|
ССССССССССССССССССССССССССССССССССССССССССDate: 2015-10-07; view: 1017. Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері. Сақ заманы тайпалардың мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алды. Оның ең басты компоненті б.з.д. VІІ-VІғ/да қалыптасып,Сібірдің,Қ/ң,Орта Азиның ж/е Оңт.Еропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды. Сақ заманындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес,зооморфтық,символдық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Сақтардың ежелгі қалалары Қызылордадан 300 шақырым жердегі Шірік-Рабат қаласы. Қаланың күзет мұнаралары бар орталығы –Цитадель. Табылған заттар б.з.б. ІV-ІІғ/ға жатады. Олар егіншілікпен айналысқан. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған. Б.з.д. I мыңжылдықтың басында сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптасу үрдісінің жедел жүруімен сипатталады.(қола дәуірінде ұштасып жатады) Тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарына оның өз жерлерінің, осы тайпаға тән диалектерінің болуы, діни ұғымдардың және діни ғұрыптардың, бұрыптардың ортақтығын, орта істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсемі мен әскери басшыларының болуы тән болды.Б.з.д. VIII-VII ғ. Архаикалық кезең үшін аударды. Бір орнында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштардың аяғын бүккен. Б.з.д.III-Iiғ. Аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастады. Аң стилі ою-өрнекке айналды. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техниканы және басқа да әшкейлендіру тәсілдері қолданбалы өнер туындылары пайда болды. Сақ заманындағы ою-өрнектердің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес, зооформдық, символдық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.Сақдәуірінде өмір сүрген бірнеше тайпалар бар: Массагеттер, Исседондар, Аримаспылар, Аргипейлер т.б.Массагеттер (грек. massagetaі) — ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. М-дің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғыл. деректер жоқ. Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археол. ескерткіштерді М-ге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың айтуынша, М. көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған.Ахемен әулеті патшасы Кир М-мен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан. Страбонның жазуынша М. күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон М-ге жер өңдеуді кәсіп еткен Аралмаңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады.Исседондар – ежелгі түркі тайпаларының бірі, үйсіндердің арғы тегінің кейбір ғылыми әдебиеттердегі атауы. Тұңғыш рет Аристей Проконесскийдің дерегінен (шамамен б.з.б. 5 ғасыр) мәлім. Көне заман авторлары атап көрсеткендей, осы жүз жылдықта қоныс аудару нәтижесінде Исседондардың бір бөлігі Шу мен Әмудария алқабына келіп қоныстанған. Исседондардың бірнеше бөлікке бөлінетіні ежелгі замандағы жазбаларда атап көрсетілген. Солардың бірі (Птолемей, б.з. 1 ғасыр) Исседодарды сақ (батыстық) және сереклік (алтайлық) деп екі топқа бөледі, сонымен қатар нақ осы алтай тобы “исседондардың үлкен нәсілі” деген болжам жасайды. Византиялық Цец (5 ғасыр) ежелгі шығармаларға түсініктеме бере келе, Исседондар аримаспалармен көрші тұрды, менің ұғымым бойынша, бұлар таңғажайып адамдар деп тұжырымдады. Оның айтуынша, Исседондар жер астынан ағып шығатын өзен бойын жайлайтын, жұлдыздарға табынып, өзенді пір тұтатын адамдар екен. Ал А.Н. Бернштам, Ғалымдар АкадемиясыСЫРМұсабаев, К.Ақышев, Г.А. Кушаев қытай деректемелеріндегі исседондар кейінірек қытай шежірелеріндегі “у-сунь”, Птолемей деректемелеріндегі исседондар үйсін болуы мүмкін деген пікір айтады. Неміс зерттеушісі Альберт Германның пікірінше, “Исседондар” термині Батыс Сібірдің кет тілдік гидронимикасына жатады. Осы негізде ол Исседондарды Исеть өзенінің (Обь) алабында өмір сүрген халық деп есептеген. Германның бұл болжамы дұрыс болуы да мүмкін, өйткені жазба деректерде Исседондар Алтайды мекендеуші аримаспалармен көршілес отырған. Егер ежелгі замандарда Обь өзенінің жоғасыр ағысы және Катунь (Қатын) өз. кет тілдер тобында Эссет (Иссет, Эссес), яғни “Тәңірі өзені” деп аталғанын ескерсек, онда шығыс Исседондар (серскілер) тап осы аймақты қоныстануы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сақ тайпаларының саяси тарихы және қоғамдық құрылысы. Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ес керткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады. Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді. Сақтардың қоғамдық құрылысы--І.Патронимия– бұл сақ дәу/гі қоғамдық құрылымның ең төменгі сатысы. Әлеуметтік қатынасы рулық,қандық жағдайда негізделген.ІІ.Қауым (көшпелі).Әлеуметтік қатынас әлі консервативті. Жаңа 2 өндіріс п.б. аумақтық және өндірістік.ІІІ.Тайпа.Жоғарыда аталған 2 белгі бекиді,ары қарай дамиды. Олардан басқа бірге өмір сүрудің арқасында оларда т.б.белгілері қалыптасады. Диалект, өзіндік аттары,саси ж/е діни сенімдері мен ғұрыптары.ІV.Тайпалар одағысы.Жоғарыда аталған белгілер қалыптасады ж/е жаңа сатыға шығады. Мемлекеттік белгілер п.б. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси дамуы /1946-1953 жж./ . Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді. Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады. Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды. 1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.