Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 6 page


Date: 2015-10-07; view: 555.


3 сұрақ Қазақстанның ХХ ғ. 40-50 жж. қоғамдық –саяси өмірі. «Бекмаханов ісі».

Ермұхан Бекмаханұлы (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6, Алматы) — тарихшы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі. 1937 жылы РесейдіңВоронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

Қазақ КСР ғылым академиясының ғылымн зерттеу ннститутында казак мем. универсктетінде жалпы зиялы кауым арасында күндік үрей орын алып ішкі жауларды іздеу басалды. 1937-38 ж. орын алған саяси хал-ахуал қайталанды. Ленинград-Мәскеу), Ленинград ісі, Дәрігерлер ісі дейтін саяси наукандар журіп жаткан кезде Қазақстанда Бекмаханов ІСІ дейтін іс колдан жасалды. Бекмаханов дарынды тарихшы Асыра сілтеу бұрмалау, күшілдік кйтадан бел алған тұста жарык көрген «Қазақ ССР тарихи» кітабына пікір айтушылардың көпшілігі әуел бастан-ак оны «К.Қасымов бастаған көтсрілістің тарихын ақтау тұрғысынын көрсеткен еңбек деп бағалап окиң авторын буржуазияшыл -ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінаратқа ұшыратты. Осындай айып тағылған Бекмахановктың көңіл-күйі 1947-50 ж өте ауыр б. Күк өткен сайын оған тиген моральдық соккынын салмағы арта түсті. Ермахан Бекмаханов 25 жыл. сотталды. Ол Понкратовтың көмегімен Берия өлгеннен кеиін 1954 ж. Ақпанда акталып шыкты.

1 сұрақ . Қарақытайлар мемлекеті. Саяси тарихы.

Қарақытайлар (кидандар) 1028-1212 жж орта Азияны мекендеген. Кидан тайпасы дия патшалығы құрып ол ыдыраған кезде кидандардың бір бөлігі Елудаш басқарып батысқа қарай жылжып Жетісу жеріне келеді. Ойдағы қарахандықтарға жиі шапқыншылық жасап Жетісудың бір бөлігіне ие болады. 1210 ж. қарахандарды толығымен жаулап алады, билеушісі гурьхан (ұлыхан), ордасы – Баласағұн. Терр. Жетісу, оңт.Қазақстан. Қарақытайлар христиан дінінде болған. Олар жергілікті халықты күштеп шоқындырды. Наразылықта мұсылман қозғалысы болды. Хорезм шахы Мұхаммедтің соғысы кидандар мемлекетін әлсіретті. Осы кезде бұларды наймандар басып алды. Онда әскерде қатал тәртіп болды. Ел ішінде ауыл басына салық жинау жүйесі енгізілді. Әр үйден бір динардан салық алып отырды. Гурхан жақындарына, туыстарына жер-суды тарту етпеді, себебі олар күшейіп алып өздеріне шабуыл жасауы мүмкін еді. Яғни бәсекелестік туушы еді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін Испиджаптың солтүстік-шығыс аймағын құлжа өлкесін тікелей басқарды. Бірінші гурхан 1143 жылы қайтыс болды. 1208 ж қарақытайларға Моңғолиядан Шыңғыс хан тысқара қуып шыққан Күшілік бастаған наймандар қашып келді.

2 сұрақ Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.

Көтерілістің алғышарттары:

- Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.

- Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметі саясатын қолдамауы.

- Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.

-1774ж құрылған Орынбор губерниясы таратылды.

-Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскері зомбылығының күшеюі.

Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.

Көтерілістің аумағы: Еділ Арал теңізі.

Көтерілістің басты мақсаты:

-Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

- Орал қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

- Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтерілістің басшысы – Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы.

3сұрақ . Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтежиелері.

