Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 3 page


Date: 2015-10-07; view: 699.


1927 жылы Түркістан – Сібір темір жол магистралы салына бастады. Құрылыс бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894 – 1938 ж. ж.) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев (1828 – 1937 жж.) енгізілді. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болды, ол жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков – «Қазақ – көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты.
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.
3) Жергілікті мамандар жетіспді.
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

1сұрақ. Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.

Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің саяси құрылымы. Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды. Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

2-сұрақ ХY-XYIII ғғ. Қазақ хандығының мемлекеттік жіне әлеуметтік құрылымы.

15 -18ғасырларда қазақ хандығының құрылысы жеті сатыдан құралды,ауыл қазақ ханығының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас,қандас адамдардан немесе бірнеше отбасыдан құралған ауылды басқаратын адам ауылбасы деп аталады. Ол білгір,тәжірибелі, саяси беделге ие ауқатты адам болған.ата аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдардан құрылды. Ата аймақты басқаратын адам ақсақал деп аталады. Ол жоғарғы мәртебеге ие орта жастағы адам болуы керек. Ру негізінен 10-15 аймактан куралган. Басшысы рубасы деп аталады. Ол копти корген мол тажирибели оте биликти билгир адам болды. Арыс бирнеше рудан курылды. Оны баскарган адам би д.ат. букил кауым бидин шешимин орындауга миндетти. Улыс бирнеше арыстан курылды. Билеушиси султан. Олар хандар аксуйектен куралган. Жуз бирнеше улыстан куралган. Билеушиси хан. Ол тек кана хандар аулетинен шыккан болу керек. Хандык уш жузден турады. Онын амиршиси каган ( хандардын ханы). Улы хандар: керей Жанибек ( 1456- 80) ж. Мурындык 1480- 1511 ж. Касым ( 1511-1518) Мамаш ( 1518- 1523). Такыр (1523- 1533) Буйдаш (1533- 1534) Кожа Махмут (1534- 1535) Тогым (1535-1537) Хакназар (1537-1580) Шыгай (1580-82) тауекел (1582- 98) Есим (1598- 1613) Турсын (1613-27) Есим (1627- 1718) батыр (1718-26) Болат (1726- 30) Абилмамбет (1730- 71) Абылай (1771-81)

3 cұрақ. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оның салдары.

Кеңес өкіметіне қарсы халық наразылығыныц сипаты. Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті. Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады. Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. РысқұловтыңИ. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.

 

1 cұрақ Түрік және Батыс Түрік қағанаты. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.

Түрік қағанатыТүрік қағанаты 552-582 жж.

552 ж. Алтай тауын мекен еткен түріктер Түрік қағанатын құрады. Алғашқы билеушісі Түмен өзін ағанмын деп жариялады. Терр. Қара теңізден бастап шығысында Корея жарты аралына дейінгі территорияны алды. 582 ж. Естемей Мұқан арасындағы талас-тартыстан түрік қағанаты батыс шығыс болып Алтай тауынан 2-ге бөлінді. Батыс түрік қағанаты 603-704 жж. Астанасы – Суяб. Ірі сауда қолөнер орталығы Тараз қаласы. Түріктер Тәңірге (көк аспанға) табынған. Табынатын жануарлары – көк бөрі. Жалауында қасқыр бейнеленген. Түрік жазуы: көне түрік жазуы, орхон, енисей жазуы, руна жазуы. Түріктердің билеушісі – Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан қаған 558-572 жж аралығында дүниеге келеді. Ол кезде түрік қағанаты Орта Азияда үстемдікке ие болды. 561-563 жж. Түріктер Иран мен эфталиттерге қарсы одақ құрады. 587 ж. Бұқар түбінде эфталиттердің құл талқанын шығарады.

Батыс түрік қағанаты (603-704 жж) өмір сүрді. Батыс түрік қағанатының орталық ауданы Жетісу болды. Терр. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі жерлер. 7ғ. Батыс түрік қағанаты 10 тайпа мемлекет атына ие болады. Б.Т.Қ.-на үйсіңдер, қаңлылар, түркештер, дулат, қарлұқ, теле, қыпшақ, оғыз, шығыл, басымал тайпалары енді. Жазғы ордасы Мыңбұлақ болды. Қаған – ең жоғарғы билеуші, қарулы күштердің қолбасшысы. Ұлық-орынбасар, Бұйрық-сот билігінің жүргізушісі, Тархан-сот қызметін атқарушы. Тудын – салықты басқарушы. Жабғу, шад, елтебер жоғарғы шешеңдері қаған жоғарғы шеңді туыстарына беріледі. Б.Т.Қ-ң негізгі халқын бодандар құрады. Тілі – түрік. Жазуы – Руна/Орхон, Енисей). 7 ғ. Б.Т.Қ.-на Қытай басқыншылық жасап, қағанаттығ құрамындағы түркеш тайпаларына қысымдық көрсетіп, Батыс түрік қағанатын жойды.

Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды. Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.

2сұрақ ХҮ-XYIIIғғ. қазақтарлың экономикалық және мәдени өмірі.