Еңбекшілер қауымының қажырлы қайрат көрсетуінің нәтижесінде 1946–1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Бесжылдық жылдарында қара металлургия қарышты қадаммен дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үй прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Маңғыстауда мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылумен болды. Сырдария және Арал қазақтарының көтерілістері. Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібаров.Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.) XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды.Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды.Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды.Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бастан кешірді. Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді. «Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды – бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты. Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс. Көтерілістің себептері мен алғышарттары. 1773–1775 жылдардағы Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі талаптары қанағаттандырылмады; Көптеген сұлтандар, билер басқа да Кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді; Кіші, Орта жүздердің кейбір аудандары Уфа, Сибирск губернияларына бағындырылды; Жайық бойындағы казактардың, жаңадан қоныс аударған көпестердің озбырлығы жергілікті қазақтардың ашу-ызасын келтірді. Сондықтан көтерілісшілер бұрынғы жерлерді қайтарып алу, Жайық казактарының, Нұралы ханның озбырлығына шек қою сияқты мәселелерді мақсат етіп алдына қойды. Қозғаушы күштері. Басты қозғаушы күштер көшпенді қазақ шаруалары болды. Бұлармен қатар патша үкіметінің саясатымен келіспеген үстем тап өкілдері (батырлар, билер) де қатысты. Көтеріліске қатысқан Кіші жүз рулары: жағалбайлы, шекті, беріш, табын, шөмекей, алаш, серкеш, таз, байбақты, алаш, қаракесек, төртқара т. б. Көтерілісті байбақты руының старшыны батыр Сырым Датұлы басқарған. Көтерілістің барысы. 1783 жылы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды.1784 жылы Сырым Датұлы казактар тұтқынынан босап, көтеріліске ірі қол жинай бастады. Бұл тұтқынға ол 1783 жылы желтоқсан айында түсті. Көтерілісшілер арасында Жантөре сұлтан, Барақ, Тіленші старшындар сияқты үстем тап өкілдері де болды. 1784 жылы Сырым Датұлының қарамағына 1000-ға жуық адам шоғырланды. Патша үкіметі көтерілістің етек алуынан сескеніп, жазалаушы отрядтарды жібере бастады. 1785 жылы 17 ақпанда генерал-майор Смирнов басқарған, казактар мен башқұрттардан құралған 2670-тей адамы бар жазалаушы отряд қарапайым ауылдарды ойрандап, біраз қазақтарды тұтқындады.1785 жылы Сырым Датұлы басқарған көтерілісшілердің күресі барынша кеңейді. 1785 жылы наурызда Назаров басқарған Жайық казак отрядтары көтерілісшілерге шабуыл жасады. Мұнда екі жақ та нақты нәтижеге жетпеді. 1787 жылы Колпаков пен Пономарев басқарған, 1250 адамнан құралған жазалаушы отрядтар көтерілісшілерге шабуыл жасауға бата алмай, бейбіт ауылдарды ойрандады. Нұралы ханның патша үкіметін жақтауы көтерілісшілердің алдарына Нұралы ханды тақтан тайдыру мақсатын қоюға себеп болды. 1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер тобы Нұралыны тақтан тайдыру үшін құрылтай өткізді. 1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды. 1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс болды. Жайық бойындағы казак әскері жасаған озбырлықтары көтерілістің одан әрі өршуіне себеп болды. 1790 жылы тамызда казак әскерінің басшысы Д. Донсков 1500-ге тарта адам мен бейбіт жатқан қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл, әрине, қазақтардың қарсылығын тудырды. 1791 жылы Нұралының орнына Кіші жүздің ханы болып Ералы сұлтан сайланды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті. 1792 жылы Сырым Датұлы Ресейге қарсы күресін ашық түрде кеңейтті. Қазақ феодалдарының біраз бөлігі Сырым Датұлын қолдамады. Ал Жантөре сұлтан, Ералы, Барақ, Ілекбай старшындар Сырым Датұлын қолдады. Бірақ осы уақыттан бастап Сырым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақытша бәсеңдеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Красногорск бекіністерін алудағы сәтсіздігі себеп болды.1794 жылы Ералы хан өлді. 1795 жылы Нұралының ұлы Есім хан болып сайланды. Есімнің хан тағына отыруы Сырымның басқарған көтерілісінің қайтадан өрістеуіне себеп болды.1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған көтерілісшілер хан сарайына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді.1797 жылы полковник Скворкин Сырым көтерілісшілерін қудалай бастады, бірақ қудалаушылардың алғашқы әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып жатты. Көтерілістің жеңілуі. Есім ханнның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сайлау мәселесі тұрды. Ал патша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлау мәселесін жүзеге асырмауға тырысты. Бірақ осыған қарамастан, Кіші жүз феодалдары Нұралының баласы Қаратайды хан орнына сайлады.Осыдан кейін Сырым Датұлы өзіне қарасты халықты артынан ертіп, Сырдарияға қоныс аударды. Ханға, хан кеңесіне қарсы болған Кіші жүздің ықпалды адамдары Сырымның қасына топтасты.1797 жылы патша үкіметі хандық кеңесті жойып, Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтірді. Хан болып Айшуақ сұлтан бекітілді. 1797 жылы Сырым Хиуа хандығының жеріне қоныс аударды. Себебі бұл кезде Қаратай сұлтан Сырымның қуғындауын жиілеткен еді. 1797 жылы Сырымның Хиуа жеріне өтуі, оның басшылығымен болған көтеріліс те жеңіліспен аяқталды. 1802 жылы Сырым Датұлы Хиуа жерінде қайтыс болды.
|