![]() |
ФОРМАЛАРЫ 24 страницаDate: 2014-03-21; view: 1257. Оқыту және білім беру қызметіерекшеліктері тек оқушының мұғалім сұрақтарына берген жауаптарынан ғана емес, сонымен қатар тапсырылған тапсырмаларын орындау, және сыныптастарының жауаптарын ұғу, оларға түзету енгізу арқылы оқушының білімділігінің танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады. Тексеру мен бағалудың қызметіоқушылардың оқу әрекетін жүйелік бақылауда анықталады. Олардың білімге деген жауапкершілігін арттырады, еңбек етуге үйретеді, мұғалім қойған міндеттемелерді өзінше шешуге, және өзінің оқу қабілетін дұрыс бағалауды үйретеді. Мұғалім тек қана оқушының білімін бағалап қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қорытындылап, оқу-тәрбиелік үрдісте түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады. Оқушылардың білімін бақылау бүкіл оқу деңгейлерінде жүйелі және үнемі қалыпта болуы тиіс. Мұғалімнің оқу бағдарламасының бүкіл бөлімдері қамтылып, теориялық білімнің қабылдану дәрежесі тексеріліп, оқушылардың интеллектуалдық және практикалық іскерліктерінің қалыптасуын жұмыс жүргізу дәрежесі; түрлі сабақ түсіндіру тәсілдерін; пән мен әр оқушының ерекшеліктері арқылы саралы сабақ өткізіп; әділ болып, әр оқушының біліміне терең қарауы керек. 9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар Мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің оқушылар білімін ауызша және жазбаша жауаптарын тексеруде бағалауда. Білімдерін жүйелеу, тексеру барысында және қателерін тексеру барысында едәуір сәйкеспеушіліктер байқалады байқалады. Бір мұғалім қатені аса үлкен қатаң десе, екіншісі - қанағаттандыратын десе, үшшшісі - тшті қате деп те санамайды. Сөйтіп, дқрыс, әрі толық жауап берілген жазбаша жұмысты, мысалы биология пәнінен, оқытушы беске деп бағаласа, екіншісі - төртке, ал басқалары тіпті үшке де бағалауы мүмкін. Кейбір мұғалімдер оқушы берген жауапта орфографиялық қателерге, биологиялық терминдер болса да, аса көп көңіл бөлмейді. Ал кей мұғалімдер тура осы қателер үшін оқушы бағасын төмендетуі де мүмкін. Мұндай бағалау түрі гуманитарлық пәндерге және математикалық жаратылыстану пәндеріне тән болып табылады. Білімді тексеру барысында нақты жалпыға бірдей мақсаттардың қатып қалған ережелердің орындауы міндетті емес. Себебі, оқытудың басты мақсаты: ғылым негіздерінен берік білім беру, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың танып - білу белсенділігін дамыту, әлемге көзқарасын және т.б. дамыту болып табылады. Тек, белгісіз бір жайт, оқушылардың осы қабілеттерді қандай тапсырмалар, сұрақтар, жаттығуларды орындауы көрсету үшін керек. Бағалауға әсер ететін тағы бір фактор - бұл әр түрлі тексеру обьектілердің болуы жолдары. Бір мұғалімдерге бағалау обьектісі - оқушылар қабылдаған негізгі фактілік материал болса, екіншілерге - сол алған білімді тәжірибеде қолдану қабілеті болса, үшінші мұғалімге - жаңа міндеті шешуге қабілеті және т.