|
Саясаты 2 pageDate: 2015-10-07; view: 673. 6 - 12 ғасырлар аралығында қала құрылысы ерекше дамып, ізденген. Түркі тектес халықтардың қала салу мәдениетіне ертеден қала құрылысы өнерінің бай дәстүрі бар соғдылықтардың қоныстануы көп әсер еткен. Қазақстандағы қалалардың құрылымы мен дамуы Орта Азия калаларына тән сұлбалық типтен өзгеше болды. Орта Азия қалалары: аумақтық жағынан нақты шектелген цитадельден, жеке адамдарға тиісті шаһристаннан, қала маңы рабадтар мен зираттардан тұрса, Қазақстан қалаларында бұл үйлесімділік сақталмаған. Кейбір қалаларда үйлесімділік болмаған, енді біреулерінде (Отырар, Сығанақ, ҚұHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Құмкент"мкент, Талғар, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қойлық"ойлық) шаһристан онша анық байқалмайды да, рабад басым болып келеді. Мұның өзі бұл қалалардағы халықтың жартылай көшпелі өмір сүргенін көрсетеді. Қазақстанда 10 ғасырда елді мекендердің мынандай негізгі түрлері қалыптасқан: қағаздардың қалалық мекендері - ордалары (Чигу, Ордакент, Суяб, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қойлық"ойлық, Баласагұн), керуен жолындағы қалалық мекендер (Исфиджаб, Тараз, Отырар), сауда-қолөнерлік қалалар (Сығанақ, ҚұHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Құмкент"мкент, Созақ), феодал-ақсүйектердің жекелеген қамал-қорғандары мен жекелеген мекендерді өзара байланыстыратын орындар ретінде қеруен-сарайлар (Ақыртас, Баба ата, Ақ Сүйек, т.б.) және ауыл шаруашылығы қоныстары. Бұл кезеңде қала құрылысы 4 алшақта - Сырдария алқабында, Шу мен Талас анғарларында, Солтүстік — Шығыс Жетісу өлкесінде және Орталық Қазақстан өнірінде дамыған. ІЗ ғасырда Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуының салдарынан оңтүстік өлкедегі барлық қалалар талқандалды. 17 - 19 ғасырларда Гурьев (Атырау; 1640), ӨHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Өскемен"скемен (1720), Петропавл (ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қызылжар"ызылжар; 1752), Семей (Доржынкент; 1756), Орал (1813), ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қызылорда"ызылорда (Ақмешіт; 1863), т.б. жаңа елді мекендер, әскери бекіністер пайда болды. Бұл қалалар тар көшелерден тұрды. Жоспарлы-сұлбалық құрылымы жағынан 3 бөліктен тұрады: орталық аудандарға ақсүйеқтердің тас үйі, орталыққа тақау орналасқан әскер басылары, сарай өкімдері, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің тұрақ-жайлары, үшінші бөлікке қала шетіндегі кедейлердің лашықтары кірді. 19 ғасырдан бастап отырықшылық күшейе түсті. Қарағанды, Риддер (Лениногорсқ), Зырянов секілді өндірісті қалалар пайда болды. Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола (Астана), ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қостанай"останай, Талдықорған, ӘHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Әулиеата&action=edit&redlink=1"улиеата(Тараз), Түркістан тәрізді әскери бекіністер қалаға айналды. Қазақстанда 1925 жылдан бастап қала салу ісі бір орталыққа негізделген жоспарлы садаға айналды. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік жоспарлау мекемесі құрылды. Халық аз орналасқан аймақ - Орталық Қазақстанда өндіргіш күштерді дамыту - Қарағанды, Балқаш қалаларын сатудан басталды. Түрксіб — Мойынты - Шу темір жолдары желілерін тарту Оңтүстік Қазақстанмен және Батыс Сібірмен байланыстыруға мүмкіндік берді және аймақтық табиғи байлықтарды игеруді тездетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңа өнеркәсіп орындары бой көтерді, аз қабатты үй құрылысы басым болды. Қала құрылысының дамуы баяулады. Атырау қаласының маңындағы Мұнайшылар қалашығы сол кезеңнің архитектуралық келбетін айқындап берді. Қазақстан Халком кеңесінің 1945 жылы қабылданған "Қазақстанның облыс орталықтарын жобалау жоспарын жасау туралы" шешімінен кейін барлық облыстық орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етілді. Республикадағы қалалардың бірыңғай топтық жүйесін: шахтерлер (Қарағанды, Екібастүз, Абай, Шахты, Саран), металлургтер (Өскемен,Балқаш, Жезқазған, Риддер, Теміртау), химиктер (Шымкент, Ақтөбе, Тараз, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қаратал"аратал, Алға),кеншілер (Рудный, Лисаковск, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Қаражат&action=edit&redlink=1"аражат), энергетиктер (Ақсу, Серебрянск) қалалары құрайды. Соғыстан кейінгі жылдары Ақтау, Жаңатас, Жаңаөзен, т.б. жаңа қалалар бой көтерді. 1985 ж. республика қала саны 85-ке, қала типтес кенттер 197-ге, аудан орталығымен қосып есептегенде кеңшар кенттері 7000-ға жетті. Халықтың 60%-ы қалаларда тұрды. Ел орталығының Алматыдан Астанаға көшірілуі де қала құрылысының өсуіне зор ықпалын тигізуде. Қазіргі қала құрылысындағы басты жетістік жаңа тұрғын үйлердің талапқа сай салынуы. Үйлер қазіргі заманғы дизайын талаптарына сай болуымен ерекшелінеді. 77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс(1837 - 1847) Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністерсалу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Өзбектер"збек, қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Қарақалпақтар"арақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. Қазақ хандығының қалпына келтірілуі 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкінішсезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекетқұрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды. 78. Тәуелсіз Қазақстан білім мен ғылымның дамуы Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу: · Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді; · Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді; · Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ; · Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды; · коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті; · 90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті; · XX ғHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/20_ғ."асырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады. Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Оңтүстік_Қазақстан_облысы"азақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар: · электроника мен байланыс жүйесі бойынша, · ақпаратты және есепті техника бойынша, · биотехнология, · экология, · жаратылыс ғHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаратылыстану"ылымдары бойынша, · минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, · жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады. 1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. · жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты. · Жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады. 2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған. Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. Білім беру жүйесі Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді. 1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі. 1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001Жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды. Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды. Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті. 2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты. Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді. Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында1 993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды. XXI ғHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/21_ғ."асырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет. Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық жәнеи нновациялық қызметін қабылдауда. Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде. 79.VI-ХII ғасырдағы ортағасырлық Қазақстан қалалары
|