|
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 2 pageDate: 2015-10-07; view: 689. 4-Сұлтанды не қожаны тіл тигізіп,ренжітуші адам9мал;соққыға жығыушы 27мал айып төлейді. 5-Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7адамның құнын төлеу.6-Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу. 7-Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды,бұлай істеуден бас тартса ,қорлағаны үшін құн төлейді. 8-Жеті куә әшкерленсе,құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіріледі.9- Ұрлық үшін үш тоғыз (27)төлейді,бұл жаза айыбына деп(100түйе-300жылқыға н/е 1000қойға тең)аталады. 10-Өлтірген тазы н/е бүркіт үшін иесіқұл н/екүң талап етеді.11-Хан сұлтанар,ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет.12-Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмеиді.Қарусыз адамның дауысы болмайды ж/е оған жасы кішілерорын бермейді. 13-Әрбір тармақтың,ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет. Тәуке ханның билігітұсында қазақ ойрат қатынастары шиеленісті.17ғаяғы-18ғ басы –жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін жаулап алып,Сарысу алқабына дйін жетті.Үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында 1710ж Қарақұм жиынын өткізді.Нәтижесінде бірыңғай халық жасағықұрылып,жоңғарлар шығысқа ығыстырылды.Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып,``әз тәуке``атанған. Тарихшылар``Қазақ Ордасының Ликургі ``деп жоғары бағалады. 1718(1715)ж-үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.
3 cұрақ Қазақстанда ЖЭС ті іске асыру Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жер – су реформасы. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды). Оның міндеттері : 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Басты жәрмеңкелер: Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.). 1 сұрақҚазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның қасиеттері. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.б800-140ж)кезеңіне жатады. Ерте палеолит дәуірі Бұл дәуір -600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліу,аң аулау,терімшілікпен айналысуы,тобыр болып бірігіуі,хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі.Климаттың жылы және құрғақ болуы. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі-жарып түсіру техникасы,яғни малтатас мәдениеті д.а.Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылады.Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды.Алғашқы еңбек құралын ғалымдар чоппер ж/е чопплинг д.а.Алғащқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді. Орта палеолит дәуірі Бұл дәуірде(б.з.д140-40 мың жыл)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін,батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады.Ерекшеліктері: от алуды үйрену,алғашқы діни сенімнің қалыптасуы,аналық рулық қоғамныңбелгілерінің байқала бастауы,неандертал адамдардың пайда болуы.Осы кезеңде тас өңдеу жетілдіріле түсті.Еңбек құралдарын жасау тәсілі-нуклеустік. Мустьердәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады.Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп,бір қырымен жатқызып жерлеген.1938жӨзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен8-9жасар неандерталдық баланың қаңқасы табылған.Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі-Обалысай тұрағы.Кейінгі палеолит дәуіріБұл кезең уақыт: бұдан бұрынғы 35-30мың жыл-12-10мың жылдар арлығы.Ерекшеліктері:қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы,жеңіл найза,ілмекті сүңгі,болас жасап,баспана сала білу,өнер мен діни сенімнің дамуы,аналық рулық қауым белгілерінің орнауы.Кейінгі палеолиттееңбек құралдарын жасау әдістеріодан әрі жетілдірілді.Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік.осы кезеңде еңбек құралдарының 20-ға тарта түрі болған.Кейінгі палеолит алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымени сипатталады.Кейінгіт палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және бій қыймылдарын бейнелеген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рыудың пірі болып саналатын әйел-ана бейнесі кең тараған. Қарабас тұрағында 172 порфриттен жасалған заттар, Ертістегі шұлбы тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі. Неолит дәуірі Бұл кезең экономикалық ж/е қоғамдық өрлеубасталды.Жабайы жануарларды қолға үйрету.Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу.Шаруашылық еңбек қалыптасып,өнім өндіру. Ғылымда бұл құбылыс неолит төңкерісід.а.Ерекшеліктері:жерді өңдеу,мал шаруашылығымен айналысу,қыш ыдыс жасау,тігін тігіу кен өндіру.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі-өнімді еңбектіңпайда болуы.Неплит ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер:Железинка ауылымаңынан табылған қабірде өртелген мәйіттің күлі болған.Қазақ/н жерінде 600-ден астам энолиттік ескерткіштер бар.неолит тұрақтары орналасу сипаатына қарай 4түрге бөлінеді:1.Бұлақ бойындағы тұрақтар. 2.Өзен жағасындағы тұрақтар. 3.Көл жиегіндегі тұрақтар.4.Үңгірдегі тұрақтар. Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырланған жер-Атбасар ауданы(Ақмола облысы)Таралған аумағы:Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік батысы.