б. маңызды болып келеді. Әрине, жауапты беруді бағалаудың түрлі жақтары бар және тексеру жұмыстарын жүргізудің жүйесі жасалуда. Білімді тексеру мен бағалау білім жүйесін дәрежесін тексерудің әдістерінің жеткіліксіздігіне байланысты. Тақырыпты, курсты немесе оның қандайда бір бөлімдерін бағалау, не болмаса тексеру жаңа тақырыпты толығымен өтпей — ақ іске аса алады. Жауаптың сапасы мен реттілігі әрбір мұғалімнің қалауы бойынша тағайындалып, тіпті дұрыс болмауы мүмкін. Бүкіл тақырыпты қамту үшін қанша сұрақ қойылуы тиіс, тапсырмалардың диагностикалық бағалығымен салыстыру болып келетіні белгісіз жайт. Осы тексеру әдістері өзіндік тиімді және тиімсіз жақтарына ие. Ауызша тексеру барысында оқушы жауабын нақты білу мүмкін емес. Сондықтан мұндай жауабының сапасын беруді бағалау оңайға тимейді. Мұғалім оқушының жауабына тез көңіл бөліп, керек болса сұрақ қойып, жауабын толықтыруды талап етіп, оқушымен ылғи да қарым — қатынас жасап отыруы тиіс. Мұның барлығын сабақ үстінде істеу өте қиын және де бұл ауызша сұрау кезінде де оңай емес. Жазбаша тексеру ауызшаға қарағанда жеңілдірек болғанымен өзінің қиындықтары да бар. Мұғалім оқушының жауабын тура бақылай алмайды. Осыған байланысты оқушының жауабын бағалау қиынға түседі. Жазбаша жауап өзіндік ережелермен реттелетін, бұл оның сапасына ықпал етеді. Ойды жазба түрде жеткізу оқушыдан тек тақырыпты жетік білуді ғана емес, басқа да нәрселерді талап етеді. Ал кей кездерде оқушы бұны білмеуі де мүмкін, бұл да бағалауда өз орнын табады. Сонымен қатар, білімді тексеру мен бағалаудың тәжірибеде жеткілікті орында болмауы, сабақ түсіндіру тәсілдерінің дұрыс жүргізілмеуі, мұғалімнің пэнге деген және сыныптағы жұмысқа жетік көңіл бөлмеуіне байланысты болуы мүмкін. Оқушылардың бағалары мен білім деңгейінің айырмашылығы жоғарғы оқу орындарына түсу алдындағы емтихандарда байқалады. Осы кезде мектеп білімі мен оқуға түсудегі білім талаптары айқын көрінеді. Оқуға түсу үшін тапсырылатын емтихан мен тексеру емтихандары оқушылардың белгілі уақыт ішіндегі білімін тексеріп, олардың болашақтағы жетістіктеріне ықпал етпейді. Көп уақытта болжам жасау әлде - қайда маңызды, себебі нәтиже қандай уақытта болмасын лезде өзгеруі мүмкін. Бірқатар елдерде оқушылардың болашақ табымтарын арнайы интелектуалдық текстер арқылы болжау мақсатында олардың жалпы дамуы тексерілінеді. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай тапсырмалар емтихандардың дәстүрлі жүйесіне қарағанда оқушының болашақ жетістіктерін сенімді түрде болжауға мүмкіндік береді. Психологиялық құбылыстар, мұғалімнің толық және әдейі дайындығы, әсіресе оның жеке басының жауапкершілігі туралы айтпай кетуге болмайды. Осының барлығы білімді тексеру мен бағалаудың нәтижесіне тікелей әсер етеді. Мұғалімдердің бағаларды санау нәтижесінде бір мұғалімде оқушылардың көбі жақсы баға алса, екінші мұғалімде -қанағаттандырмайтын бағалар көп болса, үшіншісінде - бағалар саны әр түрлі, әрі тепе -тең болып келеді. Оқытушының жеке басының сапасы білім беру кезінде ықпал тигізсе? Тексеру мен бағалауда да ықпалын тигізеді. Мұғалімнің бағасы мен оқушы келіскен жағдайда ғана байланысты жақсы тәрбиелік нәтижеге әкеледі. Шын мәнісінде, оқушылар өз білімдерін бағалауда мұғаліммен ылғи келісе бермейді. 