бағалауда неге көңіл бөлуі қажет?

12. Сабақтың эмоционалдық ақуалын анықтайтын факторларды атаңыз.

13. Семинар — сабақтардың дидактикалық рөлі қандай және оның сабақтағы алуан түрлілігі қандай?

14. Тақырыпқа байланысты сабақ жүйесіне мінездеме беріңіз.


15. Экскурсия өткізу туралы жоспар құрыңыз және оның өткізілуі қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі қажет екенін анықтаңыз.

9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері

Тексерумен бағалау - оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылып оқушылардың оқу әрекетіне жүйелік түрде сабақта, не үйде ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жұмыстар арқылы бақылау жүргізу болып табылады.

Тексеру мен бағалау арқылы оқушының әр деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындалу барысындағы жетістіктер мен кемшіліктері, оқытушының жұмыс деңгейі, тоқсандық және жылдық бағаларының қойылуы, оқушылардың аттестациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі жәнеде келесі деңгейдің білімін алуға қабілеті анықталады.

Сабақтағы тәртіптің деңгейі оқушылардың оқуға деген көзқарасына, үйдегі, сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстарға, оқушылардың жеке тұлға, жеке адам, еңбек сүйгіштік сияқты ерекшеліктердің құрылып, дамуына байланысты білімді тексеру мен бағалау осыларға байланысты болып келеді.

Тексеру мен білімді бағалау рөлі оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасында тысқары тұрады былай тұрады. Білім берудің түрлі тәсілдері мен жүйелерінің тиімділігін оқулықтар, білім беру мазмұнының қолайлылығы, пәнге деген қызығушылық осы сұрақтармен тығыз байланысты.

Педагогикалық бағалаудың ең қиыны білім берудің нәтижелерін бағалау болып табылады. Көптеген жұмысын жаңадан бастаған мұғалімдер өз істерінің ең қиынын бағалар және білімді тексеру деп табады. Және де ұзақ жұмыс мерзімінде қиындықтарды жеңілдетпейді.

Тексеру мен білімді бағалау мына қызметтерді атқарады: бақылау, оқыту, білім беру, тәрбиелеу, түзету және хабарландыру, түзету және ақпараттың Бақылау қызметі.Оқушылардың білімдері, іскерліктері мен әр деңгейде білім алу қабілеттеріне және одан әрі білім алуға дайындығын анықтау болып табылады.


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 22 страница | ФОРМАЛАРЫ 24 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.145 s.