Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Саясаты 3 page


Date: 2015-10-07; view: 670.


Испиджаб 10-12ғ-да сауда орталығы ретінде әйгілі болды.Онда көптеген бағалы заттар өндірілді.Сыртқы мата,қару-жарақ,мыс пен темір шығарылды.Испмджаб-жері қүнарлы,ағашы көп,ағын суы мол және бау-бақшалары жемісті,халықтарының қоныстануына қолайлы қала болған.Испиджабтың жұрты Шымкент қаласының шығысына таман 12 шақырым жерде.Қала жұртының үстіне осы заманғы үйлердің салынуы оны зерттеуді қиындатып отыр.
Отырарда шахристан мен қала орталық бөлігі ғана емес, сонымен қатар рабадта дуалмен қоршалған.Археологиялық қазбалар шахристан өте тығыз салынғанын,тұрғын үйлердің қабырғалары шикі кірпішпен қаланған,үй еденденрінің және ірге тасыныңкүйдірген шаршы кірпішпен салынғанын анықтады.Рабадтағы құрылыстар бір-бірінен алшақ орналасқан.Мұнда су қоймалары,каналдар,бау-бақшалар,егістіктер болды.Қалада су құбырлары жұмыс істеді, канал жағасындағы рабад жерінде қоғамдық моншалар салынды.
Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді.

80. Бөкей Ордасы: Жәңгір хан

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы —қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.

Географиясы

Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізібатыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 км 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 км

Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.

1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды.

Халқы

Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).

Тарихы

Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.

81.Тақырып. Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері
Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.
1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.
Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың уставын тіркеу Республикада Әділет министрлігінде жүргізіледі. Бұл процедура бірлестіктерге мемлкеттік қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен қарым–қатынаста, сондықтан оған кіретін азаматтар арасында шектеу орнатады. Бірлестіктерге заңды құқық береді. Қоғамдық бірлестіктер деп–азаматтардың өз еркімен, олардың тілегі негізінде құырлған ұйымдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы аумағында саяси партиялар, көпшілік ұйымдар, кәсіподақтар, әйелдер, арагерлер, ғылыми, техникалық, жастар және балалар ұйымдары, мәдени–ағартушылық т.б. ерікті қоғамдар, шығырмашылық одақтар, жерлестер, қорлар, ассоциациялар–қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық ұйымдардың партиядан айырмашылығы олар бірінші орынға саяси мәселелер қоймайды, саяси бағдарлама жасамайды.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.
Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.
Қоғамдық бірлестіктер құрылуы мен құқығы және қызметінің тоқтату шарты «Қазақ ҚСР–дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2,3 тарауларында баяндалған. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең құқықты. Олардың құқықтары жарғыларында белгіленеді. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің мақсаты мен қызметі жөнінде еркін хабар тарата алады, өз органдары арқылы өз инициативасын жүргізеді, өз мүшелері мен қатсушыларын көрсете біледі және олардың тілегін қорғай алады, сонымен қатар сол сияқты заңға қарсы емес уәкілдіктер жүргізе алады. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым–қатынас 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР конституциясы негізінде реттеліп отырылады. Мәселен, конституцияның 5–бабында «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарына, қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді» – делінген. Конституция нормаларын бұзуға бағыттлаған мақсаты мен қимыл көрсеткен қоғамыдық бірлестіктерді құруға немесе қызмет істеуге рұқсат етілмейді.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;
2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;
3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.
Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.
"Азат"азаматтық қозғалысы.Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.
"Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.
"Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста.
"Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.
Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.
Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.
"Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы- жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.
Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.
"Ақиқат"тарихи-ағартушылық қоғамы1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
^ Орыс қауымы (русская община)Әділет министрлігінде қыркүйектің 1-інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым "Русский вестник" атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.
Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.
Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық-патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркем өнер ұжымдарын құруға ат салысады.
^ Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.

Қазақстанның әйелдер одағы.Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы" конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтар-дың республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.
Қазақстанның жастар одағы.Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы.Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.
Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.
^ Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы.Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.
^ Адам құқығы бюросы.Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.
Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы - ерікті қоғамдық ұйым, кәсіподақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. 14 облыста облыстық және 22 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Федерацияның құрамында Ғылым академиясының, архитектура, Жобалық және Зерттеу институттарының, инновациялық және ұсақ кәсіпкерлер, мұнай, газ, көмір, т.б. кәсіподақтары бар. Қазірде федерация 7,5 млн. кәсіподақ мүшелерінен, 43 мыңнан астам бастауыш ұйымдардан тұрады. Кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде басшылық жасайтын 835 аудандық және қалалық, 209 облыстық кәсіподақ; қоғамдары бар.
Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалыұ, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет, спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.
Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы, әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді.
^ Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы.Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері. Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеулік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы.
"Бірлесу" кәсіподағы республикадағы ғана емес, бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды.
"Бірлесу" қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.
"Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл - еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел" деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.
"Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті.Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның мақсаты: Арал теңізі жағдайына, республикадағы экологиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.
Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелек үстел, Мәскеуде Арал күні, Арал аймағындағы экологиялық апат туралы телемарафон өткізілді. 1996жылы халықаралық "Арал-Азия-Қазақстан" коғамдық комитеттің мәртебесі бекітілді. Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда. Осы мақсатпен "Халықаралық Арал сыйлығы" құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы Қоғамдық Академия құрылды.
Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама берілген. Олардан шығатын қорытынды - қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.


<== previous lecture | next lecture ==>
Саясаты 2 page | Саясаты 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.23 s.