|
Босану тарихыDate: 2015-10-07; view: 3102. 63 - 32 43.44.45. - 20 46/Қазақ лингвистикасындағы тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы 47/қайта өрлеу дәуіріндегі лингвистика Қайта өрлеу дәуірі лингвистикасы және оның тіл біліміндегі орны туралы пайымдаңыз Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм. Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі. Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) ұлттық тілдердің қалыптасып дамуы; б) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу. В) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көбейтіп, қайта дамыту болды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірінің бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж. Скалигердің 1540 жылы шыққан«Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы», араб тілі грамматикасы (1505 жыл), Рапхлинің «Еврей тілі грамматикасы» (1506 жыл) атты еңбектерін атуға болады.
48.қайталаудың түрлері Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1] · Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет); · еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин); · анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов); · эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев).[2] 49/қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары,белгілері Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері: 1. Сұрақтың дұрыс қойылуы. 2. Логикалық заңдардың басшылыққа алынуы. 3. Ойды баяндау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы. 4. Ой тығырығына тіреу амалдарын ойластыру. 5. Логикалық қателіктер жібермеу. Қарсыласқа тойтарыс берудің ұтымды тәсілдері ретінде оның ойын жоққа шығару, тұжырымын сынау, өз сөзімен өзін ұру, сұрақпен төпелеу аталады.Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сықақ, мысқылды қолдану қажет. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдарға орынды дәлелдемелер, риторикалық фигуралар, этикеттік сөз орамдары жатады. Сөз саптау, сөз мазмұнын үйлестіру, ұйқастыра сөйлеу пікірдің әсерін арттырады. 50.латын әліпбиінің қалыптасу тарих Латын әліпбиі[1][2], әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиініңтармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y жәнеZәріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка жәнеАзия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (бір дауысты) — а, е, і, о, и, у, сондай-ақ төрт дифтонг (екі дауысты) — аи, еи, ае, ое бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді 51/ лексикалық стилистикада сөз таңдау мәселесі 52 лексика стилистикалық қателер 53лексикография.сөздік.сөздік мақала.реестер Лексикология (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Сөздіктің теор. мәселелері теоретик. Лексикологияда қарастырылады; ол Лексикология теориясы мен Лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикограф. тұжырымдамалар тарихы және Лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік Лексикологияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикол., сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Л-ның негізгі түрлері — жалпы аударма терминол. үйренімдік Лексикология және есептеу Лексикологиясы. Инженерлік лингвистикаға жататын есептеу Лексикологиясы қолданбалы тіл білімінде 20 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, компьютерлік технологияда қолданыла бастады. Сөздіктер инж.-филол. туындыға айналды. Қазіргі Лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семант. құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалект. тұрғыда қарастырады. Лексикология лексикол-ға, стилистикаға, грамматика, фонетика және тіл тарихына сүйенеді. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: “Орысша-қазақша сөздік” (1954), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б.;
Сөздік — жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді. Сөздік тарихы Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді Регистр( лат. regіstrum — тізім, regestum — енгізілген, жазылған ) өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі; есептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы; процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әр түрлі арнайы ұяшықтар (registr). Дербес компьютерде программалау кезінде регистрлер тек Ассемблер тілінде немесе "төменгі" деңгейлі тілде жұмыс істейтін программалаушыларға ғана қолайлы болады; алфавиттік-цифрлық ақпараты теру және өңдеу кезінде төменгі регистр (lower — case) кіші әріптерге, ал жоғарғы регистр (upper — case) бас әріптерге сәйкес келеді.[1] Музыкалық аспап немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі. Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы. Регистр үшке бөлінеді: жоғарғы ортаңғы төменгі. Әр Регистрдің дыбыс бояуы (тембрі) әр түрлі болады. Орган муз. аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да Регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей. Муз. аспаптың қай-қайсысының да болсын негізгі үш Регистрі болады. Мысалы: Регистр фортепьяно клавиатурасында былай орналасады: субконтроктава, контроктава және үлкен октава — төм., кіші және бірінші октава — ортаңғы, екінші, үшінші және одан жоғары қарай — жоғ. Регистр құрайды. Регистр әнші дауысында дауыс тембріне, диапазонына қарайды. Сондықтан әншілер дауысы сопрано, тенор, мецдо-сопрано, баритон, контральто, бас деп жоғ., ортаңғы және төм. дауыстарға бөлінеді.[2] 54лингвистикалық стилистика пәні зерттеу нысаны 55 лингвистикалық таңбалар.оның түрлері мен ерекшеліктері Тіл білімі және семиотика. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі / знактар / туралы ғылым, семиотика сөйлеу тіліне таңбалар ретінде қарайды.Тілде таңбалық сипаттың барлығын тіл білімі де бекер демейді.Оны анықтауда кездесетін басқа таңбаларға төмендегідей ұқсастығы барлығын басшылыққа алады.Олар: 1.Таңба атаулының барлығы да, соның ішінде дыбыс тілі де, қатынас құралы қызметін атқарады, бірдемелер жайынан хабар береді. 2.Таңбаның барлығы да, соның ішінде дыбыс тілі де, қоғамдық кәдеге жарату үшін қоғам мүшелері туғызғандықтан, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие. 3.Олардың барлығы да, солардың ішінде дыбыс тілі де, сезім мүшелері арқылы білдіретін материалдар. 4. Олардың барлығы да, солардың ішінде дыбыс тілі де, объктивтік өмірді, болмысты бейнелейді. 5.Таңбалардың барлығы да (ымдау, нұсқаудан, пиктографиялық таңбалардан басқалары) өздері білдіретін мағынамен шартты қатынаста болады. Семиотиктер дыбыс тілін де таңба деп санап, оны өз нысандарының бірі есептеледі.Ал, тіл ғалымдары болса, жалпы семиотикалық заңдылықтарға, қағидаларға сүйене отырып, дыбыс тілінің басқа таңбаларға азды – көпті ұқсастығымен қатар, өзіндік ерекшеліктері қандай, тілдік элементтер ішінде таңбаға нелерді жатқызуға болады, нелерді жатқызуға болмайды деген тәріздес толып жатқан арнайы мәселелерді шешеді. Сонымен, тіл білімімен байланысты ғылымдар көп және алуан түрлі.Бірақ олардың ешбірі тілге қатысты мәселелерді түгел қамтып жан – жақты зерттемейді, тек оның өздеріне қатысы бар жеке бір мәселесіне ғана тоқталады және тілді өздерінің негізгі нысаны деп санамайды.