![]() |
ФОРМАЛАРЫ 26 страницаDate: 2014-03-21; view: 938. Зерделік және барлық танымдық іс-әрекет ,мидың қызметімен, сенсорлық қызметімен, адам денсаулығымен тығыз байланысты. Ми қызметін қозғайтын, генетикалық ішкі құрылыс баланың зердесінің өсуіне, барлық танымдық қызметіне әсер ететін аурулар, баланың қабілетінің кешігуіне әкеп соғады. Ондай балалар арнайы оқытуды қажет етеді. Сенсорлық дамудың (есту, көру) физикалық өсудің бұзылуы баланың танымдық қызметінің өсуіне қолайсыз жағдай туғызады. Оқыту мен тәрбиені дұрыс жолға қоя білсе де, кемшіліктің жиынтығына бағытталған, ондай балалар оқытудың үлкен нәтижесін беруі мүмкін, бірақ оларға өте көп күш жұмсауға тура келеді. Күнделікті жай балалармен жұмыс істеуге қарағанда, қозғалыс саласында ауру тапқандар үшін оқу мекемелері және сыныптар, көптеген кемшіліктері бар балалар үшін интернаттер, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін сыныптар, ой қабілетінің өсуі кем және де басқа балалар үшін көптеген сыныптар ашылады. Әр-түрлі мөлшерден ауытқу болып тұратын балалар үшін арнайы мектептердің әр уақытта саны арта түсуде. Мұндай жағдай 10-12 пайызға жетеді, кейбір елдерде өз жасына сәйкес, мектеп оқушыларының жалпы мөшеріне қарай, соның ішінде дарынды балаларды қосқанда 3 % пайыздық құрайды. Кейбір әлеуметтік факторалар мен қатар оқушының үлгерімінің төмендігіне әсіресе физикалық және мінез- құлқының өсу ерекшелігі де әсер етеді, үлгерімі толық оқушы бесінші, алтыншы, тоғызыншы сыныптарда аз мөлшерде болатыны белгілі. Бұндай жағдай көптеген мемлекеттерге тән және ол жалпы заңдылықты көрсетеді. Мектеп оқушылары жас және жасөспірім уақытындагы үлгерімнің төмендеу себептеріне өсу ерекшеліктерінің әсер ететінін, дәрігерлік биологиялық және мінез-құлықтарды зертегенде байқады. Көбінде, осы мерзімде баланың өсу қарқыны,ақыл-ой қарқынының өсу сапасы баяулайды, жүйке жүйесі қозып, тез шаршайды. Мектепте, осы ерекшеліктердің күшейюі мүмкін, болмаса немес көмескіленеді дейді Ю.Бабанский. Мінез-құлық қалыптасу үрдісі уақытында, жүйке жүйесі типологиялық қасиет баланың үлгеріміне әсерін тигізеді. Жеке оқыту, психикофизиологиялық реакциясына және оқыту қызметінің жағдайы баланың жалпы жүйке жүйесі мен қызбалығына байланысты. Әлсіз қоздырғыш процесінде оқушылар ақырын жұмыс істейді, жылдам шаршайды, дұрыс тыңдай алмағандығынан қателер жібереді. Бақылау жұмыстарында төмен корсеткіш көрсетеді, ақырында жүйкеге мінез құлқына күш түсірудің әсеріне жаман баға алған баланың ұзақ уақыт оңала алмауына әкеп соғады. Сол уақытта олардың сөздері бейнелі және қызулы, әрі уайымшыл болады. Оқушының үлгерімі және тәртібіегер де мұғалім әр- түрлі әдіспен жұмыс істесе оның жүйке жүйесі мен қызушылығына байланысты емес. Темперамент ерекшелігіне қарай оқуды оқи алмайтын бала жоқ. Бірақ та оң нәтиже алу үшін әр оқушының жеке ерекшелігіне сәйкес оқыту және тәрбиелеу әдісін пайдалану керек. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша оқушыларды олардың мүмкіндігіне, жұмыс істеу қаблетіне, денсаулығына, жеке ерекшелігіне қарай топқа бөле отырып, білімді бағалаумен жеке тексерісті ұйымдастыру кезінде, үлгерімеушілікті жеңу үшін осы ерекшеліктерге қарау керек. Осы талапты сақтамаған уақытта, тіпті жақсы оқитын баланың өзі де, оқу бағдарламасынан қалып қалуы мүмкін. Олар оқуда жоғары талаптылық, өз құрбыларының қасында ақыл-ой, білім алу қабілетін (немесе белгілі бір музыкаға,суретке,тағы басқалар) көрсетеді. Дарынды балалармен жұмыс. Дарындылық- баланың белгілі бір саласында, болмаса жалпы ақыл-ой қабілетінде көрінеді. Дарынды балалар жақсы есте сақтау қасиетімен, білімді алу, үлкен сөз байлығымен, әр нәрсені білуге құштарлығымен, өмірде белсенділік көрсетеді. Олар мектеп бағдарламасын өз құрбыларынан гөрі жылдамырақ және өте жоғары деңгейде меңгереді. Филадельфияда Ресейдің жеті жасөспірімі дүние жүзілік ғылымдық және инженерлік шығармашылықта ғылым жаңашылығын көрсетті. 