|
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 5 pageDate: 2015-10-07; view: 513. Қимақтар негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. 2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы. Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. 3. сұрақ . 1941-1945 жж қазақстандықтардың майдандағы ерліктері. Соғыстың тікелей салдары ретінде1941-1942 жылдары өнеркәсіпте, сол сыякы ауыл шаруашылығында істейтін әйелдердің саны курт артты. Сондай-ақ кала жәке село халқынын аракатынасы да өзгерді.СоғЫС жағдайына сай жұмыс істей отырып,металлургтер 1941 жылы шілдеде айлык тапсырмаларын асыра орындады, мұнайшылар отын шығару және бұрғылау жөнінде косымша бригадалар кұрды. Майданға сапалы ұрыс техникасы. Окдәрі мен азык-түлік қана емес. сонымен бірге киім-кшек. жабдық та кажет еді. 1941 ж. екінші жартысында Казакстанның тігіншілері әскерлерге 329 мың гимнастика, 322,5 мың жазғы шалбар 170 мың жұп пима және т.б. өнім шығарды.Темір жол көлігінің рөлі мен маңызы арта түсті. 1941-1942 жылдары бір млн-ға жуык адам, аса зор көлемдегі өкеркәсіп жабдықтары тасылды, Егіншілік пен мал ферма-ларынын кызметкерлері кажу-шаршау дегенді білмей еңбек етті. 1941 жылы республика негізінен колхоздар есебінен мем. 100,2 мың пұт астық тапсырды- Казақстан елдін аса ірі мал шаруашылык Базасы еді. 1941 ж мал базсы онын алдындағы жылға карағанда 20,9 пайызға өскен. Бұл табыстар майданға кажетті өнімдер мен шикізатты жөнелтудің келемін ұлғайтуға мүмкіндік жасады. Мем. 114,6 мың тоннадан астам ет (тірілек салыагаыек), 283,7 мың тонна сүт, 14,8 мың тонна жүн, 2,8 млн данадан астам түрлі тусті мал терісі тапсырылды. Мал шаруашылығы өнімдерін және өнеркәсіпке кажетті шиізат өндіру жөнінде Қазакстан тылдағы аудандардың арасында жетекші орын алды.Каратау тау-кек химия комбинаты-ның кұрылысы айрықша бакылау мен жүзеге асырылып жатты. 1943 жылғы мамырда Карағандыда жақын жерде металлургия зауытының кұрылысы басталды Оның қорғаныс өнеркәсібі үшін зор маңызы болды, зауыт Атасу кен орын тобының негізінде кұрылды. Онын құрылысын тездету үшін республика үкіметі қарашада 3 мың адам жіберілді.Жеңіл және тамак өнеркәсібі де өнім шығарудың еселеп арттыра түскен. Жұмыс істеп тұрған куаттарды ұлғайтумен қатар жаңадан көптеген токыма және тамак кәсіпорындары салынды. 1940 ж. Көбіне жартылай қолөнері үлгісіндегі 26 кәсіпорынның орнына 1943ж. 43 Ірі фабрика іске қосылды.Карағанды көмірімен Сібірдін, оралдын, Поволжъенің басқа да аудандардын өнеркәсіп топтары жабдықталды. Жұмыс істеп тұрған лавалар саны 1941 ж. 63-тен 1945 жылы І58-ге дейін көбейді, жылдын жалпы куаты 6 млн тоннадай 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі салынып, пайдалануға берІлді. Жаңа мұнай кәсіпшіліктер: Қошқар, Комсомольск,Тентексор, Жолдыбай еселеп арттырды. Соғыс жылдары Ембіді 430 жаңа скважина іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылдарында Қаз. 247,2 мың тонна жоғары сапалы мұнай берді. Респ. Энергетикалық қуатты арта түсті олар 1941 ж. Қаңтарынан 1945 ж. Қаңтарына дейін 54,4 пайызға ұлғайды.. электор қуатын өндірудің жалпы одақтық көлеміндегі респ. Үлесі 1,31 пайыздан 2,67 пайызға дейін көтерілі. Өкеркәсіптің жоғары каркынмен дамуынын нәтижесінде соғыс жылдарында республикада халық шаруашылығындағы өнеркәсіптің жалпы өнімінің үлес салмағы 1940 ж. 60 пайыздан 1945 ж. 66 пайызға дейінөсті, ал жұмысшылардың саны 1,5 еседен астам көбейді. Егіншілермен малшылардың еңбегі ұлаң ғайыр 1942 ж.84,3 млн пұт астық дайындалып дәнді дақылдардың түсімі орта есеппен әр гектардан 7,9 ц айналды, көптеген озот егіншілер оданда мол өнім өндірді Ақтөбе обл. Ойыл ауданында озот тары өсіруші Ш.Берсиев тарының қуаншылыққа төзімді жоғары өнімді жергілікті ауа райының жағдайына икемді сорттын өсіріп шығарды. Ол 1942 ж. әр гкетардан 175 ц ал 1943 ж 202 ц өнім жинады. Қызылордалық күріш өсірушілер Ы.