Тілді өзінің негізгі нысаны деп санайтын және оны терең де жан – жақты зерттейтін ғылым тек – тіл білімі. 56 лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы . Ғылым – шындық өмірдің ақиқат заңдылықтары туралы білімнің жоғарғы формасы, теориялық ойлаудың жемісі.Ғылым адам баласының ой – санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте – бірте туып қалыптасады.Қазіргі заманда ғылымның алуан түрі бар.Олар зерттейтін нысанының сипатына қарай әр түрлі топтарға жіктеледі.Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құбылыстарына және қоғамдық құбылысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысандарға орай бар ғылымды жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол – философия ғылымы.Мұның оқшау тұратын себебі – ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді.Бұл – табиғаттың да, қоғам мен ойлаудың да жалпы заңдылықтарын қарастыратын методологиялық ғылым. Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда. 2. Ешнәрсемен байланыссыз томаға – тұйық болып тұратын құбылыс қоғам өмірінде де, табиғатта да кездеспейді.Түрлі құбылыстар өзара байланысып, бір – біріне ықпал - әсерін тигізеді, біріндегі өзгеріске екіншісі себепші, түрткі болады.Бұл – ғылымға да тән.Тіл білімінің басқа ғылымдармен қатысы жөнінде де осыны айтуға болады. «Тіл білімі, - деп жазады Н.И.Конрад, - басқа да барша ғылымдар сияқты қоғамдық өмірдің барлық құбылыстары, сонымен бірге, табиғат дүниесі де өзара байланысты және бір – біріне әсерін тигізіп отыратын дүниеде өмір сүреді.Сондықтан басқа ғылымдардың мейлі ол қоғамдық болсын, мейлі жаратылыстану ғылымы болсын, тіл туралы ғылымға әсер ететіні заңды және ол тіпті болмай қоймайды да, солай болуы, белгілі шамада, қажетті де». Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады.Ғылым жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір құбылысты, затты өзіне нысан етіп тұтас алуы да немесе оның белгілі бір жағын, бір саласын ғана алуы да мүмкін.Осыдан барып жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ нысан болады.Мысалы, жерді география ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді, бірақ екеуі екі түрлі бағытта, екі түрлі біліміндей байланысы мол ғылымды табу қиын.Ол қоғамдық ғылымдардың да, жаратылыстану ғылымдарының да алуан түрлерімен ұштасып жатады. Тіл білімінің кең өрістілігі оның нысаны – сөйлеу тілінің орасан күрделі, сан – сапасы, қыры мен сыры шексіз мол нысан болуынан. Дыбыс тілінде бір ғана ғылымның, оның әдіс – тәсілдерінің шеңберіне сыймайтын ғылымдараралық мәселелер аз емес.Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, физиологиялық, философиялық сипаттар да орасан мол.Сондықтан тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты.Бірақ бұл ғылымдардың ешқайсысы да тіл білімі сияқты тілге тән мәселелерді тегіс қамтып, жан – жақты зерттемейді, тек өздеріне тиісті мәселені ғана алып, өз мүддесі тұрғысында сөз етеді.Бұған көз жеткізу үшін басқа ғылымдардың тіл білімімен байланысты жайына тоқталайық. Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады.Сөз бен сөз атау болған зат арасында қандай байланыс бар? Атау заттың табиғатына сәйкес қойыла ма, болмаса тағайындалған, әдетке, дағдыға айналған шарттылық бойынша қойыла ма? – деген мәселеге қатысты айтыс ежелгі грек философтарынан басталады.Содан бері тіл мен ойлаудың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе күн тәртібінен түскен емес. 19 ғасырға дейін тіл білімі, көп жағдайда, философия ғылымының бір саласы ретінде қаралды.Тіл мәселелерімен айналысушылардың басым көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды.Тіл білімі өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін де, философиядан біржола қол үзіп кеткен жоқ, қол үзбейді де.Өйткені философия, қандай бағыт ұстанғанына қарамастан, өз жақтаушыларына тілдің көптеген жалпы теориялық мәселелерінде (тілдің мәні, қоғам өмірінде атқаратын рөлі, даму заңдылықтары, шығу, қалыптасу жолдары, ой – санамен байланысы, тілдегі форма мен мағына бірлігі, т.б.) бағыт – бағдар сілтейді, методологиялық негіз болады. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.Бұл екеуіне ортақ нысан болатын мәселе – тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы.Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдары – философияның негізгі проблемаларының бірі.Ал, тіл – ойдың жемісі, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы.Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі.Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес.Екінші жағынан, тіл – ойлау құралы, ой – оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң қуыс форма.Сондықтан тіл ғалымдары тілдің мағыналық жағына, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына, форма мен мағынаның арақатынасына селсоқ қарай алмайды.Ал, оны білу үшін ойлау заңдылықтарынан хабардар болуы, бұл мәселе жөніндегі философия ғылымының жетістіктеріне сүйенуі қажет. Тіл білімі мен философия арасындағы байланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді.Дегенмен, философия үшін тіл – жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама нысан. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.Логика – ойлау формаларын, ол формалардың өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалдарсыз білу мүмкін емес.Ойлау формалары тілдік элементтермен тығыз байланысты.Сондықтан ұғым, байымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық категориялардың тілдік элементтер арқылы көріне алатыны да, олардың арасындағы бірлік пен өзгешелік те логиктер үшін өте қажетті.Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық, мазмұндық жағы да аса маңызды.Ал, тілдік мазмұн дегеніміз – ой, байымдау.Бұлар – логикалық категориялар.Айтылғандарды жете меңгеру үшін логиктер мен тіл ғалымдары бір – біріне өзара көмектеседі.Бірақ әрқайсысының көздейтін мақсаты әр басқа: логиктер тіл арқылы ойлаудың заңдылықтарын, ал тіл зерттеушілер тілдегі заңдылықтарды білуге тырысады.Тіл білімін қызықтыратын мәселе – ойлау заңдылықтарын тіл құрылысына қандай дәрежеде әсер ететіні.Ойлау заңдылықтары жалпы адамзаттық, ал тілдердің құрылымы мен заңдары, негізінде, жеке халықтық, ұлттық, дара – дара болады.Сондықтан да белгілі бір ұғым, мағына, байымдау әр тілде әр басқа тәсілмен беріледі.Тілдің логикалық категорияларды, ұғым мен байымдауды білдіруі оның толып жатқан функциялық құбылыстарының бір жағы ғана.Тілде бұдан басқа да өзіндік ішкі мағыналық, формалық құбылыстар, өзіндік категориялар мен заңдылықтар көп.Онда тіпті ешқандай логикаға сыймайтын жайттар да аз емес.Мысалы, орыс тіліндегі ночь сөзінің – женский родқа, день сөзінің мужской родқа жатуын, қарным ашты, түйе көзіңе түсті ме? Көз – құлақ бола жүр деген тәріздестердің білдіретін мағыналарын қазіргі логикаға сай деуге болмайды. Бірақ бұл айтылғандар логика ғылымының тіл білімінің дамуындағы қызметін төмендету емес.Логика тіл білімінің қалыптасуында, дамуында елеулі қызмет атқарады.