Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Саясаты 1 page


Date: 2015-10-07; view: 764.


552—553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Орта Азия: эфталиттері туралы болып отыр. Оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерің 563—567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді кара эфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумын мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңгыга Жетісу түріктері қаганатының кұрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атагы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.

Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.

Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады.

Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.

71. Қазақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы

Ұлттық-аумақтық межелеуЖоғарыда айтылғандай, ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. ОларТүркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді.

Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, РКФСР құрамындағы барлық кеңестік республикалар мен облыстар құрылды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде Қазақ АКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады.

Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Осы кезде Түркістан АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (ТүрАОАК) Төрағасы міндетін атқарушы Тұрар Рысқұлов 1920 жылғы қаңтардағы Түркістан Компартиясының V өлкелік конференциясында Түркістанның дербес ұлттық коммунистік ұйымдарын біртұтас «Түрік халықтарының коммунистік партиясына біріктіру» туралы мәселе көтерді және Түркістан АКСР-ін Түркістан Кеңестік Республикасы деп атауды ұсынды, ал сол жылдың 27 мамырында ол Түркістан АОАК-нің Төрағасы ретінде РК(б)П ОК мен РКФСР ХКК-не негізі жоғарыда аталған идея-ұсыныстар болып табылатын «Ресей Социалист Федерациясының құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ережелерінің» жобасын ұсынды. 

72. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы(2012ж)

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

· Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

· Ең төменгі әлеуметтік стандарт

· Атаулы әлеуметтік қолдау

· Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

· Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту.

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

· Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

· Бюджет саясаты

· Салық саясаты

· Ақша-кредит саясаты

· Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

· Инфрақұрылымды дамыту

· Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту

· Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

· Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

· Ауыл шаруашылығын жаңғырту

· Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту

· Су ресурстарына қатысты саясат

73. Ақ орда мемлекетінің құрылуы

ХIV-ХV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер,ү йсіндер, қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қарлұқтар"арлұқтар Ақ Орда хандары -Орда Ежен,Сартақ, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Қоныша&action=edit&redlink=1"оныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен,Мүбәрак, Шымтай, Орыс хан, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Қойыршақ&action=edit&redlink=1"ойыршақ, Барақ

Күшейген кезі

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

Жаңа дәуір

1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошыөліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды

 

74. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан

Бірінші дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі түста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасы- ның дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік элеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жагынан нашар қамтамасыз етілген еді. Согыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының қүлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол қүнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Согыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі үлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары

—22,1%-ға, картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс жэне батыс об- лыстары бойынша дэнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін эр десятинадан алынатын 38,7 пұттап 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының си- патты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бүл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің жэне түқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Erie көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жүмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналы- сып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мүндай көріністер байқалып түрды.

Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да қүлдырауына әкеліп соқты. Оған сан жэне сапа жағынан үлкен зардап келтірді. ¥сақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі түратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы — ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды жэне жалға алуға даярланды.

75. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қытай"ытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент,Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілесТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

1 Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

· 2 Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

· 3 Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

· 4 Америка ҚұHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_сыртқы_саясаты#.D0.90.D0.BC.D0.B5.D1.80.D0.B8.D0.BA.D0.B0_.D2.9A.D2.B1.D1.80.D0.B0.D0.BC.D0.B0_.D0.A8.D1.82.D0.B0.D1.82.D1.82.D0.B0.D1.80.D1.8B.D0.BC.D0.B5.D0.BD_.D1.8B.D0.BD.D1.82.D1.8B.D0.BC.D0.B0.D2.9B.D1.82.D0.B0.D1.81.D1.82.D1.8B.D2.9B"рама Штаттарымен ынтымақтастық

· 5 Мұсылман елдерімен ынтымақтастық

· 6 Еуропа Одағымен ынтымақтастық

· 7 ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

· 8 Халықаралық ұHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_сыртқы_саясаты#.D0.A5.D0.B0.D0.BB.D1.8B.D2.9B.D0.B0.D1.80.D0.B0.D0.BB.D1.8B.D2.9B_.D2.B1.D0.B9.D1.8B.D0.BC.D0.B4.D0.B0.D1.80.D0.BC.D0.B5.D0.BD_.D1.8B.D0.BD.D1.82.D1.8B.D0.BC.D0.B0.D2.9B.D1.82.D0.B0.D1.81.D1.82.D1.8B.D2.9B"йымдармен ынтымақтастық

76. VI-ХII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Қала құрылысы- қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы; қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік, құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларын және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескерді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешелі; ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы түрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық-тех. талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мөдени-тұрмыстық, медициналық, т.б. мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа қүрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетикалық талғамға сай өзара келісті архитекьуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық әртаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық келбетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.

ӨHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Өндіріс"ндіріс, энергетика жүйесі, көлік, ғылымның дамуы қала түзілудің басты аса маңызды фақторлары болып табылды. Сондықтан, қала құрылысының көп ғасырлық тарихы бар. Республика аумағынан ертедегі адамдардың палеолит, неолит, қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қола_дәуірі"ола дәуіріндегі қоныстарын дәлелдейтін белгілер көп табылды. Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңыншы жылдарыАндронов мәдениетінің орталығы болған көне қоныстардың қалдығы сақталған. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдандан бастап Қазақстан аумағында - Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендері аңғарларында жылу жүйелері орнатылған үйлері бар алғашқы қалалардың жүрттарьт аршылды. Ол қалалар қалын қабырғалармен қоршалған.


<== previous lecture | next lecture ==>
Батырлар | Саясаты 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.531 s.