9.3 ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮРДІСІ Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау -оқытудың осы немесе басқа кезеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу бағдарламарындағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім стандарттарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде ( бал бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі. Ресей -Федерациясының" Білім беру туралы " заңына (1992) сәйкес мектеп бітірушілердің білім және мамандық алу деңгейін обьективті бағалаудың негізі білім алудың формасына тәуелсіз мемлекеттік білім стандрттары болып табылады. Тексеру мен бағалау - білім берудің мақсатынан тұрады, білім алудың әр кезеңіндегі нәтижелерінен; бақылау жұмыстарын таңдауда; мысалдар мен тексерудің нәтижелерін көрсете білуден тұрады. Тексеру мен бағалау бөлімдері өте тығыз байланысты және бірлікте қаралуы керек. Тексеру мен бағаныңбастапқы көп оқыту мақсаты мен міндеттерінен, оқушылар қол жеткізуге тиісті оқытудың қорытынды және аралық нәтижелерінен тұрады. Білімді тексеру мен бағалаудың мақсаттар мен талаптары. Әр бір оқытылатын пән белгілі бір мақсаттардан басқа өзіндік арнайы мақсаттары бар. Оқытудың мақсаты мен міндеттері келе жатқан білімдеріне қойылған талаптар, оқушылардың іскерліктеріне, дағдыларына әр түрлі беріліп және сиптталуы мүмкін. Олар мазмұны бойынша әр түрлі болып келуі мүмкін. Мұның барлығы білім сапасына байланысты қамтылып (толықтылығы, тереңділігі және т.б.),білім алу дәрежесіне (білу, ұғу, пайдалану және т.б.)сәйкес болуы керек. Педагогикалық көзқарас бойынша білім беру мақсаты мыналарға байланысты қандай да бір мағынаға ие болады: егер тексеру мүмкін болса, накты ұғыну, бағаға қандай сапа сәйкес болса, белгілі тапсырмалар бойынша осы сапалардың жүйеленуін бағалап, ерекшелеу. Көптеген кездерде мақсат дүниеге көзқараспен байланысты, қоршаған орта мен табиғатқа қатынасына қарай, жеке түлғаның өзіндік таңдауын құрылымдық құрамға бөлу қиынға түседі, сондықтан оларды бақылау өте қиын болып келеді. Педагогикалық мақсаттар - оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынаста іске асады. Сонымен қатар, жоспарлаған мақсат пен кол жеткізген нәтижелер сәйкес келе бермейді. Педагог кей кезде өзіне белгісіз нәтижелерге жетеді. Ал кейде қарама - қарсы жайттарға кезігеді. Осындай әдістемелерге байланысты мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтып алады, бұл әрі қарай кері әрекеттерге әкеліп соғады. Сонымен, мақсат қою оның өз ойлаған дәрежесіне жетуінің айғақтығын құптауы керек. Көп жағдайда таңдалған мақсат жағдайлар жасалмағандыктан орындалмауы мүмкін. Жоспарланған мақсаттарға сәйкес тапсырмаларды іріктеуЖоспарланған мақсаттарға жағдай жасалмаса, орындалмайды. Оқытудың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың жетуге тиісті нәтижелерді, оқытудың мақсаттарын айқындау-қажетті жағдайлардың бірі ғана. Тексеру мен бағалаудың мәнді бөлігі -жауаптары жоспарлы мақсаттардың жетістіктерін көрсететі дұрыс тапсырма таңдау. Кейде таңдалған тексеру тәсілі қойылған мақсаттың орындалуын тексермейді. Мысалы, мұғалім оқушының тақырыпты қалай түсінгенін білгісі келеді, меңгерген білімді тәжірибеде қолданып, сол мақсатта мәтінді мазмұндауға тапсырма береді. Бірақ, мәтіннің мазмұнын айту тақырыпты жетік түсінуді, әсіресе оның қолданылуын білдірмейді. Тәжірибеде оқыту нәтижелерін тексеру үшін әр түрлі сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар қолданылады. Осыларға жауапты екі топқа бөлуге құруға болады: жауаптары байланысқан тапсырмалар оқушылар өздері таңдайтын еркін тапсырмалар. Жауаптары байланысқан тапсырмалар оқушылар өздері таңдайтындайын жауаптардан тұрады. Мұндай сұрақтың жауабын оңай жасырып, бағалауы да оңай. Әдетте дәстүрлі жауаптардан бұларда көмек болады, бұл оның оқыту әдісін арттырып, тексерудің обьективтілігін кемітеді. Бұл тапсырмаларда балама сұрақтар мен көптеген таңдау мүмкін болады. Балама сұрақтар дәлелді фактілі материалды қабылдауды тексеруде, сөздікті пайдалануда, сауатты жазу және т.