Көптеген грамматикалық ережелер, терминдер логиканың әсерімен және соның тікелей қатынасымен жасалып қалыптасады.Тіл білімі тарихи логикалық грамматикалардың болғанын да біледі. Логиканың бір саласы – математикалық логика соңғы жылдары тіл білімінің алдына жаңа проблемалар, тіл зерттеу ісінде математикалық формулаларды қолдану міндетін қойып жүр.Мұндай формула күрделі есептерді шығаратын және мәтінді бір тілден екінші тілге аудару міндетін атқаратын электрон машинасына әрекет үстінде басшылыққа алатын нақтылы нұсқау – ережелер жасау үшін, тілдік мазмұнды шартты белгілерге, кодтарға айналдыру үшін керек.Айтылғандарға қарамастан, тіл – логика үшін де негізгі нысан емес, жанама, көмекші нысан. Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім. Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.Ал, психикалық құбылыстарға сезу, қабылдау, түйсіну, ойлау, байымдау, қиялдау сияқтылар жатады.Бұлардың барлығы да мидың жемісі және барлығы да сөйлеу процесімен тығыз байланысты.Сондықтан ойлау мен сөйлесудің арақатысы жөніндегі мәселе психологиялық зерттеулерде де көрнекті орын алады.Бұл салада психологияның ерекше мән беретін мәселесі – сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы, сөйлеудің түрлері, оның адам психикасымен байланысы, сөйлеу процесіндегі мидың қызметі мидың зақымдануының сөйлеу әрекетіне, сөйлеу органдарының қызметіне тигізетін зиянды әсерлері тәрізді мәселелер.Бұлар тіл білімі үшін де маңызды.Осы мәселелерді шешуде психология тіл біліміне, тіл білімі психологияға қол ұшын беріп, екі жақты байланысқа, қарым – қатынасқа түседі.Сөйлеу, сөйлесу процестерін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологияның қатынасынсыз шешу мүмкін емес.Сөз мағынасындағы алуан түрлі құбылыстар, сөздердің келтірінді мағыналарында қолданылуы, т.б. психологияның ассоциация заңына негізделеді. Адамның сөйлеу әрекеттерінің көп жағдайда психологиялық құбылыстармен ұштасып жататынына қарап, бірсыпыра ғалымдар психологияның қызметін сыңаржақ, асыра бағалап келді.Олар тілді – психикалық құбылыс, тіл білімін психологияның бір саласы деп жариялады, сөйтіп, тіл мәселелерін зерттеуде психологияға сүйенді.Психология сөйлеу әрекеті мәселесінде ғана тіл білімімен ұштасады.Бірақ тілде адамдардың психикалық құбылыстары тұрғысынан қарап қана шешуге болмайтын толып жатқан мәселелер бар.Оның үстіне, бұл екі ғылымның ортақ нысанды зерттеудегі көздейтін түпкі мақсаты да екі басқа: бірі – тілдік материалдардың жәрдемі арқылы психикалық құбылыстардың сырын ашуды, екіншісі (тіл білімі) – психология ғылымының табыстарына сүйене отырып, тілдік құбылыстарды жете түсінуді айқындауды көздейді. Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу, сөйлесу дыбыс органдарының артикуляциялары арқылы жасалатын дыбыстар тасқыны түрінде іске асып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі.Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі физиология,физика, медицина ғылымдарымен де байланысты болады. Тіл білімі физиологиямен тіл дыбыстарының қалай жасалатындығы жөніндегі мәселеде істес болады.Тіл дыбыстарын жасауда қандай мүшелердің қызмет атқаратынын физиологияның артикуляция немесе артикуляциялық физиология деп аталатын саласы зерттейді.Ал, тіл дыбыстарының қалай жасалатынын білу – тіл білімі үшін, әсіресе оның фонетика саласы үшін өте қажет.Бұл мәселеде физиологиялық артикуляция тіл зерттеушілеріне көп жәрдем бере алады. Дыбыстардың жасалу жағымен қатар естілу жағы, дыбыстық сапасы деген болады.Мұнымен физиологияның есту физиологиясы дейтін саласы да, физиканың акустика дейтін саласы да айналысады. Акустика тек тіл дыбыстарын ғана емес, құлаққа естілетін басқа дыбыстарды да зерттейді.Ол – жалпы дыбыс әуезі жөніндегі ілім.Оған тіл дыбысының сапасын зерттеу – оны тек электр жазуына түсіруді айқындау үшін ғана керек.Ал, тіл дыбыстарының фонетика зерттейтін басқа толып жатқан мәселелерінің оған қажеті жоқ. Сөйлеу әрекеті мимен, жоғары нерві жүйесінің сөйлеу, есту органдарымен тығыз байланысты.Бұлардың зақымдануы сөйлеу әрекетіне зиянды әсерін тигізеді.Бұл мүшелердің ауру – саулығын медицина ғылымы, оның психиатрия, дефектология, логопедия деп аталатын салалары тексереді.Олардың афазия (сөйлеудің бұзылуы, мылқаулар, саңыраулардың «тілдері») жөніндегі ғылыми табыстары тіл білімі үшін де пайдалы.Сол сияқты, физиология ғылымының сигналдар жүйесі жөніндегі ілімінің де дыбыс тілінің қалыптасу тарихын айқындауда берері аз емес. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Бұл екі ғылым ежелгі заманнан бірлікте және филология деген ортақ атаумен аталып келеді.Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбылыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.Тіл әдебиеттің материалдық жағы болса, әдебиет – тілдің материалдық қызметінің жемісі.Тіл әдебиеттен бұрын пайда болған.Тіл білімі де, әдебиеттану ғылымы да ежелгі заманнан сақталған тілдік нұсқаулардың мазмұнын, тілін, пайда болу тарихын зерттеу негізінде қалыптасқан филология ғылымынан бөлініп өрбіген төркіндес, кіндіктес ғалымдар.Осы тұрғыдан алғанда, тіл маманы әдебиет заңдылықтарын, әдебиетші тілдің заң – ережелерін жақсы білуге және оны қатал сақтауға тиісті.Бұлай болу – аталған екі ғылымның арақатынасын күшейтуге, ортақ мәселелерін бірлесе отырып, терең де жан – жақты шешуге мүмкіндік береді. Бірақ тәжірибеде бұлай бола бермейді.Кейде екі пән мамандары арасында қайшылықтар, «менің ісіме қол сұғасың» деушіліктер ұшырасады.Мұндай қырғиқабақтық сөз болып отырған екі ғылымның әрқайсысына тән нысанның ара жігі жете ашылмағандықтан болса керек.Бірақ ұқыптылықпен кіріскен адамға ондай нысанды айқындау онша қиынға соқпайды.Қорыта айтқанда, көркем туындының тілдік, стильдік сипаттарын айқындау – тіл білімінің қарауына жатады да, оның идеялық – көркемдік жақтарын ашу, көркем образдар, характерлер жасаудағы тілдік тұлғалардың қызметі деген тәрізділер әдебиеттану ғылымының үлесіне тиеді.Басқаша айтқанда, көркем мәтін талданғанда тіл мамандары тілдік тұлғалардың, тілдік категориялардың шығарманың көркемдік – эстетикалық мазмұнындағы қолданысын зерттесе, әдебиетшілер, керісінше, шығарманың идеялық – көркемдігінен бастап, оларды ашуда тілдік құралдардың қызметін зерттейді. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тіл дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді.Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілді қолданған қоғам тарихы жөніндегі ілімнің табыстарына сүйенбей, ал тарихшы өз зерттеулерінде тіл фактілерін ескермей тұра алмайды. Тіл фактілері тарихшыларға халықтың шығу төркінін, оның даму тарихының әр кезеңдеріндегі мәдени дәрежесін, қандай халықтармен қарым – қатынаста болғанын, шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқанын айқындауға жәрдемін тигізеді.Бұл мәселелерде тілдің өзгелерден гөрі септігін молырақ тигізетін саласы – сөздік құрамы.Өйткені сөздік құрам – жаңалықты бойына сіңіргіш, қоғам өмірінің барлық саласына да талғаусыз енгіш, бір елден бір елге көшімпаз, жүрдек сала.Сонымен бірге, ол қоғам өмірінің әр дәуірдегі бейнесін, ізін жоғалтпай сақтайтын қойма.