Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Status prаesens


Date: 2015-10-07; view: 692.


Anamnesis vitae

Қожахметова Марияш Сағымжановна, 22.06.1946 ж дүниеге келген. Бала кезінде физикалық және ақыл-ойының дамуында ауытқулар байқалмайды. 7 жасында мектепке барды. Мектептегі үлгерімі жақсы болды. Материалдық-тұрмыстық жағдайы жақсы. Үйленген. 3 баласы бар. Жанұясында тұқымқуалаушылық аурулары бұрын-соңды байқалмаған. Созылмалы, спецификалық аурулармен сырқаттанбаған. Аллергиялар байқалмаған. Бұрын-соңды гемотрансфузиялар жасалмаған. Зейнеткер.

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Төсектегі қалпы еркін. Есі анық. Басы мен мойнының көлемі өзгермеген, мойны деформацияланбаған.

Қабақтың, көз астының ісінуі байқалмайды. Көзінің қарашықтарының формасы бірдей және жарық әсеріне жауап береді.

Мұрнының формасы дұрыс. Ауыз бұрыштары симметриялы, ернінің түсі ашық қызғылт, жаралар мен қотырлануы жоқ.

Дене бітімі гиперстеникалық. Температурасы 36,4ºС; бойы 158 см, салмағы 73 кг. Тері түсі бозғылт, терісінің пигментациясы жоқ. Эластикасы қалыпты күйде. Тері астындағы қан тамырларының өзгеруі байқалмайды. Терінің ылғалдылық дәрежесі қалыпты. Теріде патологиялық бөртпелер байқалған жоқ. Тырнақтарының сыртқы пішіні өзгермеген.

Еріннің, мұрынның, көздің, қабақтың, таңдайдың шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Бөртпелер жоқ.

Теріасты май қабаты орташа дамыған, серпінділік қасиеті сақталған.

Лимфа бездері: желкенің, мойынның, құлақ аймағының, жақастының, шынтақ аумағының, бұғана үстінің, шаптың, тақым асты бездері үлкеймеген, пальпацияланбайды.

Тірек-қимыл аппаратының функционалдық жағдайы жақсы Бұлшық еттері жақсы дамыған. Тонусы мен күші қалыпты. Аяқ-қолдары бірдей, тұлғасына сәйкес. Сүйектер мен буындардың деформациясы байқалмады.

Тыныс алу ағзалары

Қарау: мұрын, өңеш, мойын, көкірек клеткасы қалыпты, ассимметриясыз, тыныс алуы беткей, дем алу типі – құрсақтық, тыныс алу жиілігі – 16/мин, ырғықсыз, инспираторлы ентігу. Тыныс алуда кеуде қуысының екі жағы біркелкі симметриялы. Танау арқылы тынысы қиындаған.

Пальпация: кеуде қуысының пальпациясы кезінде ауырсынусыз, серпімді, резистентті, тері ісінулері жоқ. Дауыс дірілі екі жақта да әлсіз.

Оң және сол өкпенің салыстырмалы перкуссиясы кезінде екі жақтан да әлсіреген, тұйықталған перкуторлық дыбыс естілді.

Топографиялық перкуссия кезінде өкпе шекараларының қалыпты мөлшерлерден ауытқымағандығы анықталды:

Өкпе ұшы – алдыңғы жағынан бұғанадан 3 см жоғары, ал арқа жағынан СVII деңгейінде орналасқан;

Крениг кеңістігінің көлденең ені – 7 см;

өкпенің төменгі шекаралары:

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
l. parasternalis V қабырға аралық
l. medioclavicularis VI қабырға аралық
l. axillaris anterior VII қабырға VII қабырға
l. axillaris media VIII қабырға VIII қабырға
l. axillaris posterior IX қабырға IX қабырға
L. scapularis X қабырға X қабырға
L. paravertebralis XI қабырға XI қабырға
Өкпе экскурсиясы 4 см 4 см

Аускультация кезінде екі жақ өкпеден де әлсіз везикулалық дыбыс естілді. Патологиялық сырылдар, сықырлар, шуылдар жоқ.

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тамыр соғысының жиілігі 80 рет/мин, толымдылығы жоғары, серпімділігі жоғары, ырғағы дұрыс емес. Жүрек ұшының түрткісін пальпациялағанда, ол V қабырғааралықта linea medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1 см арақашықтықта орналасқан.

Перкуссия әдісімен жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығын анықтағанда мынадай мөлшерлер алынды:

Шекарасы Салыстырмалы тұйықтық Абсолютті тұйықтық
Оң жақ ІV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1,5 см қашықтықта ІV қабырғааралықта төстің сол жақ жиегінде
Сол жақ V қабырғааралықта l. medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1 см қашықтықта V қабырғааралықта l. medioclavicularis-тан ішке қарай 0,5 см қашықтықта
Жоғарғы ІІ қабырғааралықта l. рarasternalis бойында ІII қабырғааралықта l. рarasternalis бойында

Тамыр шоғырының ені – 6,5 см.

