Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Когнитивтік зерттелуі тарихы.


Date: 2015-10-07; view: 2270.


Антропоцентризм (гр.anthropos-«адам», лат.centrum-орталық) - адам феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.

Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.

Ресейлік филологиялық және тілтанымдық дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров, В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова,В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.

«Когнитивті грамматика» термині 1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивтік грамматиканы ұсынамыз» атты мақаласында қолданылған. 1990 ж. орта шеніңде Еуропада алғаш рет когнитивті лингвистика оқулықтары шыға бастады. Ф.Унгерер мен Х.И Шмидтің «Когнитивті грамматикаға кіріспе»,(1996 ж), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997 ж.). Орыс тіл білімінде когнитивті грамматика ұғымы В.И Герасимованың (1985 ж) мақаласында беріледі.

1995ж. «Язык и интеллект» аударма жинағы басылып шықты. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға өзіндік үлес қосқан ғалымдар, зерттеушілер Н.Д Арутюнова, Е.С. Кубрякова, Ю.С. Степанов болды.

30.

Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.

Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалдық талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым, ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ал тірек концепт бір автордың шығармасында байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің ядросын танытады.Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл – когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану.»,-дейді.

Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді

31. көне грек лингвистикасы,оны туғызған себептері.

Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер /искусство/ проблемасы.

Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф.Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді»,- деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Ү ғасыр шамасынан басталады.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.

Әдетте, Греция тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі - философиялык кезең, екіншісі - филологиялық кезең деп аталады. Бірінші кезең біздің дәуірге дейінгі Ү-ІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - Грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстрактылы болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.

Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.

Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Гераклит бастаған бір тобы - атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.

Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның "Кратил" деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні - осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.

Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы - тілдің шығу жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуінен шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель - грамматика мен логика арасындағы қарым-қатынасты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген - сөйлемнің элементтері, ал сөйлем - есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік - пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сөздер осы екеуінің төңірегінде топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.

Бұл елдегі тіл ғылымы өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. (Бұл - жыл санауымызға дейінгі III ғасыр мен біздің дәуірдің ІҮ ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды. Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталады

Аномалистер (Кратес Малос) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер (Аристарх Самофракийский) тілде анологияның ролі ерекше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі, болу тенденциясы күшті болады, тілдегінің барлығы да белгілі бір заңдылыққа бағынады деді.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі Грек тіл ғылымының әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін арылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактілеріне негізделеді. Бұл - олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең тұжырымдар жасауларына мүмкіндік бермеді.

Рим тіл білімі. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тіліне сәйкестендіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі - Варрон (жыл санауымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген), кейінірек Донат (ІҮ ғасырда) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазды

32 көне қытай мен араб лигвистикасы.

Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімі тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытайдағы тіл білімі XIX ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр қалыптастырған. Бірақ қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).

Оның ойынша зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болады. Атау заттың табиғатына сай болу керек. Бұл қате тұжырым. Ат қою теориясымен қатар ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланған. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі бір нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.

Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және орта ғасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізі - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі қытайша "Эрья" деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.

Кейінгі кездерде "Эрья" сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған көрінеді. Олардың барлығы да Қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.

Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Ғалымдар қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында дегенді айтады.

2.1 Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар тіл білімінде өзіндік тың жол салған пікірлер айтқан.

Араб тіл ғалымдарының тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды, өзіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді. Бұл Ежелгі дәуір тіл ғылымының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген.

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған.

Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалдарын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық еңбектерін жазған. Осындай еңбектің ғылымда белгілі ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан, Арабияда оқып білім алғандықтан, араб ғалымы деп аталып кеткен Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғат ит түрк). Бұл сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл - түркі тілдері жөніндегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік - тіл ғылымы тарихында әр түрлі тілдер фактілерінің бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.

Араб тілді ғалымдар М. Қашқари сөздігінен кейін де бірсыпыра сөздіктер, грамматикалық еңбектер жазып қалдырған. Олар туралы түркология мәселелерін сөз ететін еңбектерден мол мәлімет алуға болады.

33.көне туркі руникалық жазудың ерекшелігі.

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуықграфема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.

Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

1. Енисей ескерткіштері.

2. Талас ескерткіштері.

3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.