Жақаев пен Ким Ман Сам күріштен мол өнім алды. Ыбырай Жақаев 1943 әр гектарының өнімін 192 ц жеткізді. Колхоздармен совхоздар МТС-тер азат етілген аудандарға баға жетпес көмек көрсетіп отырды. Гитлершіл жауыздар 1710 қала мен поселкіні 70 мыңнан астам село мен деревняларды өртеп қиратып кеткен 25 млн адам баспанасыз қалды .майдан армиясының ең жақын тылын тез арада қалпына келтірудің орасан зор әскери шаруашылық маңыз болды. 1942 ж. 26 наурызда қазақстан мәскеу обл. Азат етілген аудандары еңбекшілерінің алғашқы делегациясын қабылдады. Оларға 1237 қой, 142 сиыр, 184 шошқа35 жылқы 9 тонна астық тұқымы және басқалары берілді. Фашистік бскыншылардың азат етілген аудандарға 1942 жылдың I маусымынан 1943 жылдың маусымына дейінгі бір жылдын ішінде 3879 тракторшы, 593 тракторшылар бригадирі, 106 механник, 221 комбайыншы, 69 МТС директоры, 115 агроном жіберілді. Майдангерлер отбасына мемлекет тарапынан қамкорлық жасалыкып отырды. Тек кана соғыс басталғаннаң кенінгі 11 ай ішінде респуб.290,9 мың , ал 1943 жылдын 1 қаңтарына карай .178 мың майдангерлер отбасыларына мем. Көмек ақы берілді. Соғыс жылдарында 93,1 мың бала балалар үйіне қабылданып жетім қалған 6400-ден астам жасөспірім еңбекке тартылды
1сұрақ. Қарахандықтар мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. (942-1210 жж.) X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған. 2 сұрақ. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. ХІХғ 20ж патша үкіметінің Қаз.да жүргізілген әкімшілік және сот реформасы. 19ғ 20 шы жж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізілген әкімшілік және сот реформасы Орынбор губернаторы Шельстрон ....Айшуақты хан етіп тағайындады.Айшуақтан соң хан болып ұлы Жантөре бекітілді. 1824ж «Орынбор қырғыздары» деген устав қабылданды. Бұл қабылдау кіші жүздегі хандық биліктің жай,,,, оның Ресейдегі әкімшілдік саяси жай,,,, ру жүйесімен алмастыруға себепші болды. 1815ж Уәлиді әлсірету үшін Бөкейхан етіп сайлады. 1817ж Бөкей 1819 ж Уәли қайтыс болған соң ешқандай хан тағайындалмады. Орта жүзде хан билігі жайын,,, соң патша үкіметі Сібір қырғыздар туралы устабқа сүйеніп..... Сперанс жаңа жүйе енгізілді. Ол тары саналатын теория. Сібір қырғыздары облыстардың атағын алды. Басқару орталығы 1829ж Сібір генерал – губернаторлығының құрамына енді. 3 сұрақ 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың ерен еңбектері Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты. 1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.
1 сұрақ Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы. Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады. 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды. Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты. Қоныстануы. XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды. Хандықтың құрылуы. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы. Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы. Қыпшактардың қогамдық қурылымы. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды. 2 сұрақ . Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. (1773 – 1775жж) XVIII ғ болған барлық көтерілістің ортақ мақсаттары отарлық езгінің күшеюіне қарсылық. Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған жер мәселесі. Он сегізінші ғасырд. Елуінші жылдарында Кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруаларының талаптарын ескеріп, 1742 жылы 19 қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкіметін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп қонуға тыйым салынды. Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жж шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алғышарттары:-Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік – батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі. -Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы. -Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
|