Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 4 page


Date: 2015-10-07; view: 631.


Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.

Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.

3 сұрақ . Қазақстанда ХХғ. 30 ж заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.

Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). 1932 -33 жж. 2,5 млн адам қырылды. ССР–де Сталин соғысының саясатының қанды қақпанына түскен адам саны 40 млн. Сталин мемлекет басына 1922-53 ж. тоталитарлық саясатын жүргізді. Тоталитарлық саясат – жаппай қыру. 1)921ж. аштық 2) 1932 - 33 ж.аштық 3)1937 -38 ж. Сталиндік репрессия. 4). 1941 – 45 ж. ІІ д.ж.с. 1928ж. 27 тамызда ірі бай шаруаларын жартылай феодалдарды конфискациялау және жер аудару туралы декрет шықты. Зиялылар тобы 20-30 ж. мәдениет қайраткерлері Санжар Асфендияров, Жүргенов, Сейфуллин, Байтұрсынов, Жандосов, Әуезов, Жұбанов 20 – 50 ж. қазақ ғылымының қалыптасуы. Асфендияров, Затаевич, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, ғылым академиясының базасы құрылды. 1932 ж. база құрыла бастады. 1946 ж. Сәтбаевтың ұжымдастыруымен Ғылым академиясы құрылды. Асфендияров Қаз – н көне заманнан бергі тарихының І бөлімін жазып шығарды. 20 – 30 ж. қазақ әдебиетінің қайраткерлері Сейфуллин «Көкшетау», «Тар жол тайғақ кешу», Мұқанов «Сұлушаш», Жансүгіровтың «Құлагер», И. Байзақов «Құралай сұлу», Аймауытов «Қартқожа».30 ж.Сталиндік жазалау шаралары болмағанда әдебиет әлдеқайда ілгері дамитын еді.

1 сұрақ. Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы (756-940 жж.).

1 Қарлұқтар (766-940). Терр. Жетісу ордасы. Билеушілері жағбу. 840 ж. бастап қаған деп аталған. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында болды. Құлан, мерке, Баласағұн деген қалалар бой көтерген. Мұсылман діні кең таралған. Бұл мемлекет шығ.Түркістанның тұрғындары пұтқа табынушы шығыл және яғма тайпаларының Жетісуға басып кіруімен ыдырайды. Қарлұқтар әлсірегенде қарлұқ қағанының билігін Сатух Барахан қолына алады. Ол кезде қарлұқ билеушісі болған атасы Қараханның атымен қарахан мемлекеті еді. 766 ж. Тараз бен Суяб, Жетісу қарлұқтардың қол астына кіреді. 766-775 ж. Олар Қашгарды басып кіріп Ферғанаға ықпалын жүргізе бастады. Егіншілік жақсы дамыған. Байлар мен құлдар 2 тап болды, әкімшіл-әміршіл жүйе болды

8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.Kөшпелі және отырықшы мәдениет.

Қарлұқтардың сыртқы саясаты

Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағыорталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.

Қарлұқтардың ыдырауы.940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

2 сұрақ . ХҮІІІ ғ екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан. (1771-1781 жж.).

XVIII ғасырдың ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері 1745 жылы Калдан-Церен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығының өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қауіпі жойылды. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Барақ султанның өлтіруі Россия өкіметін мазаламай қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург сарайы Россияға бейімделушілік бағытын устаған феодалдық топтарға үміт артты. 1749 жылы Нуралы Кіші жүздің ханы болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайы шиеленістіріп жіберді. Бұл Орал мағайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне және Россияның саясатын қолдаған Нуралы ханға қарсы күрес еді.

1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында малдарын Жайықтың оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша (Елизавета Петровна) жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды.

Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты.

3. сұрақ Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (ХХ.30ж. 2 жартысы)

1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді.

1938 – 1941 жылдары іске асырылатын шаралар:
1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту.
2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.
3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.
4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау – бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.

Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.

1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды.

Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды. 20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:

Тиімді жағы:

1.Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.

2.Индустриясы жедел дамыды.

3.Мәдениет,білім беру саласында табыстарға қолы жетті.

Тиімсіз жағы:

1.Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.

2.тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

3.Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар.

- Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.

- Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.

- Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.

- Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.

- Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.

Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.

 

1 сұрақ . Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согдмемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы ЖетісуғаАлтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештерқарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

2 сұрақ XIXғ. 60-90ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы.

Қоныс аудару себебі: Манчур Цинь империясындағы көтеріліс шабуылдары Манчур Цинь империясы Чынжаң болып құрылғаннан кейін ұйғыр дүңгендерге қысым көрсету күшейді. Сол себепті ХІХ ғ 80ж Жетісаға қоныс аударды. Ұйғыр, дүңген мәдениетінің негізгі мәдениетінің негізі әлеуметтік шаруашылық қоғамдық салалардағы байланыс оларды қоныс аударуы Ресейдің мәдениетіне жаңа мазмұн берді. 1885 ж Петербург келісімімен Ресей мен Қытай Қазақстан арқылы сауданың дамуына жол ашты. Осы келісім боййынша өлкедегі ұйғырлар мен дүңгендер Жетісуға қоныс аударуға құқылы болды. Ұйғырлар дүңгендер Қытау үкіметінің тарапынан Жетісуға қоныс аударуға мәжбүр болды. Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігімен ғана емес, басқа облыстардан келді. Өйткені қазақ даласы ұлан ғайыр кеңдігі мал шаруашылығына егінгеде қолайлы болды. 1900 ж халық санағы бойынша тек қазақтардың бес облыстарында (Ақмола, Торғай, Орал, Жетісу, Семей) ғана 3млн 463 мын 598 адам болса оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247 ммыңдай адам Сібірден – 42119. Орта Азиядан 23530, Польшадан 1191, Кавказдан 1672, баска жерлерде 3557 адам келді. Сөйтіп 1900 жылы 3 облыс бойынша серттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 % қамтыды. Оларға 44млн гектар жер тартылды.

3 сұрақ . ХХ ғ 30-40жж басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру.

Социалистік замандаКеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихиатамекенінен күштеп жер аударылды. Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттерінебайланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды: этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар») , әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады, саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діниадамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшіліккүшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.

Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.

Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.

1 сұрақ. Қимақ қағандығы.Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.


<== previous lecture | next lecture ==>
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 3 page | VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.509 s.