1999 жылы Ұлыбритания мен Италияны қосқанда конкурсанттары қаншалықты марапат алса, соншалықты марапат Ресейдің жеті жасөспірімі алды. Конкурсқа қатысушы Сергей Тищенко бірден үш награданы әр түрлі номинациядан алды. Оның венгер оқымыстысы Пауль Эрдешенің бір есебінің шешімін ұсынғанда, дүние жүзінің барлық математиктері басын қатырды, бірақ еш нәтиже бермеді. Дарынды оқушылардың арасында үлгерімі төмен балалар да болады. Бұның басты себептері педагогтардың өздерінің соларға уақытын аз бөлінгеніне болды, ақырында дарынды оқушылар оқуға деген қызығушылығын жояды, күнделікті дайындықты тоқтатады, осындай жағдай олардың ары қарай үлгеріміне және жүріс тұрысына әсерін тигізеді, бұл педагогтардың басты кемшілігі. Дарынды балалар жоғарғы таным белсенділігін баппен талап етеді. Бұндай жағдайға көптеген жай мектептердің қол жеткізуі қиын. Дүние жүзінің көптеген елдерінде дарынды балаларға көмек ретінде арнайы мектептер ашылуда. Мысалы физика-математикалық, биологиялық, химиялық және де басқа түрлері. Әр түрлі факультативтер, кафедра, секция және үйірмелер ұйымдастырылуда, осындай шешімдер баланың дарынын аша түседі. Лицей және гимназияда оқытушылардың басшылығымен немесе ғылым қызметкерлердің қатысуымен, ғылыми -зерттеу міндеттерінің жэне шешімін табуда. Әсіресе дарынды балаларға қосымша білім беру жұмысы жақсы жолға қойылған. Ресей білім министрлігі жас натуралистермен және техниктер станциясымен, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайымен, бірқатар лицей және гимназиялар оқушыларының зерттеу қызметінің ұзақ жылдық бағдарламасы бойынша бірнеше жылдардан бері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Ғылыми әдістемелік семинар « Оқушылардың зертеушілік әрекеиі -жалпы және қосымша білім беру бағдарламаларын интеграциялау құралы» атты семинарға қатысқан жасөспірімдердің зерттеу жұмысы В.И. Вернадский атындағы "зерттеу жұмыстары" атты конкурсына аудандық, қалалық, бүкіл Ресейлік олимпиада өткізіледі. Оған мемлекеттің әр бұрышынан көптеген балалар қатысады. Конкурста техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану саласындағы ғылыми жұмыстар қаралады. Қорытындысы "Юность","Наука" ,"Культура" атты конференцияда жарияланады. Жыл сайын Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университіде бірінші, екінші курс студенттерінің "Болашаққа қадам", Долгопрудный қаласында Мәскеу физика техникалық институтының "Ғылымға қадамы" зерттеу жұмыстарының конкурсы, және де Мәскеу облысының Шерноголовка поселкесінде Мәскеу мектеп түлектері өткізетін "Ойшыл" және америка мектептері өткізетін Perry L. Dreu(Hightstown №7) интернет арқылы эвристикалық олимпиадалар өткізіліп тұрады. Осындай жетістіктер барысында мұғалімдердің әдістемесі толық қамтамасыз етіледі. Ол бақылау сұрақтардың көптеген мөлшерін біледі, өткен тақырыптардың баланың қаншалықты меңгергенін тексеру үшін диагностикалық кесте жасай алады, сол арқылы қателерді тауып отырады. Жалпы мектеп нормативін, оқушылардың нақтылы стандартқа қаншалықты жеткенін мөлшерлеуге мүмкіндік береді, мұғалімдердің субьективтік бағасы да азая түседі. Бақылау қызметінен босатылған, мұғалім көп уақытын өзінің негізгі міндетіне –мәңгі ақылға, парасатқа, ізгілікке арнайды. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1. Оқу тәрбие үрдісіндегі білімдерді тексеру мен бағалаудың қызметтері қандай? 2. Мектеп курсынан таңдаған тақырыбыңыз бойынша сұрақтардың диагностикалық салмағын анықтаңыз. 3. Мектеп курсының кез-келген тақырыбы бойынша білімді жинақталған тексетістен өткізу сызбасын құрастырыңыз. 4. Бір материалдың меңгерілуін тексеру үшін тапсырмалардың түрлі баламаларын ұсыныңыз. 5. Оқушы мұғалім сұрағына жауап берді. Оқушы жауабын бағалаудың мүмкін вариаттарын атаңыз. 