|
БатырларDate: 2015-10-07; view: 629. Билер Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді. Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Мәселен, XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды. Еркін көшпелілер («Қара сүйектер») Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады. Төлеңгіттер Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратын старшындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады. Құлдар Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды. 68жауабы:.Жанқожа Нұрмұхамедұлы Өмірбаяны 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығыЖаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1] Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады. 1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмдағы үйінде намаз оқып отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп, атып өлтіріп кетеді
69жауабы: 70жауабы:.Түрік қағанаты
|