Бұл қойманы аша білген, онда сақталған сөздерді сөйлете білген тарихшы қоғам тарихы үшін де, тілдің өз тарихы үшін де пайдалы материалдар табады.Басқа тілдерден енген сөздер – тарихы зерттеліп отырған халықтың өткенде қандай халықтармен байланыста, қарым – қатынаста болғанын айқындауға септігін тигізеді. Тіл білімінің халықтың материалдық мәдениеті тарихын зерттейтін – этнография, археология ғылымдарымен де байланысы бар.Қоғам өмірінде пайда болған, қоғам мүшелерінің кәдесіне жараған заттардың қай – қайсылары болса да тілде белгілі атауға ие болады.Сондықтан атауыш сөздердің қалыптасуы, даму жолдары, олардың мағыналық жақтарынан түрлену, жаңару немесе көнеленіп, ескіру тарихы сол атау болған заттар тарихымен байланысты.Демек, тілде сақталған атау арқылы қоғам дамуының белгілі бір тарихи кезеңдерінде қолданылған материалдық игілікті, әдет – ғұрыптық дәстүрді білуге болады.Мысалы, қазіргі әдеби тілімізге көнеленіп бара жатқан садақ, қорамсақ, жебе, сыңсу, ұрын келу, бәдік айту, жамбы тәріздес сөздер – қазақ халқы өмірінде қолданылған қару – жарақтардың, бұйымдардың, салт – ғұрыптардың атаулары.Аталған бұйымдар, ұзатылған қыздың сыңсуы, күйеудің ұрын баруы, бәдік айтып ауруды емдеу салттары бұл күнде жоқ, бірақ тіліміздегі бұл атаулар бір кезде солардың болатындығының куәсі. Тіл ғалымдары мен археологтардың, этнографтардың бірлесіп еңбек етуі – тіл тарихы, ел тарихы сырларын ашуға өлшеусіз пайда келтіреді.Ондай бірлесе істеген еңбектердің нәтижесінде бір кездерде болып, кейін де құрып кеткен бірсыпыра халықтар, мемлекеттер, қалалар тарихының ашылған фактілері ғылым тарихында аз кездеспейді. Сөз бен сөз білдіретін заттар тарихын бірлікте қарап зерттеу тек тарих үшін ғана емес, осы күннің қажеті үшін де керек: қазіргі замандағы алуан түрлі терминдік атауларды, термин ретінде алынатын сөздердің мағынасын, сол терминмен атамақшы болып отырған зат пен ұғымның қасиеттері мен қазіргі сипаттарын жете білмейінше, дұрыс қолдану мүмкін емес. Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы 19 ғасырдың соңғы кездерінен басталады.Ондай ұштастық жергілікті диалектілік ерекшеліктерді зерттеу, олардың тараған аймақтарын диалектологиялық карталарға түсіру мақсатынан туды да, лингвистикалық география деген атқа ие болды.Оны кейде диалектография, ареалды (аймақтық) тіл білімі деп те атайды. Диалектографияның ең негізгі мақсаты – диалектілік атластар жасау.Диалектологияның дамуында лингвистикалық географияның шешуші мәні болды.Бірақ лингвистикалық географияның міндеті тек диалектілік атластар жасаумен ғана бітпейді (рас, бұл негізгі міндеті). Әрбір тілдегі диалектілердің орналасқан аймақтарын айқындау – белгілі бір аймақта қандай тілдік ерекшеліктердің барын біліп, олардың тіл тарихын, оның қалыптасуын, даму жолдарын, қандай халық тілдерінің әсері болғандағын айқындауға мол материал береді.Халықтардың қоныс ыңғайының, географиялық жақтарының тілдерде болатын интеграциялық, дифференциялық процестерде, тілдер қарым – қатынасында мәні барлығы тіл білімінде ертеден мәлім.Мұны да лингвистикалық география қарастырады. Лингвистикалық география – тіл білімінің бір саласы.Оның мамандары тіл фактілерін картаға түсіру ісін жете білулері керек.География ғылымының тілдік зерттеулерге берері негізінде осы.Ал, географтардың тіл ғалымдарынан алары мол.Ол, ең алдымен, топонимикаға байланысты. Топонимика – география мен тіл білімінің аралық категориясы. Топонимикалық атаулар – ұзақ замандар бойына сақталатын, бір халық тілінен екінші халық тіліне көшіп отыратын, тіпті бұл күнде жоқ халықтың я тілдің қалдығы ретінде де сақталатын болғандықтан, ол – халық тарихы, оның ертеде мекендеген қоныстарын, алғашқылардың мекеніне кейін киімдер ие болғанын, ол жерде қандай этникалық топтардың бас қосқанын байқататын материал.Оны топонимикалық атауларды тілдік тұрғыда зерттеу арқылы ғана айқындауға болады.Ал, топонимикалық атаулардың ондай сырларын білу географтар үшін аса қажет.. 57 лингвистиканың жаңа бағыттары Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua — тіл) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы. Лингвистика пәні Лингвистика тек бар (бұрын болған және болашақта пайда болуы мүмкін) тілдерді ғана емес, жалпы адамзат тілін зерттеумен айналысады. Лингвист тілді тікелей бақыламайды: тікелей бақылауға тек тілдің фактілері (немесе тілдік құбылыстар) ұшырайды, яғни тірі тілдің тасушыларының тілдік актілері және олардыің нәтижелері (мәтіндер) немесе тілдік материалдар (мысалы, қазіргі таңда ешкім негізгі тіл ретінде қолданбайтын өлі тілдерде жазылған жазбалардың шағын мөлшері). Лингвистиканың субъектісі мен объектісі Гуманитарлық ғылымның шамалы білгілеріне ие лингвистика дисциплина ретінде зерттеу субъектісін (яғни, лингвистің психикасын) зерттеу объектісінен (зерттелініп тұрған тілден) үнемі ажырата бермейді, әсіресе лингвист өзінің ана тілін зерттейтін болса. Негізінен лингвист маман болып жіңішке тілдік интуицияны қайшыласқан тілдік рефлекциямен ұштастыра алатын адамдар (өзінің тілдік қабілеттерін зерделей білу қасиеті) болады. Тілге қатысты мағлұматтарды рефлекцияға негізделіп алу қасиетін интроспекция деп атайды. Лингвистика бөлімдер Cыртқы лингвистика (Экстралингвистика) - этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да факторларды тілді қалыптастыру мен дамытуды үзіліссіз байланыстыру ретінде жиынтықты зерттейтін тіл білімінің саласы. Ішкі лингвистика - сыртқы лингвистикалық факторға қатысы жоқ тілдік бірліктің қатынас жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөйлеу лингвистикасы - тіл құрылымы заңымен толық сәйкес келмейтін сөйлеудің ерекшелік құрылымын зерттейтін тіл білімнің бір бөлімі. 58 методология туралы түсінік.зерттеу тәсілдері. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары; Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: - декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; - селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау; - агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру. Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады
59 морфологиялық стилистика Тақырып: Морфологиялық стилистика. Қарастырылатын мәселелер: 1. Морфологиялық құрылыстың стильдік белгілері. 2. Септік жалғауларының стилистикасы. Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Қазақ әдеби тілінің құрамындағы стильдік салалар морфологиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақтап кетпейді. Құрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, жазба стильдері негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын , бір-бірімен орайлас. Ғылыми стильмен кеңсе кеңсе стилінде аса сирек, тіпті кейде кездеспейтін морфологиялық тұлғалардың бірі сын есімнің салыстырмалы, қүшейтпелі шырай түрлері. Әдетте авторлық іске, ойға, қимылға, субьективтік қатынасын білдіретін грамматикалық тәсілдер болып саналатын бұл тұлғалар мыналар: а) сын есімнің салыстырмалы түрллерін жасайтын аффикстер:-рақ, -рек /үлкенірек , сарырақ/ ә) қып-қызыл, сап-сары түрінде, яғни толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталау арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесіп келуі арқылы жасалатын күшейтпелі шырай түрлері. Кеңсе және ғылыми әдебтиет стильінде ортақ морфологиялық тұлғалар деп мына төмнедегілерді көрсетуге болады: Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын –лық, -лік, -дық,-дік, тық, -тік жұрнағы.Бұл арқылы әртүрлі мағыналық топтарға жататын сөздер жасалады.Ондай сөздердің бір сыпырасы азаматтық , дұшпандық, үстемдік тәрізді ұғымдарды білдірсе, бірсыпырасы тереңдік , жуандық,қалыңдық тәрізді за пен құбылыстың әр түрлі қалы мен күйін, жағдайын білдіреді. Бұлардың асым көпшілігі терминдік мән болып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып кетті. Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалыптасқан тәсілдің бірі-етістік сөздерден –қыш,-кіш, -ғыш,-гіш, аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау. Сыпырғыш,жапқыш тәрізді сөздер осы жолмен пайда болған. Септік жалғауларының стилистикасы. Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі ілік септігі. I.Ілік септіктері сөз конкретті меншікті, тәнділікті білдірмей абстрактылы немесе коллективтік қатынасты білдірген жағдайда: колхоз малы, товар айналымы, мемлекет қаржысы т.б. Бұл жерде жазба тілде қалыптасып келе жатқан салт. 2.Кейде жалпының жалқыға, бүтіннің бөлшекке қатысын білдіретін реттерде де ілік жалғауы түсіріліп айтылуға бейім болады. 3. Мән-мағынасы жағынан айқын анықтауды керек етпейтін жағдайда ілік жалғаулы сөз ең көмекші есімдерден құралған тіркестердің құрамындағы ілік жалғауы түсіріліп айтылады. 4. Күрделі атаулардың қурамында ілік жалғауы бірнеше рет қайталануға тиіс болса, солардың тек біреуі кейде екеуі ғана түсірілмей толық айтылады да, басқалары түсіріліп айтылады. Барыс жалғауы ісі бағытталған, арналған жанама объект мәнінде кейде жатыс жалғауымен синонимдік қатар құрады. Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да жалғаусыз айтыла береді. Шығыс жалғауы мынадай мағыналық мәнерлерде қолданылады. І. Заттың неден істелгендігін білдіреді. ІІ.Нәрсенің шығар көзін білдіреді. ІІІ. Іс-әрекеттің шығатын, таралатын мекенін білдіреді. ІV. Іс-қимылдың пайда болу, таралу мезгілін, уақытын білдіреді. Көмектес септік негізінен іс-қимылды не? кім? арқылы жасалғандығын іс-әрекеттің болу ерекшелігін, себебін, орнын, мекенін білдіретіні белгілі. Көмектес жалғауы мекендік мәнде жатыс септік орнына жұмсалады. Қолданылу сипаты тұрғысынан назар аударатын грамматикалық категорияның мәнінде қолданылуы .Сөйлеуде болсын, жазба тілде болсын сын есімдердің заттануы , сөйтіп зат есім мәнінде қолданылуы-сөздің жинағы, ойдың обьразды болу үшін ұтымды тәсіл 60 баскаков классификацияның басты ерекшеліктері Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. 1. ) алтай дәуірі; 2. ) ғұн дәуірі; 3. ) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар); 4. ) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі; 5. ) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар); 6. ) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі. Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады: 1. ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі; 2. ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.[2]
61 ойталқы оның түрлері Қазақ тіл білімінде ойталқы мәселесі туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынов болған. Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар – А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз. Ғалымдардың мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған болса керек. Өйткені, ғалымдар бұл кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастыруды мақсат етпеген. Сондықтан ғалымдардың тілдің ойлау арқылы сөйлеу нәтижесінде туындайтын мәтіндерге катысты ой-пікірлерді айтуы занды. А. Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни: аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын және айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын, сондықтан ойды өзгелер қиналмай түсінетіндей қылып жеткізу керектігін сөз етеді [1, 244 б.]. Ғалым «Әдебиет танытқышта» шығарманың басқа да компоненттері қатарында мазмұнның берілу жолдары туралы былай дейді: «Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлері үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу, 3) пайымдау. Дүниадағы нәрсенің қайсысы туралы сөз етсек, тек бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып шығады… Көбінесе-ақ, әуезе, әліптеме, пайымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады…» [2, 147 б.]. Жоғарыдағы әуезе, әліптеме, пайымдама деп ғалымның сипаттама бергендері – осы күнгі әңгімелеу (повествование), суреттеу (описание), пайымдама, «ойталқы» (рассуждение) деп аталып жүрген баяндау түрлері болып табылады. Қ. Жұбанов мәтінді сөз бұйымы(сөз) деп атайды. Мәтінді қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсініп, ғалым оның ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетеді және олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Сондай-ақ әр мәтіннің өзіндік жасалу жолдарының болатындығын тілге тиек етеді [3, 148 б.]. Бұдан біздер ғалымның мәтінді тұтасым, байласым сипаты бар жүйелі құбылыс деп танығанын көреміз. 62.оқылым әрекет оның түрлері Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердіңмағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Танымдық оқылым – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала , кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалдарды оқып-түсінуі. Ізденімдік оқылым – берілген материалдың /текст, шығарма, кітап т.б./ ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білу. Іштей оқу – берілген материалды не тексті үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы көзбен оқу. Дауыстап оқу –материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу 64 орфография оның негізгі ұстанымдары Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер: фонематикалық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлі, айырым принциптеріне негізделеді. Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді. Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес). Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.). Тарихи-дәстүрлі принцип жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады. Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген. Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады. Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.[1][2][3][4][5][6] Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:
Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі. Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды) Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі. Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б 65.пікірталас мәдениеті. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады: 1) түсіндірме сұрақтар; 2) қосымша сұрақтар Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады: 1. Пікіралмасу 2. Ойталасы 3. Пікірсайыс 4. Ойбөліс 5. Айтыс Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой. 66 рабиға сыздықова зерттеулеріндегі танымдық сипаты.