6. Оқушылардың білімін жазбаша жэнежазбаша тексерудің қандай айырмашылықтары бар? 7. Үлгермеушілікті болдырмау құралдарын атаңыз. 10 ТАҚЫРЫП. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР 10.1 білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні Әлеуметтік өмірдің барлық салысындағы, ғылым мен мәдениеттегі түбірлі өзгерістер, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар, білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы -инновация, яғни құрылу, қабылдау, басқару, педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл, білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру ұйымдарының ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты. Инновация деген не ?(Innovation) "Инновация" ағылшын тілінен аударғанда новацияға кіріспе дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антрополгияда пайда болы. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. " Инновация" термині антропологиядан экономикаға, сонан-оң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістмесіндегі білім біру мекемелерінің пактикалық немесе ғылыми әрекетінде туындағы түрлі өзгерістерді зерттеді. 50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және жалпылау орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады. (мысалы,"novation an aducation; “Educational innovetion in the United States” және басқалар) Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. әңгіме педагогикалық тәжірибенің жайылуы туралы, жұмысшылардың тәжірибелік дайындығы туралы, және ұсынылған жаңалықтардың, бағалау тәсілдерінің жаңалығы туралы болды. Әдетте инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесіиде, фактілерді үғыну және жиналу үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта өз белгісі ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі бір тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның қүрылу, орнығу, қолдану және жойылу процесі екенің түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған. Инновацияда білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр: педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі - психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге Білім беруде инновациялық үрдісітің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатында жаңалықтар еңгізу, жаңа мазмұнды қайта жасауды, жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын, жаңа педагогикалық жүйені еңгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасау және дамытуды, және мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын жобалайды. Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз: -обьективті фактор- инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету. -субьективті факторлар- инновациялық үрдіс субьектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үрдіс субьектілеріне болып ғылым- педагоктар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлер жатады. "инновациялық әрекет" түсінігінің мазмұны қандай ? 10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағытының мәні. Әдетте бұл түсінік инновациялық үрдістің әрекет субьектілеріне: зерттеушілер, жазылымдарды даярлаушылар, техниканы басқарушы мамандар, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандар жатады. Инновациялық үрдіс ұжымдық әрекет туралы болғандықтан, бұндай анықтама дәлме-дәл келеді. Біз жеке субьект деңгейіне келсек- онда инновациялық үрдістің жеке алынған субьектісінің әрекетін қарастырамыз. Бұл жағдайда инновациялық әрекеттің обьектісі бұдан бұрын қалыптасқан жіне осы уақытта оның тәсілдері, құралдары, адамдардың осы қауымдастығы үшін біркелкілік репродуктивті сипатқа ие әрекеттің басқа түрлері болып табылады. Педогогикалық әрекеттің инновациялық бағыттарын не дамытады? Бұл сұраққа жауап ретінде ең бірінші болып, әрине, қоғамда пайда болатыы және Конституция мен "Білім туралы" заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік- экономикалық