Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 10 page


Date: 2015-10-07; view: 491.


2 сұрақ . ХХғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар.

1917ж. «Алаш» партиясы құрылды. Қазақ газетінің төңіріне топтасқан қазақ интеллегенциясы Мұстафа Шоқай, Дулатов т.б. қазақ жерінде әр түрлі партиялардың қажет екендігін айтты. Бөкейханов, Байтұрсынов басқа да қазақ буржуазиялық инт/я Алаш партиясының жетекшісі болды. Партия мақсаты-қазақ халқын отарлық ізгіден азат ету. 1917ж. Қазақстанда тағы да бір ұлттық саяси ұйым п.б. Ол өзін Қырғыздың «Қазақ» соң партиясы делінді н/е үш жүздің партиясы д.а. бұлпартия большевиктік бағыт ұстады. 1917ж. 17-20 қыркүйекте «Итифок-Ис-Мұсылманин» партиясы құрылды. Шурами-Ислами партиясы оның мақсаты мұсылман халқын біріктіру болды. Әулиеата мен Меркеде қазақ жастарының рев/лық одағы құрылды. Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы құрылды. 1917ж. төңкерілістен кейін Семей, Петербургте, Өскемен, Қостанайда «кадеттер» ұйымы жұмыс істеді. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді конституциялық монархияны қоныстандыру саясатын жақтады. «Эсерлер» ұйымы патшаға қарсы шықты. Жер халық меншігі деп жариялап, бедел жинап алды. Сөйтіп Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптасты.

3 сұрақ «Қазақстан 2030»

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

2003 ж. 4 сәуірінде президенттің халқына жолдауына және сыртқы саясатының 2004 ж. арналған негізгі бағыттары. Басты мұрат – халқының әл – ауқатын арттыру делінген. Біздің еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді бағдарлама 30 жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес орындалып келеді. «Қаз-н 2030» 1 ү.м.б.Ұлттық қауіпсіздік бөлімінде азамат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттарының басталуына оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттің сақталуы тұрғанына куә. Өз қауіпсіздігіміз бен тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен Ресей, Қытай, Орта Азия елдері сол сияқты Таяу және Орта Шығыс елдері, АҚШ, Еуропа елдерімен достық қатынаста болуымыз керек. Осы елдермен жақсы қатынаста болу үшін қарулы күшімізді нығайту керек. 2 ү.м.б. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы – егер әр түрлі топтау олардың мүдделері саясаты идеологиясы, діні, этникалық – таптық мүдделері бір – біріне қарама – қайшы болса, ұлттық мүдде ешқашан іске аспайды, ондай жағдайды Ауғаныстан, Югаславия, т.б. елдердің бастан кешкенін қайталауымыз мүмкін. 3 ү.м.б. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға енді, ол нарықтық қатынас қаржылық – жауапкершілікке толы демократия. Нарыққа өтуге байланысты кәсіпорындар жекешелендіруді жеке меншік түрлері пайда болды. Шетел инвестицияларын пайдаланып, экономиканы көтердік. АҚШ, Корея, Жапония, Туркия, Қытай, Канада инвестициясын пайдаланды. Президенттің ҚР халқының дұрыс бағытты таңдап алуының арқасында 1. бейбітшілікке 2.экономиканы дамыта отырып, халықтың әл – ауқатын жақсартып келеді. т.б. табыстарға жетті. 1997 ж. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасын қабылдады.

1 сұрақ «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.

Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.

 

Қазақэтнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.

2 сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Рев-я болуын қолдаушылар: әскери революциялық комитет, қазан гвардия, Петроград гаризоны, Балтық теңіз флоты. Рев-ның болуын қолдамаушылар: уақытша өкімет, әскери ставка, Астана горизон флоты, Орынбор училещесіндегі прапоршик-юнкерлер. Ресей бас-ы рев-сын өтеуді: 1) 1905-1907 ж. 2)1917-ақпан елде қос Үкімет орнады. 3) 1917ж.. Қазан рев-сы 12 күн ішінде жеңіске жетті. . 1917ж. 24 қазан Петроградта қарулы көтеріс болды. Негізгі басшылықты Ленин алды. Рев-я жұмысшысы, солдат, матростар қолдады. 25 қазанда Уақытша Үкімет құрамы кеңес үкіметі орнауға шақ қалды. Қазан кеңес өкіметі 1917ж. аяғында 1918 ж. наурызына дейін 4 айға созылды. Себебі мәдениет және экономика артта қалу жұмысшы табының әлсіздігі, ұлт азаттық қатынастың күрделілігі Ташкентте кеңестер билігі кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Шымкент, Жамбылда бейбіт жолмен орнады. кеңес өкіметі ең алдымен Петропавловскіде орнады. Көпшілікте темір жолдар байланыс бөлімдерін маңызды жерлерді басып алды. 1917 ж. 25 қазанда Социалистік революция жеңіске жетті. Көтерілістің талабы большевик партиядан басталып, социалистік партия үкіметке келуін талап етті.