67 рабиға сыздықова қазақ әдеби тілі туралы пікірі. Әдеби тіл – өңделіп,сұрыпталған белгілі бір тілдік нормаларға түскен, жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы. Әдеби тілдің анықтамасы жайындағы пікірлер, көзқарастар мазмұнына қарай екіге топтастырылады: 1. Әдеби тіл – жазба тіл, жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес (М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов). а) Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен бастауды ұсынады (Ғ.Мұсабаев) ә) Төл әдеби тілдің тарихы бар. Ол Абай,Ыбырай есімдерімен байланыстырылады (М.Балақаев, С.Аманжолов). 2. Әдеби тіл сол халықтың бай ауыз әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасты. Осы тұрғыдан келегенде ғалым Р.Сыздықова әдеби тілді екі кезеңге бөліп зерттеуді ұсынады: 1.Ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тіл 2.Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл. Осылай зерттеу жұмысы жасалса, әдеби тілгет жан-жақты объективті түрде анықтама беруге болатын сияқты. Р.Сыздықова әдеби тілді жоғарыдағыдай зерттеуге ұсынады әрі әдеби тілге тән шартты белгілерді анықтап көрсетеді: 1. Әдеби тілдің өңделіп, сұрыпталып, белгілі бір нормаға түскен заңдылықтары болуы тиіс. 2. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуы тиіс. 3. Сапалық мазмұны мен қолдану аясы жағынан ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұруы керек. 4. Әдеби тілдің қоғамдық қолдану практикасында сыннан өткен, қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған тілдік нормаға сай болуы тиіс және ол нормалар баршаға ортақ болуы тиіс. Р.Сыздықованың пікірін негізге ала отырып, әдеби тілді 3 топқа бөліп қарауға болады: 1. Ауыз әдеби тілі 2. Жазба алдындағы әдеби тіл 3. Жазба әдеби тілі 68.ресми стиль.оның шағын түрлері. РЕСМИ СТИЛЬ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері: таза заң шағын ресми стилі; кеңсе қағаздары шағын ресми стилі; дипломатиялық шағын ресми стиль. Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стильдің морфологиясы мен синтаксисі. Ресми стиль элементтерінің ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерлерде қолданылуы. Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары. Ресми сөз нормаларының динамикасы. Ресми стильге ресми құжаттың барлық түрі жатады: іскери, әкімшілік, низамшылық (законодательный), ресми канцелярлық, іскери шешен сөз, әскери ресми құжат, заң елшілік т.б. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық қызметінде ресми стиль толық өзінің ақпараттық-мазмұндық мәнін толық көрсете алады. Қоғамдағы құқықтық, үкімдік, әкімшілік, халықаралық ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың мемлекеттің ішкі басқару жүйесіне қызмет ететін барлық құжат түрлері ресми стильдің құрамына кіреді. Қазақ тілінің функционалдық стильдерінің ішінде ресми стиль бізге дейін ауызша, жазбаша құжаттар арқылы жетті. Хандар жарлықтары мен қызметтік хаттардың мемлекеттік ресми өкіметті билеушілерінің, батырларының, белгілі тарихи тұлғалардың жазысқан хаттары арқылы жеткені қазақ әдеби тіл тарихынан да, тарихи мәдени жазба мұрағаттардан белгілі. Ресми стильдің жанрлары басқа стиль жанрларына қарағанда тақырыбы біршама тұрақты мәтіндерден тұрады. Ресми стильді ғылыми стиль жанрларымен салыстырып қарағанда ресми стиль жанрлары анық, дәл, тұрақты тілдік-стильдік белгілерімен ерекшеленіп тұрады. 69 с.аманжоловтың тілдің танымдық сипаты туралы ғылыми көзқарастар. түркология және қазақ тіл білімі. – А: Санат , 1998, 144 б. Тіліміздің грамматикасының жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті мәселесі сөздерді әр түрлі лексика-грамматикалық топтарға, кластарға бөлу болғаны белгілі. Қазақ тілі грамматикасының құрылысының ана тілімізде зерттеулердің жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі – қазақ тілі морфологиясы ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. 30-шы жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін, біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева т.б ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты. Ол академиялық грамматика мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардың күрделі бір саласы ретінде де, жеке монографиялық зерттеулердің объектісі ретінде де кең көлемде қойылып зерттеліп келді. Тек өкініші – 60-шы жылдарда ... 70 сөздің танымдық сипаты 71 сөйлесім әрекеті.оның түрлері 72. Стилистикасы және тіл деңгейлері 73/ стилистикалық қатенің түрлері:фнетикалық,морфологиялық 74/ стилистикалық норма, стильдік қателердің түрлері 75/ стилистикалық фигура.оның түрлері.стильдік қызметі. а) Аталған кездегі қазақ әдеби тілінің стилистикасында, стилінде қазақтың поэзиясына тән, оны жеткізушісі тіліне тән психологиялық параллелизм кездеседі. Мысалы, Бұқарда «Уақытым кетті басымнан» дегенді айту үшін құлпырып тұрған бәйшешектің де қурай болатынын, уақыты келіп екі қанаты талғанда қыран бүркіттің төмендейтінін, уақыты келіп, заманы өтіп, қайраты кемігенде ханның да қасынан қарашасының кететінін айтар идеясына параллель етіп қояды. ә) Метафораның ерекше қолданысы кездеседі. Мысалы, Шал ақында: - Ашу – пышақ болғанда, Ақыл – таяқ. Иман – қой, ақыл – қойшы, Нәпсі – бөрі, Бұл дүние басы биік бір бәтерек. Байқаймыз, метафораланған сөз тура мағынадағы сөзбен қатар қолданылып тұр. Әрі алдыңғы кезеңдегідей төрт түлік мал, хайуанаттар ғана емес, абстрактілі ұғым атаулары метафораланып тұр. б) Семантикасы жанаспайтын тіркестер кездеседі. Бұл қолданыс кейін абайда кезеседі және Абайдың жаңалығы деп танылады: талаптың тұлпары, ұлттың күзетшісі, үміттің оты, тентек жиын, жүректің көзі,т.т. в) Қаратпаның ерекше қолданысы кездеседі: Мысалы, Шал ақында: - Кедейлік жабыстың ғой бала жастан, Мені ұят қылдың-ау қарындасқа. Аш белімнен құшақтап айырылмайсың Көз танысың жоқ па еді менен басқа. Біз білеміз, қараптпа адамға қаратылып айтылады деген пікір бар. Әрі жамбылдың бір кезеде табиғатқа қарата айтуы жаңалық болса, ал абстракті ұғымға қаратпа айту XVIII ғасырдағы стильдік жаңалық болып табылады.