XX ғасыр Кеңес елдерінің тарихында оның ішінде Қазақстанда бетбұрыс кезеңі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында халық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрды. Бүл кезеңде республикада көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын арта берді. Астық өндіру мәселесін шешу үшін елдің шығыс жағындағы ұлан-байтақ жерді жыртуға бағытталған ерекше жол таңдалынып, «Бәрі тың жерлерді игеру үшін!» деген ұран пайда болды. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн. гектардың орнына 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Тың жерлерді осынша кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ғалымдардың ескертулерін ешкім елемеді.

Тың көтеруге байланысты әлеуметтік тұрғыдан бірқатар жағымсыз жағдайлар орын алды. Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін одақтың басқа аймақтарынан еңбекқорлары тартылды. Ӏс жүзінде бақылаусыз көші-қон қозғалысы туды. Жергілікті тұрғындар ондағы мектептердің, орталық ұжымшарлар мен кеңшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, республиканың жергілікті тұрғындарының саны 30%-ға азайды. Қазақтың ұлт ретінде дамуына, тілі мен дініне қатер төнді. Жергілікті жерлердегі ұлт мектептері жабылып, қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Жергілікті халықты орыстандыру саясаты ашық жүргізіле бастады. Сонымен қатар миллиондаған гектар жерді жырту мал жайылымы, шабындық жерлердің азаюына әкелді.

 

1сұрақ Найман мен керейлердің ұлыстары

Наймандар:Бұл тайпаның негізгі мекені-Монғолияның орта және батыс ауданы. Хғ.-Қазақстанға қоныстана бастады. Мекені:Орхон өзені-Алтай.

Найман сөзініғң мағынасы: Сегіз тайпа бірлестігі. Секиз өзені бойында тұратын тайпалар. ХІІ ғ.2 жартысы-Найман мемлекетінң аты шыға бастады.Орталығы Балықты(Орхон маңы).Билеушісі –хан. Наркеш Дайын хан (111160-1203)саясаты. Егін шаруашылығы дамыды. Отырықшы қалалық өмір салты орнады. Инанч-білге хан саясаты: Елді өнерге,күнкөріске баулыды. Бейбіт өмірді насихаттады Сауда қатынасын дамытты Наймандар одағын біріктіріп,мемлекетті күшейтті. Қарақытайлар үстемдігінен құтылды. Білге хан атанды. Бұйрық пен Даян хандар(Білгенің ұлдары)саясаты: Билік үшін өзара таласты. Даян хан далалық өлкеде билік еткен Бұйрық хан Қара Ертістегі Орүну маның мекендеген.

Соғыстары:Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп,Енисей қырғыздарына қашты. 1201 жыл-қырғыз,меркіт,наймандар құрылтайға жиналып,әскери одақ құрды.соғақ суаты шайқасында одақтастар әскері Шыңғыс әскерінен жеңілді. 1204 жыл-Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді.Күшлік(Даянның ұ лы)хан Жетісуға қашады.Шаруашылығы және мәдениеті:Көшпелі мал шаруашылығы наймандардың негізгі шаруашылығы болды.Аң аулауды да кәсіп еткен.Қолөнершілер атбзелдерін,арба мен қару-жарақты жасай білген.Діңдері христиан діні болған.Бұл жағдай наймандардың рухани мәдениетінің дамығанын көрсетеді.

Керейттер:Мекені:Орхон,Керулен,Селенга,Аргун өзендері. Керей сөзініғң мағынасы: Керилен(Керулен)өзені атынан шығады. Керейіт мемлекетінің аумағы:Долы өзені-Завхан аймағында Қазақ атауы. Мемлекеттің орталығы-Битөбе жері.

Керей хандығының құрамына 8 аймақ кірді(ХІ ғ. 2-ші жартысы): Кекрей, Жиркиы, Қоңқай, Сақай, Тутау, Албат, Тунхай, Қыркун.

Керейттер көне түрік жазуын пайдаланған.Монғол мемлекетінің хатшылары керейіттерден болған. 1202 жыл- Шыңғыс хан керейіттерді жаулап алады.