2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.

3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

34.көне ұйғыр жазуы.таңбалар

35Ежелгі Үндістан тіл білімі.

Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы ҮІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де сондай санаушылық бар көрінеді. Бұл "киелі" жырлар тілінде сол уақытағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін зерттеген. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақ бұлардың даму тарихы, зерттелу дережесі біркелкі болмаған.

Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яска мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен.

Яска біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген. Ол - "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік жазған адам.

Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьян» (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини "Веда" тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика дейді мамандар. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, жалғау, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулердің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болғанболмағаны ғылымда әзірше белгісіз.

Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген граммматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.

Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген. Ежелгі Үндістан тіл білімінде морфологиядан кейінгі мол зерттелген сала - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алмаған. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу орғандарының тіл дыбыстарын жасаудаға артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген.

Үндістан тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В.Томсен: "Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады", - деп жазады.

Ал И.А. Бодуэн де Куртенэ "XIX ғасырдағы тіл ғылымы немесе лингвистика" деген еңбегінде: "Егер де үнді грамматистерінің ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Еуропа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Еуропа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді", - дейді.

Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.

Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған бірнеше лингвист алымдар болған.

Эдинбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған "Теориялық лингвистикаға кіріспе" деп аталған еңбегінде Панинидан кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың көпшілігі Панини дәстүрін қолдаған деп жазады.

36 көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті құрылымы.

Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан жұмсап, мағыналы сөйлеу білуі-заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.

Бүгінгі қоғам талабы – егеменді еліміздің әрбір азаматын тек дипломды маман ғана емес, іскер де сауатты, өз пікірін ашық та айқын жеткізе алатын тұлға етіп тәрбиелеу. Тіл-халықтың болмысын ашып көрсететін, бар салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісі ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Тіл мәденеитін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстары білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, жеке ұғым қалыптастыру, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет.

Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына бөлейді, ол туралы жақсы пікірілердің қалыптасуына септігін тигізеді, тыңдаушының тіл мәдениетіне деген ықыласының артуына игі ықпал етеді.

Жұрттың бәрінің сөйлеу дағдысы, тіл пайдалану тәсілін бір өлшеммен өлшеуге, бір үлгімен пішуге болмайды. Әр сөйлеуші адамның ақыл-ой, парасаты, білімі, мәдениеті, білімге қанықтығы, іс-әрекеті біркелкі емес. Әр түрлі әлеуметтік ортада өз орымен сөйлеу-үлкен мәдениеттілік. Үлкен жиындарда сөз ресми түрде болса, күнделікті қарым—қатынаста басқаша сөйленеді. Қанша ділмар шешен болса да, әр жастағы адамдармен өзінше қарым-қатынас тәртібін сақтау абзал.

Тілдік қатынас – адамдар қарым-қатынасының ерекше формасы, ой бөлісу түрі. Ғалым Ф. Оразбаева: «Тілдік қатынас-сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қарым-қатынасынң түп қазығы дегенді білдіреді», - деп анықтама бере келе: «Жалпы, адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі-тілдік қатынас, екіншісі-тілсіз қатынас», -деп адамдардың тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайтынын, қатынастың тағы бір түрі-тілсіз қатынас екенін атап өтті.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу-көптің алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз анық, дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса, жігерсіз әрі бірқалыпты әуенмен айтылса, сөз қанша қызықты болғанмен, тез жалықтырады. Тыңдаушы көңілін басқаға аударып кетеді. Көп алдына шыққан адамның сөзінен табандылық, сенім сезіліп тұрса, оны жұр ұйып тыңдайды. Құр шаңқылдап айғайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.

Тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс»,-деп кеңес береді.

Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемңің мазмұнына сәйкес әр түрлі қол қимылдарын – қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айдаладағы бір нүктеге қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс. Мысалы, санамалап жеткізуде қолдың саусақтарын бүгу не ашу арқылы сөзіңдегі негізгі мәселеге баса назар аудартуға болады. Қасын керу, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың. Көп алдына шығып алып, әрі-бері теңселіп жүрудің керегі жоқ. Қолды оңды-солды сермеу де дұрыс емес.

Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары: бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары-тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.

Жұртты ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей қатысты шарты-сөзді сазына келтіріп айту немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.