15-18 ғғ қазақ шаруашылығындағы жетістіктердегі орын алған мал шаруашылығы болды. Ол қазақтардың тұрмысына қолайлы еді. Сауда айырбас түрінде жүрді. Қазақстанның оңт. Жетісуда егіншілік дамыды. 16-17ғғ Отырар, Түркістан Сауран маңында егістік жерлерге құбыр арқылы су жіберген.Дақылдары тары, бидай, арпа.Ресей мемлекетімен сауда жүргізген Сыр маңындағы қалалар Сығанақ, Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам т.б қалалар өркендеді. Мәдениеттің даму әр жерде әр түрлі жүрді. Жінңбек Қасымның, Сарайшыұтағы Қазанғаптың Ұлытау ауданындағы кесенесі 16-17ғғ жатады. Халық кәсібінде зергерлік ұсталық бұйымдар, кен өндіру, тері илеу, етікшілік, тігіншілік, үй салу т.б қолөнер басым болды. Олар Наурыз тойын тойлады. Ислам діні кеңінен тарады. Отты қастерледі, ол кезде ауыз әдебиеті орын алды, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін адамдар – ақын, сал сері, жыраулар еді. Жыраулардың орны ерекше еді. Батырлар жырын туғызған жыраулар еді. Аса ірі тұлғалар Шалкиіз ( 15 г), Доспанбет (16 г), Жиембет (17 г). Қазақтардың батырлар жыры эпосқа тән.Ауызша болған олардың бәрі тарихи оқиғаларға құрылған. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар. Қазақтардың феодалдық өмірін суреттейтін Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Қыз Жібек. Араб әліпбиін тұтынды. ХҮ – ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығында шаруашылықтың, мәдениеттің дамуында игерушілік болды. Оның себебі қазақ халқының біртұтас мемлекет болып бірге ұмтылуы еді.

3 сұрақ . Қазақстандағы ХХ ғ 20-30жж мәдени құрылысы.

1921 ж. шілдеде Орынборда Қаз –н облысының І съезі болды.Онда Ғани Мұратбаев (1902 -1924) Түркістан қаласының Орталық комитетінің Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. 1922 жылы Қызыл Керуен ұйымы құрылды. Оны Ә. Жангелдин басқарды. 1921 ж. қаңтарда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі қазақ – орыс тілдерін қолдау туралы декрет қабылданды. 1929 жылы Қаз АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1924 ж. сәуірде сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921 -27жж. 200 мыңдай адам оқыды. 1926 -39 ж. салық сауаттылығы 25,2 пайыздан 83,6 пайызға жетті. 1931 жылы көктемде жалпыға бірдей оқу берілді.(жатақхана, степендия, оқулықтар) 20 ж. Байтұрсынов әліпбиі, Аймауытовтың Қазақ тілдері кітабы. 1931 – 32 ж. аштықта балалар саны күрт төмендеді. 1932 ж. балалар үйіне 65 мың бала орналастырды. 1929 ж. Алматыда тұңғыш ауылшаруашылық зоотехникалық – малдәрігерлік оқу орны ашылды. 1937 ж. наурызда Алматы медициналық оқу орны ашылды. 1934 ж. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеді. 1935 жылы Асфендияровтың «Қазақстан көне заманнан бергі» тарихы басылып шықты. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні»(1925),Қазақ халқының 500 әні мен күйі(1931) жария етілді. 1928 ж. Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. Алғашқы пьеса «Еңлік – Кебек». 1934 жылы хронологиялық фильмдер студиясы ашылды. 1938 ж. І дыбысты фильм Амангелді түсірілді. 1934 жылы Абай атындағы опера және балет театры ашылды. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. 1936 ж. Жамбыл атындағы Қаз. мемлекеттік филормониясы ашылды. 1939 ж. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана ашылды. 20 – 30 ж. экономика саласы сияқты мәдениет саласында да күрделі қайшылықтар болды. Мәдениет бір мезгілде жасалып, жойылып отырды.

 

1 сұрақ . Оғыздар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

Сырдың төменгі және ортаңғы ағысын мекендеген тйпалар қарлұқтармен қақтығып батысқа қарай жылжиды.Батыстағы Қаңғар-печениииерді жеңіп осы жерге Оғыз мемлекетін құрады.Билеушісі жабғу.Терр. оңт Тараз шам қалалары, солт.Сарысу,Торғай ,Ырғыз өзендері,солт-шығ.Орал тауларынан ,батыста –Хазар даласына дейін алып жатыр.11ғ.басында қыпшақтар соққысынан ыдырайды. Олар пұтқп табынған. Ол алғашқы феодалдық мелекет 9ғ. Соңында хазарлармен одақтасып печениттерге соққы берді. Жайық-Еділ өзендерінің аңғарларын мекендеген. Көптеген рулар,бірнеше тайпаларға бөлінген. Қарлұқ қыпшақтармен тығыз қарым-қатынас жасады.10ғ.селжұқ түріктерімен күреседі. Оғыз тайпалары салықтың көптігінен жиі-жиі көтеріліске шығып отырады.Шаруашылықтың негізі-мал өсіру,жер өңдеу, қол өнеркәсібі. Оғыз жабғыларынңы орынбасарлары Құл еркін д.а әскерлерін сюбашы д.а шаруашылығы интенсивті түрде дамыды.Интенсивті мал өсіру болды. Оғыз деректеріне сүйенсек 10-ғ.өкімет басына Әлихан келген кезде алым-салық күшейеді. Көсемдер көтеріліске шығып Жент қаласын басып алды.Бірақ ұзақ тұра алмайды.Сол кезде Әлихан мұрагері Шах Мәлік күшейеді.Күшейгені сондай 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады.

2. сұрақ . Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды. 1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдаймендімырзаант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.


<== previous lecture | next lecture ==>
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 2 page | VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.719 s.