б.іскерліктерді тексеруде өте қолайлы. Көптеген таңдау бар сұрақтар тек дәлелді білімді ғана тексеруге емес, сонымен қатароның толықтылығымен және терең білігін тексеру керек. Жауаптары еркін тапсырмалар оқушылардың өзіндік жауабын еш шексіз және көмексіз жауап беруін білдіреді. Бұл барлығымызға мәлім дәстүрлі сұрақтар жазбаша және ауызша тексеру болып келеді. Бұл тапсырмалар деңгейлерін білімнің барлық тексеруге мүмкіндік береді, бірақ оларды бағалау қиын. Жоғарыда айтқандай, сұрақтардың оқыту қызметтері әр қилы. Сұрақ таңдау түрі оқытудың нәтижелеріне әсер етеді. Осылайша, баламалы сұрақтардың барынша өзіндік пайдасы бар. Тақырыпты қайталау және білімді бекіту үшін өте қолайлы. Дәстүрлі сұрақтар мұндай көмек бермейді. Сондықтан тексеру тапсырмаларын құрастыру жүйесінде тексеруді балама сұрақтардан бастайды. Содан кейін көптеген таңдаулары бар тапсырмалар, ал тек сосын ғана дәстүрлі сұрақтарға көшеді. Тексерудің әр түрлісін қолдану сыныптың, пәнге деген қызығушылығын оятып, уақытты және пен оқушы мен мұғалім күшін үнемдейді. Тексеру нәтижелерін көрсету тәсілдері. Тексеру мен бағалаудың соңғы түрі - баға қою. Сандық бағалар балл түрінде, сапалық - мұғалімнің бағалау тұжырымдары мен қорытындыларынан тұрады, мұның барлығы оқушының қанағаттандыратын және қанағаттандырмайтын жауаптарынның жетістіктері мен кемшіліктерінен тұрады. Баға қоюға керек құжат бағдарлама болып табылады. Бұл құжатта әр сынып оқушыларының білімдері, біліктері дағдыларының кезеңдері. Талаптар, ұсныстар, бағалау ережелері мен шектеулер, бүкіл мемлекет мектептеріне бірдей, құрастырылып шығарылған. Бірақ, білім мен бағаны салыстыру, бүкіл кешенді білім сапасын қалай бағалау, қалай әр кезде алған бағаларды салыстыру, қалай орта балл шығару сұрақтары белгісіз болып келеді. Балл бағаны жасырады, яғни тақырып үшін алынған баға, еш сапалы талдаусыз оның нәтижелерін сұрыптауға келмейді. Бір оқушы оқудың бас кезінде қанағаттандырмайтын баға алса, ал басқасы - керісінше делік, сонда қорыта келе орташа балл бойынша олардың білімдері әр қилы болып келеді. Бір уақытта баға мәтінді мазмұндау үшін алынған болса, екінші кезде мысал бойынша қолдану болса, үшіншісі –дәстүрден тыс есеп шығару және т.б. дейік. Сонда балл мен білім арасында қандай да байланыстар, әртүрлі түсіндіріледі. Оқушының әр жауабы «дұрыс», «дұрыс емес», «сынақ», не керісінше деп бағаланатын болса, онда өлшеу «атаулар шкаласы» түрімен орындалады. Мұнда өлшеу түрінің негізінде логикалық берілген нәрсенің басқа нәрселер тобына жатуын анықтайтын операция жатыр. Бұл бұрын қойылған бағалар жауаптардың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Баллға байланысты оқушының тақырыпты жетік меңгергенін, не меңгермегенін анықтауына оңай. Басқа бір түрі - оқушылардың білімінің толықтығы мен тереңдігі, көлемі мен деңгейін салыстыруға болады. Мұндай бағалаудың түрі оқушылардың білімін баллмен бағалау, әр балл орындалған тапсырма санына шағылатын болса ғана іске асады. Дұрыс жауап беру санына байланысты әр оқушыға ранг беріледі. Ол