76/ структуралық ленгвистика Құрылымдық лингвистика (құрылымдык тіл білімі) — тілді құрылымдық элементтерден тұратын таңбалық жүйе ретінде қарастыратын ілім. Структуралық лингвистика деп аталуы тілдік элементтері өзара қарым-қатынаста болатын тіл құрылымына ерекше көніл бөлуден шыққан. Структуралық лингвистикада тілдің сипатталуы қатаң формалдылыққа негізделген. Тілдің құрылымын талдау нақты мәтіндегі сөйлем, морфема, фонема желісінің жинақталған инварианттарын ажыратуға мүмкіндік береді. Осылайша тіл бірліктерінің сөйлеу кезінде түрлену шегі, яғни олардың синонимдік құбылыстары анықталады. Структуралық лингвистика негізінде тіл құрылымының статикалық күйін динамикалық тұрғыда зерттеу нәтижесінде тіл құрылымының ішкі заңдылықтарын ашуға бағытталған генеративтік грамматика (Генеративтік лингвистика) пайда болған. Құрылымдық талдау машиналық аудармаға байланысты міндеттерді шешуге ықпал етеді. Структуралық лингвистиканың типологиямен байланысы құрылымдық типологияны тудырды; зерттеудің математикалық тәсілдерін тіл біліміне енгізуге кең жол ашты. Структуралық лингвистика 20 ғасырдың 20—30 жылдарында ерекше бағыт ретінде қалыптасты, ол тіл элементтерінің тарихына зор мән беріп, кез келген тілдің құрылымын латын және Еуропа тілдерінің грамматикалық ұғымдары арқылы сипаттауға тырысқан, 19 ғасырдың сонында үстемдік еткен жас грамматиктер бағытынан өзгеше болды. Структуралық лингвистиканың негізгі бағыттары: Прага мектебі; Американдық структурализм мектебі (дескриптивті лингвистика); Копенгаген мектебі; Лондон мектебі арқылы дамыды. 77.троптардың стилистикасы Тілдің көріктеу құралдары шешендіктану мен стилистиканың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Көріктеу құралдары аясында айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр. Дегенмен, қай тілдің экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттесек те, бүгінде айқын екі маңызды мәселенің бары байқалады. Олар: 1) аталған троп пен фигураның түрлерін барынша саны жағынан топтау. Аталған троп пен фигураның түрлері бізге антикалық дәуірден белгілі және ол қазіргі тілді зерттеу үшін қаншалықты маңызды екенін ашып алу. Немесе аталған мәселені стилистика мен риторика үшін маңызы тұрғысынан ара жігін ажырату бұл мәселені жеңілдетеді; 2) аталған троп пен фигураның түрлерін сыртқы формасына, нақты белгілеріне қарай жүйелеу. Жоғарыда берілген троп пен фигураның түрлерінің әртүрлі топтастырылуы оны белгілі бір қасиет-сапаларына, белгілеріне қарай жүйелеудің жетіспей жатқанына байланысты болса керек. Метафора, теңеу, метонимия, антономазия, синекдоха, кейіптеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі. Сонымен бірге эпитеттердің де экспрессивтік стилистикалық мүмкіншілігі де кең болып келеді. Эпитеттердің қызметіне қарай түрлерінің экспрессивтілікті жеткізудегі рөлі ерекше. Бейнелеуіш эпитеттер сөздегі бейнені жеткізуде, ал лирикалық эпитеттер сөздегі эмоцияны неғұрлым дәл суреттеуде ұтымды қолданылады. Эпитеттің аталған екі қызметінің екеуі де адамның экспрессивті-эмоционалды ішкі сезімдерін бейнелеуде сәтті жұмсалады. Бейнелеуіш және лирикалық эпитеттер ретінде тұрақты және тұрақсыз эпитеттер белсенді жұмсалады. 78- 87/ түркі тілдерінің типологиялық классификациясы 88-89 Түркітану ғылымының зерттеу обьектісі мен негізгі міндеттері Түркітану ғылымының зерттеу обьектісі мен негізгі міндеттері Түркітану - түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Түркітану ғылымы Евразия құрылығыңда дүниеге келді. Оның өзіндік заңды себептері бар. Кешегі Кеңестер Одағының территориясы болып саналған, бүгіңде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер орналасқан евразиялық территорияның басым көпшілігін түркі халықтары мекендеңді. Бұл жерлер - түркілердің туып-өскен ата қонысы. Түркітану шығыстану ғылымының бір тармағын құрайды. Шығыстану - Шығыс елдерінің тарихың экономикасың, тілін, әдебиетің өнерін, дінін, этнографиясын, философиясын зерттейтін ғылым. Ол өзінің қүрамына түркітану ғылымынан басқа арабтану, ирантану, египеттану, моңғолтану, қытйтану, корейтану және т.б. ғылымдарды біріктіреді Кеңестер Одағы территориясының шығыс бөлігін тегістей түркі халықтары мекендегендіктен, кеңес дәуіріндегі түркітану ғылымы КСРО тарихының қүрамдас бөлігі ретінде де алыңды. Түркі халықтары Орталық Азия даласынан шыққан. Көшпелі өмір салтын ұстажан халық Евразия даласына тез тарала бастайды. Белгілі түркітанушы С.Е. Маловтың пікіріне сүйенсек, «түркі халықтары біздің жылсанауымызға дейінгі V ғасырдың өзінде қазіргі қоныстанған жерлерің тіпті одан да үлкен территорияны билеген. Яғни, көне дәуірдің өзінде түркі халықтары Қытайдан Дунайға дейінгі аралықты жайлаған». Ғалымның бұл пікіріне күмән келтірген ғалымдар болса да, С.Е. Малов топшылауының дұрыстығын тағы бір ірі зерттеушінің тұжырымы растай түседі. Белгілі орыс фольклортанушысы, академик В.М.Жирмунский түркі халқының эпосы «Алпамыс» пен грек эпосы «Одиссея» сюжеттерінің ұқсастығының бұл халықтар арасында көне байланыстардың болғаңдығы деп санайды және оны терең зерттеу қажеттігін айтады. Белгілі демограф М.Тәтімовтің 1993 жылы жарық көрген «Қазақ әлемі» еңбегіңде берілген деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда дүние жүзінде 133 миллионнан астам түркі тектес халықтар өмір сүруде. Олардың жер шарында орналасу сипаты осы оқу құралының соңындағы № 3 қосымшада берілген. Мұның өзі түркітану ғылымының зерттеу объектісін нақтылап отыр. Алты тілдік топтан, қырық тілден жүзден аса диалектілерден тұратын түркі тілдері жеке зерттеуді қажет етеді. Ол жұмыстардың барлығын түркітану ғылымы жүзеге асырады. Түркі халықтары Ғұн дәуірінен бастап әлемге белгілі болады. Олардың тілі, әдебиеті және мәдениеті мыңдаған жылдар бойы даму жолынан өткені мәлім. Түркі халықтары әлемдік өркениеттің даму үрдісінде де өзіндік ізін қалдырды. Ғұн империясы ыдырап, оның құрамындағы халықтардың Еуропаға жылжуы евразиялық материкті мекендейтін халықтардың өркениетінде өзінің позитивті ізін қалдырды. «Халықтардың ұлы қозғалысы» атауына ие болған бұл процестің басқа ұлттар өміріне тигізген игілікті әсерін өлем ғалымдары толық мойындап отыр. Алайда, бұл оқиға ғасырлар қойнауында қалған түркі халықтары тарихының бір белесі ғана. Ал оның халыққа жетпей жатқан қабаты қаншама? Түркітану ғылымы осы ауыр жүкті арқалау мақсатында дүниеге келді. Көне түркілердің адамзат тарихындағы рөлі ерекше болғандығын бүгіңде ешкім де қарсылық білдірмейді. Өкінішке орай, әлемдік өркениетте өзінің анық ізін қалдырған түркі халықтарының тарихы әлі күнге толық жазылмай отыр. Ал халықтың тарихы оның тілінің тарихымен тығыз байланыста болып келетінін ескерсек, түркі халықтарыніың тарихы олардың тілінің тарихымен де сабақтасып жатады деген сөз. Түркітану ғылымы түркі халықтарының тарих таразысынан себепсіз алынынып тасталған тарихын толықтыруға да өз үлесін қоса алады. «История человечества изучена крайне неравномерно. В то время как последовательность событий и смен общественных формаций в Европе и на Ближнем Востоке была изложен в общедоступных сводных работах уже в конце XIX в., а Иңдия и Китай описаны в начале XX в., огромная территория евразийской степи еще ждет своего исследователей», - деп жазды XX ғасырдың 30-жылдарында белгілі түркітанушы Л.Н.