(б.з.б 7мың .аяғы-6 мың ж басы).Энолит дәуірі Ерекшеліктері:тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы,мыс еңбек құралдарының жасалуы,климаттың ылғалды болыуы.Бұл кезеңдеметел біз,қашаутәріздіқұралдар,бір жүздіпышақтар,иінді бұрғылар пайда бола бастады.Тері өңдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бүйірлі қырғыштар басым болды.Ыдыстар саз балшықтан жасалып,оған геометриалық қарапайым әшекейлер салынғы.Ыдыс жұқа болса сыйымдылығы 6-7литрге жеткен.Ботай мәдениеті Ақмола обылысындағы Ботай бекеті жанындағықоныстың атымен аталған.Бұл мәдениетСолтүстік Қазақ/ң далалық энолит сипаттайды(б.з.б 3-2мыңж аралығында )Ботай мәдениеті археолог В.В.Зайберг ашты. Палеолит (тас)дәуірінің ескерткіштерін зерттей келіп,Қазақстан жері-адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалынып отыр. 2 сұрақ . ХҮІ – ХҮІІ ғғ. Қазақстан мәдениеті. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ шаруашылығындағы жетістіктердегі орын алған мал шаруашылығы болды. Ол қазақтардың тұрмысына қолайлы еді. Сауда айырбас түрінде жүрді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда егіншілік дамыды. ХҮІ-ХҮІІ ғғ.Отырар, Түркістан, Сауран маңында еггістік жерлерге құбыр арқылы су жіберген. Дақылдары: тары, бидай, арап т.б. Ресей мемлекеті мен сауда жүргізген Сыр маңындағы қалалар. Сығанақ, Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам т.б қалалар өркендеді. Мәдениеттің дамуы әр жерде әр түрлі жүрді. Жәнібек Қасымның Сарайшықтағы Қазанқаптың Ұлытау ауданындағы кесенесі ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Халық кәсібінде зергерлік, ұсталық бұйымдар, кен өндіру, тері илеу, етікшілік, тігіншілік, үй салу, т.б қолөнер басым болды. Олар наурыз тойын тойлады. Ислам діні кеңінен тарады. Отты қастерледі. Ол кезде ауыз әдебиеті орын алды, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін адамдар ақын сал сері, жыраулар еді. Жыраулардың орны ерекше еді. Батырлар жырын туғызған аса ірі тұлғалар Шалкиіз, Доспамбет Жиембет. Қазақтардың батырлар жыры эпосқа дайын. Ауызша болған олардың барлығы тарихи оқиғаларға құрылған. Қобыланды, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар. Қазақтардың феодалдық өмірін суреттейтін Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Қыз Жібек. Араб әліпбиін тұтынды. ХҮ – ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығында шаруашылықтың, мәдениеттің дамуында игерушілік болды. Оның себебі қазақ халқының біртұтас мемлекет болып бірге ұмтылуы еді. 3 сұрақ . 3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920) Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды. 1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған. Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды. Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады. 2 сұрақ. ХҮІІ ХҮІІІ ғғ. Қазақ орыс қатынастары. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болады. Әбілқайыр ханның мақсаттары: Қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін шабуылдауын тоқтату;Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу;Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзенлері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау;Қазақ жері арқылы керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру; Ең басты мақсаты: Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. 1730 қыркүйек Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731ж 19 ақпан Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын империат рица Анна Иоановна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмашы ,дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 ж қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен , бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731ж 10 қазан Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қоластына кіруге ант берді. ХҮІІІ ғ ортасы Қазақ өлкесінің саяси экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ орыс сауда байланыстары және шетелдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы . ХҮІІІ ғ ІІ жарт. Қазақ орыс саудасының белгілі орталықтары : Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 ). Әскери тірек ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы Шығыс Қаз. бекіністер әскери қызметін жоғалтып,сауда айналымының орталықтарына айналды. 18ғ 60 ж. Қазақ орыс сауда байланысының кеңейген кезеңі. Қазақтардың жиі саудаласатын тауарлары: мал өнімдері, киіз, көбінесе мал Ресейлік тауарлар көшпенділердің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар. Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері. 1766 ж Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды. 1767 ж 15 қараша ІІ Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Орта Азия хандықтары және Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталықтары Қызылжар ( Петропавл)қаласы. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары. Қазақ орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті. 3 сұрақ. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
|