|
Акушерлік статусDate: 2015-10-07; view: 6786. Ішті қарау Пішіні: сопақша тәрізді Ішті өлшеу:Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді. Жүктіліктің соңында іш айналымы 90 – 100 см тең.Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, ұрықтың көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см – ден артық болады.Жатырдың түбінің биіктігін өлшеу, яғни қасаға сүйегінің жоғарғы шегінің жатыр түбіне дейінгі аралық, ал жүктілік мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші акушерлік айдың соңында жатыр өлшемі тауық жұмыртқасындай болады. 2–акушерлік айдың соңында (8 апта) жатыр мөлшері қаз жұмыртқасындай болады. 3 - акушерлік айдың соңында жатыр нәресте басымен бірдей болады. 4 - - акушерлік айдың соңында жатыр түбі қасаға мен кіндік ортасында орналасады. 5 - акушерлік айдың соңында жатыр түбі кіндіктен 2 саусақ төмен орналасады. 6 - акушерлік айдың соңында (24 апта) жатыр деңгейін кіндіктің тұсында орналасады. 7 - акушерлік айдың соңында (28 апта) жатыр деңгейін кіндіктен 2 -3 елі орналасады. 8 - акушерлік айдың соңында (32 апта) жатыр деңгейін кіндіктен семсер өскіннің ортасында орналасады. 9 - акушерлік айдың соңында (36 апта) жатыр деңгейі семсер өскіннің деңгейінде орналасады. 10 - акушерлік айдың соңында (40апта) жатыр деңгейі 7 ай кезіндегі деңгейге түсіп, жатыр деңгейі төмен түседі. Дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын жатырдың биіктігін деңгеиін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Ол үшін сантиметрлік лентамен, жамбас өлшеуіш қолданады. Жатырдың деңгейін өлшеу үшін симфиздің жоғарғы шеті мен жатыр түбінің нүктесі аралығына сантиметрлік лентамен қоямыз. Сантиметрлік лентамен өлшегенде келесі көлемдерді аламыз. Жатыр түбінің биіктігін анықтағаннан кейін ұрықтың салмағына болжам жасай аламыз. Іш айналымын жатырдың биіктік деңгейіне көбейтеміз. Іш шеңбері:100 см Жатыр түбінің биіктігі: 39 см Ұрықтың шамамен салмағы (Жордания бойынша): 3800,0±100,0гр Сыртқы акушерлік тексерудің 4 әдісі (Леопольд бойынша):
Бірінші Леопольд әдісі – екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Жатыр түбінде ұрықтың жамбасы орналасады. Ол ұрықтың басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау. Екінші Леопольд әдісі – екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында ұрықтың арқасы , ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Ұрықтың арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай оның позициясы мен түрін анықтайды. Нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы. 1 – позицияда - нәресте жатырдың сол жақ қабырғасына; 2 – позицияда – оң жақ қабырғасына қарап орналасады. Нәресте 1-ші позицияда орналасқан. Нәрестенің алдыңғы және артқы түрлері бар. Ол алдыңғы түрімен орналасқан. Үшінші Леопольд әдісі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Ұрықтың басы орналасқан. Ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді. Төртінші Леопольд әдісі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақ ұшын жамбас ұшына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды. Ұрықтың жүрек соғысы: ұрықтың жүрек тондарының аускультациясын жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жургізеді. Жүрек тондарын тыңдау үшін арнайы акушерлік стетоскоппен анықтаймыз. Ұрықтың жүрек тонын жүктіліктің 18 – 20 аптасында тыңдай аламыз. Тонның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда жүрек тоны анық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналасуына байланысты. Ұрықтың 1 позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, 2 позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады. Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады. Босанушы әйелде ұрығының жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 136 рет.
Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау 1 – алдыңғы, 1 позиция баспен; 2 – артқы, 1 позиция баспен; 3 – алдыңғы, 2 позиция баспен; 4 – артқы, 2 позиция баспен; 5 – алдыңғы, 1 позиция жамбаспен; 6 – артқы, 2 позиция жамбаспен; 7 – алдыңғы, 2 позиция жамбаспен; 8 – артқы, 2 позиция жамбаспен. Жамбасты өлшеу 1. Distantia spinarium – мықын сүйектерінің алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшемдерінің түймелерін осы өсінділердің аралығы сыртқы бетіне тірейді. Ол 25 см тең.
2.Distantia cristarum –мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы. Ол 28 см тең. 3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 см тең. Қалыпты дамыған жамбаста үлкен жамбастың көлденең өлшемінің аралығы 3 см құрайды. Аз айырмашылық болса қалыпты жамбас құрылысының ауытқығанын көрсетеді. 4. Conjugata externa – 20 см 5.Conjugata vera – 20 – 9 = 11 6. Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см-ге тең. Бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см-ден кем болса жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді. Ол 14 см тең. 7.Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер – ол Михаэлис ромбасы. Жоғарғы бұрышы 5-бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділерімен сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Жоғарғы жіне сыртқы жағынан бұлшықеттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшықеттерінің қырымен шектеледі. Ол 11 см тең.
Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу: Айна көмегімен зерттеу Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегейлі қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі. Кусно немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Кусно айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны алып жатыр мойнын қарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен артқы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейін оған параллель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз.жатыр мойнын және қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз. Қынаптық зерттеу Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші және үшінші саусақтарыды қынапқа енгізе отырып, төртінші және бесінші саусақтарды бүгеді. Бірінші саусақты жоғары көтереді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері (созылу, тегістігі т.б.), қынап күмбезі, жатыр мойны (ұзындығы, пішіні, т.б.) және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы) анықталады. Жүкті әйелде қынап қабырғасының және жатыр мойының кілегейлі бөліністері ақшыл. PV: жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді, ұзындығы 2 см. Қағанақ қабы жоқ, ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Төменгі сегментке өтуі доғал. Мүйіске қол жетпейді, жамбас сүйегі деформациясыз. Босанудың болжам мерзімі Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен, немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы. Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен үш айды шегеріп он төрт күн қосамыз. Босанудың болжам мерзімі : __.__.2013 жылы.
Дәрігерлік тағайындалымдар парағы: Аты-жөні: Пазылова Жанар Мушкаловна Туған күні: 27.07.1988 жыл
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 123 г/л Эритроциттер – 4,9 ·10*12/л Тромбоциттер - 270·10*9/л Лейкоциттер – 5,5 ·10*9/л Нейтрофилдер – 66,8% (10*9 л) Моноциттер – 7,1% (10*9 л) Лимфоциттер – 26,1% (10*9 л) ЭТЖ – 7 мм/сағ
|