Аускультацияда ырғақ бұзылыстары анықталды, жүрек тондары тұйық. II дыбыстың қолқалық акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – 72 рет/мин. Артериялық қан қысымы 180/100 мм с.б. Жүрек шуылдары естілген жоқ.

Асқорыту ағзалары

Науқастың тәбеті жақсы, қалыптан тыс әуестенушілік және тағамға жеркенушілік байқалмайды. Шөлдеу жоқ, ауыздың дәм сезінуі қалыпты.

Тілі таза. Қызыл иектері мен шырышты қабаты өзгеріссіз. Тамақты жұту және өңеш арқылы өтуі бос, ауырсыну жоқ. Қыжылдау жоқ, кекіру болмайды, жүрек айнуына шағымданбайды, құспайды. Іш конфигурациясы симметриялық, үлкен, дем алу актісіне қатысады.

Беткей пальпациямен қарағанда іші жұмсақ; кіндік, қасаға үсті аймақтарында ауырсынбайды, керу және ауырлық сезімі жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс; жарықтар анықталмады.

Іштің терең пальпациясы кезінде:

§ сигматәрізді ішек анықталады, ауырсыну жоқ, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді.

§ Соқыр ішек linea umbilicailiaceae сызығында жатыр. Ауырсынусыз, өсіндісі анықталған жоқ, аппендоэктомия жасалмаған.

§ Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі өрлеген және көлденең бөлігін анықтағанда оның ауырсынбағаны, шұрылдамайтыны және қозғалмалы екендігі анықталды.

§ Асқазанның үлкен иіні Образцов бойынша соққылау, фонендоскоп және пальпация, су шалпылы арқылы анықталды. Ол кіндіктен шамамен 3-4 см жоғары орналасқан. Жұмсақ, қолға ілінеді, ауырсыну жоқ.

§ Асқазан қалтқысы кіндіктен 3-4 см жоғары оң жаққа қарай орналасқан, тығыз цилиндр, ауырсыну жоқ.

§ 12 елі шіек ауруларына сәйкес Боас, Оперховский нүктелерінде ауырсынулар жоқ.

Перкуссия: жоғарғы тимпаникалық дыбыс. Бос сұйықтықпен газ анықталмайды.

Аускультация іш перистальтикасы сақталмаған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.

Бауыр жіне өт жолдары.

Қарау: томпаю, бауыр аймағында деформациясы жоқ. Тері, тамырларының кеңеюлері анықталмайды.

Перкуссия: Курлов әдісімен перкуссия жасағанда көлемі 10×8×7 см.

Палпация: Образцов-Стражеско әдісімен пальпация жасағанда бауыр аздап ұлғайған, бауырдың төменгі шеті өткір, беті тегіс, жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ.

Өт қабы пальпацияланбайды.

Көкбауыр пальпацияда анықталмайды. Перкуторлы шекарасы Х қабырға деңгейінде, көлемі 4*6 см. Ортнер, Мюсси, Мерфи симптомдары теріс.

Зәр-жыныс ағзалары

Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, күніне 4-5 рет. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1-1,5 литр. Зәрдің түсі қалыпты, ашық сары түсті. Зәр шығару кезінде қан болмайды. Бүйрек тұсында ауырсыну сезімі жоқ.

Қарап тексеру кезінде ісіктер анықталмады.

Пальпациямен қарағанда бүйрек пальпацияланбайды.Қуық пальпацияланбайды. Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс.

Эндокринді жүйе

Тәбеті жақсы. Тер бездерінің бөлінуі қалыпты. Тері және шырышты қабықтың пигментациясы қалыпты. Екіншілік жыныс белгілерінің дамуы қалыпты. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Гипер және гипотериз симптомдары жоқ.

Нерв жүйесі

Есі анық, ұйқысы бұзылмаған. Есте сақтау қабілеті өзгеріссіз. Артериялық қан қысымының жоғарылауына байланысты басының ауырсынуы болады. Сөйлеу қабілеті дұрыс; көру, иіс сезу қабілеттері бұзылмаған. Психикасы дұрыс, тәртібі белсенді. Мүшелердің жансыздануы, сал болуы, қалшылдау байқалмады. Рефлекстері қалыпты.

Қауып –қатер факторлары

§ Шылым шегу жоқ

§ Артық салмақ

§ Жасы 64 , жынысы әйел

§ Тұқымқуалаушылық жоқ.

§ Гиподинамия

§ Жоғары колориялы тамақтану

§ Стресті жағдайлар


<== previous lecture | next lecture ==>
Anamnesis morbi | Зерттеу жоспары
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.769 s.