Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Decursus morbі et terapіa


Date: 2015-10-07; view: 679.


Ауру себептері.

Бұл бөлімде тек осы аурудың себептері көрсетіледі. Егер аурудың нақты себептері белгіленбесе онда ескертпе жазу керек.

Болжам.

Болжамды анамнезге, клиникалық және лаборатория-лық зерттеулер мәліметтеріне сүйеніп жасайды. Сонымен қатар курация басталғанға дейінгі емдеу сипаты және оның қорытындысы. Тағыда малдың жалпы жағдайын, жасын, жеке ерекшеліктерін, сыртқы ортаның әсерін еске алған жөн (серуендеу, азықтануы, пайдалануы)

(Курация кезінде малды бақылау және емдеу)

 

Бұл бөлім төменгі кесте бойынша жазылады.

 

Емдеу күні Температурасы Пульсі Тыныс алуы Руминация Decursus mordі Therapіa
             

Аурудың жіті өтуі кезінде аурудың өтуін, малды зерттеуді, таңертең және кешке жазып жүру керек, ал аурудың санына қарай күніне 1 рет жазып отырады.

Decursus morbі графасында курацияның күні Status presens -ке сүйенеді, ал басқа күндері жаңадан пайда болған ауру белгілерін күнделікті және жалпы жағдайын көрсетеді.

Therapіa графасында малдың бағу режимін, диасталық шараларды және емдеу процедуларын көрсету қажет. Қолданған дәрілерге рецепт жазылады. (латын тілінде). Әрбір жаңа рецеп номерленеді.

Процедуралардан кейін малдың жағдайын бақылап емдеу курсын бағалайды. Малдың жағдайы нашарласа қосымша зерттеулер жүргізіліп, болжам жасалып, әрі қарай көмек көрсетілу шаралары ұйымдастырылады.

Кешеуілдетпейтін жағдайда (патологиялық туу, туу жолдарының жарақаттануы, қансырауы, туғаннан кейінгі салдану, жатырдың айналуы т.б.) дер кезінде көмек көрсетіп, себептерін жоюға әрекет жасалады егер малдың жағдайына қауіп төнсе. Мұндай жағдайда көрсетілген көмек, бақылау нәтижесі міндетті түрде ауру тарихына нақты уақыты көрсетіліп жазылады.

Егер ауруға диагноз қою, дәрілерді таңдау қиындық туғызса студент курацияға жетекшілік еткен және оқытушыдан көмек сұрағаны жөн.

Ақыры

Ауру тарихының бұл бөлімінде курацияны сақтау себептері көрсетіледі (өлді, жазылды т.б.), малдың жағдайы, морфологиялық және қызметтік бұзылуының немесе қалыптасуы жазылады. Бұл жерде мәліметтерді кесте ретінде көрсетуге болады (температурасы, пульсі, тыныс алуы, руминациясы, лабораториялық зерттеулері).

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Status praesens unіversalіs | Глава I. Турун-Суба, Идель и Сынджак-Булгар 1 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.937 s.