Гумилев. Кез келген ғылымның зерттеу объектісі - адам, халық болып табылады. Ғылым атаулының барлығы халық үшін қажетті құбылыстар мен адамзат құпиясын ашуға бағытталған. Демек, түркітану ғылымының да негізгі зерттеу объектісі - түркі халықтары. Бірақ бүгінгі түркітану ғылымы түркі халықтарының тілі мен оның жазба ескерткіштерінің табиғатын тануға бағытталған. Сондықтан тіл мамандары түркітану ғылымын «түркі тілдерін зерттейтін ғылым» деп өте тар ұғымда алып қарастырады. Лингвист-ғалымдардың бұлай кесімді пікір айтуына дүние жүзінде Алтай тілдерінде сөйлейтін 126 миллионнан астам халықтың барлығы себеп болса керек. Ал олардың басым көпшілігінің (114 млн. 612 мыңы) түркі тілді болып келуі түркітану ғылымының негізгі зерттеу объектісінің түркі тілдері табиғатын тануға бағьггталуының себебі деп түсінген дұрыс. Дұрысына келсек, түркітану ғылымы тек түркі халықтарының тілдерін зерттеумен ғана шектелмеуге тиіс. Бұл ғылым түркі тілдес халықтардың тілі мен дінін, тарихы мен этнографиясын, мәдениеті мен әдебиетіи, материалдық және рухани дүниесін зерттейтін сан алуан мамандарды біріктіреді. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан әлемдегі көне халықтың бірі - түркі халықтарының болашағы жарқын. Кезінде әлемдік өркениеттің іргетасын қалауға тікелей ат салысқан Ұлы халықты тарихтан сызып тастауға болмайтыны кім-кімге де белтілі. Бүгінгі демографиялық мәліметтерге сүйенер болсақ, түркі халықтарының таңы әлі қайта ататыньта күмән келтіруге болмайды. Саны миллионан асатын әлемдегі 300-ден аса халықтың ішінде түркі халықтары табиғи азаюы (өлу, ұлттың демографиялық қартаюы, некенің азаюы, бала тумау, т.б.) жағынан көптеген халықтардан жоғары екеңдігін мақтанышпен айтуымызға болады. № 6 қосымшадағы деректерге көз салсақ, бұл тұрғыдан түркі халықтары 22-247 орыңдар аралығында тұр. Саны миллионнан асатын 10 түркі тектес халықтың алтауының табиғи азаюы 100-ден жоғары орында тұр. Бүл деректерді планетамыздағы ірі халықтардьпі азаюымен салыстырсақ, түркілердің болашағыньпі шьпі мәнііще жарқын екеңдігін көреміз. Мысалы, саны 146 миллионнан асатын орыстар 5-орыстар, 187 млн. американдықтар 3-орында, 137 млн. халқы бар бразиялықтар 6-орында, 218 млн. иңдустар 2-орында, саны миллиардтан асатын қытайлар 1-орында тұр. Демек, табиғи өсу жолында түрған халықтың тарихық тілі мен әдебиетін, экономикасы Мен этнографиясын, ділі мен дінін зертгеу бүгінгі таңдағы актуальды жұмыстардың бірі болып есептеледі. Түркітану дербес ғылым ретінде ХҮШ ғасырда пайда болды. Бірақ бұдан ХVШ ғасырға дейін түркі халықтары мен олардың тілдері туралы зерттеулер дүниеге келген жоқ деген тұжырым тумауы керек. Түркітану осы кезеңнен бастап өзінің зерттеу объектісінің ауқымын белгілеп, зерггеу принциптерін қалыптастырып, кешеңді, дербес ғылым ретінде таныла бастады. Ал XIX ғасырда түркітану қарқынды дамып, сан ғасырлық тарихы бар ғылымдармен терезесі теңесті. Оның қалыптасуына есімдері әлемдік ғылымға алтын әріптермен жазылған М. А. Казем-Бек, К. К. Радлов, Е. Е. Бартольд, С. Е. Малов сияқты ғалымдар ерен еңбек етті. Демек, қалыптасуына әлі екі ғасыр бола қоймаған жас ғылымның бүгінгі таңдағы жетістіктері қуантады да, алдағы болашағы үлкен үміт күттіреді.
Босанушының аты – жөні:Пазылова Жанар Мушкаловна Жасы:25 жаста
Клиникалық диагнозы: Мерзімінде босану. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ұрық ұзына бойы орналасқан. Басымен келуі. I позиция. Алдыңғы түрі. Куратор:Сыпабекова Молдир 401 А Ақтөбе – 2013 жыл Паспорттық бөлім: 1. Аты-жөні: Пазилова Жанар Мушкаловна 2. Туған жылы: 27. 07. 1988 3. Жынысы: әйел 4. Ұлты: Казак 5. Түскен күні: 04. 05. 13 жылы, сағат 9.00 6. Білімі: орташа 7. Қан тобы: А (ІІ) екінші Резус-тиістілігі: Rh (+) оң 8. Қызметі:жұмыссыз 9. Жолдама берген мекеме: Ози келген 10. Мекен – жайы: Актобе обл Алга каласы Бестамак 11. Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың 1 кезеңі Түскен кездегі шағымдар:
Алғаш босанушы Пазылова Жанар Мушкаловна 25 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен, күні жетілген жүктілікпен 40 аптасында ретті толғақ басталғаннан соң, қағанақ суы кетуімен Облыстық Перинатальды Орталыққа келіп түсті. Anamnes vitае: Жалпы сырқаттар: Боткин, туберкулез, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі ерекшеліксіз. Гемотрансфузия болмаған. 2012 жылы түсік болган. Етеккірдің басталуы: 16 жастан бастап, 5-6 күннен, ай сайын калыпты. Соңғы етеккірі 15. 06.12 жылы. Жыныс қатынасының басталуы: 20 жаста Гинекологиялық сырқаттары: болмаған Аборттар, асқынулары, оперативті жәрдем: 2012 жылы тусик болган. Алдыңғы жүктіліктері: 1-ші жүктілік –түсік болган, бул екінші жүктілігі. Есепке жүктіліктің 8-9 аптасында тіркелген.
Жалпы қарау: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Бойы: 160 см Салмағы: 60 кг Жүрек соғысы: анық, ырғақты. Тамыр соғуы: минутына 74 рет Артериальды қан қысымы: оң қолда 110/70 мм.с.б. сол қолда 120/80 мм.с.б. Дене температурасы: 36,2ºС Терінің күйі: тері түсінің өзгерісі, пигменттенуі, бөртпелер жоқ; тері жамылғысы құрғақ, серпінділігі сақталған; тері астында ісіну жоқ. Тері асты шел май қабаты орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшық ет тонусы жақсы дамыған. Сүйек буын жүйесінде патология жоқ. Сүт безі ұлғайған. Емізік айналасы пигменттелген.
Дене мүшелерін жекелеп қарау: Тыныс алу жүйесі Кеуденің екі жағы да симметриялы, тыныс алуға бірдей қатысады. Мұрын арқылы дем алады. Минутына 23 рет. Кеуделік дем алу түрі. Кеуде торының пішіні цилиндрлік. Кеуде торының деформациясы, асимметриясы байқалмайды. Кеудеде ауыратын жерлер байқалмайды, кеуде сарайының серпінділігі сақталған, ол екі жақтан қысқанда иілгіш келеді. Дауыс дірілінің өзгерістері анықталмаған. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің 2 жағында бірдей ашық өкпе дыбысы. Екі жақты бірдей везикула тынысы. Сырыл жоқ.
Жүрек – қан тамыр жүйесі Қарау мен пальпация кезінде артериялар қалыпты; мойынның, кеуде торының және аяқ-қолдардың көктамырлары кеңеймеген. Жүрек аймағында, мойын артериялары мен көктамырларда патологиялық пульсация, ісінулер анықталған жоқ. Артериялық пульс: жиілігі минутына 74 рет соғады, екі білек артериясының пульсі бірдей, білек артериясы мен жүректің пульсі де қалыпты. Пульстің қатаңдығы, толықтығы, ырғағы, жылдамдығы қалыпты жағдайда. Жүрек тондары күшті, ритмді. Патологиялық шулар жоқ. АҚҚ: оң қолда 110/70 мм.с.б.; сол қолда 120/80 мм.с.б.
Асқорыту жүйесі Ауыз қуысын қарағанда тілі ылғалды, таза. Өңеш барлық тағамдарды жақсы өткізеді. Бадамша безі ұлғаймаған. Іші жүктіліктің мерзіміне қарай ұлғайған. Бауыр оң жақ қабырға доғасы астынан пальпацияланады: бауыр шеті жұмсақ, тегіс. Өт қапшығы пальпацияланбайды. Бауыр, талақ ұлғаймаған.
Несеп бөлу жүйесі Белдеме аймағын қарау: ісік, қызару және ауырсыну жоқ.Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Бүйрек пен қуық пальпацияланбайды. Несеп бөлуі бос, ауырсынусыз; диурез қалыпты.
Нейро-эндокринді жүйесі Сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Сіңір рефлекстері сақталған. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.
|