Шыңғыс ханның әскерінен жеңілген керейлер Шығыс Қазақстан,Алтай өңірін мекендейді.Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орда құрамындағы тайпалардың бірі болады.Керейлер Ашамайлы және Абақ керей деп 2 тармаққа бөлінеді. Керей-Орта жүздің басты тайпаларының бірі.Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа Қытай,Монғолия,Ресей,Түркияны мекендейді.Шаруашылығы:Негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды.Төрт түлік малдың барлығы өсірілді.Аң аулау,балық аулау керейлерде көп кездеседі.Қоғамдық құрылысы:ХІ-ХІІІ ғасырларда керейлерде феодалдық қатынас орнады.Хан басты билеуші болды.Тайпа ұлысқа бөлінді.Жүздік,мыңдық,түменгі бөлінетін әскерлер болды.Керейлер салық жинаушыларды шерби деп атаған.

2 сұрақ . Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі. ТОЛЫҚТЫРУ

1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастаған әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғыннан қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы Шекті руының қонысына келді.Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастаған жасақтар пайда болды.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастаған әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтеріліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. 1846 ж. Махамбетті немере інісі Ықылас өлтірді.

Көтерілістің себептері:

! Ақшалай салықтың өсуі.

! Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелді.

!Көшіп қонғаны, шөп жинағаны орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.

! Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.

Кіші жүз үш жүз ішінде ең көп аумақты иеленген: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер

1801 жылғы 11 наурыз – император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп қонуы заңдастырылып Бөкей хандығы құрылды.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар, сонымен бірге оған старшын билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы Махамбет Өтемісұлы

3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)

Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991 жылдары) Кеңес Одағында болып өткен өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстандемократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мынадай жолдарын белгілеп алу керек болды:

Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам құрылысының нұсқасы — Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция қабылдау керек болды.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні мен мемлекеттік Туы айшықтанды.

1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік (бірінші) Гимні бекітілді. Музыкасын Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, мәтінін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаевалар жазды.

2006 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Конституциялық заңына Елбасы қол қойды. Сол бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнінің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді (әні: Ш.Қалдаяқовтікі, сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).

Мемлекеттік рәміздердің белгіленуі мен бекітілуі жаңа мемлекеттің сыртқы сипатын анықтай түсті. 1993 жылдың 28 қаңтарындаҚазақстан Республикасы жаңа Koнcтитуцияға ие болды. Бірінші Конституция экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Дегенмен аталмыш Конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты.

«Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті.

Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция егемен Қазақстанды құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне Құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты».

жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің XII шақырылуы мерзімінен бұрын өз өкілеттігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот 1994 жылдың 7 наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз деп тапты. Осы оқиға Жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір себепші болды.

Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

Алайда конституциялық бұл уақытша тоқырау, тұтас алғанда, саяси тоқырауға жол ашқан жоқ, керісінше, 1995 жылы Қазақстанда ішкі және сыртқы саясат едәуір айшықтана түсті.

Атап айтқанда:

мемлекет ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен 1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды;

халықаралық сахнада Қазақстан көптеген елдердің мойындауы мен көмегіне ие болды.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының халқы ел Президенті Н.Назарбаевтың ұстанған саяси бағытын қолдап-қуаттап, 1995 жылдың 29 сәуірінде өткен республикалық референдумда мемлекет басшысының өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде өз дауыстарын берді.

«Тізімге іліккен азаматтардың 91,21 %-ы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқан адамдардан 95,46%-ы Президент өкілеттігін ұзартуды жақтады».

1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз етіп алынды.

1. Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — ҚытайдыңШи-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта АзияғаҚытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.

7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.

Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.

2 сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардыңпатша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарынашабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы.Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.


<== previous lecture | next lecture ==>
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 5 page | VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 7 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.536 s.