Сөз сазы дегенміз - сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.

Қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтары, оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу, дұрыс сөйлеу нормаларын пайдалану, оны көпшілікке үйрету қоғам мүшелерінің өз ана тілі алдындағы парызы. Солардың бірі-қоғамда орыс, араб және парсы тілдері арқылы енген басқа тілдерден енген сөздер мен терминдерді дұрыс айту және орынды қолдану.

Тағы бір тілдік норманы бұзу – екпінді және сөйлемдегі сөздердің жігін ажырата алмаудан сөйлеушінің сөзі кедір-бұдыр шығады. Осылайша тыңдаушыны жалықтырып алуы мүмкін.

Әдемі күлкі, әдемі жымию –іскерлік әлеміндегі ең қажетті қасиеттердің бірі. Адамдармен тіл табысудың тағы бір кілті – жылы қабақ таныту, жымия білу.

Үлкен жиындарда көп адамға дауысты көтере сөйлеу қажет болса, тар бөлмедегі 5-6 адамға айғайлап сөйлеу - әбестік. Сөйлеушінің даусы құбылмалы, әрі жайдары болса, тыңдаушы бар ынтасымен тыңдауы сөзсіз.

Сөз мазмұнды, әсерлі бол үшін жалпылама сөйлеуден қашу керек. Сөздің нақты, дәлеледі болуын көздеу керек, бос сөз ешкімге білім бермейді, қайта тыңдаушыны жалықтырады.

Сөз мазмұнды болу үшін шешен білуі тиіс нәрсе:

· Кімдердің алдында сөйлейсіз?;

· Қандай мәселе ол аудитория үшін маңызды?;

· Сізде ол жөнінде қызықты мәлімет жеткілікті ме?;

· Қорытынды түйін мен авторлық көзқарас бар ма?;

37.кітаби тіл оның басты белгілері

Кітаби тіл. Оның басты белгілері.

Кітаби тіл дәстүрі деген тілдік құбылысты былай түсінуге болады:

1. Жалпыхалықтық сипат ала алмаған тіл (Егер жалпыхалықтық сипат алса, әдеби тіл дәрежесіне көтірілер еді). Ол жекелеген шығармалар тілінде қолданылған араб –парсы сөздері мен формалары, туыстас түркі тілдерінен кездесетін жеке сөздер мен грамматикалар.

2. Қазіргі тілімізде қолданудан шығып қалған көне тіліміздің қалдықтары. Бұл топқа Орта ғасырлық түркі тілдерінің қалдықтары ғана емес, жалпы көне түркі тілінде дербес қолданылып келген, кейінгі кезде белгілі бір шығарманың немесе белгілі бір дәуірдің жазба тілінде ғана кездесетін жекелеген сөздер мен көне формалар жатады.

3. Біз білеміз, кітаби тіл, яғни жазу мәселесі сөз болғанда, сауатты жазу, орфографиялық заңдылықтар айтылуы керек. Бұл қазақ әдеби тіліне тән орфографиялық дәстүр, заңдылықтар сақталмаған тіл. Себебі, көптеген түркі халқы (татар, өзбек, қазақ,т.т.) араб алфавитімен жазып, бірақ әр халықтың тілінің ыңғайына қарай әр түрлі оқыды.

Сондықтан кітаби тіл грамматикалық жағынанкөптеген түркі халықтарына ортақ дәстүрі бар тіл. Ал қазақ әдеби тілінің орфографиялық заңдылықтары үндестік заңына негізделеді.

Негізінен кітаби тіл дәстүрі 20 ғасыр басына дейін қазақтың төл әдеби тілімен қатар қолданылып келді.

Қазақтың төл әдеби тілімен салыстырғанда кітаби тілдің мынадай тілдік ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

1. Сөз басы қысқы «й»-ден басталуы: йол, йігіт, йақшы, йамур,т.т.

2. Кейбір сөздердің көне тұлғаларда жұмсалуы: тауға (тағға), тиді (тейді), т.т.

3. Қосымшалардың үндестік заңына бағынбай жалғануы: дұшпанлық қылды; досчылық етшті; йгітлікте өлді; тағлы-ташты йер; қарындашлар; бекләр,т.т.