бұны бақылау жұмыстарының нәтижелеріне сай өз тобында ие бола алады. «Атаулар шкаласындағы» -дағы сияқты мұнда сандар бар. Олар нақты сұрақтар болып, бірақ білімнің үлкен, не кіші деңгейін көрсетеді. Бұл кезде жоғары балл жоғары білімді көрсетеді. Баллдар арасындағы ара-қашықтық бірдей емес, ал тәртібін жоспарлауға болады. Бұл бір тақырып бағалары бола алады, тек меңгерудің әр түрлісін көрсетеді. Осылай, балл бірдей болса, басқасы өлшем жүргізілген бағанға байланысты. Көптеген мұғалімдер тек баға, не балл қоюмен шектелмей, оқушының жауабын: «Өте жақсы жауап, өз ойыңды өте толық жеткіздің»; «Есеп шығарудың жеңіл түрін таңдапсың»; «Жауабың толық емес», деп түсіндіреді. Кейбір мұғалімдер оқушының жауапкершілігі мен зейін қоюын ескеріп бағалайды. Мұғалім, осылайша, оқушының тек білімін ғана бағаламай, оның тәртібі және т.б. ескереді. Бірақ, мұның барлығы бағаға әсер етпейді, тек ерекшеленеді. Бұл тәртіпке үйретуде өте маңызды, себебі мұғалім сабақтың қиын сәттерінде обьективті болып қала алады. Баға қою барысында мұғалім әрқашанда не үшін баға қойғанын сұраққа жауап болсын, неесеп шығару болсын еске сақтауы мүмкін емес. Сондықтан, көптеген мұғалімдер бағаларды бөлек теориалық сұрақтарға жауап және есеп шығару үшін деп бөледі. Айырмашылықты білу үшін ерекше жазба түрі еңгізіледі. 5/4 - оқушының сабақтағы сұраққа жауап үшін-5, ал есеп шығару үшін-4 деген баға алғандығын білдіреді. Кейде мұғалімдер өткен тақырып бойынша қайта тексерудің нәтижелеріне көңіл бөледі. Бұл кезде жазба түрі басқа болуы мүмкін. 3;4 - оқушының бір сабақта 3, ал екінші сабақта қайта тексеру барысында — 4 алғандығын білдіреді. Осы баллдық жүйені дамыту үшін баллдан өзге сандық бағаны сынып журналына немесе әдейі арналған дәптерге оқушының үлгерімділігі, сабаққа дайындалу дәрежесі, жауап берудегі қателіктері мен жетіспеушіліктері еңгізіледі. Мұндай жұмыс мұғалімнің оқушымен ара-қатынасын кеңейтеді. Тәжірибеде мұғалім ылғи тоқсандық, жылдық және аттестациялық орташа баға шығарады. Бірақ, ақырғы бағалар шешуші болып табылады, тақырыпты меңгерудің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Жыл аяғында оқушы жақсы дайындала бастауы мүмкін, мысалы тақырыпты толық меңгеруі мүмкін; ал орташа баға сол күйі өзгермейді. Шешуші бағаны шығару үшін кешенді бағаны қолданған жөн. Әр тоқсандық бағаға әр түрлі сбаға күші жазылуы мүмкін. Шешуші баға әділ болып, оқушыларда жыл аяғында жақсы оқуға талпыныс оянады. Бірінші тоқсанда алынған төмен баға жыл аяғында жоғары баға алуға кедергі болмайды. 9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері Тапсырма көлемі, тексеруге арналған уақыт және оқушылар санына байланысты оқу үрдісіне тексеру мен бағалау: былайша бөлінеді: ағындық бақылау, яғни тексеру күнделікті сабақ үстінде жүргізіледі; кезеңдік бақылау, тақырыпты өткеннен кейін өткізілетін бақылау; қорытынды - тоқсан аяғында немесе жыл соңында өткізіледі. Соңғы кезде, әсіресе кеңінен тарап келе жатқан, оқушылардың білімін тексеру үшін түрақты бақылау - мониторинг деп аталады. Бастауыш мектепте формалық бақылаудың маңызы зор, себебі оқушылардың жұмысын, оқуға деген ынтасын, жетілуін және т.