|
Босану тарихыDate: 2015-10-07; view: 1318. Босанушының аты – жөні:Пазылова Жанар Мушкаловна Жасы:25 жаста
Клиникалық диагнозы: Мерзімінде босану. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ұрық ұзына бойы орналасқан. Басымен келуі. I позиция. Алдыңғы түрі. Куратор:Сыпабекова Молдир 401 А Ақтөбе – 2013 жыл Паспорттық бөлім: 1. Аты-жөні: Пазилова Жанар Мушкаловна 2. Туған жылы: 27. 07. 1988 3. Жынысы: әйел 4. Ұлты: Казак 5. Түскен күні: 04. 05. 13 жылы, сағат 9.00 6. Білімі: орташа 7. Қан тобы: А (ІІ) екінші Резус-тиістілігі: Rh (+) оң 8. Қызметі:жұмыссыз 9. Жолдама берген мекеме: Ози келген 10. Мекен – жайы: Актобе обл Алга каласы Бестамак 11. Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың 1 кезеңі Түскен кездегі шағымдар: Алғаш босанушы Пазылова Жанар Мушкаловна 25 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен, күні жетілген жүктілікпен 40 аптасында ретті толғақ басталғаннан соң, қағанақ суы кетуімен Облыстық Перинатальды Орталыққа келіп түсті. Anamnes vitае: Жалпы сырқаттар: Боткин, туберкулез, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі ерекшеліксіз. Гемотрансфузия болмаған. 2012 жылы түсік болган. Етеккірдің басталуы: 16 жастан бастап, 5-6 күннен, ай сайын калыпты. Соңғы етеккірі 15. 06.12 жылы. Жыныс қатынасының басталуы: 20 жаста Гинекологиялық сырқаттары: болмаған Аборттар, асқынулары, оперативті жәрдем: 2012 жылы тусик болган. Алдыңғы жүктіліктері: 1-ші жүктілік –түсік болган, бул екінші жүктілігі. Есепке жүктіліктің 8-9 аптасында тіркелген.
Жалпы қарау: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Бойы: 160 см Салмағы: 60 кг Жүрек соғысы: анық, ырғақты. Тамыр соғуы: минутына 74 рет Артериальды қан қысымы: оң қолда 110/70 мм.с.б. сол қолда 120/80 мм.с.б. Дене температурасы: 36,2ºС Терінің күйі: тері түсінің өзгерісі, пигменттенуі, бөртпелер жоқ; тері жамылғысы құрғақ, серпінділігі сақталған; тері астында ісіну жоқ. Тері асты шел май қабаты орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшық ет тонусы жақсы дамыған. Сүйек буын жүйесінде патология жоқ. Сүт безі ұлғайған. Емізік айналасы пигменттелген.
Дене мүшелерін жекелеп қарау: Тыныс алу жүйесі Кеуденің екі жағы да симметриялы, тыныс алуға бірдей қатысады. Мұрын арқылы дем алады. Минутына 23 рет. Кеуделік дем алу түрі. Кеуде торының пішіні цилиндрлік. Кеуде торының деформациясы, асимметриясы байқалмайды. Кеудеде ауыратын жерлер байқалмайды, кеуде сарайының серпінділігі сақталған, ол екі жақтан қысқанда иілгіш келеді. Дауыс дірілінің өзгерістері анықталмаған. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің 2 жағында бірдей ашық өкпе дыбысы. Екі жақты бірдей везикула тынысы. Сырыл жоқ.
Жүрек – қан тамыр жүйесі Қарау мен пальпация кезінде артериялар қалыпты; мойынның, кеуде торының және аяқ-қолдардың көктамырлары кеңеймеген. Жүрек аймағында, мойын артериялары мен көктамырларда патологиялық пульсация, ісінулер анықталған жоқ. Артериялық пульс: жиілігі минутына 74 рет соғады, екі білек артериясының пульсі бірдей, білек артериясы мен жүректің пульсі де қалыпты. Пульстің қатаңдығы, толықтығы, ырғағы, жылдамдығы қалыпты жағдайда. Жүрек тондары күшті, ритмді. Патологиялық шулар жоқ. АҚҚ: оң қолда 110/70 мм.с.б.; сол қолда 120/80 мм.с.б.
Асқорыту жүйесі Ауыз қуысын қарағанда тілі ылғалды, таза. Өңеш барлық тағамдарды жақсы өткізеді. Бадамша безі ұлғаймаған. Іші жүктіліктің мерзіміне қарай ұлғайған. Бауыр оң жақ қабырға доғасы астынан пальпацияланады: бауыр шеті жұмсақ, тегіс. Өт қапшығы пальпацияланбайды. Бауыр, талақ ұлғаймаған.
Несеп бөлу жүйесі Белдеме аймағын қарау: ісік, қызару және ауырсыну жоқ.Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Бүйрек пен қуық пальпацияланбайды. Несеп бөлуі бос, ауырсынусыз; диурез қалыпты.
Нейро-эндокринді жүйесі Сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Сіңір рефлекстері сақталған. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.
|