жаңартулардың пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы білім беру мазмұнының гуманитарландыруды, оқу пәндері кұрамының, көлемінің өзгеруінде, жаңа оқу сабақтарын еңгізуінде, мұғалімдердің педогогикалық жаңалықтарды қабылдауға қатынасын өзгертуінде. Мектеп тәжірибесінде мынандай мектепті жаңарту жолдары бар: - жеке тәжірибесінің дамуы; - басқалардан тәжірибе алу; - ғылыми жобаларды меңгеру - қателер мен тексерулер әдісі жеке эксперимент; Инновациялық әрекет кезендері Инновация идеяның пайда болу кезінен бастап тәжірибеге еңгенге дейін бірнеше кезендерден өтеді: білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу туралы негізделген ұсыныс, әлгі әдістің кең қолдануы, толық игеру. Бұл жерде үрдіс аяқталмайды. Инновацияның жасалуы және дамуы мәселелерді шешуге жаңа қағидаларға жеткенше сақталады. Осындай ыңғай ұсынылған идея мен ұсыныстың дамуын сақтауға, тәжірибелік әсерін талдау, жаңалықтар еңгізу көлімін сақтауға жағдай жасайды. Жұмыстың жаңа формаларын игеру үшін белгілі бір уақыт, соған сәйкес жабдықтау, мұғалімдерді дайындау жаңаша жағдайларда ұжымдардың жұмысқа дайындаулары қажет. Әртүрлі жағдайларда жаңалықтарды қолдану сипаты мұғалімдердің мамандық деңгейіне, мектеп оқушыларының қабылдау деңгейіне, өмір сүру салтына байланысты. Психологиялық және педагогикалық мақсаттың бірегейлігі идеяларды іске асыру үшін әртүрлі әдістер мен қосымша зерттеулерді талап етеді. Осы жаңалықтарды нақта ортада қолдану қажет, ұжымдық құраманың белгілібір енжарлығына төтеп беру керек. Әсіресе, адамдар арасындағы қатынастарға қатысты инновацияны іске асыру қиын. Қарсылық білдіреріледі, болатын өзгерістерді барынша азайтуға ұмтылыс байқалады. Әсіресе, ғылымды және білім беруді басқарудың қалыптасқан жүйесіне тоқталып енгізу оңай шаруа емес. Оқу – тәрбие үрдісінің кейбір жақтарын жетілдіргісі, ескі әдістер мен тәсілдерді айырбастағысы келетініне баршама табыстарға жету мүмкіндіктері бар. Айтып кететін бір жайт инновация мұғалімдер мамандағы дерегіне тәуелсіз болғанда, жағымды нәтиже бермеген үнемі оң нәтижелер беретін тексерілген тәжірибені жаңағы тез арада айырбастай салмай, сақтау керек. 10.3 Инновацияның жіктелуі Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты аңалық еңгізудің бірнеше түрлерін ажыратылады. Технологиялық инновациялар- өнімдерді, өндірістің жаңа технологиялардын дайындау тәсілі олар өндірістің дамуына және саланың технологиялық қолайлықайта жабдықталуына негіз салады. Бұл жаңалықтар білім беру саласында оқытуда қолданылатын да әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамтамасыздандыру жаңа мүмкіншіліктерге жол ашты. Компьютерлік технологиялар өзінің жеделдігінің арқасында және кең зерде корының арқасында білім берудің жаңа тәсілін шығарды. Олар жеке тұлғаға, білім беру ортасына әртүрлі варианттарды іске асыруға мүмкіншілік береді. Әдістемелік инновация- бұл, сабақ беру мен білім алу тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу тәрбиелеу үрдіс ұйымының саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған, жаратылыстану ғылымы және гуманитарлық пәндер - мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білімге дейін оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды. Тәжірибеде әдістемелік инновация ұжымдық жаңартулармен тығыз байланысты. Олар жоспарланған мақсат анықталған кезде, бірақ құралдар мен әдістерін іске асыруына қосымша зерттеулер талап етілгенде білім беру жағдайларында кездеседі. Инновацияның бұл типі жеке әдістемелерде басым, ал дидактика мен тәрбие теориясында сирек кезігеді педагогика тарихына арналған еңбектерде кесдеспейді. Ұйымдастырушылық инновациялар Олар еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруына қатынасы бар. Жекеше айтқанда, әртүрлі топтарды жинақтау мәселелері,топтарда, мектептен және мектеп тыс ұйымдарда жұмыс жасау әдісі. Мысалы; 2001 жылы жалпы