б. бақылау үшін қолайлы. Тексерілетін адам саны мен қойылатын сұрақтарға байланысты бақылау жеке бастық, тұтас және қосалқы (мысалы: бір оқушы - ауызша, ал қалғандары - жазбаша жауап береді) болып келеді. Тұтастық тексеру көлемі шағын тақырыпты тексеруде қолданылады және жауап беруші міндетті түрде тақырыпты меңгеруі тиіс (ережелер, жылдар көбейту кестесі және т.б.). Тексеру және бағалау қайталау мен бекітумен үйлесе оқытудың тиімділігін арттырады. Тұтастық тексерудің ерекше түрі - кешенді тексеру - оқушылардың сабақтағы әр түрлі жұмыстарының нәтижелерін бағалауға негізделеген: мұғалімнің сұрағына жауап, басқа оқушылардың жауаптарын толықтыру, жазбаша, графикалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау. Кешенді тексеру нәтижесінде «сабақтық балл» қойылуы мүмкін. Бұл тексеру түрі 60 жж. Ресей Федерациясында кең таралды (Липецк тәжірибесі). Оқушының оқу әрекетін бақылауды оқушы өзі де (өзін-өзі тексеру) мұғалім жүргізе алады және техникалық құралдар көмегі арқылы, соның ішінде компыотер арқылы да тексеріледі. Бақылау түрі мен тәсілдерін таңдау оқытудың мақсатына тәуелді, оқушылардың жастық және жеке басының ерекшеліктері, оқыту жүріп жатқан жағдайларға байланысты. Ауызша тексеру - ең қолайлы бақылау әдісі - оқытудың барлық деңгейлерінде қолданылады және оқушылармен қарым-қатынас ұстауға жеңіл, олардың ойлары мен іс-әрекеттерін бақылау, жауаптарын түзетуге көмектеседі. Жазбаша тексеру - уақытты үнемдейді, оқушылардың дайындықтарын анықтыуға мүмкіндік береді, жұмыс істеудің сипатымен жекеше ерекшеленеді, бірақ, жұмыстарды тексеруге көп уақыт қажет етеді. Бұл тексерудің негізгі түріне сабақта жүргізілетін диктант, мазмұндама, шығарма, сұрақтарға жазбаша жауап беру және жазбаша бақылау жұмыстары жатады. Оқушылардың жазбаша үй жүмыстары (шығармалар, рефераттар және т.б.), сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, мұғалімге дайындықтың жақсы деңгейін ылғи көрсетпейді, сондықтан осы жұмыс түрін оқыту мақсатында пайдаланады. Жазбаша тексеру жұмысын сыныпта жүргізу барысында оқушылардың жеке жұмыс істеуі арқылы мұғалім олардың жұмыс атқару қабілетін бақылай алады және т.б. Уақытты үнемдеу мақсатында жазбаша жұмыстарды тексеруде терілген дайын құралдар қолданылады. Оларда оқушыларға тек толтыруға арналған тетіктер (сөзбен, әріппен, таңбамен, сандармен) және жоспарланған құралдары (карталар, перфокарталар және т.б.) қолданылады. Бірак, бұл сынды пособияларды қолдану оқушылардың шығармашылығын жетілдірмейді. Оқу үрдісінде оқушылар әр түрлі білім, іскерлік, дағдыларды меңгереді. Білім арқасында жеке басылық мәселелерді шешуге болады, басқа білімге сүйеніп басқа және күрделі жалпы мәселелерді шешуге болады Кейбір сұрақтарды тексеру барысында жеке басылық ұғымдарын, іскерліктерін, дағдыларының деңгейін бағалайды, ал басқасы жалпы ұғымдарын танып білуге мүмкіндік береді. Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі Ең жалпылама білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жинақталған деп атаймыз. Жинақталган білімдерДскерліктер, жеке және құрамдас бөліктерден тұрады. Графикалық түрде оны ағаш сызбасы ретінде елестетуге болады. Жоғарғы бөлігі -бастапқы түсінік болса, ал тамыры -пайда болған жинақталған білімдер мен іскерліктер, дағдылар. Жинақталған оқу әрекетін орындау бір қалыпты меңгеру мен жеке іс-әрекеттер, операциялар болып келетін құрамдас бөліктерін меңгеруден тұрады (6 - сызба нұсқа). Пән тақырыптары .Тақырыптың негізгі түсініктері
|