Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 1 page


Date: 2015-10-07; view: 620.


Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

БИЛЕТ

Билет

Билет.

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

1cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.

Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.

Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.
Мемлекеттің басында ұлы Шаньюй тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған .

Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып жүрді.

Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.

2сұрақ ХYII-XYIII ғ. Қазақ жоңғар қатынастары

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байл.болмауы,қазақ феодалждарының өзара тартысы көрші мемл\ң шабуылдауына жол ашты.әсірісе қауіп төндіргені Жоңғар мемл. 17 ғ соңы 18 ғ басы жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап,Сарысу өзеніне дейін жетті. 1718 жыл Аягөз шайқасы.

Қаракерей Қабанбай мен Жауқашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді, осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 жылы Цин императоры Канси өлген соң Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне жіберді.1723 жылы Цеван Рабдан бастаған 70мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп,қазақ өлкесін ойрандады. бұл " Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" қайғысының бастамасы еді. жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап үдере көшті. 1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары1726ж басталды. 1726ж Қалмаққырылған шайқасы Сарысудың орта ағысы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде алпыс мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандалды.1729 ж көктем Аңырақай шайқасы Балқаш көлінің оңт. Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты.

3cұрақ Қазақстанда « Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Әміршіл әкімшіл жүйенің орнауы.

Қазақ. 1 хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Голощекиннің келімен байланысты Респуликаға қысым жасау күшейді. Ол Қазақстан қазан лебін сезінген жоқ деп « Кіші қазан » идеясын ұсынды. Ол 1927 ж ұсынды. 1930 ж 7 өлкелік партияконференциясын да нақтылай түсті. Голощекин ұсынған бағыт саяси бюро мүшелеріне кандидат Андреев тарапынан қолдау тапты. Кіші қазан саясатына қарсы шыққандардың бірі Садуақасов болатын. Ол 1925- 1933 жылы аралығында ел басқарды. Сталин кезінде жеке құқығы аяққа тапталды, өтірік жала жабылды. Қазақ зиялылары Аймауытов, Ермеков, Бөкейханов және Алаш партиясының қайраткерлері жазаға ұшырады. 1937- 38 ж территориялары жаппай сипат алды. Бұл жағы кеңес үкіметінің орнау мен нығаюына үлес қосқандар Меңдешов, Рысқұлбеков халық жауы атанды. Қазақстан партия ұйымының қайраткері Исаев, Жандосов, Досов, Нұрпейісов Сталин адамдарының құрбаны болды.

Кіші қазан төңкерісінің бағыты: Өлке өнеркәсібінің ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету . Садуақасов кіші қазан идеясына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды, оның көздеген бағыты өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты. «Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды»; «Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жіберді»; «Қазақтармен өнеркәсіп қаржы жоспарын орындау мүмкін емес» деген сияқты пікірлер қалыптасты.

1 сұрақ . Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық ескеркіштер.

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. 2.Бақташылық, мал шаруашылығы.Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. 3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.

Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

2сұрақ Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. қазақ батырлары.18ғ.

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байл.болмауы,қазақ феодалждарының өзара тартысы көрші мемл\ң шабуылдауына жол ашты.әсірісе қауіп төндіргені Жоңғар мемл. 17 ғ соңы 18 ғ басы жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап,Сарысу өзеніне дейін жетті. 1718 жыл Аягөз шайқасы.

Қаракерей Қабанбай мен Жауқашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді, осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 жылы Цин императоры Канси өлген соң Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне жіберді.1723 жылы Цеван Рабдан бастаған 70мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп,қазақ өлкесін ойрандады. бұл " Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" қайғысының бастамасы еді. жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап үдере көшті. 1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары1726ж басталды. 1726ж Қалмаққырылған шайқасы Сарысудың орта ағысы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде алпыс мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандалды.1729 ж көктем Аңырақай шайқасы Балқаш көлінің оңт. Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты.