Немесе бұндай дыбыстық ерекшелік септік жалғауларында да кездеседі: Қоңыратының патшағы ерді (Қоңыраттың патшасы еді). Бұл тілдік ерекшеліктер аталған кезеңдегі іс-қағаздар тілінде де, шежірелер тілінде де байқалады.

Мәселен, «Шежіре – и түрікте»:

- Ғақыллы уа мағрифатлы кіші еді. Йақшы уа йаман халық баршасы

келгенден соң ол Оғыз хандан қалған уәлайатлар, уа өрік, уа тірік маллар – баршасы бұ айтқан патшаһ задаларының ұлығына ұлықша уа кішісіне кішіше берді.

Құжаттар тілінде:

-Орал йуыртындағы башқұртлар да бузулуб шыққанлардүр. Аны да күш-қуатыңыз бірлән алғаныңыз йоқдүр. Біз өзіміз оқ қайтаруб йбергәнбіз. Біздің ол йақшылық ішләріміз де умыт болуы тұрадүр.

Байқаймыз, екеуінің де стилі бір, дыбыстық ерекшелігі де ұқсас.

38кітаби тілдің қазақ әдебиетінде алатың орны

Кітаби тіл – жазу дәстүрі арқылы бөлігін бір жүйеге түскен орныққан нормалары, стильдік жанрлық тармақтар бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл
- Кітаби тіл монолог түрінде болады
- Монологтің мағыналық түрлері
1. Сипаттау
2. Баяндау
3. Пайымдау
- Кітаби тілдің стильдік тармақтары
1. Ресми стиль
2. Ғылыми стиль
3. Көркем стиль
4. Публицистикалық стиль
- Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары болады
1. Орфографиялық норма
2. Орфоэпиялық норма

Сипаттау Баяндау Пайымдау
Зат пен құбылыстың негізгі белгілерін атайды. Зат пен құбылыстың өзара байланыстылығы, қатсытылығы айтылады. Зат пен құбылыстың салдары, себептері көрсетіледі

Ресми стиль Ғылыми стиль Көркем стиль Публицистика-лық стиль
Қолданыла-тын орны Іс- қағаздарында нұсқаухаттар-да, құқықтық қарым-қатынас саласында Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде, ғылыми ортада, ауызша түрі қолданылады. Газетте, саяси-қоғамдық журналда жазбаша түрі жиналыстарда, радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады. Көркем шығармаларда, сахнада айтылатын әңгіме, аңыздарда ауызша түрі қолданылады.
Қарым-қатынас мақсаты Хабарлау, нақты мәліметтер беру Зат, құбылыстық, дүниенің белгісін көрсету, себеп-салдарын ашу Көпшіліктің назарын аудару, іске жұмылдыру, бір мақсатқа үндеу қоғамдық пікір туғызу. Шындықты, зат-құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету
Стильдік сипаты Ресмилік, нақтылық , дәлдік. Ой, сөз дәлелді, тура мағынада қолданылады. Сөз үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру мәнінде жұмсалады. Сөз деректі образды мәнде қолданылады. Эмоционалды, экспрессивті болады.
Тілдік амал-тәсілдері Сөз, сөз тірекстері тілдегі өз мағынасына сай жұмсалады. Ғылыми терминдер жиі қолданылады. Бағалауыш сөз, жалпы саяси лексика, терминдер, күрделі тіркестер жиі кездеседі. Сөзді әр түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.

 

39 қ.жұбановтың зерттеулеріндегі танымдық аспектілері

40 тіл мен ойдың сабақтастығы туралы ғылыми көзқарасы

Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов 13 қарашада 1937 жылы Алматы қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. Әкесі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры [1].

училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы “Хусайния” медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.

39.40.41/қазақ әдеби тілін зерттеген ғалымдар

.Қазақ әдеби тіліне тән қасиеттер

.Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы даму тарихы оның классификациясы

­­­1Әдеби тіл – өңделіп,сұрыпталған белгілі бір тілдік нормаларға түскен, жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы.

Әдеби тілдің анықтамасы жайындағы пікірлер, көзқарастар мазмұнына қарай екіге топтастырылады:

1. Әдеби тіл – жазба тіл, жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес (М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов).

а) Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен бастауды ұсынады (Ғ.Мұсабаев)

ә) Төл әдеби тілдің тарихы бар. Ол Абай,Ыбырай есімдерімен байланыстырылады (М.Балақаев, С.Аманжолов).