білім беру ұйымдарында былайша айтқанда көзді қадағалау тобы деп аталатын жалпы білім беретін және арнайы мекемелерде кұру шешімі қабылданды. Топ он екі адамнан тұрды. Ал күрделі келістігі бар адамдар балалар үшін бес адамнан сынып кұрылып тұрады. Басқа мысал, Білім тосықтыру топтарын құру, яғни Ресей Федерациясының білім туралы заңына сәйкес жалпыға білім беретін ұйымдары құрылады. Білім беру тобына ұйымдарының мақсаты- білім алуда қиыншылықтарға тап болған балаларға арналған. Компенсациялаушы білім беру тобына балларды таңдаудың негізгі көрсеткіші жалпыға білім беру ұйымында, білім алуға дайынсыздық деңгейі, ол психологиялық, психо-физиологиялық жетіспеушіліктен көрінеді. Басқарушылық жаңартулар еңгізу Олар өндірісті, ұйымды басқару әдістерін, құрылымын қарастырады және жеделдету, жеңілдету, қойылған мәселелерді шешуді, жақсарту мақсатымен басқару жүйесінің әлементтерін ауыстыруға негізделген. Басқарушының жаңартулар еңгізудің мысал ретінде федералды аймақтық деңгейде білім жүйесін басқаруды игерген жұмыста көре аламыз. Экономикалық инновациялар. Экономикалық инновациялар қаржы, төлем, бухгалтерлік салада жағымды өзгерістерді қамтиды. Сонымен қатар еңбек төлемін жоспарлау, ынталандыру білім беру әрекетінде нәтижелер бағалауды қамтиды.Тікелей педагогикамен байланысы жоқ. Бірақ олардың ықпалы бүкіл білім беру жүйесіне әсер етеді. Сонымен Ресей Федерациясының үкіметінің 2001 жылдың шілдесінің 5 жұлдызында №505 жарлыққа сәйкес мектепке дейін жалпы білім беру саласында ақылы білім беру қызметі ережелері айтылған. Ақылы білім беру қызметіне: қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту, арнайы курс бойынша білім беру, дайындау, сабақтарды терең оқыту, репетиторлық. Әлеуметтік жаңалықтар еңгізу Ол адам факторының кадрлық саясатын белсенді ету формасында білінеді, сонымен қатар маман дайындау жүйесі қызметкерлер сапасын көтеру, жұмысқа қайта қабылданған тұлғалардың әлеуметтік, кәсіптік бейімделу жүйесін, марапаттау жүйесін, яғни еңбек нәтижесін бағалауды қарастырады. Ол сонымен қатар жұмысшылар өмірінің әлеуметтік -тұрмыстық жағдайын жақсарту, еңбек гигиенасы қауіпсіздік жағдайын жақсарту сипатында болады. Ол білім беру деңгейінің көтерілуінде, кәсіби дайындығында, қоғам өмірінде жағымсыз әсерлерді шектеу, құқық бұзушылықты болдырмау ой және дене еңбегін тиімді етуге бағытталған. Құқықтық инновациялар. Бұл білім беру мекемелеріндегі анықтаушы және реттеуші жаңа және өзгертілген нормативтік құқықтық актілер мен заңдар. Соңғы жылдары мектеп оқушылардың аттестациясына қатысты федералдық және аймақтық білім беру стандартына байланысты, басқарушы мамандар дайындығына байланысты көптеген заңдар шықты. 10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің мәнің теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады. Теориялық инновациялартеориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдар ыңғайлар, әдістер, заңдылықтар бағыттар, жіктеулер, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдар жатады. Тәжірибелік инновациялар.Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектеп тану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи обьектілер жатады, практикалык инновацияларға жатады. Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар еңгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея жаңа білімнің құрылуы болса, екіншісінде оны қолдану үрдісі асады. Инновациялар уақытына қарай және сапалық параметрлеріне қарай ажыратылады. Инновацияның мәні оның пайда болу уақытына байланысты емес деген тұжырымдар бар. Идеяның басты мағынасы олардың- қоғамдық даму тенденциясына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау, оқушының және педагог еңбегінің нәтижесінде білімнің жоғары сапалығын қамтамасыз етуінде. Бұл көзқарастар негізінде бұрынғы прогрессивті идеяларды және тәжірибені ескірген деп санауға болмайды.
|