Қазақ батырлары. Қанжығалы Бөгенбай (1678- 1775 ж) бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы,батыр.дипломат. орта жүздің арғын тайпасының Қанжығалы руынан. оның жасақтары Жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясымен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай ( 1703- 1781)ж қолбасшы, халық батыры, Түркістанды қорғауда Алакөл, Бұланты, Аңырақай, Шығанақ шайқастарына найман жас ағын басқарған.

Шақшақұлы Жәнібек қолбасшы, мемлекет қайраткері,дипломат. қазақ орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақтады.

Көкіұлы Есет ( 1667-1749) қолбасшы, дипломат. шайқастарды жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагерлігімен көзге түскен.

Хангелдіұлы Райымбек Ұлы жүздің албан тайпасы, Әлжан руынан тарап, он бес жасында ат құлағында ойнап, он алты жасында орда бұзар атанған батыр.

Наурызбай1706- 1781 ж Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. 1729 ж қалмақ батырлары Шамалған мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтірген батыр.

3 сұрақ Қазақ АКСР нің құрылуы. қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.

1919 ж 10шілде Қырғыз ( қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды. ол өлкедегі ең жоғарғы әскери азаматтық басқарма болып саналды. Казревкрм басшысы С. Пестковский. мүшелері В. Мукашев, Жангелдин, А. Байтұрсынов, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, М. Сералин , С. Сейфуллин, В. А. Радус Зенькович, А. Авдеев. Қазревком міндеттері: Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. Өлке Кеңестерінің құрылтай сьезін әзірлеу.

1920ж. 9 наурыз Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

1921 жылы Ақмола және Семей облыстарыСібір ревкомы қармағынан ҚАКСР не берілді.

1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды

1921 жылғы маусым Орал губерниялық партия комитеті Жайықтың сол жағалауындағы он шақырымдық өңірді қайтару туралы декретке наразылық білдіріп, Орал облысын ҚАКСР нен бөлу туралы өтініш берді.Алайда партияның орталық комитеті өтінішті қабылдамады.

1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:

Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.

Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.

Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».

Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген

2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.

Сақтардың шаруашылығы.

Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:

1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.

2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.

3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.

Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.

Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді.
Сақтардың өнері мен саудасы.

Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.

Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

№2. Тәуке хан кезіндегі қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.(1680-1718)

Тәуке хан «Жәңгірдің ұлы,1680-1718\1713жж» билігінің ерекшлігі. Халықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір ортаға бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп,тыныштық орнады. Мемлекеттік құрылыстң негізі ұстанымдарын анықтайтын жеті жарғы заңын жасады. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері.Тәуке хкнның негізгі мақсаты-билердің көмегімен хан билігін нығайту.Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін Басқару жүйесіне айналдырдыБилер кеңесі Битөбеде,Мәртөбеде,Күлтөбедеөткізілді.Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді.

Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды.Ұлы жүзде-Төле би,Орта жүзде-Қазыбек би,Кіші жүзде –Әйтеке бидің беделі ерекше болды.Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөлі атқарды. Тәуке хан саясатының басты бағыттарыҚоғамдағысаяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталыұтандыруға ұмтылды. Орта азиямен сауданы дамытты.»1687-1688ж».Орыс қазақ қатынастарын нығайтты.1680ж-жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.17ғ.аяғы-18ғ. Басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрпы ережелері жүйе келтіріліп,ЖЕТІ ЖАРҒЫ заңдар жинағы шығарылды.ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Құн төлеу –адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.Әкімшілік –Құқық нормалары мен қылмысты іс құығы. Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.Құн төлеу:ерлер 1000қой,әйелдер 500қой.дене мүше құны:бармақ-100,шынашақ-20қой

2 - Отбасы неке құқығы Ата –аналар өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды.Ата –анасы қайтыс болса жас балалар тустарының қамқорлығына беріледі.

3-Сот ісі. Соттау құқығы ханның,билер мен ру басыларының қолында болды. Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің оннан бірі бөлігі берілуге тиіс.Айыптау үшін 2-7куә қажет.Куә болмаған жағдайда адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.Билерге сенім білдірмесе,айыпкер билерді ауыстырылуын сұрауға құқылы.


<== previous lecture | next lecture ==>
ЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ | VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.852 s.