3 сұрақ ҚР мемлекеттік рәміздері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

1 сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар ДулатиҚазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

2 сұрақ Шоқан Уәлиханов

Шоқан(Мұхаммедқанафия) 1835ж қараша айында Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уалиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Кейін туған елі-Көкшетауға көшіп келді. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Ол бес жасында хат таныған. Қазақ мектебінде арабша жазуды және сурет салуды үйренеді. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін үйренеді. 1847-53ж. ол Омбыдағы Кадет корпусында оқиды. 1853ж. Кадет корпусын бітіріп, атты әскер корист деген атақ алып шығады. Ол Қырғызстанның батыры «Манас» туралы жырды ел аузынан алғаш рет жазып алды. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға кіріседі. Алдына мақсат қояды. Мақсаттарының орындалуында оған атақты географ П.П.Семенов, Тянь-Шанский ықпалы зор болады. Ол 22 жасында орыс география қоғамының толық мүшесі б., Семенов, Тянь-Шанский ғылым үшін жұмбақ болып келген Қашқар өлкесіне экспедиция ұйымдастырды. Оған Ш.Уалиханов басшылық жасайды. Бұл ұсынысты генерал-губернатор (Сібір) Гасфорт қолдайды. Шоқан осы ұсынысты қолдап экспедицияны бастап 1858ж. қазанында Қашқарияға саяхат жасайды. Ол саяхат Шоқанның даңқын бүкіл елге жаяды. Бұл саяхаттарда жинаған материалдары арқылы «Алтыншаһар» және Қытайдың Наи-Лу провинциясының шығысындағы алты қаланың жайы атты еңбегі Германияда содан соң Лондонда басылып шықты. Бұл оның тұңғыш еңбегі болды. Осыған байланысты патша өкіметі 1860ж. оған Штаб родмейстер әскери атағын төрт дәрежелі ізгі Владимир ордені және 500 сом күміс ақша берді. 1861ж. ол өкпе ауруымен аурып, өз еліне қайтарылды. 1865ж. сәуірде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болды.

Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.

3 сұрақ Конституция 1995 жыл 30 тамыз

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл). Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді.

1995 жылы жылы 30 тамызда ҚР жоғарғы кеңесі жана конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конст.бүкіл зан шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан , тұрды. 1жалпы ережелер, 2адамзат және азамат,3президент, 4парламент, 5үкімет, 6конституциялық кенес, 7соттар және сот тірлігі, 8жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару, 9 қорытынды және өтпелі ережелер.

1 сұрақ Қасым хан

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

2.XIX - XX ғғ. бас кезіндегі Қазақстандағы мәдениет пен қоғамдық саяси ой

19ғ. 2-жарт. орыс ғалымдары Қаз-н жерін зерттей бастады. Көтерілісті орыс ғалымы Семенов Тянь-Шаньский, С.Мушкетов,Радлов өз зерттеулерін ғылымдағы өркендеудегі орыс ғалым-ы қаз-ң тұрмысын,тарихын,мәдениетін,тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Радлов Вильямех,Зернов,Дабрамыслов Украйн ақыны Шевченко Қаз-н жерінде 1868ж. Орынборда Ұйымдасқан еді. Оған патакин Уәлиханов белсене ат салысты. Ол халқымыздың мәденметі мен қоғамдық ой пікірерінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ зерттеуші. Қаз-н 19ғ. 61-ж-да мектептің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог Этомгроф ғалым қаз-ң жазба әдебиетінің тілінің негізін салушы Алтынсарин айтыскер ақын қыздар Орынбай. Шөже,Біржан,Жамбыл,Майкөт,Әсет,Сара,Айсұлу,Манат,Балқа т.б. қаз. музыкасын дамытуға үлес қосқандар Құрманғазы,Дәулеткерей,Дина,Ықылас,Тәттімбет. Атақты әншілер – Мұхит,Әсет,Біржан сал, Жаяу Мұса есімдері бүкіл қазақ даласына таратылды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев оның балалары,Ақылбай,Мағауия,оның туысы Көкбай,інісі Шәкәрім. 19ғаяғы 20басы қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көге түскен әкімші-әміршіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы айтылмай келген адамдар олар А.Байтұрсынов (1873-1938).Жұмабаев(1893-1938ж), Ж.Аймауытов(1889-1931ж), М.Дулатов(1885-1935ж) осы ғалымдардың асыл мұраларымен қазақ халқы кейін танысуға мүмкіндік алды.


<== previous lecture | next lecture ==>
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 9 page | VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 11 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.062 s.