2. Әдеби тіл сол халықтың бай ауыз әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасты.

Осы тұрғыдан келегенде ғалым Р.Сыздықова әдеби тілді екі кезеңге бөліп зерттеуді ұсынады:

1.Ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тіл

2.Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл.

Осылай зерттеу жұмысы жасалса, әдеби тілгет жан-жақты объективті түрде анықтама беруге болатын сияқты.

Р.Сыздықова әдеби тілді жоғарыдағыдай зерттеуге ұсынады әрі әдеби тілге тән шартты белгілерді анықтап көрсетеді:

1. Әдеби тілдің өңделіп, сұрыпталып, белгілі бір нормаға түскен заңдылықтары болуы тиіс.

2. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуы тиіс.

3. Сапалық мазмұны мен қолдану аясы жағынан ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұруы керек.

4. Әдеби тілдің қоғамдық қолдану практикасында сыннан өткен, қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған тілдік нормаға сай болуы тиіс және ол нормалар баршаға ортақ болуы тиіс.

Р.Сыздықованың пікірін негізге ала отырып, әдеби тілді 3 топқа бөліп қарауға болады:

1. Ауыз әдеби тілі

2. Жазба алдындағы әдеби тіл

3. Жазба әдеби тілі

М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан бастаймыз деушілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы көп ғасырдан келе жатқан мол эпостардағы, ұзынды-қысқалы салттық өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұқар, Махамбет терде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?», - дейді.

С.Исаев: «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуір кезеңдеріндегі қоғамдық құбылысы, сол халықтың рухани дүниесінің, мәдениетінің өндіріс құралы әрі оны жеткізудің қоғамдық көрінісі», - деген пікірді айтады.

Н.Томанов, С.Исаев, Ә.Ибатов әдеби тілдің көп функционалды, көп салалы тіл екендігін, әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл екендігін айтады.

2Қазақ әдеби тілінің тарихы пәні – ЖОО-ның қазақ филологиясы мамандығы бойынша тұрақты оқытылатын таза ғылыми курс.

Ғылыми курстың мақсаты – қазақтың төл әдеби тілінің қалыптасып, даму жолдары мен кезеңдері, тілдік нормалардың тұрақталу, әлеуметтік қызметі мен стильдік, жанрлық сипатының көрінісі жайында түсінік беру

3 ІІІ. Әдеби тілдің қалыптасып, даму жолдары. Оған әсер ететін факторлар. Басқа да қоғамдық құбылыстар сияқты әдеби тілдің де қалыптасып, даму тарихы болады. Әдеби тіл белгілі бір халықтың, қоғамдағы адамдардың бәріне түсінікті, ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның туып, қалыптасуы, дамуы сол халықтың шығуы мен тарихына тығыз байланысты. Осы тұрғыдан келгенде дүние жүзінде 6 мыңдай әдеби тіл бар десек, олардың бәрі бірдей, бір кезеңде, бір жолмен, біркелкі қалыптасқан жоқ.

Дегенмен, әдеби тілдің қалыптасуында белгілі бір халыққа әдеби тіл болып қызмет ете алуында көптеген әдеби тілдер арасындағы ұқсастық, ортақ жайлар бар.

Мәселен:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін, бір ғана диалектісінің негізінде қалыптасады. Яғни, белгілі бір халық бірнеше диалектіде сөйлейтін болса, диалектілердің біреуі бірте-бірте сол халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейін сол диалект әдеби тілге айналады.

Мысалы, қазақ әдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасты деген пікір бар (С.Аманжолов).

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да ықтимал. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуы көбіне сол халықтың басынан кешірген саяси, экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты ел болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты.

Мысалы, Әл-Фараби өзінің трактаттарын, ғылыми еңбектерін араб тілінде жазып қалдырған,т.т.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың барлық бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпыхалықтық тілдің негізінде,сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Ондайда бұған кейде халықтың я жеке ру-тайпаларының көне дәуірде болған жазба дәстүрі, сонымен бірге әр түрлі әдебиет дәстүрлері де әсер етіп отырады.


<== previous lecture | next lecture ==>
XІ. Емдеу жоспары | Босану тарихы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.191 s.